Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Статистикалық ғылымның қалыптасуы



3 Дәріс

Статистикалық ғылымның қалыптасуы

     Мемлекеттанудың өкілдері де, саяси арифметиканың өкілдері де есептік-статистикалық жұмыстардың тәжірибесін теориялық жалпылауға дейін, статистика теориясын құруға дейін жеткен жоқ. Бұл мәселені, ХІХ ғасырда танымал бельгиялық ғалым Адольф Кетле шешті. Ол статистика пәніне анықтама берді (мемлекеттің, қоғамның өмірімен байланысты көпшілік құбылыстар), статистиканың әдістерінің мағынасын ашты.

     Кетленің статистикалық зерттеулері негізінен қоғамдық өмірдегі түрлі заңдылықтарды, әсіресе қылмысқа қатысты заңдылықтарды ашуға арналды. Францияның қылмыстық статистикасының мәліметтері бойынша ол қылмыстар санындағы тұрақтылықты байқап оның негізінде қоғамның ішінде алда болатын қылмыстардың бастамалары болатынын анықтады. Тұрақты заңдылықтардың болуын ол екі түрлі себептердің болуымен түсіндірді:

- «тұрақты»

- жеке құбылыстардың ауытқушылығын туғызатын «пертурбациялық» (жеке).

     Кетленің ойынша заңдылықтар анықтаудағы негізгі міндет кездейсоқ себептердің бірін-бірі басуы болып табылады. Ол тек көпшілік мәліметтер болғанда ғана мүмкін. Статистикалық талдаудың негізгі әдісін орташа шамалар әдісі деп санады.

     Статистикалық зерттеудің пәні мен әдістері туралы ілімнің осы және басқа идеяларын Кетле «Әлеуметтік физика, немесе адам қабілеттерінің дамуы туралы зерттеу тәжірибесі» атты еңбегінде жазып шығарды. Кетленің ойынша статистиканың теориялық негізі ықтималдылық теориясы болып табылады, қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы түрлі заңдылықтарды ашу (түсіну) үшін тек кездейсоқ себептердің әсерін алып тастауға болатын көпшілік статистикалық мәліметтер негізінде ғана жүзеге асады.

     Кетле ілімінде бәрі сөзсіз дұрыс болған жоқ, бірақ жалпы алғанда оның идеялары статистиканың қоғамдық өмір заңдылықтарын оқып-білудегі дамуына үлкен ықпалын тигізді, бұл заңдылықтар құбылыстар көп болғанда , яғни жағдайлардың көп санындағы мәліметтерді зерттегенде ғана анық байқалатынын дәлелдеді.

     А.Кетле еңбектерінде статистика пәніне жалпы анықтама берілді, статистикалық танымның міндеттері жасалды. Сонымен қатар ол халық санағын өткізу ережелерін жасауға белсене қатысты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.