|
|||
Статистикалық қызмет органдарыАлайда бүкіл мемлекет немесе оның жеке аймақтарына қатысты мәлімет статистикалық ақпаратты жинау арнайы органдарға жүктеледі (статистикалық қызмет). «Статистика» терминімен сонымен қатар белгілі алгоритм бойынша жеке бақылаулардың нәтижесінде алынған кездейсоқ бір шамалар қатары параметрін атайды. Мұндай параметрге шамалар қатарының арифметикалық ортасы, орташа квадраттық ауытқу т.б. жатады. Бұл түсініктегі статистикаға түрлі статистикалық гипотезаларды тексергенде пайдаланылатын түрлі статистикалық критерийлер жатады. Кең түсінікте статистика көпшілік құбылыстардың заңдылықтарын сандық жағынан зерттейтін ғылым дегенді білдіреді. Ғылым ретінде статистикада зерттеу әдістері туралы теориялық жағдайлары бар. 2 Дәріс Статистикалық қызмет органдары Ресейде арнайы мемлекеттік статистикалық қызмет органдарының қалыптасуы ХІХ ғ.басына жатады, бірақ мемлекеттік статистикалық қызмет жүйесі толығымен 1858 жылы Ішкі Істер Министрлігінің жанынан Орталық статистикалық комитет құрылған кезде ғана қалыптасты. Кейінгі жылдары, әсіресе кеңес үкіметі жылдарында елдің орталық статистикалық органының атауы және құрылымы көп рет өзгерді. 2004 жылдың мамырынан Ресейдегі мемлекеттік статистиканың басты орталық органы мемлекеттік статистиканың федералды қызметі болып табылады (МСФҚ). Оған мемлекеттегі барлық статистикалық іс-әрекеттерді басқару, ұлттық экономиканың дамуы туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау, ел Президенті және билік органдарына мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпаратты ұсыну жүктеледі. Ресей МСФҚ елдегі статистика мен есепке алудың әдіснамасының бірлігін қамтамасыз етуге, есептілік формаларын жасауға, халық санақтарын жүргізуге, түрлі зерттеу объектілерінің біруақыттық есебін жүргізуге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі статистикалық мәліметтерді жариялауға тиіс. Мемлекеттік статистикамен қатар өздеріне бағынышты мекемелер мен ұйымдардан алынатын ақпарат негізінде барлық министрліктер мен ведомстволар жүргізетін ведомстволық статистика болады. Өз қызметінде МСФҚ Конституцияны, Ресей Федерациясы Президенті мен Үкіметінің заңдары, бұйрықтары мен жарлықтарын, сонымен қатар федералдық статистикалық бағдарламаларды басшылыққа алады. Ресей МСФҚ функциялары: l құралған және бекітілген бағдарлама бойынша мемлекеттік статистикалық бақылауларды өткізуді ұйымдастыру; l Ресей Федерациясында әрекет ететін барлық шаруашылық етуші субъектілерге сәйкес идентификациялық кодтарды берумен есепке ала отырып жасалған мекемелер мен ұйымдардың біріңғай мемлекеттік регистрінің әрекет етуін қамтамасыз ету; l мақсаттық регистрлерді құрауға біріңғай тәсілдерді жасау; l статистикалық ақпаратты жинау, жасау және тарату технологиясындағы біріңғай техникалық саясатты жүргізу; l статистикалық ақпараттардың жиналуын, өңделуін, сақтауын және қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік және коммерциялық құпияны сақтау; l Ресей Федерациясының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің мемлекеттік сәйкестігін жүзеге асыру, Орталық Банкпен бірге төлемдік теңгерімді құрастыру; l Есептегіш және ұйымдастырушылық техниканы тиімді пайдалану үшін жағдай жасау, ақпарат өңдеудің, мәліметтер базаларын басқару жүйелерінің, аналитикалық және ақпараттық жүйелердің жаңашыл технологияларын енгізу; l Халықаралық статистикалық және экономикалық ұйымдармен қарым-қатынас бағдарламаларына қатысу. Қазіргі заман кезеңінде мемлекеттік статистиканың әкімшілік-территориялық және жергілікті органдарының қызметі ерекше мәнге ие. Аймақтық статистикалық органдардың негізгі функциялары: - Экономикалық, әлеуметтік және т.б. құбылыстарды зерттеу, олардың даму тенденцияларын жалпылау және болжау; - Аймақтық басқару органдарын қажетті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; - Аймақтық, жергілікті бағдарламаларды жасау үшін қажетті мәліметтерді қалыптастыру; - Болып жатқан процестерді көрсететін көрсеткіштер жүйесін жетілдіру; - Аймақтық регистрлерді, өндірушілердің кешенді экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық сипаттамасы үшін мәліметтерді құру және жүргізу.
|
|||
|