Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Модуль. Статистика түсінігі



1- Модуль

1 Дәріс

Статистика түсінігі

Статистика – ежелгі ғылым саласының бірі. Алғашқы есептік операциялар өте ерте замандарда өткізілген. Бастапқыда олар біршама қарапайым, тұрақсыз болды және негізінен халықтың саны, құрамы мен мүліктік жағдайы туралы мәлімет алуға бағытталды.

Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамда білімнің түрлі салаларына қызығушылық артып, саналатын құбылыстар мен олар туралы жиналатын мәліметтер аясы кеңейді; есептік операциялардың өзі күрделене бастады.

Осылайша кейіннен «статистика» деп аталған ғылым саласы қалыптасты. Оның қалыптасуы қоғамның ақпаратқа деген қажеттілігімен байланысты. Ақпаратсыз мемлекетті басқару, өмірдің түрлі салаларын, әрекет өрістерін зерттеу мүмкін емес еді.

XVIII ғасырдың ортасына дейін статистика деп мемлекет, оның назар аударарлық орындары туралы мәліметтер жиынтығын атады. Осы түсінік бойынша 1666 жылдан бастап Германия университеттерінде «Мемлекеттану» курсы оқытыла бастады. «Статистика» терминін ғылыми айналымға неміс ғалымы Готфрид Ахенваль енгізді. 1746 жылы ол курс атауын «Статистика» қылып өзгертіп оның ғылым және оқыту пәні ретінде дамуына негіз салды.

Статистика деп түрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын атайды.

мысалы:

- Тұрғындардың саны, тууы, өлімі және т.б. туралы мәлімет (тұрғындар статистикасы);

- Тұрғындардың кірістері мен шығындары, орташа айлық номиналды жалақысы, зейнетақы көлемі, күнелту минимумының көлемі, т.б. туралы мәлімет (өмір сүру деңгейінің статистикасы);

- Өнеркәсіптік өндірістер саны, олардың салалық құрылымы мен меншік формаларына қарай жіктелуін және т.б. (өнеркәсіп статистикасы).

Статистикаға тек сандық көрсеткіштері бар мәліметтерді жатқызады. Мысалы, статистикаға елдің мемлекеттік құрылымы немесе мемлекеттік тілі туралы мәлімет жатпайды; бірақ әлемде белгілі бір басқару формасы, саяси құрылымы бар мемлекеттер саны туралы мәлімет жатады.

Статистикамен шұғылданатын барлық мағыналар жеке құбылысқа емес, көптеген элементтерден тұратын жиынтыққа жатады. Статистикаға тек олардың негізінде құрама көрсеткіштер алуға болатын жеке құбылыстар туралы мәліметтер қажет.

Мысалы, әрбір туу немесе қайтыс болу туралы оқиғасын тіркей отырып туған және қайтыс болғандар саны, туу және өлім деңгейі туралы құрама мәліметтер алуға болады.

Сонымен бірге статистика – өңдеу мақсатымен мәліметтерді жинау процесі. Бұл түсінікте статистика – көлемді мәліметтерді жинау, өңдеу және талдауға бағытталған адамдардың практикалық әрекеті.

Жалпылау мақсатымен мәлімет жинау түрлі көлемде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емдеу тәжірибесін жалпылау үшін емделушілерінің статистикасын жүргізеді; мұғалім оқыту әдісінің тиімділігін анықтау мақсатымен оқушыларының үлгерімінің статистикасын жүргізеді, т.б.         



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.