|
|||
зыреттері (оқытудың нәтижелері)Стр 1 из 24Следующая ⇒ КІРІСПЕ Курстың мазмұны: Адам қоғамының өсуі мен дамуы барысында қоғамдық өмірдің заңдылықтарын және құбылыстарын сандық деңгейде өлшейтін қажеттілік пайда болды. Статистикалық көрсеткіштердің көмегімен статистика қоғамдық құбылыстардың сандық жағын анықтайды да берілген қоғамдық құбылысты мысалға ала отырып санның сапаға өту заңдылықтарын бақылайды, осы бақылаулардың негізінде алынған мәліметтердің анализін жасайды. Статистиканың теориялық негіздері ғана емес оның практикалық ролі де маңызды: бірде бір үлкен кәсіпорын статистикалық есептің анализінсіз жұмыс істей алмайды. Сол үшін кәсіпорындарда арнайы аналитикалық бөлімшелер мен қызметтер жұмыс істейді. Туризм саласы да үнемі бақылауды талап етеді, сондықтан да Туризм статистикасы курсы ЖОО енгізілген. Пәннің мақсаты мен міндеттері: Мақсаты: студенттердің туризмдегі статистикалық есепке алу амалдарын, туризм индустрия динамикасының сандық сипаттамасын меңгеру. Міндеттері:статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, әдістемелік дұрыс тәсілдерді туристік саланың әрекетінде әр түрлі жағдайларды бағалауды қалыптастыру, туризмдегі статистикалық есепке алу амалдарын оқыту; туристік ағындардың сандық, табыстар және шығыстар сипаттамалары білімін беру. Құзыреттері (оқытудың нәтижелері) Пәнді игеру нәтижесінде студент білуі тиіс: Туристік статистика жүйесі, дүние жүзілік туристік ұйымның ұсыныстары, туризмдегі қосалқы есеп туралы түсіну қажет; туристік статистиканың негізгі көрсеткіштерін – туристік аймақтар деңгейінде, Қазақстанда; туристік нарықтың басшы елдерін, статистикалық ақпараттар әдістерін жинауды және өңдеуді білу қажет; статистикалық таңдауды және қорытынды мәліметтерді кестелеу амалдарын қолдануға қабілетті болуы қажет; алғашқы статистикалық мәліметтерді талдауға және ақпаратты іздеуге; нақты мәліметтерді жинауға, жеке құбылыстар немесе белгілердің арасындағы байланыстардың, орташа мәндерін және орташа мәндерден ауытқуын есептеу амалдарын, алынған нәтижелердің нақтылық деңгейін орнатуға; статистикалық есептеу нәтижелерін туристік тәжірибе шараларында пайдалануға дағдылануы қажет; туристік статистика мәліметтерін жинау, талдау және түсіндіру сұрақтары бойынша ой қалыптастыруға құзыретті болуы тиіс.
|
|||
|