|
|||
тақырып. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.11-тақырып. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу. Сабақ түрі – дәріс Жоспар Кіріспе Дәріс сұрақтары: 1. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы: құқықтық және әлеуметтік бағалау, жағдайы, құрлымы, динамикасы. 2. Кәмелетке толмағандар мен жастар жасайтын қылмыстардың себептері мен жағдайлары. 3. Кәмелетке толмаған қылмыскердің (жас өспірімнің) жеке басының криминологиялық сипаттамасы. Қорытынды Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі: 1. Абдиров Н.М. Раннее выявление несовершеннолетних с антиобщественным поведением – основа эффективной профилактики правонарушений. Караганда, 1989. 2. Абдиров Н.М., Интыкбаев М.К. Подросток в орбите наркотизма (проблемы, предупреждение). Караганда: КВШ КНБ РК, 1997. 3. Абрамова Г.С. Возрастная психология. – М., 1999. 4. Абальцев С. Семейные конфликты и преступления. Рос.юстиция. 1999. № 5, с. 29. 5. Бегалиев К.А. Прокурорский надзор за расследованием дел о преступлениях несовершеннолетних. М., 1971. 6. Бегалиев К.А. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних. Алма-Ата, 1980. 7. Бегалиев К.А. Неправомерные действия подростков и их последствия. Алма-Ата, 1984. 8. Бимурзин С.Б. Региональные особенности борьбы с преступностью несовершеннолетних: Автореф.дис….канд.юрид.наук. Алматы, 1999. 9. Бимурзин С.Б. Некоторые особенности борьбы с преступностью несовершеннолетних в больших городах. Алматы, 1999. 10. Жадбаев С.Х. Правопорядок и поведение несовершеннолетних. Алма-Ата, 1982. 11. Жетписбаев Б.А. Динамика формирования конфликтов и социальных отклонений у несовершеннолетних правонарушителей // Проблемы науки в Казахстане. Алматы, 1998. 12. Ерінбетова Л.Қ. Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы/-Алматы, 2001 жыл. 13. Интыкбаев М.К. Наркотизм несовершеннолетних: проблемы и предупреждение (по материалам Республики Казахстан): Автореф.дис….канд.юрид.наук. Караганда, 1997. 14. Каиржанов Е.И. Профилактика преступлений несовершеннолетних органами внутренних дел. Учебное пособие. Караганда, 1983. 15. Қайыржанов Е.І. Ерінбетова Л.Қ. Кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасы, /-Алматы, 2003 жыл. 16. Королева М.В. Преступность и дети // Государство и право. 1999. № 5, с. 122-124. 17. Ли А.Н. Проблемы предупреждения преступности учащихся общеобразовательных школ Республики Казахстан: Автореф.дис….канд.юрид.наук, Алматы, 2000. 18. Марканьян З.И. Понятие несовершеннолетия и основные этапы развития несовершеннолетних // Известия АН КазССР, серия общественная, 1969, № 5. 19. Мауленов Г.С. Криминологическая характеристика профилактики преступлений несовершеннолетних. Караганда, 1990. 20. Нарикбаев М.С. Подросток и закон: о некоторых причинах преступности несовершеннолетних и мерах борьбы с ней. Алма-Ата, 1981. 21. Нарикбаев М.С. Уголовно-правовые и криминологические аспекты борьбы с преступлениями несовершеннолетних: Автореф.дис….канд.юрид.наук. Алматы, 1996. 22. Невский И.А. Генезис асоциального поведения у детей и подростков // Острые углы воспитания. Минск, 1990. 23. Сейтжанов М.Д. Особенности личности несовершеннолетних правонарушителей // Проблемы науки в Казахстане. Алматы, 1998. 24. Сейтжанов М.Д. Допреступное поведение несовершеннолетних делинквентного характера и его предупреждение: Автореф.дис….канд.юрид.наук. Алматы, 1998. 25. Сиськов В. Преступность несовершеннолетних: причины и следствие // Фемида. 1999. № 2, с. 58-64. 26. Сиськов В. Вместо школьной скамьи – на скамью подсудимых // Фемида. 2000, № 1-2, с. 36-44. 27. Социально-психологическое изучение личности несовершеннолетних, совершивших преступление. М., 1977. 28. Шаяхметова Ж.Б. Преступность среди несовершеннолетних. Основные причины и меры предупреждения (По материалам Западно-Казахстанского региона): Автореф.дис….канд.юрид.наук. Алматы, 1994. 29. Шопшекбаева А.Ш. Профилактика детской преступности в крупномасштабных городах // Хабаршы-Вестник МВД РК. 2000. № 4, с. 160-163. 30. Чокморова А.С. Вовлечение несовершеннолетних в преступную деятельность (уголовно-правовые и криминологические аспекты): Автореф.дис….канд.юрид.наук, Алматы, 1997. Оқытушының кіріспе сөзі. Сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстың басқа тақырыптарымен басқа пәндермен байланысы. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуінде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет. Бірінші сұрақты талқылау. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті қылмыс жасау барған сайын көбейіп келеді. Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр қылмыстарының өсу қарқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары. Ал Қазақстанда 2010–2016 жылдары аралығында қылмыс жасағандар ішінде 16-17 жастағылар саны 35,5%-ға кеміген, ал 14-15 жастағылар керісінше 34%-ға көбейген. Қылмыстылықтың құрылымын зерттегенде криминолог әрқашан кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарға назар аударады. Ондай қылмыстар 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 16%-ға азайған, ал кейбір түрлер бойынша, мысалы, қорқытып алу, бұзақылық есірткімен байланысты қылмыстар, тиісінше, 21%-ға, 16%-ға және 2 есеге төмендеген. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы саны азайғанмен, қарақшылықпен шабуыл жасау өсіп барады (+30%). Криминологтар кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын топтасқан деп дұрыс айтады. Топтасып жасалған барлық тіркелген қылмыстардың әрбір үшіншісі кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалады екен, ал қылмыстың кейбір түрлерінде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мысалы, соңғы жылдары жалпы тіркелген қылмыстардың 17,939-ы ашылған, оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар да бар, өзіндік үлесі 13,7% болған. Сол жылы жеткіншектер жасаған 10328 қылмыс тіркелді, оның 3844-сі ересектердің қатысуынсыз топталып жасалған, оның өзіндік үлесі 37,2%. Мас күйінде қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар саны соңғы жылдары 10,1%-ға азайды, 25-29 жастағылар арасында мұндай үрдіс төмен (-7%), ал 18-24 жас аралығындағылар қайта 2,8%-ға көбейген. Айта кететін бір жағдай, қылмыс жасаған барлық жастардың өзіндік үлесі 2000 жылғы 53%-дан 2003 жылғы 57,0%-ға дейін өсті. Студенттер жасаған қылмыстар аса ауыр қылмыстар есебінен (2 есе) өсті, оның ішінде, адам өлтіру және өлтіруге оқталу – 84,6%, денеге қасақана ауыр және орташа зақым келтіру – 3,4 есе, сондай-ақ меншікке қарсы қылмыс – 53,9% (оның ішінде тонау – 90,3%, қарақшылық шабуыл – 82,2%, автокөлікті заңсыз бопсалау – 2 есе), қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс – 54,6%, оның ішінде, бұзақылық – 75,3%. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығына келесідей белгілер тән: 1. Дәлелденбеген агрессия мен қатыгездіктің болуы 2. Олармен жасалған қылмыстардың бірқатар бөлігі олардың отбасы мүшелеріне және өзге де туыстарына қатысты жасалады; 3. Қылмыстық іс әрекеттердің жәбірленушісі болып сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың өздері болады және олар кәмелеке толмаған қылмыскердің тұрмыстық микроортасына жатады; 4. Пәтерлерде, үй жайларда кәмелетке толмағандармен әр үшінші зорлау және әр оныншы бұзақылық қылмыстары жасалады; 5. Кәмелекет толмағандармен жасалатын қылмыстардың жартысынан көбі түнгі сағат 22 кейін жасалады; 6. Қылмыстар көбінесе топ бойынша жасалады; 7. Ересек қылмыскерлер жағынан криминалдық тәжірибе беру орын алады; 8. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығы жасөспірім, жеткіншек қарақшылық белгілеріне жиі ие болады. Мұндағы топпен жасалатын қылмыстылықтың салыстырмалы жоғары салмағы 14 жас болатын болса, еі төменгі салыстырмалы салмағы 17 жасты құрайды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы дегеніміз сандық және сапалық көрсеткіш ерекшеліктерімен, сонымен қатар ең алдымен қылмыскер тұлғасымен шарттастырылған, олардың мінез құлқында эгоцентризм (менмендік, дарашылдық) уәжі мен тұрақсыз психика орын алған қылмыстылықтың дербес түрі болып табылады. Екінші сұрақты талқылау. Кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасы: 1. Құқық бұзушы қыз балалардың төмен үлес салмағымен 4-10%; 2. Ересек қылмыскерлермен салыстырғанда психикалық ауытқушылықтары бар тұлғалардың үлкен үлес салмағымен сипатталады. Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің қылмыс жасауларының себептері мен жағдайларын анықтау барысында жалпы оларға әсерін тигізетін қылмыстылыққа жалпы мән-жайларға байланысты анықталынуы тиіс. Жасы толмағандардың криминогендік ерекшеліктері қоғамның қарама-қарсы әлеуметтік салдарынан пайда болатындығымен сипатталынған. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жасалу себептері мен жағдайларын тудыратын қоғамдағы әр түрлі факторлар өз алдына жеке сипаттамаға ие. Кәмелетке толмағандардың өмір суруі, ересек адамдармен салыстырғанда өз алдына ерекшеліктерге ие екендігімен сипатталынады. Әлеуметтік ортамен араласуы таяз болып келеді. Жанұя, мектеп, қоршаған ортаның әсері. Жасы толмағандардың өсу ерекшеліктері бір-бірімен қоғамдық кемшіліктерін толықтырады. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік ортасына қылмыстық жүріс тұрыс, жеке тұлғаның құрылымдық сипатымен анықталынады. Мысалы, кейбір жеке қылмыстардың жасалу сипаты жеке санаттағы қылмыстардың жасалуындағы топтармен байланыстылығымен көрінеді. Кейбір жас өспірімдердің ішінде азаматтың өміріне кем араласу және біреудің арқасында күн көру етек алуда. Жанұядағы тәрбиенің жетімсіз факторлары, жасөспірімдердің бақылаусыз қалғандығы. Мектеппен жұмыс орындарындағы тәрбие жұмыстарының кемшіліктері соның салдарынан кәмелетке толмағандардың санасында адамгершілікке жат қылықтырдың пайда болуы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауы мен қылмыс жасауын алуын-алудағы құқық қорғау органдардың кемшіліктері. Кәмелеттік жасқа толмау жасында адамның жеке басына микро орта әсерін тигізеді. (жанұялық көзқарас, өздерінің жақын топтары, достары т.б.). Микро ортаның әсері өз алдына әсерін тигізді. (Мектептер, СПТУ, техникум т.б.). Басты критериилерінің бірі болып, мектеп оқытушыларның сабаққа үлгерімі болып танылады. Олардың жоғары дайындығы қоғамдағы болашақ көзқарастарға дұрыс бағытталушылығымен сипатталынады. Төртінші сұрақты талқылау. Қоғамға қарсы іс әрекет уәжінің мазмұны бойынша кәмелетке толмағандарың жүріс тұрысын былайша жіктеуге болады: пайдақор, қатыгез, агрессивті, сексуалды, өзімшіл, еліктегіш, ортақ, өзін өзі таныту уәжі, әлеуметтік жауапсыздық пен жеңілтектік уәжі, шеттету және қарсы тұру уәжі. Қоғамға қарсы мақсаттың тұрақтылығына байланысты кәмелетке толмаған қылмыскерлердің келесідей типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) кездейсоқ; 2) әдеттегі; 3) тұрақты құқық бұзушылар; 4) кәсіби құқық бұзушылар (негізгі массасын панасыз, қорғансыз қалған жасөспірімдер құрайды). Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардан жәбір шеккендерді келесідей жіктеуге болады: 1) дәлелденбеген агрессия актілері көрініс тапқан кездейсоқ тұлғалар; 2) қылмыскерлердің өздері үнемі жүретін сондай микроортадағы олардың кездейсоқ таныстары; 3) өздерінің жеңілтек мінез-құлқымен кәмелетке толмағандары қылмыстық әрекеттерді жасауға азғыратын жақын таныстары, туыстары; 4) қоғамға қарсы сипаттағы бейімделу топтарына кіретін немесе кірмейтін қылмыскерлерге жақын жүрген тұлғалар. Мұндағы ескеретін жағдай болып, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды жасау жағдайларында жәбірленушілердің өздерінің азыру рөлінің жоғары табылады. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың көп бөлігі оларың отбасыларында жасалып жатады және ол созылмалы сипатқа ие. Мұндай қылмыстар зорлық-зомбылық сипатқа және жоғары латенттілікке ие. Зорлық зомбылық физикалық, моральдық және сексуалдық сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда осы аталған нысандардың барлығы бір уақытта орын алуы мүмкін. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасайтын қылмыскерлерді келесідей бөлуге болады: 1. ересек қылмыскерлер, олар өз кезегінде бөлінеді: а) сексуалдық потология және өзге де психифизикалық ауытқушылықтары бар тұлғалар; б) кәмелетке толмағандары криминалдық шеберлікке үйрететін кәсіби қылмыкерлер; 2. азаматтардың кез келген категорияларына қарсы қылмыс жасайтын кәмелетке толмағандардың өздері. Қорытынды Криминологтар кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын топтасқан деп дұрыс айтады. Топтасып жасалған барлық тіркелген қылмыстардың әрбір үшіншісі кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалады екен, ал қылмыстың кейбір түрлерінде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мысалы, 2017 жылы жалпы тіркелген қылмыстардың саны 316418 болса, оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар да бар, өзіндік үлесі 13,7% болған. Сол жылы жеткіншектер жасаған 10328 қылмыс тіркелді, оның 3844-сі ересектердің қатысуынсыз топталып жасалған, оның өзіндік үлесі 37,2%. Мұндай жағдай айқындалған адамдар арасындағы топтасқан қылмыстар бойынша да байқалады. Мысалы, 2012 жылы қылмыс жасағаны айқындалған адамдардың жалпы санының 31 299-ы (әрбір төртіншісі – 25,3%) қылмысты топтасып жасаған. Сонымен қатар қылмыс жасаған 14557 кәмелетке толмаған, олардың 5139-ы жеткіншек, топтасқан қылмыстылыққа қатысқан, бұл 35,3% құрайды. Тек кәмелетке толмағандардан тұратын топтарға қарағанда жасөспірімдер қылмысты ересектермен бірлесіп көп жасайды. Мысалы, адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, әйел зорлау сияқты қылмыстарды ересек адамдармен бірлесіп екі және одан да көп есе жасайды.
|
|||
|