Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Кәсіби қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.



9-тақырып. Кәсіби қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Кәсіби қылмыстылық түсінігі мен сипаттамасы. Криминалды кәсібиліктің сипаттамасы.

2. Кәсіби қылмыстылық себептері

3. Кәсіби қылмыскедің жеке тұлғасының типологиясы.

4. Кәсіби қылмыстылықты ескерту.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Абрамкин В.Ф. Поиски выхода. Преступность, уголовная политика, места заключения в постсоветском пространстве. М., 1996.

2. Жумабеков О. Рецидивная преступность: факты и проблемы // Фемида. 1999. № 8, с. 30-34.

3. Каиржанов Е.И., Накипов Б. Рецидивная преступность: состояние, профилактика. Алматы, 1996.

4. Локк Р.В. Заказные убийства (криминологический анализ). – М.: «Былинаң, 2003г.

5. Хохряков Г.Ф. Преступления осужденных: причины и предупреждение. Ереван, 1988.

6. Хохряков Г.Ф.Парадоксы тюрьмы. М., 1992.

7. Чукмаитов Д.С. Влияние первого преступления на последующую противоправную деятельность рецидивистов. М., 1994.

8. Чукмаитов Д.С. Применение уголовного наказания в целях предупреждения рецидивной преступности. Алматы. 1997.

9. Чукмаитов Д.С. Проблемы взаимодействия личности и социальной среды во время отбывания наказания и социальные последствия рецидивной преступности // Право и государство. 1997. № 6, с. 12-23.

Оқытушынын кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстық басқа тақырыптары мен басқа пәндермен байланысы. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуінде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау. Жалпы кәсіби қылмыстылықтарға криминологиялық сипаттама беру олардын жасалу себептері мен жағдайларын анықтау немесе осы аталған қылмыстылықтың алдын алу шараларын жузеге асыру бүгінгі таңда маңызды орын алады.

Кәсіби қылмыстылықтың деңгейі оз алдына тұрақты болып танылатындығымен корінеді. Олардын осу деңгейі ар түрлі сипатқа ие болып отырғандығымен далелденеді. Бұл көрсеткіштер кәсби қылмыстылықтың динамикасын анықтайды. Кәсіби қылмыстылық ерекше сипаты арнайы криминалды мақсатта қолданылады. Кәсіпқой қылмыстылық - криминалдық әрекеттер олар үшін спецификалық қызметтің түрі ретінде және өмір сүрудің көзі ретінде танылған қылмыстардың жиынтығы деп түсінуімізге де болады. Профессия –латын тілінде «өзімнің ісіммен жария етемін» деген мағынаны білдіреді.

Алгаш рет кәсіби қылмыстылық туралы түсінік Гейдельберг съезінде 1897 жылы айтылды. Касіпкой қылмыстылықты ғалым криминалистер ең алдымен адамның қылмыстан арылғысы келмеуі соны өзінің күнделікті әрекетімен байланыстырғандығы деп түсіндірді.

Кәсіби қылмыскер деген түсініктің өзін алғаш рет 18 ғасырда жасырын полиция бастығы Ф.Э. Видок атап өтті. Орыстың ғалымдары С. Познышев, И. Фойницкий мұндай терминнің пайда болғандығына қарсы болды. Жалпы кәсіби кылмыскерлерді түбінде, бір беткей, түзелмейтін, қырсыққан деген сияқты терминдермен алмастырды.

Ломброзоның өзі немесе оның зерттеушілері кәсіпқой кылмыскерлердін жүріс-тұрысын паразитизммен салыстыра отырып, олардың өздерінің арасында ерекше тілдесулеріне де назар аударды.

Жалпы касіпкойлықтың өзі мысалы, өмір сүрудің көзі болып танылған жұмыспен немесе кәсіппен шұғылдануы деп танылады.

Шет ел қазіргі криминологиясында белгілі американдық криминолог Р. Колдуэлл кәсіпқой қылмыстылыққа қатысты мынадай белгілерді атайды:

-қылмыстылықпен бизнес ретінде айналысуы;

-белгілі бір қылмыс түрі бойынша мамандандырылуы;

-қылмыстарды тиянақты түрде дайындық жүргізуі;

-қылмыс жасауы үшін өзінің мандығын немесе тәжірибесін қолдануы;

-қылмысты жасауда өзінің болашақ крьерасы ретінде санауы;

-өздерін қылмыс әлеміне ұсынғысы келуі немесе ұқсатуы танылады.

Ал одан басқа криминолог В. Реклесс қылмыстық карьераны үш топқа бөліп қарастырды: жәй, қарапайым және кәсіпқой.

Криминалдық професионализм рецидив қылмыстылықтың бір түрі ретінде танылады. Шын мәніндегі криминалдық профессионализм олардың өмір сүруінің қайнар көзі болып қылмыс жасауы табылатындығында. 

Криминалдық профессионализмнің келесі бір белгісі болып, әлеуметке қарсы өмірге қарсы ортамен байланысы болып танылады. Олар қылмыстық әлемнің субкультурасын тасымалдаушы болып танылады. Мысалы:

- қылмыскерлерменр арнайы жаргондар арқылы араласуы және оларды білуі;

-қылмыстық лақап атттардың берілуі;

-қылмыстық татуировкалардың болуы.

Криминалдық профессионализм жүйелі түрде қоғамға немесе әлеуметке қарсы өмірмен тығыз байланысқан.

Екінші сұрақты талқылау: Кәсіби сипатындағы қылмыстарды жасаудың себептері мен шарттары мысалы, (жымқыру, коррупция және пайдаүнемдік қылмыстар) болып танылады. Кәсіби кылмыстылыктын алеуметтік жасалу жагдайы болып танылады:

-экономикадагы қарама-қайшылық;

-әлеуметтік институттармен мудделік касиеттердін алсіреуі;

-касіпкой кылмыстылыктын когамдын теріс кубылысы мен асеріне толык бага бере алмау немесе оны дурыс тусінбеу.

Бұл сұрақты қарастыру барысында осы қылмыстардың жасалуына жол беретін себептер мен шарттарды ұғыну қажет. Адамдардың өз қызмет бабын теріс пайдалануы, немесе жымқыру, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды жасайды.

Лауазымды тұлғалардың осындай қылмыс түрлерін жасауға мүмкіндіктерінің болуы, яғни оларғы қызмет бабы бойынша басқа бір адамдардың тәуелді болады. Мұндай қылмыстардың жасалуы себептері ерекшеліктері де бар.

Үшінші сұрақты талқылау.

Кәсіби қылмыстардың алдын алудағы кәсіпқой қылмыскерлердің жеке басына сипаттама беру маңызды болып танылады.

Кәсіби қылмыстарды, мүлікті жымқыру мен коррупциялық қылмыстарды алдын алудың негізгі бағыттарына болінеді. Бұл сұрақты талқылау барысында мүлікті жымқыру және коррупциялық қылмыстардың, пайдакүнемдік қылмыстарды алдын алудың негізгі бағытарын ұғынуымыз кажет, осы қылмыстар аясында ІІО-мен жүргізілетін алдын алу шараларының мазмұнын ашып корсетеміз.

Осыған байланысты аталган кылмыскерлерге қатысты, әлеуметтік-демографиялық, психологиялық қасиеттерін ашып көрсетіледі, мысалы:

-Биофизиологиялық белгілері.

-Әлеуметтік-демографиялық белгілері.

-Психологиялық-адамгершілік белгілері.

-Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілері. Жынысы бойынша белгілерінің сипаттамасы.

-Жасы бойынша белгілерінің сипаттамасы. Білімі бойынша сипаттамасы.

-Әлеуметтік жағдайы және кәсібі бойынша.

Кәсіпқой қылмыскерлердің қылмыс жасауы себептерінің бірі болып олардың өз қызметтеріне қанағаттана алмауы болып танылады. Мысалы төмен жалақының болуы. Өз жанұясын немесе тұрғын үй мәселелерін шеше алмауы. Мұның өзі олардың қылмыс жолымекн күн көріске деген қызығушылығын арттыра бастауы да мүмкін.

Сонымен қатар арнайы мамандығы бар, яғни жоғары білімі бар азаматтардың өз білімін қоғамға қарсы теріс әрекеттерге жұмсауы мұғынң өзі олардың қаражаттарын көбейтуі пайдақорлық мақсаттарға да пайдалануы орын алған.

Кәсіби қылмыскерлер ішіндегі қалта ұрлығын арқылы күн көруді қамтамасыз ететіндер сонау ертеден келе жатқандар. Оларды «қалташылар» деп атайды.

“Қалташылар” қылмыс жасау тәсіліне қарай былайша топтастырылады:

а)”технарлар”- арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, киімді, сөмкелерді, портфельдерді кесу арқылы ұрлық жасайтындар;

ә) “ширмачтар” немесе “қалқаншылар - әртүрлі заттармен (сөмке, гүл шоғы, киім) қолды көрсетпей қалқалап тұрып ұрлық жасайтындар;

б) “балықшылар”- ұрлықты арнайы дайындалған ілгешектердің көмегімен жасайтындар;

в) “хирургтар”- пинцеттің көмегімен, әсіресе қол жетпейтін қиын жерлерде ұрлық жасайтындар;

г) “шымшушылар”- арнайы егелген монетаның көмегімен сөмкелерді тіліп ұрлайтындар;

д) “сілкушілер” немесе “сырғытушылар”- мылқаулардың арасында көп тараған бір затты нақты дәл қимылымен итеріп жіберу арқылы ұрлайтындар. Мысалға, кеңестік мемлекетте ет комбинаттарында бақылаушының көзін ала беріп, тез ет кесіп алып, басқа жерде арнайы дайындалып қойған полиэтилен пакетіне не қапшыққа дәл лақтыру жолымен ет ұрлайтындар болған.

ж) “сөмкешілер”- арнайы құралдарсыз-ақ сөмкелерден зат ұрлайтындар.

Төртінші сұрақты қарастыру:

Кәсіби қылмыстылықпен күресуде құқық қөорғау органдары үшін аса маңызды қырағылықты қажет етеді. Соның ішінде қызметтік құпияларды сақтай білу, әр түрлі іс шараларды жүзеге асыру барысындағы қолданылатын мәселелер.

Кәсіби қылмыстылықты ескертудегі арнайы алдын алу шаралары болып танылады:

-кәсіпқой қылмыскерлерді толық жаппай анықтау және оларға бақылау қою;

-қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық атқару кодексін жетілдіру;

-кәсіби қылмыскерлерді анықтау немесе олардың қылмысын ашудағы жедел-іздестіру қызметінің сапасын жоғарылату.

Кәсіби қылмыстылықтың алдын алуы мақсатында Қылмыстық кодекс жалпы бөліміне кәсіпқой қылмыстылықтың белгілерін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Мұның өзі аталған қылмыстың алдын алуға өз әсерін тигізер еді.

Кәсіби қылмыстардың алдын алудың негізгі бағыттары. Бұл сұрақты талқылау барысында кәсіпқойлықпен байланысты болған қылмыстылықтың алдын алудың негізгі бағыттарын ұғыну, құқық қорғау органдарен жүргізілетін алдын алушы шаралардың мазмұнын ашып карастырамыз.

Құқық қорғау органдарының осы қылмыстардың алдын алудағы атқаратын ролі манызды. Кәсіпқойлықпен байланысты болған қылмыстардың болуына тиімді жағдай туғызатын мән-жайларды анықтап оларға қатысты тиімді шараларды қолданады.

Қалалы аймақтардығы патрульдік бекеттік қызметтер немесе учаскелік инспектордың қызметтерін ұйымдастырудағы олқылықтардын болмауы кажет. Кәсібилікпен байланысты қылмыстарды жасаудағы көбінесе бұрын соттылығы бар адамдар немесе қызмет бабын пайдаланып жасалынады.

Осындай қылмыстарды жасағандығы үшін сотталған адамдармен тәрбиелік жұмыстар жасалынады. Кәсіби кылмыстылыкка катысты жалпы және арнайы ескертулер жүзеге асырылады.

Қорытынды.

Жалпы кәсіби қылмыстылықтарға криминологиялык сипаттама беру олардын жасалу себептері мен жағдайларын анықтау немесе осы аталған қылмыстылықтын алдын алу шараларын жузеге асыру бүгінгі таңда манызды орын алады.

Кәсіби кылмыстылыктын деңгейі өз алдына тұрақты болып танылатындығымен корінеді. Олардын өсу деңгейі ар түрлі сипатқа ие болып отырғандығымен далелденеді. Бұл көрсеткіштер кәсби қылмыстылықтың динамикасын анықтайды. Кәсіби қылмыстылық ерекше сипаты арнайы криминалды мақсатта қолданылады. Кәсіпқой қылмыстылық- криминалдық әрекеттер олар үшін спецификалық қызметтің түрі ретінде және өмір сүрудің көзі ретінде танылған қылмыстардың жиынтығы деп түсінуімізге де болады. Профессия –латын тілінде «өзімнің ісіммен жария етемін» деген мағынаны білдіреді.

Криминалдық профессионализм бұл қылмысты іс әрекеттің бір түрі болып танылады. Сондықтан да осындай қылмыстылықыпен күн көріске айналдырған адамдарды кәсіпқой қылмыскерлер деп атауымызға болады.

Криминалдық профессионализм бұл тұрақты және алдын ала ұйымдастырылған немесе тиянақты дайындалған қылмыстылықтың бір түрі борлып танылады.

Әдеттегідей кәсіби қылмыскерлер алғашқы қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасайды, мысалы клептомандар деп аталады.

Сондықтанда криминология ғылымында әлі де болса толық өңделмеген қылмыстылықтардың бірі болып кәсіби қылмыстылық танылады. Криминология ғылымында мысалы, кәсіби қылмыскер немесе кәсіпқой қылмыстылық жиі айтылады.

Алғаш рет кәсіби қылмыстылық туралы түсінік Гейдельберг съезінде 1897 жылы айтылды. Кәсіпқой қылмыстылықты ғалым криминалистер ең алдымен адамнын қылмыстан арылғысы келмеуі соны өзінің күнделікті әрекетімен байланыстырғандығы деп түсіндірді.

Кәсіби қылмыскер деген түсініктін озі алғаш рет 18 ғасырда жасырын полиция бастығы Ф.Э. Видок атап өтті. Орыстардын С. Познышев, И. Фойницкий мұндай терминнін пайда болғандығына қарсы болды. Жалпы кәсіпқой қылмыскерлерді түбінде, бір беткей, тузелмейтін, қырсыққан деген сияқты терминдермен алмастырды.

Ломброзонын өзі немесе онын зерттеушілері кәсіпқой қылмыскерлердің жүріс-тұрысын паразитизммен салыстыра отырып, олардың өздерінің арасында ерекше тілдесулеріне де назар аударды.

Жалпы кәсіпкойлықтың өзі мысалы, өмір сүрудің көзі болып танылған жұмыспен немесе кәсіппен шұғылдануы деп танылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.