Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуды криминологиялық болжау және жоспарлау.



7-тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуды криминологиялық болжау және жоспарлау.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Криминологиялық болжаудың кезеңдері, мақсаты және түрлері.

2. Криминологиялық болжаудың мерзімі және негізгі әдістемесі

3. Криминологияық болжаудың маңызы.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Аванесов Г.А. Криминологическое прогнозирование и планирование борьбы с преступностью. М., 1972.

2. Аванесов Г.А., Вицин С.Е. Прогнозирование и организация борьбы с преступностью. М., 1972.

3. Волков А.Н. Основы краткосрочного криминологического прогнозирования и текущего планирования деятельности ОВД. М., 1983.

4. Закалюк А.П. Прогнозирование и предупреждение индивидуального преступного поведения. М., 1986.

5. Клейменов В.П. Уголовно-правовое прогнозирование. Томск, 1991.

6. Минин А.Я., Белоглазов В.Н. Криминологическое прогнозирование. Свердловск, 1991.

7. Модель регионального уголовно-правового и криминологического прогноза / Под ред. А.А.Алексеева. М., 1994.

8. Овчинский С.С. Оперативно-тактическое прогнозирование. М., 1992.

9. Токарев А.Ф. Криминологическое прогнозирование и планирование предупреждения преступлений. М., 1990.

10. Толеубекова Б.Х., Корзун И.В. Борьба с преступностью в Казахстане: прогнозы и перспективы // Борьба с преступностью в Казахстане. Алматы, 1998.

Оқытушының кіріспе сөзі. Сабақ тақырыбы, сабақ мақсаты қаралатын сұрақтар, басқа сабақпен және басқа қурстық тақырыптармен байланысы хабарланады. Сонымен бірге күресу тақырыбына білім алушылардың назарын алдару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау. Криминологиялық болжаудың түсінігі, мақсаты және этаптары. Криминологиялық болжаудын турлері.

Криминологиялық болжау дегеніміз болашақта болуы мумкін қылмыстарды және оның детерминанты туралы талқылау, белгілі бір уақыт ішінде болуы мүмкін алдын алу және қылмысқа әсер ететін басқа да құралдарды елестету. Криминологиялық болжауда ең бастысы жоспарлау, криминологиялық болжаудың детерминанты және оның ескертулері болып табылады.

Болжау өз ішіне қылмыстылық және оның территорияда өзгеруі, қылмыстылықтың толық және жартылай түрлерінің өзгеруі. Іс жүргізуді қолдану, болжамға қажетті ақпараттарды өңдеу, анализдеу болжам жасау деп танылады. Толық айқын алып қарасақ, болжам сәйкестік құбылыстың жай ғана жинақталған ақпараты болып танылмайды, оның болашағы мен өткендігі жаңа ақпаратты қамтиды. Болжам жасау мақсаттың тұжырымын және қылмыстылықпен күресудің міндетін уақытқа сай және болжау жасаудың қызметін және сонымен қоса қылмыстарды ескертуге көмектеседі.

Қылмыстылық әлеуметтік құқықтық құбылыс. Ол өз ішіне күрделі жүйені, тудырылған себепті және сонымен қатар сәйкес себептерді тәуелділіктің өз ішінде көптеген мазмұның әсер ету факторының деңгейі болады. Бұл факторлар әлі күнге дейін анықталмаған, олар өзара тікелей қылмыстылықпен қажетті шарада өлшенеген. Бұл жағдайды Кузнецова өз жұмысында «Қылмыс пен қылмыстылықта» көрсеткен.

Құқықтық сапаның жағдайы өз ішінде заңнамаға ықпал етеді. Бұл жағдайлар криминология мен болжауда қосымша қиындықтар туғызады. Қорыта келе, қылмыстылық қазіргі таңда қоғамның куресіп журген жағымсыз құбылысы болып табылады.сонымен әзірлеме ғылымsyи негізділік болжау криминологияда әр түрлі қиындықтармен байланысты. Сонымен қатар оларды назардан қалдыру және қайта бағалау белгілі болжаулардың шектігінде қылмыстылық және оның элементтерін жузеге асырады және қажетті практикалық нәтиже береді.

Криминологиялық болжам дегеніміз мүмкін болуы, қылмыстық болашақтағы жағдайының ғылыми негізделеген пікір, оның детерминанты, белгілі мерзім ішіндегі олардың ықпалы.

Бүгінгі кезде және әдістемелік негіз, қылмысты алдын алу тиімділік қажеттілігі туылды, оның негізі еңбек коллективтері мен аумақтардың әлеуметтік дамуы. Қылмысты болжаудың негізі болып әлеуметтік болмыс, процесс, қылмыстық саясаттың бағыты, басқа шартарды және оларды позитивті өзгерту мүмкіншілігін анықтау.

Екінші сұрақты талқылау. Қылмыстылықты болжау дегеніміздің өзі ғылым іс жүзіндегі тәжірибелердің әсерімен алдағы уақыттағы болатын қылмыстылықтың негізгі ағымдарын көре біліп, тек сапалы ғана емес, мүмкіндігінше сандық анықтық пікір енгізе отырып, міндеттер белгілеу мен оларды шеше бастау кезінен басталады. Мұндай міндеттерді шешу үшін криминология, арасында экстраполяция, модельдеу, сараптау бағасын беру сияқты маңызы күштірек арнаулы әдістерді қолдануға мәжбүр болады.

Экстраполяция - құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату; қылмыстың криминологиялық болжамының негізгі үш тәсілінің бірі (болашақта қылмыстың жасалу мүмкіндігін ғылыми болжау, сонын ішінде қайталама (рецидивизм болжамы) немесе адам үшін құрбан болуы мүмкін екендігі (құрбан болу мүмкіндігінің болжамы) және т.б.

Қылмыстылықты болжаудың міндеттері экстраполяция мен модельдендіру қосарланғанда мейілінше нәтижелі шешіледі. Модельдендіру – таным теориясының маңызды категорияларының бірі. Бұл әдістің мәні мынада, белгілі бір құбылысты, үрдісті немесе жүйені бұрыннан белгілі сипаттары, байланыстары және заңдылықтары негізінде зерттеу үшін ең алдымен тиісті объектінің моделі жасалады, ал содан кейін барып зерттеу жұмыстары қолға алынады әлеуметтік үрдістерді зерттеулерде модель көбнесе жабық, белгі түрінде көрінеді. Бұл жерде әсіресе математикалық модельдер кең тараған. Қылмыстылықты қысқа мерзімді болжау жасау үшін модельдендіруді пайдаланудың мысалы ретінде 1969 жылы КСРО ІІМ Бүкілодақтың ғылыми зерттеу институтында алғаш рет орындалған жұмысты алуға болады (Л. Н. Гусев, С. С. Стрельников). Бәрі де ғалымдарға берілген сұрақтардан басталады: неліктен үстіміздегі жылдың наурыз айында ақпанға қарағанда қылмыс көп тіркелген, ал сәуірде – наурызға қарағанда аз? Тіркелген қылмыстар соңғы бес жылда ай бойынша болжанды. Таңданарлығы жоғарыда айтылған көрініс жыл сайын көрініп, олардың өзгерісі тұрақты екені де байқалды. Жүргізілген талдаулар жеткілікті тұрақты заңдылықты анықтауға жағдай жасады және соның негізінде қылмыстылықты жылдың айларына бөлу жөнінде математикалық модель құру ұйғарылды. Қаңтар айында жасалған осы модельді пайдалана отырып, алдағы айдағы, одан қалды алдағы жылда болжанатын қылмыстардың санын есептеп шығаруға болады. Барлық жасалған болжамдардың бәрі де өздерінің негізгі екендігін көрсетті. Іс жүзінде тіркеу болжамнан небәрі 3 пайызға ғана ауытқушылық көрсетті. Модельдендіру негізінде қылмыстылықты орташа мерзімді (бесжылдық) болжау криминологияда айтарлықтай нәтиже бере алмады. Бұл жұмыстар әзірше ізденістік, сынақтан өткізу сипатын алып отыр.

Модельдеу – математикалық формула жүйесін өндіру, комплекс және факторлардың қарым-қатынастан шығатын қылмыстық динамикасын бейнеледі, олар оған маңызды әсер етеді. Модельдеу қылмыстылықты болжамның әдісі ретінде мыналарды қосады: модельді-кибернетикалық эксперимент, объектінің функционалды заңдылықта туратын, уақытпен белгіленеді. Осы әдістік артықшылығы, болжамды құбылыстың маңызсыз және майда көшетін абстанциолауға мүмкіндік береді және зерттелетін объектілерге позорды атқару. Әлеуметті зерттеу процессінде модель көбінесе логикалық белгілі формада көрінеді. Ең көп төрағаны математикалық форма.

Криминологиялық болжауда көбірек тараған әдіс сараптық баға беру әдісі болып отыр. Бұл әдістің мәні құзырлы адамдар тобының сарапшылардың білімі мен шығармашылық қабілеттерін алдағы зерттелетін объектілердің жай-күйін білуге жұмылдыруда. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану үшін сарапшы ретінде, біріншіден, сарапталатын объекті жөнінде жақсы білетін білікті мамандар, екіншіден, бағалауға қатысатын сарапшылардың саны (20-дан 50-адамға дейін) негізгі пікір айтушыны әшкерелеу мақсатындағы мәліметтік өңдеуге жететіндей болуы керек. Ең соңында маңыздысы сарапқа түсетін объекті туралы сарапшыдан мейілінше жеткілікті сенімді ақпарат алу үшін жағдай жасау керек.

Үшінші сұрақты талқылау. Криминологияық болжаудың маңызы.

Жоспарлаудың құрылымдық процесін үш кезеңге бөлуге болады

1. Талдау кезеңі

2. Болжамдық әдіс

3. Жоспарлы іс шараларды әзірлеу

-ұйымдық – дайындалу жеке құрамның анықтамасын әзірлеу жоспарын, жауаптыларды жоспарлау бөліміне бөлу;нұсқаулық жұмыс кестесін құру;

-ақпаратты-талдау – бұл жерде сұраққа жауапты ықпал жасау деңгейі саяси-әлеуметтік, экономикалық құқықтық, идеологиялық мәдени, отбасылық тұрмыстық моральдық және басқа да факторлар деңгейінде динамикасы мен құрылымының құқық бұзушылығы

-жоспарлық – бұған беретін көрініс құқық бұзушының себебі және бұл профилактикалық жұмысты жүзеге асырыды. Жоспарлық кезең өз ішінде жоспарлаудың негізін;

-шараны жүзеге асыруы бұл анықтама профилактикалық және соған сәйкес жоспарлау шараны жауапты орындаушы шаралардың аяқталуы;

-шараларды орындау – жоспарды аяғына дейін;органдарды анықтау; іске жауапты адам.

Жоспардың іске асырылуының жетістіктері қылмыстың ескертулері мен көрсетімділерімен критерилер әзірлемесіз жүзеге аспайды. Тиімділіктің негізгі бағалануы осы алынған шешімдер мен оған қатысты профилактикалық қызметтердің жоспары болып табылады. Осыған байланысты жалпы критеридің тиімділігі – ол осы қылмыстылықтылықтың төмендеу деңгеімен структураның қалыпты өзгеруі – осы жоспардың негізгі мақсатқа жетудің және функционалдық бағалануды анықтайды.

Қортынды. Жалпы криминологиялық болжаудың әлеуметтік құбылыс, қылмыстылықтың белгілі бір категориялары (қайталанған; қасақана және басқа), қылмыстың жекелеген түрлері және қылмыстылыққа айтарлықтай әсер ететін факторлар кешені сияқты өзіндік объектілері болады. Жеке болжаудың қылмысқа себепкер болатын жеке мінез-құлқы мен факторлары сияқты өз объектісі болады.

Былайша қарағанда, болжамдарды түрге бөлгендегі мәнді де маңыздысы ағымды (жедел), қысқа мерзімді болжамдар саналады. Криминологиялық болжамда уақыт көлемі болжанатын объектімен және атқаратын міндетімен ескеріліп есептеледі.

Ағымды (жедел) болжамға бірнеше сағаттан бірнеше айға дейінгі мерзім, қысқа мерзімді болжамға – 1 жылдан 3 жылға дейінгі, орташа мерзімдіге 5-10, ұзақ мерзімдіге 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзім шегі сай келеді. Болжамдардың сенімділігі, анықтығы, сапалық-сандық қасиеттері болжаудың мерзімімен айтарлықтай кері сипатта болады: мерзімі ұзақ болған сайын, анықтығы азая түседі. Сондықтан өмірде ағымды (жедел) және қысқа мерзімді болжамдар орнықты орын алады. Шындығында, басқару деңгейі жоғары болған сайын, орташа мерзімді мен ұзақ мерзімді болжамдарды талап ету жоғарылай түседі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.