Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Қайталанбалы (рецидив) қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.



8-тақырып. Қайталанбалы (рецидив) қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Рецидивті қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы: деңгейі, құрлымы, динамикасы.

2. Рецидив қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары.

3. Қылмыстың қайталануын жасайтын тұлғалардың криминологиялық сипаттамасы. Тұлғалардың типологиясы.

4. Рецидив қылмыстылығының алдын алу.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Абрамкин В.Ф. Поиски выхода. Преступность, уголовная политика, места заключения в постсоветском пространстве. М., 1996.

2. Жумабеков О. Рецидивная преступность: факты и проблемы // Фемида. 1999. № 8, с. 30-34.

3. Каиржанов Е.И., Накипов Б. Рецидивная преступность: состояние, профилактика. Алматы, 1996.

4. Хохряков Г.Ф. Преступления осужденных: причины и предупреждение. Ереван, 1988.

5. Хохряков Г.Ф.Парадоксы тюрьмы. М., 1992.

6. Чукмаитов Д.С. Влияние первого преступления на последующую противоправную деятельность рецидивистов. М., 1994.

7. Чукмаитов Д.С. Применение уголовного наказания в целях предупреждения рецидивной преступности. Алматы. 1997.

8. Чукмаитов Д.С. Проблемы взаимодействия личности и социальной среды во время отбывания наказания и социальные последствия рецидивной преступности // Право и государство. 1997. № 6, с. 12-23.

 

Оқытушынын кіріспе сөзі. сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстық басқа тақырыптары мен басқа пәндермен байланысы. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуісінде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау. Жалпы рецидивті қылмыстылықтарға криминологиялық сипаттама беру, олардың жасалу себептері мен жағдайларын анықтау немесе осы аталған қылмыстылықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру бүгінгі таңда маңызды орын алады.

Рецидивті қылмыстылықтың деңгейі өз алдына тұрақты болып танылатындығымен көрінеді. Олардың өсу деңгейі әр түрлі сипатқа ие болып отырғандығымен дәлелденеді. Бұл көрсеткіштер рецидивтің динамикасын анықтайды. Кәсіби қылмыстылықтың ерекше сипаты арнайы криминалды мақсатта қолданылады. Сонымен қатар рецидивтің криминологиялық сипаты кәсіби қылмыстылықпен тығыз байланысқан және арнайы көп рецидив қылмысқа әдейі бағытталған. Рецидивті қылмыстылық барлық қылмыстардың арасында басым құбылмалы болып танылады. Рецидив (лат. recіdіvus — қайталанушы), қылмыстар рецидиві — қылмыстар қабаттастығы; бұрын сотталған адамның тағы да қасақана қылмыс жасауы.. Рецидивтің түсінігі қылмыстық құқық және криминология ғылымында зерттелініп өнделу үстінде. Қылмыстық құқық ғылымында рецидив ұғымына әр түрлі түсініктер берілген. Қылмыстың қайталануы деп бұрын қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның қайталап қылмыс жасауы деп танылады.

Рецидив қауіпті және аса қауіпті болып екіге бөлінеді. Адамның үшінші рет қасақана қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылуы немесе екінші рет ауыр қылмыс жасауы қауіпті рецидив болып танылады.

Бұрын кемінде үш рет қасақана ауыр не орташа қылмыс жасаған адамның тағы да қасақана қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылуы және бұрын аса ауыр не екі рет қасақана ауыр қылмысы үшін сотталған адамның қасақана ауыр қылмыс жасауы немесе бұрын қасақана ауыр не аса ауыр қылмыс жасаған адамның аса ауыр қылмыс жасауы аса қауіпті рецидив болып саналады.

Рецидив деп тану кезінде адамның 18 жасқа дейінгі жасаған қылмыстары және жойылған не мерзімі өткен соттылық ескерілмейді. Қарекеті рецидив болып танылған адамға жаза айрықша тәртіпте тағайындалады және жазасы ауыр болады.

Рецидивті кылмыстылыктын құрылымы елеулі түрдегі корсеткіштермен сипатталынады. Оны анализдеу тажірибеде әр түрлі сипатқа ие.

Бурын жасалынган кылмыстардын саны бойынша кылмыстар бірнеше марте жасалынган, жане курделі (коп жакты) болып танылады. Бурын жазасын отеудігі бас бас бостандыгынан айыруга сотталгандар кобі кайталанып кылмыс жасауга багытталган.

Жасалуы сипатына карай кылмыстын кайталануы жалпы жане арнайы болып болінеді.

Арнайы рецедив деп – тұлғаның біртектес, ұқсас қылмыстарды жасауы танылады. Дәл осы арнайы рецедив қылмыстылық кәсіби қылмыстылықтың негізін құрайды. Себебі бұл жағдайда қылмыскердің криминалдық шеберлігі жыл сайын қайралып өткірленіп, өңделе түседі. Мысалы, қалташы ұрылардың арасында 37% тұлғаларды аса қауіпті рецедевистердің қатарына жатқызуға болады.

Жалпы рецедив деп – тұлғаның әртектес қылмыстарды қайталап жасауын айтуға болады.

Үлкен тәжірибесі бар рецедив қылмыскерлердің қылмыстарды қайталап жасауға, әсіресе бас бостандығынан айыру орындарында қарқындылығы жоғары болып келеді. Осылайша, статистика бойынша қылмыстық-атқару мекемелерінен жасазасын өтеп, босап шыққан тұлғалар бірінші жылда 70% қайталап қылмыс жасайды екен. Ал 20% бас бостандығын айыру орындарына жүріп қайталап қылмыс жасайды.

Рецедив қылмыстылықтың жағымсыз тенденциясы ретінде соңғы 10 жылда бұл қылмыстылықтың жасаруын айтуға болады. Егер бұрын рецедив қылмыскерлердің орташа жасы 40 жасты құрайтын болса, қазіргі кезде 77% 19-35 жас аралығында қайталап қылмыс жасайды. Тіпті қазіргі беделді қылмыскерлердің (вор в законе) орта жасы 35 жастан жоғарламайды.

Сонымен қатар рецедив қылмыстылық үшін ұйымдасқан қылмыстық топ болып қылмыс жасау тән. Мысалы, көшеде жүріп тәуліктің кешкі уақытында адамдарға шабуыл жасау және т.б

Екінші сұрақты талқылау. Рецидив қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары. Қылмыстылық рецидиві екі фактормен жүзеге асырады:

1. Барлық қылмыстылыққа тән себептері мен жағдайлар;

2. Жазаны өтеумен және әлеуметтік бейімделу процестерімен байланысты.

Қылмыстылыққа әсер ететін мән-жайлар. Рецидивті қылмыстылықтың арнайы ерекше себебі болмайды. Өзінің мазмұнымен субъективті, объективті себептер, рецидивті қылмыстылықтың себептерімен сәйкес келеді. Қоғамға қарсы рецидивистердің көзқарасы екі шартпен ықпал етеді – субъективті – объективті. Құқық қорғау органдарының қызметінен кеткен қателіктер рецидив қылмыстылыққа көп әсерін тигізеді.

Кәсіби қылмыстылықтың себебі мен шарттары – рецидив қылмыстылық өз алдына арнайы мүліктік қылмысты қарайды. Рецидив кылмыстылыкты жасауга мынадай екі топтагы ман жайлар әсерін тигізеді.

- барлык кылмыстарга тән кылмыстардын жасалу себептері мен жагдайлары (кылмыстарды жасап болганнан кейін пайда болатын).

- жазаны өтегеннен кейін пайда болатын себептер мен жагдайлар.

Жалпы зерттеулерге караганда рецидив кылмыскерлер жазасын отегеннен кейін өздерінін бұрын кылмыс жасаған ортасымен, ягни бұрынғы сыбайластарын тауып алуымен сипатталынады.

Қылмысы үшін сотталып шыққан адамдар өздерін қоғамда ұстауы немесе еңбекпен айналысуы қиындыққа әкеп соқтырады. Олардын кобінесе басым көпшілігі оз мамандыгы бойынша жұмыс істей алмауы танылады.

Кылмыс рецидивіне жазасын өтеуінен кейін әлеуметтік ортада оздерін ұстауы, араласуы киындыкка әкеп соқтырады.

Нарықтық экономикага өтуімізге байланысты жұмыссыздықтың, яғни жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері қиындыққа әкеп соқтыруы.

Рецедив қылмыстылықтың себептері мен жағдайларына төмендегі жағдайлар әсер етеді:

1. Әлеуметтік ортаның жағымсыз жағдайлары мен ерешеліктері. Ережеге сәйкес, бірінші қылмысынан кейін тұлғаның екінші рет қылмыс жасауына тұлғаның жағымсыз әлеуметтік ортада тәрбиеленуі ықпал етеді. Оның шырғалаң шеңберден дұрыс ортаға ысырылып шығуына мүмкіндік болмайды.

2. Қылмыстық істерді тергеу, жаза тағайындау және жазаны орындау кезінде құқық қорғау органдар қызметінің кемшіліктері. Осы аталып кеткен бағыттардың бірде беруінде құқық қорғау органдарының алдында тұрған міндеттер толық шешімін таппаған. Жыл сайын ашылмай қалып жатқан қылмыстық істердің саны шамамен 20% өсуде (жасырын қылмыстарды ескермегенде). Пенитенциарлық жүйенің (сот бас бостандығынан айыруға үкім шығарған адамдардың жазасын өтеу нормаларының, оны ұйымдастыру органдары мен ұйымдарының жүйесі) жұмысы да бүгінгі таңда тиімді емес.

3. Сотталған тұлғаны қоғамнан алыстатудың жағымсыз салдары. Бұл өз кезегінде сотталғанды күнделікті өмір жағдайларынан алыстатып, оның әлеуметтік пайдалы байланыстарының әлсіреуі немесе жоғалуына әкеліп соқтырады. Сотталған адамның бас бостандығынан айырылғанан кейін әлеуметтік бейімделу қиындықтарымен байланысты бас бостандығынан айыру орындарының жағдайына және режиміне дағдылануы.

Үшінші сұрақты талқылау. Рецидивті кылмыскерлердін жеке басына криминологиялык сипаттама беру манызды болып табылады. Себебі, олардын жеке басына криминологиялык сипаттама бере отырып кылмыстылыкпен куресуге тиімді жағдайлар туғызады. Қылмысты кайталап жасаушылар жалпы білімі жагынан 1-2 сынып артта калып койгандар.

Криминологиялық сипатта рецедивистер – бұл:

1) бұрын сотталғандар, оның ішінде соттылығы өтеліп болған немесе алынып тасталған;

2) жазасы ауыстыру шаралары қолданылып қылмыстық жауаптылықтан босталыған тұлғалар;

3) әшкереленбеген қылмыскерлер (егер қылмыс ашылмай қалған жағдайда).

Рецедивист қылмыскер тұлғасы – сыртқы жағдайлар және мән-жайлармен әрекеттестікке түскенде қайталап қылмыстарды жасаумен шарттастырылған өзара байланысты әлеуметтік жағымсыз, маңызды қасиеттердің тұтас жиынтығы.

Рецевисттердің үш негізгі типі бар :

1. Антисоциалды рецидивтер. Оларға жоғары криминалды белсенділік тән. Олардың жүріс-тұрысы дәйекті-қылмыстық бағыттылығымен ерекшеленеді. Олардың ішінде бекітілген заңдық тәртіпте аса қауіпті рецедивстер мен рецедивист-гастролерлердің басымдығы жоғары. когамга карсы бизнеспен, ауеской ойындармен айналысатындар. Олар өздерінің тұрақты тұрғылықты жерінен бөлек аумақтарда қылмыс жасау арқылы оларды әшкерелуді қиындатады. Дәл осы рецедивстерді кәсіби қылмыскерлер деп атауға болады.

2. Ситуативті рецедивистер. Олар нақты пайда болатын ситуацияға тәуелді болып келеді. Басқа жағынан олар эмоционалдык тұрғыда тұрақсыз, агрессивті, мінезіне байланысты күшті тәуелділік. Олардың рецедивстер арасындағы үлесі 30-35% құрайды.

3. Асоциалды рецидивтер. Олардың арасында қалыптасқан маскүнемдер мен нашақорлар көптеп кездеседі. Тұлға ретінде ыдырау сипаты тән. Қылмыс жасау тәсілдері аса дөрекілік нысанында жасалуымен ерекшеленеді. Осы көрсетілген бұрынғы кәсіби қылмыскерлердің негізін құрайды, яғни өздерінің физикалық жағынан әлсіз болуы салдарынан кейін бомж болып кететіндер.

Рецидив қылмыскерлер өздерінің жалпы криминологиялык классификациясына байланысты немесе криминогендік мотивациясына байланысты катыгез жане аса катыгез адамдар болып танылады. Сонын ішінде катыгез рецидив кылмыскерлер болып бірнеше марте кылмыс жасаган адамдар болып танылады.

Ал, аса катыгез рецидив кылмыскерлер болып – аса кауіпті рецидивистер болады.

Төртінші сұрақты талқылау. Рецидив қылмыстылықты алдын алу жан-жақты аспектілі болып келеді. 

Рецидив кылмыстылыкты профилактикалауда осы кылмыстылыктын жасалу себептері мен жагдайларын, ягни олардын кайталанып жасалуына себебін тигізетін ман-жайларды аныктау мен алдын алу, окып тану болып танылады.

Рецидивті кылмыстылыктын алдын алуда негізгі рол ішкі істер органдары кызметкерлері аумагында болады.

Рецидивті кылмыстылыктын алдын алуда екі жакты алдын алу:

-   пенитенциалды

-   постпенитенциарлы.

Пенитенциарлы болып жазаны өтеу кезеніндегі жана кылмыстарды жасауымен сипатталынады. Постпенитенциарлы болып кылмысы ушін сотталган адамнын жазасын отегеннен кейін кылмыс жасауы болып танылады.

Арнаулы мамандардың айтуынша бас бостандыгынан айыруга сотталган адамдар 4-6 жылдан кейін психологиясы мен козкарастарында озгерістердін бар екендігін айтады. 

Жалпы түрмелер мен колониялар криминогендік факторлар болып танылады. Маңызды тұрғыдағы рецидив кылмыстардын алдын алудагы алдын алу шараларынын бірі болып бас бостандыгынан айыру болып танылады. Жеке турдегі рецидивті кылмыстылыктын турі болып постпенитециарлык профилактика танылады.

Рецидивті қылмыстылықтын өз алдына манызды алдын алудың бірі болып оларды жұмыска орналастыру болып танылады. Бұрынғы әкімшілік шаралар өзінің кұндылыгын жогалткан.

Жалпы рецидив кылмыскерлерге әкімшілік қадағалау тагайындалады:

-   сотпен аса кауіпті рецидив деп танылған адамдарға;

-   егер адам бурын ауыр кылмыс жасағандығы үшін сотталған болса ол ауыр кылмыс ушін бас бостандығынан айыруға сотталган жағдайда;

-   егер адам бурын ауыр кылмыс жасагандыгы ушін сотталган болса, ол ауыр кылмыс жасаған жағдайда кауіпті кайталануда;

-   егер адам бурын ауыр кылмыс немесе ауырлыгы орташа кылмыс касакана жасагандыгы үшін кемінде үш рет бас бостандыгынан айыруга сотталган жагдайларда адам касакана кылмыстары ушін бас бостандығынан айыруга сотталган жагдайларда;

-   егер адам бурын ауыр немесе аса ауыр кылмыс жасагандыгы ушін сотталган болса, ол аса ауыр кылмыс жасаган жагдайда кылмыс аса кауіпті кайталануда.

Әкімшілік кадагалау тузеу мекемелерінін бастығымен немесе ішкі істер органдарымен тагайындалады. Оларға мынадай шектеулер қойылады:

-   белгілі бір уакыт аралығында уйден кетіп қалмауына;

-   белгілі бір ауданнан басқа бір ауданға орын ауыстырмауына;

-   басқа бір облыстарга шығуына;

Полицияға айына 2-4 рет тіркелуге келіп тұруы қажет.

Әкімшілік қадағалау салынған рецидив адам қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Ішкі істер органдары тәжірибесінде барлық істердің мән-жайлары ескерілінеді. Рецидив кылмыскерлерді жалпы жане арнайы ескертулер колданылады.

Қорытынды.

Аталған тақырыпты талдай келе қорытынды шығару барысында мына негізгі мәселелерге келіп тоқталамыз:

Рецидив қылмыстылықтын жалпы криминологиялык сипаттамасы, денгейі, құрылымы, динамикасы. Қазіргі еліміздегі алып отырған рецидив қылмыстылықтың алатын орны мен онын қоғамға қауіптілігі.

Рецидив қылмыстылықтың жасалу себептері мен жағдайларын анықтау. Олардың жасалуына итермелейтін мән-жайларды анықтай отырып оларға баға бере білу.

Қайталанып жасалынатын қылмыстардың алдын алудағы колданылатын шараларды жузеге асырудын маселелері. ІІО кызметкерлерінін аткаратын рөлінің маңызды екендігі және оларды дұрыс ұйымдастыра білу аса жауаптылықты шақырады.

Рецидивті қылмыстылықпен күресуде арнайы бағдарламаның құрастырылуы және оның жүзеге асырылуы маңызды болып танылады.

-   жеке профилактикалаудың жаңа әдістерін құрастыру;

-   ішкі істер органдарымен қылмыстық жазаны атқару мекемелерінің арасындағы бірлескен шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру.

-   әкімшілік қадағалауды және бұрын соттылығы бар адамдарға қатаң әлеуметтік бақылау жасау;

-   рецидивті қылмыстылықпен күресудегі мәліметтік шараларды нығайтудағы шаралар;

-   қылмыстылықтың жасалу себептері мен жасалу жағдайларын анықтауға ерекше назар аудару;

-   сотталғандар мен жазасын өтеген тұлғаларға қатысты олардың маскүнемдік, нашақорлық алкоголизмен айналысуына жол бермеу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.