Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Нақты қылмыстың механизмі, себептері, жағдайлары.



6-тақырып. Нақты қылмыстың механизмі, себептері, жағдайлары.

Сабақ түрі – дәріс.

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Қылмыстық жүрістің түсінігі.

2. Нақты қылмыстың себептері мен жағдайлары, механизмінің түсінгі.

3. «Нақты өмірлік жағдай», «криминогендік жағдайдың» түсінігі.

4. Қолайсыз адамгершілік тұлғаны қалыптастыруда

нақты қылмыстың себептері мен жағдайлары.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Антонян Ю.М. Роль конкретной жизненной ситуации в совершении преступления. М., 1973.

2. Антонян Ю.М. Социальная среда и формирование личности. М., 1975.

3. Бейсенов Б.С. Алкоголизм: уголовно-правовые и криминологические проблемы. М., 1981.

4. Гилязев Ф.Г. Вина и криминогенное поведение личности: уголовно-правовые, криминологические и социально-психологические черты. М., 1991.

5. Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. Алма-Ата, 1987.

6. Дубинин Н.П., Карпец И.И., Кудрявцев В.Н. Генетика. Поведение. Ответственность. 2-е изд. М., 1989.

7. Лунеев В.В. Мотивация преступного поведения. М., 1991.

8. Механизм преступного поведения. М., 1981.

9. Нурпеисов Е.К. Психология правомерного поведения. Алма-Ата, 1984.

10. Рахимов Т.Г., Аубакиров Е.Х. Мотивация преступления и коррекция преступного поведения // Убеждение и принуждение в борьбе с преступностью. Алма-Ата, 1989, с. 62-99.

11. Тарарухин С.А. Преступное поведение (социальные и психологические черты). М., 1974.

Оқытушынын кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстың басқа тақырыптарымен басқа пәндермен байланысын ашу. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптың қылмыстылықпен күресуде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау. Жекелеген қылмыстық мінез-құлық деңгейінде зиян келтіру механизмін зерттеу мен анықтау үшін диалектиканың бастапқы әдістемелік қағидаларына жүгінуіміз қажет. Осы бағытта «жекелеген, «ерекше және «жалпы әрекеттер нақты құбылысты, белгілі бір құбылысты, объективті шындықтың белгілі бір жақтарын көрсетеді.

Гегель кезінде былай деп жазған еді, жекелеген деген сөз – тікелей, нақты бір нәрсе, ал ерекшелік – жекелегеннің белгілі бірі, қасиеті немесе қатынасы, жалпылық деген одан гөрі абстракциялы, ерекшеліктегі жекегегеннен гөрі белгісі .

Кез келген қылмыс – күрделі құбылыс. Тек құбылыс болғандықтан күрделі емес. Ол бірқатар өзара байланыстар мен өзара әрекеттестіктердің белгілі бір нәтижесі. Осы факторлардың өзінің сан алуандығы да аз болмауы мүмкін. Басқаша айтқанда, басты, шешуші фактор қандай немесе осы нәтижеге қандай адам қатысады? Бұл ең алдымен белгілі бір қылмыс жасаған индивид немесе адам тұлғасы. Онсыз салдардың өзі – қылмыс та жасалмаған болар еді. Бірақ индивид – саналы жан, сондықтан ол қылмыстық әрекет (әректсіздік) жасау кезінде белгілі бір ерікке ие болады. Демек, ең алдымен бұл жерде қылмыскер тұлғасының еріктілік әрекеті көрінеді.

нақты қылмыс жасау – жеке адам адамгершілігінің қалыптасуына теріс ықпалдың пайда болуы мен қылмыстық жағдайға әкеп соқтыратын сыртқы объективтік мән-жайлардың пайда болуына байланысты тұлғаның теріс адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі деп айтуға болады.

Нақты қылмыс жасау тұлғаның әлеуметтік шындықпен өзара әрекеттестігінің екі деңгейін көрсетеді: жеке адамның адамгершіліктік қалыптасу шартының деңгейі және қылмыс жасаудағы нақты жағдайдың деңгейі.

Екінші сұрақты талқылау: Нақты бір қылмыс жасаудың әлеуметтік-психологиялық механизмі адамның кез келген қылығы ретінде оның әрекет етуінің белгілі бір элемент-тері мен кезендерінен құралады. Нақты қылықтың психологиялық элементі болып, осы қылыққа байланысты қажеттілікті, мүддені, себепті, мақсатты көрсететін адамның адамгершілік қасиеті саналады. Ал қызмет ету механиз-мінің кезеңдері адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы, оларды өміршеңдікке айналдыру, мінез-құлықтық шешім қабылдау және оны жүзеге асыру болып табылады.

Қылықтың қылмысқа бағыттылығы оның жасалуының психологиялық ерекше сипатына, дұрыс мінез-құлық механизмінің айырмашылығына байланысты емес, осы екі механизмнің жекелеген буындарының жетімсіздігіне және қалыптасудың түрлі кезеңдерге бұрмалануына байланысты. Қылықты қылмысқа айналдыратын мұндай жетімсіздікпен бұрмалану аталған психологиялық механизмінің кез келген буынында, оның қызмет етуінің бір немесе бірнеше кезеңдерінде болуы мүмкін, сондай-ақ олардың әртүрлі үлес салмағы және әртүрлі уақыта әрекет етуге ие болуы мүмкін. Сонымен бірге жетімсіздік пен бұрмалау адамгершіліктің қалыптасу жағдайында уақыт бойынша қылмыстан оның дәл жасалу сәтінен алшақтау болады, ал әсіресе ересек адамдар жасаған қылмыста мүлдем болмайтынын ескеру қажет.

Қылмыстық қылықтың психологиялық механизмінің буындары мен кезеңдерін зерттей отырып, қылмысқа әкеп соқтыратын оның жетімсіздіктері мен бұрмалануларын ашуға, осындай бұрмаланудың арғы жағында не жатқанын анықтауға, соның негізінде алдын алу қоғамдық мүдделердің сәйкес, жеке мүддені қоғам мүддесінен жоғары қою шиелініске жетелеп оның арты қылмыс жасаумен тынуы мүмкін. Мұндай сәйкесіздікті өмірден жиі көруге болады.

Қажеттілікті өзінің әлеуметтік мазмұны мен мәніне қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:

1) адамның өмірін, күн көруін қамтамасыз ететін қажеттілік (тамақ, жылу, өзін өзі қорғау және басқалар);

2) қарапайым, әлеуметтік қолдалған қажеттілік (білім алу, қарым-қатынас жасау, менмендык, тұрмыстық қалыптасқан жағдайлар);

3) өзгерген – шеңбері тарылған өмірге қажетті деген қарапайым қажеттіліктің өңін айналдыруы.

4) бүлінген, әлеуметке қарсы – қоғамдық және жеке мүдделерге қарсы әректтермен айналысып; содан қанағат алу (маскүнемдік, ақсаусақтақ, арамтамақтық, нашақорлық).

Осы аталғандардың арасынан ең қауіптісі – бүлінген, әлеуметке қарсы қылмыстық әрекет жасау. Оны жалпы бұқара арасындағы жүзеге асырылуы барлық қылмыстардың 10-12 пайызын құрайды: Көптеген жағдайда қылмыстылық әрекеттер қажеттіліктің мазмұнына емес, оны қанағаттандыру әдістерінің сипатына байланысты.

Өзнінің қажеттілік мүддесін қанағаттандыру үшін жеке адам осыған байланысты мүмкіндіктерді ой елегінен өткізеді, оған жағдай туғызытын және бөгет жасайтын кедергілерді өлшеп-пішеді, осындай сипаттағы мақсатқа жету үшін соның жолдарын ойластырып, құралдарын сайлайды. Адамның қажеттілік пен мүддені сезінуінің осындай психологиялық процесінің маңызды ерекшелігі осы ойын жүзеге асыру кезеңінде тиісті шешім қабылдауында, атап қайтқанда осы ойын қанағаттандыса ма екен; әлде сабыр ете тұрса ма екен, оны қандай жолдармен , қандай құралдарды пайдаланып орындаса екен. Осындай ойлар мазалайды. Осындай ойлардың бірін таңдау мүмкіндігі олардың бірнеше түрінің болуымен анықталады. Егер ондай жолдар мен амалдар ойластырылмаған кейбір жағдайда әрекет қылмыс деп саналмайды. Таңдаудың қажеттігі белгілі бір шешімдердің әртүрлі әлеуметтік мәніне байланысты, ал таңдау адамның адамгершілік мәніне байланысты.

Мысалы, кез келген адамның бойында артық немесе кем дәрежеде менмендік пен менікі дұрыс дейтін қажеттік болады. Осы қажеттік негізінде ол өзін жоғары ұстағысы келеді, барлық адамды өзіне қаратқысы келеді, өзімен санасқанды жөн көреді. Осындай қасиеттерді басшылыққа алғандардың кейбіреуі өзінің алдына қызметтік немесе қоғамдағы артықшылықты мақсат тұтса; енді кейбіреулер басқа жолмен жүріп –өзін слтқарлығымен, тентектігімен бұзақылығымен және басқа жағынан көрсетеді. Осылардың біреуі өзінің жағдайын жақсартып өсу үшін жұрт қолдайтын жолдар мен құралдарды таңдап алып, білімін мен тәжірибесін жетілдіруге, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға және басқаға ұмтылады, сол сияқты алдау, алаяқтық жасау, пара беру немесе басқа да теріс әрекеттерді де пайдалануы мүмкін. Мұндай жол таңдау, әрине, адамның бірқатар объективті жағдайларына, әсіресе қажеттігін қанағаттандыратын мүмкіндіктеріне байланысты. Сонымен бірге айтарлықтай дәрежедегі осындай таңдауға негізделген адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Бұл жерде жасалған әрекеттің қылмыстылығы қажеттіліктің сипатымен емес, қоғамдық мүдденің тыйым салынған қандай жолмен және қандай құралмен елеулі бұзылуымен анықталады. Мәселен; ұрлық жасаудың негізінде былай қарағанда әлеуметке жат құбылыс болып саналмайтын материалдық игіліктерге ие болу ұмтылысы жатыр.

Осы жоғарыда айтылғандарға байланысты, қылмыстың алдын алудың басты бағыты тұлғалардың бойында тиісті адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, әрбір адамның бойындағы қажетті әлеуметтік жағдайға сай болуын, олардың өз қажеттігін қанағаттандыруда қоғамдық мүдделерге орай реттеу мен келісімге назар аудара білуге үйрету болып саналады. Сөйтіп, нақты бір қылыққа әсер ететін адамның адамгершілік қасиеті тумысынан яки болмаса кездейсоқ пайда болмайды, оның өмір сүрген уақыт ішіндегі ортаның жағдайына қарай қалыптасады.Ортаның жағдайы қандай болса оның да өмір жолы соған бейімделіп; соған орай оның тұлғасы қалыптасады: Мұндайда әрине көптеген кездейсоқтық тап болады, сол кездейсоқтықтың да өзіндік заңдылықтары болары сөзсіз. Оның арасында жақсылығы да жамандығы да болады. Басты міндет осыларды екшеп; жамандықтан қашып, жақсылыққа үйір бола білу. Сол арқылы өзінің жағамды адамгершілік қасиетін қалыптастыру керек. Бұл орайда ішкі істер органдарының да атқарар ролі аз болмайды.

Үшінші сұрақты талқылау: Қолайсыз жағдайларда қалыптасқан адамгершілік қалыптасуының әсерінен пайда болған адамның тұлғалық теріс қасиеттері белгілі бір жағдайда қылмыс жасауға әкеп соқтырады.

Қылмыстық жағдай – тұлғаның әлеуметтік ортадағы өзара әректтестігінің ерекше деңгейі, сонымен бірге адамның адамгершілігі қалыптасу кезінде қолайсыз жағдайларға байланысты қылмыс жасауға мәжбүр болуы.

Жағдай кең көлемде болуы мүмкін (мысалы, елдегі қуаңшылық әсері-нен егіннің шықпай қалуы) немесе белгілі бір шектелген кеңістікте орын алуы мүмкін – тұрғын-үй дауы. Ол сонымен бірге ұзақ сипатқа (отбасының ыдырауы; берекесіздігі) немесе біржолғы қысқа мерзімді (дүкен кезегінде ұрыс-керіс). Осының бірінші көрінісінде адамның психологиялық өзгеріске ұшырап, жан-жалдан қылмысқа дейін жеткенінше, белгілі бір уақыт аралы-ғына дейін жағдай қылмыстан алшақтау болады; екіншісінде – жағдай мейі-лінше қысқара түсіп; оның арты қылмысқа айналады. Өзінің әрекет ету көлеміне қарай жағдай бір шеңберден аспайтындай болуы мүмкін – белгілі бір адамдар төңірегінде ғана (ауру-сырқау, ұрыс-керіс, жеке мүлкінің жойы-лып кетуі), сондай көпшілікке әсер ететіндей көлемде блуы мүмкін (апат, зіл-зала, ұжымдағы хал-ахуалдың нашарлығы).

Пайда болу көздеріне байланысты жағдайды адамдардың өздері жаса-ған; табиғаттың дүлей күшімен; физикалық құбылыстардың және табиғи заңдылықтармен пайда болған (апатқа ұшырататын ауа райының қолайсыз жағдайы, өрт немесе су тасқыны салдарынан мүліктердің бүлініп-жойылуы) деп бөлу жолға қойылған. Адамдармен жасалған жағдай кінәлінің өзінің не-месе өзге де адамдардың әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған екі жағдайда да бұл әрекеттер заңды, заңға қайшы немесе тіпті қылмыстық болуы мүмкін. Кінәлінің әрекетімен байланысты жағдай қылмыс жасау үшін әдейі ойластырылған болуы немесе ешқандай ниетсіз болуы мүмкін (ішімдік ішіп мас болу, бұзақылық пен жол-көлік апаты салдарынан қылмыс жасуға ұрыну). Өзге адамдарға (кінәліден басқа) байланысты жағдай арасынан виктолмологиялық деп те аталатын («виктолмологияң – қылмыстың құрбаны туралы ілім) қылмыстан жәбірленген адамдар туғызған жағдай ерекше деп саналады. Дегенмен есте сақтауға тура келеді, қылмыскерге қарағанда жәбірленушінің жағдайы қылмыстық сипатта болу керек, жалпы қылмысқа оның өзі итермелегендей болуы керек.

Криминогенді жағдайды мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлу жолға қойылған:

1) проблемалық – адамның белгілі бір мақсатқа жету жолында белгілі бір қиындыққа, бөгетке ұрынуы (мысалы, қалыңдық ата-анасының қызы көп мөлшерде қалың мал сұрауы).

2) шиеленісті – кінәлінің мүддесі және алған бағыты мен өзге адамдар-дың немесе мемлекет пен қоғамдық ұйымдар арасындағы өткір қарама-қайшылықтар мен ашықтан-ашық қақтығыстарға байланысты (отбасындағы немесе жұмыс орнындағы шиеленіс, ұрыс-керіс, жанжал, дау-дамай және басқа).

Кінәліге әсер ету сипатына қарай жағдай мынадай болуы мүмкін:

1) экстремальды-ерекше – белгілі бір адамға күтпеген жерде ерекше әсер ету (кездейсоқ шабуылға тойтарыс беру үшін қажетті қорғанысты шегі-нен шығарып жіберу);

2) азғырушы немесе арандатушы – қылмыс жасауға мәжбүр етуші, итермелеуші әрекет (ұрлық жасауға мүмкіндік туғызатын мүліктің қараусыз, күзетсіз қалуы, жәбірленуші зорлық жасауға мүмкіндік туғызатын қылық);

3) бәсеңдетуші – белгілі бір жағдайға негізделген психологиялық өзге-рісті бәсендетеді (отбасындағы ұрыс-керіспен кейін жұмысында әріптесіне қатты сөз айтумен ғана тыну).

Жеке қылмыстық мінез-құлық механизмінде жоғарыда айтылған кри-миногендік жағдайлар қылмыс жасауға себеп туғызып, қылмыстылық қол сұғушылықтың сипаты мен мақсатын анықтауда айтарлықтай рөл атқарады.

Қорытынды. Себептіліктің психологиялық механизіміне тән мән-жайлардың бірі қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы шешім қабылдау кейде қызбалыққа салыну мен жүйкесінің бұзылуы болып саналады. сондықтан да басты назар тұрақсыз мінез-құлыққа аударылуы тиіс. Жалпы алғанда көптеген қылмыскерлерге көңіл-күй мәдениетінің төмендігі, өзінің сезімін ұстай алмаушылық тән, бұл әсіресе қылмыстық ниеті сыртқы себептерге байланысты емес қылмыскерлердің бойынан жиі байқалады.

Сөйтіп, жеке қылмыстық құқық бұзушылықтардың мінез-құлыққа итермелеуші мән-жайлар құрамына мазмұны мен сипаты әр түрлі объективті және субъективті сипаттағы әрекеттік факторлар енетін күрделі кешен болып саналады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.