Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Трансұлттық қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.



12-тақырып. Трансұлттық қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Трансұлттық қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы

2. Трансұлттық қылмыстылығының себептері мен жағдайлары.

3. Трансұлттық қылмыстарды жасайтын жеке тұлғаның криминологиялық сипаттамасы.

4. Трансұлттық қылмыстылығының алдын алу

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Айков Д., Сейгер К., Фонсторх У. Компьютерные преступления. Руководство по борьбе с компьютерными преступлениями. Пер. с англ. - М. 2009.

2. Андреев Б.В., Пак П.Н., Хорст В.П. Расследование в сфере компьютерной информации. - М., 2007.

3. Вехов В.Б. Компьютерные преступления: Способы совершения и раскрытия / Под ред. акад. Б.П. Смагоринского - М., 2004.

4. Вехов В.Б. Рогозин В.Ю. Методика расследования преступлений в сфере компьютерной информации // Криминалистика: Учебник. Изд.2-е, доп. и перераб. / Под ред. д. ю. н., проф. Закатова А.А. и д. ю. н., проф. Смагоринского Б.П. - М., 2003.

5. Иванов Н.А. Транснациональные преступления, совершаемые с использованием компьютерных и телекоммуникационных технологий (классификация, теория и практика расследования): Специализированный учебный курс / Под. ред. д. ю. н. Н.А. Лопашенко. Саратов: Саратовский Центр по исследованию проблем организованной преступности и коррупции, 2007.

6. Цепелев В.Ф. Международное сотрудничество в борьбе с преступностью. М., 2006.

7. Яблоков Н.П. Транснациональная организованная преступность и некоторые формы международного сотрудничества в борьбе с ней // Вестн. МГУ. Сер.11. Право. 2007. N 4.

8. Раскрытие и расследование преступлений, сопряженных с использованием средств вычислительной техники: проблемы, тенденции, перспективы: Тезисы выступлений. - М., 2005.

9. Расследование неправомерного доступа к компьютерной информации / Под ред. Н.Г. Шурухнова. - М., 2007.

 Оқытушынын кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстың басқа тақырыптарымен және басқа пәндермен байланысы ашу. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуінде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау. Трансұлттық қылмыстылық бірнеше маңызбен түсініледі (қылмыстық құқықтық, криминологиялық).

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қатерді туғызады. Қосымша табыс алу мақсатында қылмыстық құрылымдар өз ықпалын белсенді түрде ұлттық шекара шеңберінен тыс таратуда, қылмыс элементтерінің шекаралас мемлекеттермен, ұйымдасқан қылмыс өкілдерінің экстремисттік және террористтік ұйымдармен қосылуы орын алуда. Тарнасұлттық қылмыстылықты зерделеуде білім алушыларға төмендегідей мәселелерді ашып қарастыру керек:

‑ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың түсінігі мен заңдық табиғатын

қарастыру;

‑ трансұлттық қылмыс түсінігін зерттеу және белгілерін анықтау;

‑ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық құрылымдар қызметінің түрлерін зерттеу;

‑ қылмысқа қатысушылықтың институционалды мағынасын және оның қатысушылықтың трансұлтық ұйымдасқан нысанын танудағы рөлін негіздеу;

Жалпы жасалынатын қылмыстардың криминологиялық сипаттамысына назар аударсақ трансұлттық қылмыстылық бірқатар ерекшеліктерге ие. Әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде тарнсұлттық қылмыстар қоғамда өмір сүруде.

Трансұлттық қылмыстық жүріс-тұрыс адамның қызметтік өмірінде көптеп кезедеседі.

Екінші сұрақты талқылау.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары. Қазіргі ақпараттық технология тарнсұлттық қылмыстылықтың баты себебі ретінде. Қазіргі банктік қызмет халықаралық қылмыстық іс-әрекеттерді жасаудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын жеңілдетті. Ал электроника саласындағы қазіргі революция қылмыстық топтарға заңсыз жолмен алынған миллиондарды иемденуге және үлкен кірістерді жылыстатуға жаңа әдіс-тәсілдер арқылы қол жеткізуге мүмкіндік туғызды. Трансұлттық операциялар криминалдық ұйымдарға тиімді нарықтарға қол жеткізуге және оларға ену жолдарын табуға мүмкіндік береді, алайда олар құқық қорғау органдары үшін салыстырмалы түрде қол жетімсіз деп санайтын жерлерден жұмыс істей береді. Криминалдық қызметтен түсетін қаражат, əсіресе, «салықтық баспана» жəне салыстырмалы түрде жұмсақ реттеу шартымен банк секторын қолдана отырып, əлемдік қаржы жүйесінің арнасы арқылы жүзеге асырылады

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестің кейбір мәселелеріне қатысты ұйымдастырушылық, құқықтық, криминологиялық проблемалар.

Үшінші сұрақты талқылау. Қазақстан Республикасы тәуелсіз егемен мемлекет ретінде және сол уақытта Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мүшесі бола отырып, ұйымдасқан қылмыстылықпен, оның ішінде тансұлттық қылмыстылықпен күрес бойынша халықаралық-құқықтық актілерді әзірлеуде белсенді қатысады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы шарттар жасасқан мемлекеттердің саны ұлғайып жатыр. Бұлардың бәрі осы әлеуметтік қауіпті құбылыстармен күресте түрлі мемлекеттердің полиция ұйымдары арасындағы барынша мақсатқа бағытталған және тұрақты байланыстарды жүзеге асыруды талап етеді. Білім алушыларға Қазақстан Республикасы құқық қолдану тәжірибесіндегі заңнаманы жетілдіру шаралары жөнінде, сондай-ақ шетел мемлекеттеріндегі трансұлттық қылмыстылықпен күресу мәселелеріне назар аудару қажет.

Қорытынды

Қорыта келе, трансұлттық қылмыстылықты оқып, зерделей отырып білім алушылар төмендегілерді білуі тиіс:

‑ ұйымдасқан қылмыс түсініктерінің ара қатынасын жүргізу;

‑ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың түсінігі мен заңдық табиғатын қарастыру;

‑ трансұлттық қылмыс түсінігін зерттеу және белгілерін анықтау;

‑ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық құрылымдар қызметінің түрлерін зерделеу.

Материалдық пайдаға қол жеткізу мақсатының басымдылығын есепке ала отырып трансұлттық ұйымдасқан қылмыс деп трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық құрамның (ТҰҚҚ) күрделі жүйесін, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтар мен трансұлттық қылмыстық қауымдастықтың мақсаттарына жетудегі негізгі шарты және тұрақты ортасы

болып табылатын бір мемлекеттің аумағынан көп жерлерде криминалдық нарықтың ұйымдастырылуы және қызмет етуімен байланысты әрекеттері мен қатынастарын түсінеміз.

Трансұлттық қылмыстар – бір мемлекеттің аумағынан көп жерде жасалатын және салдары басқа мемлекетте туындалатын немесе қылмыстың орындалу кезеңдері біреуден көп мемлекеттерге бағытталса, немесе бір мемлекетте жасалынатын, бірақ біреуден көп мемлекетте өз қылмыстық әрекетін жүзеге асыратын ұйымдасқан қылмыстық құрамның қатысуымен болуы танылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.