Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы



10-тақырып. Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы және олардың белгілері.

2. Криминологияның міндеттері. Криминология курсының жүйесі.

3. Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Организованная преступность. Законодательные, уголовно-процессуальные, криминалистические аспекты. / Курс лекций. – СПб.: Питер, 2002г.

2. Беляев Н.А. Соучастие и организованная преступность.// Вестник ЛГУ. Серия 6. Право. 1991.Вып.3.

3. Борисов Н.Н. Сущность и виды организованной преступной деятельности.// Вопросы организованной преступности и борьбы с ней. М., 1993.

4. Вакутин Ю.А., Водолазский Б.Ф. Преступные группировки, их обычаи, традиции, «законың. Омск, 1979.

5. Галактионов Е.А. Уголовно-правовые средства борьбы с организованной преступностью: Автореф.дисс. кан. М., 1993г.

6. Гаухман Л.Д. Организованная преступность: понятие, виды, тенденции, проблемы уголовно-правовой борьбы. М.,1993.

7. Джекебаев У.С., Вайсберг Л.М., Судакова Р.Н. Соучастие в преступлении: (Криминологические и уголовно-правовые проблемы). Алма-Ата, 1981.

8. Ерохин А.А., Короткевич А.А., Нургалиев Б.М. Борьба с организованной преступностью. Криминологический и криминалистический аспекты. Караганда, 1993.

9. Мауленов Г.С. Криминологическая характеристика организованной преступности. Алматы, 1997.

10. Мауленов Г.С. Криминологические аспекты изучения психологии преступных групп // Борьба с преступностью в Казахстане. Алматы, 1998.

11. Нарикбаев М.С. Совершенствование правоприменительной деятельности судебных органов и предупреждение форм проявления организованной преступности // Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Алматы, 1996.

12. Нургалиев Б.М. Организованная преступная деятельность (уголовно-правовые, процессуальные и криминалистические аспекты). Караганда, 1997.

13. Нургалиев Б.М. Проблемы борьбы с организованной преступностью: Автореф.дис….д-ра юрид.наук. Алматы, 1998.

14. Онгарбаев Е.А. Соотношение норм об организованной преступности с отдельными институтами общей части уголовного права// Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Алматы, 1996.

15. Скаков А.Б. Проблемы совершенствования уголовно-исполнительного законодательства и вопросы борьбы с организованной преступностью// Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Алматы, 1996.

16. Туякбаев Ж.А. Актуальные проблемы борьбы с организованной преступностью и коррупцией// Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Алматы, 1996.

17. Уканов К.Ш. Актуальные проблемы борьбы с организованной преступностью и коррупцией// Борьба с организованной преступностью и коррупцией. Алматы, 1996.

Оқытушынын кіріспе сөзі. сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстық басқа тақырыптары мен басқа пәндермен байланысы. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуінде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау. Ұйымдасқан қылмыстылық арнайы криминологиылқ зерттеудің пәні ретінде жақында шықты. Ұйымдасқан қылмыстылықтың нақты масштабтары туралы сұраққа жауап беру әзірге қиын, себебі бұл проблеманы ғылыми және практикалық тұрғыда зерделеудің тек алғашқы қадамдары ғана жасалуда. Сонымен бірге, үлкен мүмкіндікпен ол, Қазақстанда да тамырын жайды деп болжауға болады. Дер кезінде оны жою бойынша тиісті шаралар қолданылмаса, ол қоғамның қалыпты дамуына қауіп төндіретін нақты күшке айналады.

Ұйымдасқан қылмыстылық криминологияда өзін реттелінгендік нысанда көрсететін қасиетті білдіретін қылмыстылық белгілерінің бірі секілді түсініледі. Ұйымдасқан қылмыстылық криминалдық реттелінгендіктің жоғарғы көрінісі. Бұл құбылыс өзінің күрделілігіне байланысты ғылыми, оқу әдебиеттерінде және нормативтік актілерде көпмағыналы түсіндіріледі.

Көптеген шет мемлекеттердің заңнамалары (ГФР, Ұлыбритания, Болгаария, Венгрия, Польша және т.б.) ұйымдасқан қылмыстылық туралы арнайы нормаларды құрамайды, қылмыс жасаған немесе банда, террористтік ұйым немесе ассоциация құрамында қатысқан адамдарға, пайдаланылуы, сол сияқты есірткі бизнесімен күресте қолданылуы мүмкін жекелеген ережелері бар.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 3-бабының 24- тармағына сәйкес

қылмыстық топ – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз әскерилендірілген құралым.

25) қылмыстық ұйым – қатысушылары ұйымдық, функционалдық және (немесе) аумақтық оқшауланған топтарға (құрылымдық бөлімшелерге) бөлінген ұйымдасқан топ;

Ұйымдасқан қылмыстылық дегеніміз бір немесе бірнеше қылмыстар жасау мақсатында біріккен адамдар тобының немесе топтардың бірлестігінің түрлі сипаттағы игіліктер мен құндылықтарға қол жеткізуге бағытталған жоспарлы жүйелі қызметтерінің жиынтығы.

Ұйымдасқан топтың міндетті белгілері — алдын ала сөз байласу және тұрақтылық.

Ұйымдасқан топтың тұрақтылығы оның мүшелері арасында тұрақты байланыстың болуы және бір немесе бірнеше қылмысқа дайындалу мен оны жасау әрекетінің айрықша әдістерінің болуы.

Ұйымдасқан топты құрған не оған басшылық еткен адам осы қылмысты ұйымдастырғаны не оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ осы қылмыс оның қаскүнемдік ниетімен жасалса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары қылмысқа қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Екінші сұрақты талқылау: Ұйымдасқан қылмыстарының объективтік жағын сипаттайтын белгілер.

Қылмыс құрамының төрт элементінің бірі оның объективтік жағы – қылмыстың сыртқы жағы бола тұрса да, ол тек субъективтік жағымен салыстырғанда ғана “сыртқы”, әйтпесе, ол “сонымен қоса, қорғалатын объектіге қылмыстық қол сұғу механизмі үшін ішкі сипаттама болып табылады".

Қылмыстың объективтік жағын В.Н. Кудрявцевше үш негізгі сатыға бөлуге болады: 1) қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік); 2) қоғамға қауіпті зардап; 3) қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыс.

Бірақ, бұл сатылардың бәрі бірдей қылмыс құрамының объективтік жағының негізгі белгілерін құрамайды. Себебі, заң шығарушы әрекетті қылмыстандыру мен қылмыстың алдын алу процестерін астастырып, қылмыстың объективтік жағын қиып, қылмыс құрамы деп заң үшін тек бастапқы кезеңін ғана қалдырады, яғни бастапқы сатыны жасаудың өзі-ақ ол қылмыстық әрекеттің заң үшін аяқталды деп есептелетіндігін аңғартады (егер зардап туындаса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай не жазаны жеке даралаудың факторы болуы мүмкін.

Қылмыстық зардаптың туу-тумауының заңда көрсетілу-көрсетілмеуіне қарап қылмыс құрамдары материалдық және формальдық болып бөліеді. Материалдық қылмыс құрамы қылмыстық әрекеттің аяқталуын зардаптың тууымен ұштастырса, формальдылығын – тек әрекеттің жасалуымен байланыстырады.

Оның себебі кейбір жағдайларда заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезін алдын ала қылмыстық әрекет кезеңдерінің бірі – қылмысқа дайындық сатысына аударады да олар келте қылмыс құрамы деп аталады.

Заң шығарушы ҚК қылмыстың объективтік жағының үш сатысын әр уақытта да көрсете бермейтіндіктен қылмыстық құқық теориясы оның негізгі, тұрақты белгісі деп тек қоғамға қауіпті әрекетті танитыны қалыптасқан үрдіс. Қалған екеуі қылмыстық заңда жиі ұшырасса да олар қосымша белгіні құрайды.

Қылмыс кеңістік пен уақытқа із қалдыра алатын құбылыс болғандықтан да ешқандай қылмыс белгілі бір уақытсыз, орынсыз жағдайдан тыс, белгілі әдіссіз орын алмайды. Кейде айыпты өз “жұмысын” жеңілдету жолында белгілі бір құралдар мен қаруларды пайдалануы мүмкін. Сондықтан да, егер де қылмыстық заңда көрсетілсе, нақ сол қылмыс құрамының міндетті белгісіне айнала алатын олар да қылмыс құрамының объективтік жағының қосалқы (факультативтік) белгілерін құрайды. Қылмыс құрамының объективтік жағының факультативті белгілерінің саны алтау: 1) қылмыс жасау уақыты – ҚК нақты бабында белгілі бір уақиғалармен байланыстырылып аталып өткен сол кезде қылмыс жасалуы мүмкін уақыт аралығы (мәселен, соғыс уақыты, сайлау немесе референдум уақыты, т.б.); 2) қылмыс жасау орны – нақ сол қылмыс құрамына сәйкес келетін әрекет жасалуға тиісті аумақ (мысалға, қорық аумағы, тұқым шашу аумағы, т.б.); 3) қылмыстың жасалу жағдайы – қылмыс жасалған уақыттағы объективтік өмірдің нақты жәй-күйі, жағдайы; 4) қылмыс жасау тәсілі – қылмыскердің қылмысты жасау үшін таңдап алған амалдары мен жолдары; 5), 6) олардың көмегімен қылмыстық әрекет жүзеге асатын объективтік өмірдің материалдық заттары қылмыс құралы мен қаруы болып танылады.

Ұйымдасқан қылмыстарының субъективтік жағын сипаттайтын белгілер. Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілерді толық және жан-жақты анықтау қылмысты дұрыс саралаудың, әрекеттің және сол қылмысты жасаған адамның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтаудың, жауаптылықты жеке даралаудың қажетті шарты болып табылады. Оларға – кінә, себеп және мақсат жатады. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі болса, ал себеп пен мақсат факультативтік белгілер. Соңғы екеуі қылмыстық заңның нормасында тікелей көрсетілсе не баптың диспозициясының мазмұнына кіретін болса міндетті белгілер болады.

Пайдақорлық қылмыстарының барлығы да қасақана ниетпен жасалады, өйткені оларды абайсызда жасау мүмкін емес.

Кінә - қылмыс құрамының белгісі. Ол кез келген қоғамға қауіпті әрекеттің маңызды құрама бөлігі болып табылады. Кінә болмаса қылмыстық жауапкершілік те болмайды, кінәнің интеллектуалдық және еріктілік белгілерінің қандай да бір арақатынасы оны қасақана (тікелей және жанама) және (менмендік және немқұрайдылық) деп бөлуге жетелейді.

Кінәнің шын мазмұнын, нақты формасын және дәрежесін анықтамай адамды ерекше қауіпті қылмысты қайталаушы деп тану туралы, шартты соттау, шартты-мерзімінен бұрын босатуды, рақымшылықты қолдану туралы мәселелерді дұрыс шешу мүмкін емес.

Қазіргі кезеңде нарықтық даму кезеңде мүліктік қарым-қатынастар арта түсуде. Мүліктік қарым қатынастардың артуы адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың туындауына әкеп соқтырады.

Атақты криминолог И.И. Карпецтің айтуынша 1992 жылы экономикалық қайта құрылу кезеңі хауостың және тұрақсыздықтың кезеңі деп атай отырып, анархиялық халықтық шаруашылықты жүргізудегі астарлы кезең деп атайды.

Ұйымдасқан қылмыстылықтың пайда болуына әсерін тигізетін жалпы мән-жайлар мыналар болып танылады:

1) өтпелі кезеңдегі тұрақсыздық пен өрескел тосқауылдар, экономикалық және әлеуметтік негізделген реформалар;

2) негізделмеген, өз уақытылы жүзеге асырылмаған жариялы-халықтық экономикалық қарым-қатынастардағы пайда болған кемшіліктер, мемлекеттік бақылаудағы жүйелі түрдегі кемшіліктер;

3) ұйымдастырушылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық шаруашылық-экономикалық субьектілердің жаңа экономикалық кезеңдерге дұрыс дағдылана алмау немесе оларды жетік меңгермеуі;

4) кейбір тұрғылықты аудандардағы құнды ориентациялардың деформациялануы.

Қоғамдық саяси және экономикалық жүйенің қалыптасуы барысындағы үрдістер қылмыстардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Қазіргі кезеңдегі экономикалық қылмыстылықтың туындауына себептердің бірі болып инфляция немесе ақшаның құнсыздауы да танылады.

Ұйымдасқан қылмыстылықтың жасалуына ықпал ететін криминогенді детерминанттар:

1. Қоғам өмірін ұйымдастырудың мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық негіздерінің кемшіліктері.

2. Криминалды көріністерді ескерту шараларының тиімсіздігі: олардың көмегімен мемлекет одан құтылуға оқталатын қылмыстылықтың терең бойлаған факторлары мен жалпылама шаралар арасындағы сәйкессіздік.

3. Криминалдық өзіндік даму (қылмыстылықтың өзіндік ұйымдастырылу қабілеті және антикриминогендік шараларды қатайтуға қарсы өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен қылмыстық әрекеттің тиімділігін нығайту.

4. Қоғамның саяси жүйесінің кемшіліктері:

а) саяси құрылыстың дефектілерімен, саяси, идеологиялық және әлеуметтік кризистермен, сыбайлас-жемқорланумен, саяси көшбасшылардың әлсіздігімен, олардың күрделі жағдайларда тиімді іс-қимылға қабілетсіздігімен шартталған мемлекеттік билік органдарының енжарлығы;

б) қоғамдық құрылыстың демократиялық институттарының тиімді қызмет етуінің қамтамасыз етілмегендігі (материалдық, мәдени, ұйымдастырушылық).

Үшінші сұрақты талқылау. Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу.

Ұйымдасқан қылмыстылықты ескерту мен жоюдың негізгі шаралары болып:

- барлық құқыққорғау органдарының бірлескен қызметінің нысандары мен әдістерін өңдеу, яғни олардың күштерін белгілі бір уақытқа егжей-тегжейлі өңделген бағдарламасымен ведомствоаралық үйлестіруші органның негізінде біріктіру;

- ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтармен күреске адамдарды арнайы кәсіби даярлау;

- ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес бойынша арнайы бөлімшелерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- елде нарықтық қатынастардың дамуы жағдайларында көлеңкелі экономика іскерлері мен ұйымдасқан қылмыстылықтың жетекшілерінде концентрацияланған заңсыз табыстарға мықты тегеурін қоятын, сыбайлас-жемқорланған «халық қызметшілеріне де соққы беретін азаматтардың табыстарын бақылаудың нақты механизмін құру.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтың пайда болуымен байланысты болған қылмыстардың болуына тиімді жағдай туғызатын мән-жайларды анықтап оларға қатысты тиімді шараларды қолдануының мәселелері шешілуі тиіс.

Қалалы аймақтардығы патрульдік бекеттік қызметтер немесе учаскелік инспектордың қызметтерін ұйымдастырудағы олқылықтар.

Экономикалық қызмет саласындағы пайда болған және олармен байланысты қылмыстарды жасаудағы көбінесе қызмет бабын пайдаланып немесе банк қызметі саласындағы қызметкерлердің жасауымен сипатталады.

Осындай қылмыстарды жасағандығы үшін сотталған адамдармен тәрбиелік жұмыстардың жасалуы.

Жалпы және арнайы ескертулерді жүзеге асыру. Оларды шешу мәселелері.

Қарастырып отырған тақырыбымызды қорыта келе ұйымдасқан қылмыстылық дегеніміз бір немесе бірнеше қылмыстар жасау мақсатында біріккен адамдар тобының немесе топтардың бірлестігінің түрлі сипаттағы игіліктер мен құндылықтарға қол жеткізуге бағытталған жоспарлы жүйелі қызметтерінің жиынтығы.

Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу бойынша жалпыәлеуметтік, жеке-дара және арнайы шараларды жүзеге асыру тиіс. Соның ішінде, ұйымдастырушылық шаралары бірінші кезекке қойылуы тиіс.

Қорытынды.

Қылмыстық құқық теориясы жалпы, тектік, тікелей объектілерді бөліп қарастырады. Оларды бұзғаны үшін қылмыстық заңда жауапкершілік қарастырған қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы жалпы объект болып табылады. Теткік объектілерге көптеген қылмыстар бағытталған біртекті қоғамдық қатынастар жатады. Қылмыстың тікелей объектісі-қылмыстық заңмен қорғалатын нақты қоғамдық қатынастар, оларға бір немесе бірнеше қылмыс қарсы бағытталған. Біртекті қатынастар тобының ерекшелігін көрсету үшін объект нақтыланған болу керек. Соған байланысты қылмыстық заңмен қорғалатын біртекті, өзара байланыстағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі тектік объектіге айналады. Тікелей объектіні бөліп шығару да қажет және ол пайда келтіреді.

Қылмыстық-құқықтық қорғау объектілерін көрсетілген “тігінен” жіктеуінен басқа қылмыстық құқық ғылымында “көлденеңінен” жіктеу де бар, оның мәні объектілерді негізгі, қосымша және факультативтік деп бөлу.

Объектілерді негізгі, қосымша және факультативтікке бөлу уақыт сынынан өткен. Негізгі объектіге, бәрінен бұрын, заң шығарушы құқықтық норма арқылы қорғауға ұмтылған қоғамдық қатынастар жатады. Қылмыс жасалған жағдайда міндетті түрде бұзылатын немесе бұзылу қаупі туындайтын қоғамдық қатынас негізгі объект болып табылады.

Ұйымдасқан қылмыстарының объективтік жағын сипаттайтын белгілер.

Қылмыс құрамының төрт элементінің бірі оның объективтік жағы – қылмыстың сыртқы жағы бола тұрса да, ол тек субъективтік жағымен салыстырғанда ғана “сыртқы”, әйтпесе, ол “сонымен қоса, қорғалатын объектіге қылмыстық қол сұғу механизмі үшін ішкі сипаттама болып табылады".

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.