Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Әйелдер қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.



13-тақырып. Әйелдер қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Әйел адамдардың қылмыстылығының жай-күйі, дамуы және жүйесі, динамикасы.

2. Әйел адамдардың қылмыстылығының себептері.

3. Әйел адамдардың қылмыстылығының жеке басының криминологиялық сипаттамасы.

4. Әйел адамдардың қылмыстылығының алдын алу.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Антонян Ю.М. Преступность среди женщин. М., 1992.

2. Берекашвили Л.Ш., Кириллова И.А. Криминологическая характеристика женщин, совершивших преступления. М.: ВНИИ МВД, 1976.

3. Габиани А.А., Меликишвили Л.А. Социальное лицо женщин преступниц и проституток. Тбилиси, 1993.

4. Женская преступность. Энциклопедия приключений и катастроф. Минск, 1996.

5. Зырянов В.Н. Групповая преступность женщин и ее предупреждение органами внутренних дел. Горький, 1988.

6. Кириллова И.А., Лысягин О.Б. Характеристика женщин, отбывающих наказание в ИТК. М., 1981.

7. Корзун И.В. Преступность среди женщин в Казахстане. Алматы, 1998.

8. Корзун И.В. Формирование, эволюция и особенности методологического подхода к изучению женской преступности // Проблемы науки в Казахстане. Алматы, 1998.

9. Пахомов В.Д., Корзун И.В. Особенности профилактики женской преступности органами внутренних дел. Современная преступность: новые исследования. М., 1993.

10. Свило С.М. Предупреждение преступлений среди женщин. – Мн.: Амалфея, 2002г.

11. Серебрякова В.А. Преступления, совершаемые женщинами. М., 1973.

12. Серебрякова В.А., Зырянов В.Н. Корыстные преступления, совершаемые женщинами. М., 1990.

13. Хохряков Г.Ф. Парадоксы тюрьмы. М., 1992.

Оқытушының кіріспе сөзі. Сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстың басқа тақырыптарымен және басқа пәндермен байланысын ашу. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптың қылмыстылықпен күресуде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау. Әйелдер қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы басқа қылмыстылық түрлерімен салыстырғанда өз алдына ерекше болып келеді. Әйелдер қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасының ерекшеліктері әйелдердің қызметінің, олардың өмір сүру кейпінің, әлеуметтік позициялаары мен онымен қоғамдағы атқаратын рөлдерінің айырықшалығымен елеулі мөлшерде анықталады. Бұл қылмыстылық бүтіндей қылмыстылықтың және оның өзгерістерінің жалпы заңдылықтарын айқындайды. Әйелдер қылмыстылығы жалпы қылмыстылықтың жүйе асты ретінде шығады және онымен органикалық байланыста.

Әйелдер қылмыстылығының құрылымында бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық секілді «жалпықылмыстық» қылмыстардың да проценті дәстүрлі жоғары.

Адам өлтіру, ауырлықтың түрлі дәрежесіндегі денсаулыққа зиян келтіруді әйелдер көбіне бірінші жоспарға жиі жәбірленушілердің виктимді, азғырушы мінез-құлқы шығатын, олардың келбетінде әдетте кінәлілердің күйеулері мен көңілдестері болатын отбасылық-тұрмыстық теке-тірестер себебінен жасайды. Әйелдер тарапынан жасалынатын кісі өлтіру қылмысына ерекше көңіл бөліну керек. П.Н. Тарновская өзінің зерттеулеріне сәйкес барлық кісі өлтіруші әйелдерді екі топқа бөлген:

бірінші топқа кенеттен сезімінің оянуынан немесе қызба мінезінен кісі өлтіретін әйелдер жатқызылған, яғни, оларға жыныстық сана сезім мен ана махаббаты салдарынан, пайдакүнемдік пен қызғаншақтықтан, кек алушылық пен жек көрушіліктен қылмыс жасайтын әйелдерді жатқызамыз.

екінші топқа айналасындағыны ұғыну қабілетінің жетілмегендігінен кісі өлтіретіндер, яғни, көңіл қанағатының жеткіліксіздігіне, жыныстық жағынан болатын ауытқуларға байланысты, сонымен қатар, жүйке жүйесі ауыратын әйелдер жатқызылған.

Әйелдер арасында сериялық маниакалды-нәпсіқұмарлық зорлық зомбылық мінез-құлық көрінулері өте сирек екендігін атап кету керек.

Зорлық-зомбылық сипаттағы әйелдер үшін тән қылмыс болып анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі қала береді, кейде оны «балаөлтірушілік» деп атайды.

Әйелдер қылмыстылығының жалпы құрылымын, сол сияқты бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын талдау ауыр зорлық-зомбылық және пайдақорлық-зорлық зомбылық қылмыстарын жасаған қылмыскер әйелдердің үлес салмағының өсуінің тұрақты тенденциясын көруге мүмкіндік береді, сол сияқты есірткінің заңсыз айналымы саласына тартылған әйелдер санының өсуіне тенденция өзіне назар аудартады. 

Әйелдер қылмыстылығы бүгінгі таңда аса маңызды рол атқарады. Және олар көп жылдар бойы өмір сүріп келеді. Әйелдер қылмыстылығы басқа қылмыстармен бірге өздігінше ерекшеліктерге ие болып танылады. Әйелдер қылмыстылығының өсімі де бәсеңдеген емес. Статистикалық мәліметтерге қарағанда соңғы бес жыл аралығында әрбір қылмыстардың өзіндік жасалуы сипатына қарай ерекшеліктерге ие екендігімен көрінеді. Соңғы жылдардың ішінде әйелдер қылмыстылығы бойынша пайдақорлық сипаттағы қылмыстардың саны өсімі артып отырғандығымен көрінеді. Меншікке қарсы қылмыстардың арасында жиі жасалынатын қылмыстардың бірі болып ұрлық танылады. Меншікке қарсы қылмыстардың арасында өз орнын алатын әйелдермен жасалған қылмыстардың бірі алаяқтық болып танылады.

Арнайы зерттеулердің нәтижесіне қарағанда әйелдер қылмыстылығының арасындағы бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау, яғни ер адамдармен жасалынатын тәсілдерді меңгеріп жүзеге асыруының өзі бірқатар сипаттылыққа ие.

Көп уақыт аралығында әйелдермен жасалынатын қылмыстардың бірі болып бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету болып танылған. Бүгінгі таңда мұндай қылмыстылықтың деңгейі үшінші сатыға түскендігімен көрінеді. Керісінше тонау мен қарақшылықтар сияқты қылмыстарға қатысуы да өз алдына әйелдер қылмыстылығының белгілерін де құрайды.

Әйелдер қылмыстылығы экономикалық қызмет саласында ерлермен жасалған қылмыстылықпен салыстырғанда өзіндік сипаттарға ие болып танылады. Соның ішінде әйелдер жағынан жасалған қылмыстардың арасында тұтынушыларды алдау, банкілік қызмет саласындағы қылмыстар, рыноктағы, бағалы қағаздармен жұмыс істеу ережелерін бұзу сияқты қылмыстарды жасауы сиқты қылмыстар орын алатындығымен көрінеді.

Әйелдер қылмыстылығының жалпы сипаттамасына криминологиялық тұрғыда талдау жасау келе біздер мынадай қорытындыларға келе аламыз: Әйелдер қылмыстылығы өзінің жасалу сипатына қарай жеке тұрғыда өзіндік сипатына ие екендігімен көрінеді. Әйелдер қылмыстылығының жағдайы қазіргі елімізде әлі де болса қарқынын жоя қойған жоқ. Әйелдер қылмыстылығының динамикасы бәсеңдей қойған жоқ. Керісінше өзінің қауіптілігімен сипатталынады.

Екінші сұрақты талқылау. Әйелдер қылмыстылығының жасалу себептері мен жағдайлары жасалуы жағынан өзіндік сипаттарға ие. Әйелдер қылмыстылығының жасалу себептерін зерттеу және анықтау криминология ғылымында маңызды сұрақтардың бірі болып танылады. Көптеген зерттеулерге қарағанда әйелдер қылмыстылығы егде жастан басталады. Ең төменгі жас аралығы 14-16 жас.

Әйелдердің қылмыстылығын бағдарлай отырып олармен жасалынатын қылмыстардың сипатына қарай бірқатар тұжырымдарға келуімізге болатын сияқты.

Біздерге танымал болған әйелдер қылмыстарының арасында тұрмыстық-қарым қатынас арасындағы кикілжің мәселелерге байланысты пайда болған қылмыстардың жасалуы танылады:

-   жанұядағы ұрыс керістен пайда болған;

-   интимдік қобалжу;

-   жанұяның арасында пайда болған сәтсіздік;

-   қызғануышылық, жек көру, махаббаттың дөрекі салдары т.б.

Сонымен қатар әйелдер арасында осындай қылмыстарды жасауы сыртқы мән-жайлармен жағдайлардың әсерінен пайда болуы әсерін тигізеді.

Әйелдер қылмыстылығының жасалу себептері бойынша мынадай мәселелерге назар аударуымыз қажет. Әйелдер қылмыстылығының жасалу себептерін топтау, олармен жасалынатын қылмыстардың басым түрлеріне назар аударып, оларды итермелейтін мән-жайларға сипаттама беру. Әйелдер қылмыстылығы жүйесінің себебі мен шарттарын заңдылықты бұзады.

Әйелдер қылмысының себептері оның өсуіне әкеліп соғуда. Антонян Ю.М. өзінің «Әйелдер арасындағы қылмыс» кітабында келесі құбылыстар мен процестерді бөліп көрсетеді.

1) Әйелдердің қоғамдық өндіріске белсенді араласуы;

2) Әлеуметтік институттардың әлсіреуі, соның ішінде отбасының;

3) Қоғамдық шиеленістің өсуі, ондағы қатығыспен пен қастандықтың пайда болуы.

4) Антиқоғамдық құбылыстардың өсуі, есірткі, маскүнемдік, жезөкшелік, қаңғырушылық, қайыр сұраушылық.

Әйелдер қылмыстылығы мынадай фактормен жүзеге асырылуы мүмкін:

- себептері мен шарттары, қылмыстылыққа жалпы маңыздылығы.

- қылмыстылыққа әсер ететін мән-жайлар.

Әйелдер қылмыстылығының арнайы ерекше себептері мыналар:

Өзінің мазмұнымен субъективті, объективті себептер. Қоғамға қарсы әйелдер қылмыстылығының екі шартпен ықпал етеді – субъективті – объективті. Құқық қорғау органдарының қызметінен кеткен қателіктер. Әйелдер қылмыстылықтарының жасалуына әсерін тигізуі. Әйелдер қылмыстылықтарының себебі мен шарттары анықтауда бірқатар криминологиялық зерттеулермен бағдарлаудың әдістерін қолданамыз.

Зомбылық сипатындағы түрткілік белгілері былайша сипатталынады:

- инструменталдық агрессия (белгілі бір жетістіктерге жетуі үшін, қажеттілік себептермен қанағаттандырылуы сияқты қажеттілікті жүзеге асыру);

- жауластық агрессия жауластық үшін жауластық салдары (саддизм, аса қатыгездікпен қылмыс жасау, басқа бір адамға зорлық-зомбылық көрсете отырып ол әрекеттерінен қанағат алу т.б..

-   қорғанушылық агрессиясы мұндай бағыттағы әрекеттер өш алу, кек қайтару т.б.

Сонымен, әйелдер қылмыстылығының бүгінгі таңдағы негізгі себептері мынадай:

-   әйелдердің қоғамдағы рөлінің артуымен байланысты кейбір теріс пиғылды әйелдердің әрекеті;

-   2 әлеуметтік негізгі институттардың, әсіресе отбасының әлсіреуі;

-   3 қоғамдағы тұрақсыздық, адамдар арасындағы жанжалдардың көбеюі, агрессияның, қастандық сияқты құбылыстардың белең алуы;

-   4 есірткіге құмарлық, алкоголизм, жезөкшелік, қаңғыбастық және т.б. қоғамға қайшы әрекеттердің етек жаюы.

Үшінші сұрақты талқылау. Әйелдер қылмыстылығының мотивациясын зерттей отырып біздер зорлық зомбылық сипатқа ие екендігімен көрінетіндігін байқаймыз. Әйелдер жоғары эмоционалды және қоршаған ортаға байланысты терең жұқалықпен қарайды, яғни теріс құбылыстарға аса назар аударады. Жаны мен тәніні ауруына тез шалдығуымен бірге, одан арылудың ұзақ уақыт қажет екендігімен байқалған. Әйел адамдар ер адамдар сияқты өз құрбандарын таңдамайды. Әйелдерде адам өлтіру қылмыстарын жасау кезінде қылмыс құралы ретінде тұрмыс –тіршілікте пайдаланатын (асханалық және жинамалы пышақ, балға, балта, т. б.) заттарды қолданады. Қылмыс жасауға себеп болатын жағдайларға әйел адамдар мен оның құрбанының арасындағы жеке бас араздығы, бұзақылық, кек алу, көре алмаушылық, қызғаншақтық, пайдақорлық ниеттер қылмысқа итермелеуге себеп болып келеді.

Жүйелік дифференциация әр түрлі себептер мен мән-жайларға әкеп соқтырады. Әйел тұлғасын зерделеу екі жақты жетелеуші типтік белгілерді көрсетеді:

-   әлеуметке қарсы типтер;

-   асоциалдық типтер;

-   кездейсоқ типтер;

-   ситуациялық типтер;

-   пайдақорлық типтер;

-   зорлық-зомбылық типтер.

Әйелдер қылмыстылығының жасалу себептері мен жағдайларын зерттеу және осындай қылмыстардың алдын алу немесе болдырмауға қажетті тиімді шараларын қолдану криминология саласындағы зерттеулердің жетістігі болып танылады. Әйелдер қылмыстылығының детерминациялық белгілерін зерттеу мен талдаулар жүргізу. Әйелдер қылмыстылығының жасалу себептерінің өзіндік қырлары.

Төртінші сұрақты талқылау. Жалпы қылмыстылықтардың алдын алуда сонымен қатар әйелдермен жасалынған қылмыстардың алдын алу немесе оны болдырмау шараларын жүзеге асыру өз алдына ерекше рөл атқарады.

Сондықтан да мемлекеттік саясатпен қатар қылмыстылықпен күресуде жекелеген өз алдына қойған, яғни әйелдер қылмыстылығымен күресуге қатысты бағыттарды қамтиды. Аталған сұрақты талдауда әйелдер қылмыстылықтарының себептері мен шарттарының жіктелуін оны ескертудің арнайы шарасымен бөлуге болатынын және алдын-алу субъектілерін талдаймыз. Әрбір жанұядағы мүшелердің туыстарының атқаратын ролі. Әйелдер қылмыстылықтарымен күресу олардың алдын-алу шарасын ұйымдастыру. Арнайы ескерту, жалпы ескерту. ІІО қызметкерлерімен осы қылмыстар түрлерін болдырмаудағы атқаратын рөлі.

Сонымен қатар мынадай әйелдердің қоғамдық қатынастарын арттырудағы шаралар қолданылады.

-әйелдердің мемлекеттік ұйымдармен қоғамдық бірлестіктерге қатысуына мүмкіндік туғызатын жағдайларды жасау;

- әйелдердің бәсекелестік әрекеттілігін арттыруға мүмкіндіктер мен жеңілдіктер жасау, Әйелдер білімдерін арттыру мен жетілдіру шараларын арттыру курстарын өткізу:

- әйелдердің еңбегін, мүдделері мен құқығын өмірін, денсаулығын қорғау құқықтарын арттыруды қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру.

Әкімшілік түзеу мемкемелерінде әйелдердің жеке басын түзеу мен көзқарастарын реттеуде мынадай шаралар жүзеге асырылады:

-   әйелдерді колониядан, яғни түзеу колониялар мен мекемелерден тыс орындарда өздерін алып жүруі, дұрыс ортаға дер кезінде қосыла білу;

-   босатылған адамдарды еңбекке, қызыметтерге тарту;

-   ІІО қызметкерлерінің қылмысты алдын алу шараларын жетілдіру, медициналық мекемелердің қызметін арттыру т.б.

Жалпы қылмыстардың алдын алу соның ішінде әйелдер қылмыстылығын болдырмауда әйелдерге психологиялық көмек көрсету маңызды орын алады. Яғни жоғары тиянақты тұрғыда кәсіпқой психологиялық көмек көрсету, психология-педагогикалық көмек көрсету ерекше ықпалын тигізеді.

Қазіргі кезеңде әйелдер колониясында психологиялық көмек көрсету мақсатында психологтар жұмыс жүргізе бастады. Олардың арнайы кабинеттері болуына жағдай жасалуда. Себебі көбінесе қылмыс жасаған адамдар арасында психологиялық ауытқушылықтарға ие болған немесе есі дұрыс емесе түрде қылмыс жасаған әйелдер саны да аз емес.

Сонымен қатар қазіргі кезеңде әйелдерді дер кезінде жұмысқа орналастыру, әлеуметтік көмек көрсетулер өз алдына маңызды болып танылады. Қазіргі кезеңде ашылып отырған еңбек биржалары қызметін жетілдіру маңызды болып танылады.

Қорытынды. Әйелдер қылмыстылығының жалпы құрылымын, сол сияқты бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын талдау ауыр зорлық зомбылық және пайдақорлық-зорлық зомбылық қылмыстарын жасаған қылмыскер әйелдердің үлес салмағының өсуінің тұрақты тенденциясын көруге мүмкіндік береді, сол сияқты есірткінің заңсыз айналымы саласына тартылған әйелдер санының өсуіне тенденция өзіне назар аудартады. 

Әйелдер қылмыстылығы бүгінгі таңда аса маңызды рол атқарады. Және олар көп жылдар бойы өміп сүріп келеді. Әйелдер қылиыстылығы басқа қылмыстармен бірге өздігінше ерекшеліктерге ие болып танылады. Әйелдер қылмыстылығының өсімі де бәсеңдеген емес. Статистикалық мәліметтерге қарағанда соңғы бес жыл аралығында мысалы:2012-2017 жылдары әрбір қылмыстардың өзіндік жасалуы сипатына қарай ерекшеліктерге ие екендігімен көрінеді. Соңғы жылдардың ішінде әйелдер қылмыстылығы бойынша пайдақорлық сипаттағы қылмыстардың саны өсімі артып отырғандығымен көрінеді. Меншікке қарсы қылмыстардың арасында жиі жасалынатын қылмыстардың бірі болып ұрлық танылады. Меншікке қарсы қылмыстардың арасында өз орнын алатын әйелдермен жасалған қылмыстардың бірі алаяқтық болып танылады.

Арнайы зерттеулердің нәтижесіне қарағанда әйелдер қылмыстылығының арасындағы бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау, яғни ер адамдармен жасалынатын тәсілдерді меңгеріп жүзеге асыруының өзі бірқатар сипаттылыққа ие.

Көп уақыт аралығында әйелдермен жасалынатын қылмыстардың бірі болып бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету болып танылған. Бүгінгі таңда мұндай қылмыстылықтың деңгейі үшінші сатыға түскендігімен көрінеді. Керісінше тонау мен қарақшылықтар сияқты қылмыстарға қатысуы да өз алдына әйелдер қылмыстылығының белгілерін де құрайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.