Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.



15-тақырып. Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы,қылмыстардың жағдайы, динамикасы.

2. Бас бостандығынан айыру орындарындағы жасалатын қылмыстардың себептері мен жағдайлары.

3. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасны өтеп жатқан жеке тұлғаның криминологиялық сипаттамасы.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Алферов Ю.А. и др. Распознавание наркотизма осужденных. Медотические рекомендации. М.: ВНИИ МВД СССР, 1990, 51 с.

2. Андреев В.И. Предупреждение правонарушений в СИЗО. М., МВШМ МВД СССР, 1990.

3. Антонян Ю.М. и др. Психические особенности осужденных за кражи личного имущества и индивидуальная работа с ними. Учебное пособие. М.: ВНИИ МВД СССР, 1989, 72 с.

4. Балтабаев К.Ж. Исполнение наказаний: законодательство Республики Казахстан и международные нормы. Алматы, 1999, 272 с.

5. Балтагожин А.М. Проблемы совершенствования правового регулирования исполнения наказания в исправительных колониях-поселениях: Автореф.дис….канд.юрид.наук. Алматы, 2001, 27 с.

6. Валиев Х.Х. Проблемы совершенствования правового регулирования исполнения наказания в виде лишения свободы в отношении осужденных, больных туберкулезом: Автореф.дис….канд.юрид.наук. Алматы, 1998, 25 с.

7. Глоточкин А.Д., Пирожков В.Ф. Эмоции и чувства человека лишенного свободы. М.: ВШ МВД СССР, 1970, 46 с.

8. Горобцов В.И. Проблемы реализации мер постпенитенциарного воздействия. Орел, 1995.

9. Жорабеков С. Проблемы социальной адаптации осужденных, отбывших длительные сроки лишения свободы: Автореф.дис….канд.юрид.наук. Алматы, 1998, 24 с.

10. Каретников И.В. Предупреждение преступности в исправительно-трудовой колонии. Учебное пособие. М.: ВНИИ МВД СССР, 1987, 89 с.

11. Комарицкий С.И. Рецидивная преступность осужденных к наказаниям, не связанным с лишением свободы. М., 1990.

12. Костюк М.Ф. Уголовно-правовые и криминологические проблемы борьбы с преступностью в исправительных учреждениях. М.: Академия управления МВД России, 2000, 194 с.

13. Криминология. Исправительно-трудовое право. История юридической науки. М., 1977.

14. Михлин А.С. Характеристика осужденных к лишению свободы. М., 1978.

15. Михлин А.С. Общая характеристика осужденных (по материалам специальной переписи 1989 г.). М., 1991.

16. Рыбаков В.А. и др. Формирование правомерного поведения лиц, осужденных к лишению свободы (вопросы теории и практики). Уфа, 1991, 101 с.

17. Скаков А.Б. Назначение вида режима исправительных колоний. Алматы, 1997, 120 с.

18. Уголовно-исполнительное право Республики Казахстан (Сборник нормативно-правовых актов) / Составитель Диденко П.П. Алматы, Данекер, 2001, 274 с.

19. Чукмаитов Д.С. Влияние первого преступления на последующую противоправную деятельность рецидивистов: Учебное пособие. М., 1994, 88 с.

20. Хохряков Г.Ф. Парадоксы тюрьмы. М., 1991

Оқытушынын кіріспе сөзі. сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстың басқа тақырыптарымен және басқа пәндермен байланысы. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау. Бас бостандығынан айыру орындары — сот үкімімен бас бостандығынан айырылған адамдар жазасын өтейтін мемлекеттік мекемелер. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру сотталған адамды колония-қонысқа жiберу немесе жалпы, қатаң, ерекше режимдегi түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу арқылы оны қоғамнан оқшаулауды білдіреді. Бас бостандығынан айыру орындары түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары және түрмелер болып табылады. Түзеу колониялары жалпы, қатаң және айрықша режимдегі колониялар және колония-қоныстар болып бөлінеді. Колония қоныстарда 7 жылдан аспайтын мерзімге сотталған қылмыскерлер, сондай-ақ, заңда белгіленген тәртіп бойынша жалпы және қатаң режимдегі түзеу колонияларынан ауыстырылғандар жазасын өтейді. Жалпы режимдегі түзеу колонияларында — қасақана жасаған кішігірім не орташа ауыр және ауыр қылмыстары үшін алғаш рет сотталғандар, сондай-ақ, абайсызда жасаған қылмысы үшін 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылғандар; қатаң режимдегі түзеу колонияларында аса ауыр қылмыс істегені үшін алғаш рет сотталғандар, сондай-ақ, қайталап қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған еркектер мен әйелдер жазаларын өтейді. Ал айырықша режимдегі түзеу колонияларына аса қауіпті қылмыстарды қайталаған ер адамдар, өмір бойы бас бостандығынан айыру, өлім жазасына кесу үкімі шығарылғандар жіберіледі. Түрмелерде ерекше ауыр қылмыс істеген немесе аса қауіпті қылмысын қайталағаны үшін сотталғандар сондай-ақ, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзғаны үшін түзеу колонияларынан ауыстырылғандар жазасын өтейді. Тәрбиелеу колониялары кәмелетке толмай істі болғандар жазасын өтейтін орын болып саналады. Бас бостандықтан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде және Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген.

Пенитенциарлық қылмыстылық – бұл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің пенитенциарлық мекемелерінде жасалатын қылмыстардың жиынтығы.

Пенитенциарлық мекемелердегі қылмыстылық қылмыстық жазаны атқару кезіндегі айырықша қарама-қайшылықтар және әлеуметтік-психологиялық құбылыстар және үрдістермен органикалық байланыста бола отырып, жеткілікті күрделі табиғатты анықтайды. Нақты қылмыстық көріністер жекелеген жәбірленушілерге зиян келтіріп және колониялардың жұмысын жиі бұзып қана қоймайды, сонымен бірге, пенитенциарлық мекемелерде толық қатыгездік пен зорлық зомбылықты қалыптастыра отырып көптеген сотталғандардың мүдделері мен қауіпсіздігіне де тиетіні мұнда айқын.

Пенитенциарлық мекемелердегі қылмыстылықтың барынша өзінше бір тамыры бар екендігін зерттеулер көрсетеді. Олар, әдетте жазаның қарама-қайшылықтарымен, ұдайы режимдік ықпал етумен және оқшаулаумен объективті туындайтын сотталғандардың криминалды субмәдениетінің («басқа өмірінің») жүйесіне тікелей тарамдалған.

Жазаларды атқару бойынша колонияларда тұлғаға зорлық зомбылықпен байланысты қылмыстар бәрінен астам.

Азаматтардың заң алдындағы теңдігі, жаза өтеп жатқан уақытта қылмыс жасаған адамдар қандай да бір жоққа шығарусыз қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапқа тартудың ортақ қағидалары оларға қолданылатынын болжайды.

Жазаны атқару бойынша колонияның айырықша жағдайлары, әлеуметтік орта мен әлеуметтік-психологиялық климаттың ерекшеліктері, сотталғандардың жекелеген санаттарының жоғарылатылған криминогендігі бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар арасында қасақана қылмыстардың белгілі бір ерекшеліктерін де шарттандырады.

Түзеу мекемесінде болудың алғашқы кезеңі сотталғандар үшін мейілінше ауыр болып табылады, себебі отбасымен, туыстармен қатынастың үзілуі, бостандықты жоғалту мен қоғамнан оқшаулануы, режимдік талаптар, жасаған әрекет үшін кінәсін сезінуі, соттың әділетсіз шығарылған деген үкімі, өмірлік келешекті жоғалтуы секілді мән-жайлардың кең шеңберімен шартталған терең және кейде жегідей жейтін күйзелістерді бастан өткереді. Сондықтан, сотталғандар жазасын өтеудің алғашқы кезеңінде пенитенциарлық мекеме персоналы тарапынан мейілінше көз алмастай назардың объектісі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің құрамында 79 мекеме қызмет атқарады, соның ішінде: онда 50 мыңнан астам сотталғандар жазасын өтейтін жалпы режимдегі – 21, қатаң режимдегі – 18, ерекше режимдегі – 3 колониялар, 8 – ауруханалар, 24 – колония-қоныстар, 4 – тәрбиелеу колониялары, 1 – түрме.

216 қылмыстық-атқару инспекцияларында 23 мыңнан астам қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар есепте тұр.

1995 жылмен 2001 жылдар аралығындағы бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылық туралы мәліметтер оның төмендегені туралы куәландырады. Егер түзеу мекемелерінде 1995 жылы - 918, 2001 жылы - 475 әрекет, ал 2003 жылы – 346 әрекет тіркелген.

Тіркелген қылмыстар санының төмендеуі қауіптендіреді, себебі бірқатар мәліметтер бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықтың жеткілікті жоғары латенттілігіне нұсқайды. Ол, бұзақылық, ұрып-сғу, азаптау, еркек пен еркектің күштеп жыныстық қатынасқа түсуі, ұсақ-түйек ұрлық және тонаулар секілді түрмелік тұрмыстың едәуір мөлшерде қалыпты құбылысы сияқты болған қатысты қауіпсіз қылмыстар үшін ерекше тән.

1995 жылы 36 ауыр қылмыс жасалса, 2000 жылы – 19, 2001 жылы – 31, 2003 жылы – 32. Көріп отырғанымыздай бұл жылдар ішінде қауіпті әрекеттердің санында принципиалды айырмашылық болған жоқ, егер ерекше көңіл аударсақ уақыттың берілген үзігінде қылмыстылықтың жалпы төмендеуі біз жоғарыда көрсеткендей 1,9 есе болған. Қылмыстылық динамикасындағы мейілінше объективті көрсеткіш болып барынша ауыр қылмыстар бойынша мәліметтер табылады, себебі оларды ресми тіркеуден жасыру мүмкін емес, және де бұл көрсеткіште елеулі емес өзгеріс бар.

Сонымен, 1995 пен 2003 жылдар аралығындағы бас бостандығынан айыру орындарындағы криминогендік аһуал өзгеріссіз қалған деген қорытынды жасауға болады. Ресми статистика бойынша қылмыстылықтың едәуір азаюы ауыр болып табылмайтын әрекеттер есебінен болған.

Түзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың құрылымындағы бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе тұтқыннан қашу жартысынан көбін 55,7%, 12% - бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден әдейі жалтару, 11% - қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына өрескел бағынбау.

Таралуы бойынша әрі қарай есірткі заттармен байланысты қылмыстар және жеке адамға қарсы қылмыстар. Түзеу мекемелеріндегі жиілігі бойынша жетінші орынды ұрлықтар, сонан соң бұзақылықтар мен қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметін бұзу, және де өкімет өкіліне қатысты күш қолдану алады. Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстылықтың құрылымындағы басқа қылмыстар 8,78% құрайды.

1984 жылы криминализацияланған әкімшілік талаптарына өрескел бағынбау бұзақылықтан кейін екінші орын алған, қазір ол үшінші позицияда.

Екінші сұрақты талқылау. Қоғамға қарсы мінез-құлық қылмыскерде бостандық жағдайында қалыптаса бастайды және онымен бірінші қасақана қылмыс жасаған кезде белгілі бір бағыттылыққа ие болады. Қылмыскерді бас бостандығынан айыруға соттаған кезде де қоғамға қарсы тәлімдері, көзқарастары, ұстанымдары жойылмайды. Одан да бетер колония жағдайында көптеген сотталғандар үшін жазалаушы-тәрбиелеуші үрдіске қарсы іс-әрекет ету, тәртіптік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау тән.

Жазаны өтеу барысында сотталғандардың қоғамға қарсы бағыттылығы тереңдей түсуі және барынша нақты, тұрақты нысандар алуы мүмкін.

Одан басқа бас бостандығынан айыру орындарында ауыр зорлық зомбылық қылмыстар жасауға ықпал ететін айырықша факторларды ескеру қажет. Бұл факторлар жазаларды атқару бойынша колониялардың әлеуметтік-психологиялық климатының өзімен шартталуы және сотталғандар арасында теке-тіресті қатынастарды тудыруы мүмкін. Бастысы бейресми қатынастарға негізделген колонияларда өмір сүретін әлеуметтік орта, оларда жағымсыз көзқарастарды, қызығушылықтарды, әдеттерді, қалаулар мен ұстанымдарды қалыптастыру немесе бекітуге әрине әсер ететін мейілінше криминогендік сапалары және ерекшеліктері бар адамдардың бір жерде бірге болғандығымен шартталған.

Колонияларда қылмыс жасауға сылтаулар сан алуан түрлі мән-жайлар мен фактілер бола алады. Мұнда мейілінше тән сылтау болып жазны атқару бойынша колонияларда тәртіп пен режимді қолдау бойынша әкімшілікке көмек көрсетумен байланысты жәбір көрушілердің өздерінің мінез-құлқы табылады.

Бас бостандығынан айыру орындарында ниеттің қалыптасуы мен оны іске асыруға қылмыс жасауға ықпал етеін жағдайлар үлкен әсер тигізеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне қатысты ауыр қылмыстар жасауға ықпал ететін жағдайлар деп осы қылмыстарды жасауды жеңілдететін көрсетілген органдардың қызметіндегі нақты кемшіліктер, тергеу мен сот органдарының жұмысындағы кемшіліктер, сол сияқты қолданыстағы заңнамадағы олқылықтардың бар болуын түсіну керек.

Объективті жағдайларға жазаны өтеу режимін, сотталғандарды қадағалауды, жедел-іздестіру қызметін, кадрлармен жұмыс істеуді, тәрбие жұмысын, еңбекпен тәрбиелеуді, жалпыбілім беру мен кәсіптік-техникалық оқытуды, сотталғандар арасындағы қылмыстылықпен және өзге құқық бұзушылықтармен күресті ұйымдастырудағы кемшіліктерді жатқызу керек.

Субъективті жағдайларға тұлғаның психикасының қалыптасу ерекшеліктері: мінезінің тепе-теңсіздігі, психикалық және нерв аурулары, жоғарылатылған қозбалығы мен невроздылығы, адамгершілік, педагогикалық артта қалу дәрежесі және с.с. жатады.

Өзара әрекететуші көптүрлі факторлардың арасынан пенитенциарлық мекемелерде қасақана қылмыс жасау себебінің негізгі элементі болып сотталғандардың кейбір бөлігінің тұлғасының терең агрессиялық-зорлық зомбылық бағыттылғы табылады.

Үшінші сұрақты талқылау. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуші адамдар тұлғасының криминологиялык сипаттама беру манызды болып табылады. Себебі, олардын жеке басына криминологиялык сипаттама бере отырып кылмыстылыкпен куресуге тиімді жагдайлар тугызады. Кылмысты кайталап жасаушылар жалпы білімі жагынан 1-2 сынып артта калып койгандар.

Мысалы: Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуші адамдар тұлғасына сипаттама беруде американдык криминолог В.Фокс біздерге мынадай типологияны усынады:

-   адекватты емес тауелділер;

-   асоциалды, субмадениетті;

-   компульсивті, бір кылмысты бірнеше марте жасауы,

-   компульсивті, әр турлі кылмыстарды жасаушы адамдар.

Кобінесе типтік рецидив кылмыскерлер болып адекватты емес, тауелді кылмыскерлер танылады. Оларды маскүнемдігі ушін, усак бузакылыгы ушін, когамдык тартіпті бузгандыгы ушін полиция кызметкерлері жиі устайды.

Асоциалды немесе субмадениетті рецидивтер когамга карсы бизнеспен, ауеской ойындармен айналысатындар. Мысалы, криминолог А.М. Яковлев барлык рецидивистерді екі категорияга боліп карастырады: антисоциалды, асоциалды.

Антисоциалды рецидивтер озінін істеріне тура багытталган, ягни бастаган істерін аяктауга бейім келген адамдар бола алады.

Асоциалды рецидивтер кылмысты кайталап істейді, ягни озінін еркіне карсы багытталады. Олар кобінесе когаммен озінін жеке карым-катынастарын реттеу жонге келтіре алмауы салдарынан кылмыс жасайтын адамдар болып танылады. 

Рецидивті кылмыскерлер оздерінін жалпы криминологиялык классификациясына байланысты немесе криминогендік мотивациясына байланысты катыгез жане аса катыгез адамдар болып танылады. Сонын ішінде катыгез рецидив кылмыскерлер болып бірнеше марте кылмыс жасаган адамдар болып танылады.

Ал, аса катыгез рецидив кылмыскерлер болып – аса кауіпті рецидивистер болады.

Біздердін көзкарасымызша тұракты криминалды белгілеріне байланысты ситуациялык, әдеткер, кәсіби кылмыскерлер. Ситуациялык рецидивистер эмоционалдык тұргыда тұраксыз, агрессивті, мінезіне байланысты күшті тәуелділік.

Әдеттілік рецидив кылмыскер – бул адамдар когамга деген теріс козкарастары пайда болган адамдар. Олар үшін кылмыстар жасау күн көрудін көзі болмаса да әдет болып калғандығымен танылады.

Төртінші сұрақты талқылау. Бас бостандығынан айыру орындарында жасалатын қылмыстарды ескерту жан жақты аспектілі болып келеді. 

Бас бостандығынан айыру орындарында жасалатын қылмыстарды ескертуде осы кылмыстылыктын жасалу себептері мен жагдайларын, ягни олардын кайталанып жасалуына себебін тигізетін мән-жайларды аныктау мен алдын алу, окып тану болып танылады.

Бас бостандығынан айыру орындарында жасалатын қылмыстарды алдын алуда негізгі рол Ішкі істер органдары кызметкерлері аумагында болады.

Бас бостандығынан айыру орындарында жасалатын қылмыстарды алдын алуда екі жакты алдын алу:

-   пенитенциалды

-   постпенитенциарлы.

Пенитенциарлы болып жазаны отеу кезеніндегі жана кылмыстарды жасауымен сипатталынады. Постпенитенциарлы болып кылмысы ушін сотталган адамнын жазасын отегеннен кейін кылмыс жасауы болып танылады.

Арнаулы мамандардын айтуынша бас бостандыгынан айыруга сотталган адамдар 4-6 жылдан кейін психологиясы мен козкарастарында озгерістердін бар екендігін айтады. 

Жалпы турмелер мен колониялар криминогендік факторлар болып танылады. Манызды тургыдагы рецидив кылмыстардын алдын алудагы профилактиклау шараларынын бірі болып бас бостандыгынан айыру болып танылады. Жеке турдегі рецидивті кылмыстылыктын турі болып постпенитециарлык профилактика танылады.

Бас бостандығынан айыру орындарында жасалатын қылмыстарды өз алдына манызды алдын алудың бірі болып оларды жумыска орналастыру болып танылады. Бурынгы акімшілік шаралар озінін кундылыгын жогалткан.

Жалпы бас бостандығынан айыру орындарында жасалатын қылмыстарды кылмыскерлерге әкімшілік кадагалау тагайындалады:

-   сотпен аса кауіпті рецидив деп танылган адамдарга;

-   егер адам бурын ауыр кылмыс жасагандыгы ушін сотталган болса ол ауыр кылмыс ушін бас бостандыгынан айыруга сотталган жагдайда;

-   егер адам бурын ауыр кылмыс жасагандыгы ушін сотталган болса, ол ауыр кылмыс жасаган жагдайда кауіпті кайталануда;

-   егер адам бурын ауыр кылмыс немесе ауырлыгы орташа кылмыс касакана жасагандыгы ушін кемінде уш рет бас бостандыгынан айыруга сотталган жагдайларда адам касакана кылмыстары ушін бас бостандыгынан айыруга сотталган жагдайларда;

-   егер адам бурын ауыр немесе аса ауыр кылмыс жасагандыгы ушін сотталган болса, ол аса ауыр кылмыс жасаган жагдайда кылмыс аса кауіпті кайталануда.

Әкімшілік кадагалау тузеу мекемелерінін бастыгымен немесе ішкі істер органдарымен тагайындалады. Жане оларга мынадай шектеулер койылады:

-   белгілі бір уакыт аралыгында уйден кетіп калмауына;

-   белгілі бір ауданнан баска бір ауданга орын ауыстырмауына;

-   баска бір облыстарга шыгуына;

    Полицияга айына 2-4 рет тіркелуге келіп туруына.

    Әкімшілік кадагалау салынган рецидив адам койылатын талаптарды катан сактауы тиіс.

Ішкі істер тажірибесінде барлык істер ман-жайлар ескерілінеді. Рецидив кылмыскерлерді жалпы жане арнайы ескертулер колданылады.

Аталған тақырыпты талдай келе қорытынды шығару барысында мына негізгі мәселелерге келіп тоқталамыз:

Кайталанып жасалынатын кылмыстардын алдын алудагы колданылатын шараларды жузеге асырудын маселелері. ІІО кызметкерлерінін аткаратын ролінің маңызды екендігі және оларды дұрыс ұйымдастыра білу аса жауаптылықты шақырады.

Рецидивті қылмыстылықпен күресуде арнайы бағдарламаның құрастырылуы және оның жүзеге асырылуы маңызды болып танылады.

-   жеке профилактикалаудың жаңа әдістерін құрастыру;

-   ішкі істер органдарымен қылмыстық жазаны атқару мекемелерінің арасындағы бірлескен шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру.

-   әкімшілік қадағалауды және бұрын соттылығы бар адамдарға қатаң әлеуметтік бақылау жасау;

-   рецидивті қылмыстылықпен күресудегі мәліметтік шараларды нығайтудағы шаралар;

-   қылмыстылықтың жасалу себептері мен жасалу жағдайларын анықтауға ерекше назар аудару;

- сотталғандар мен жазасын өтеген тұлғаларға қатысты олардың маскүнемдік, нашақорлық алкоголизмен айналысуына жол бермеу.

Қорытынды

Қоғамға қарсы мінез-құлық қылмыскерде бостандық жағдайында қалыптаса бастайды және онымен бірінші қасақана қылмыс жасаған кезде белгілі бір бағыттылыққа ие болады. Қылмыскерді бас бостандығынан айыруға соттаған кезде де қоғамға қарсы тәлімдері, көзқарастары, ұстанымдары жойылмайды. Одан да бетер колония жағдайында көптеген сотталғандар үшін жазалаушы-тәрбиелеуші үрдіске қарсы іс-әрекет ету, тәртіптік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау тән.

Жазаны өтеу барысында сотталғандардың қоғамға қарсы бағыттылығы тереңдей түсуі және барынша нақты, тұрақты нысандар алуы мүмкін.

Одан басқа бас бостандығынан айыру орындарында ауыр зорлық зомбылық қылмыстар жасауға ықпал ететін айырықша факторларды ескеру қажет. Бұл факторлар жазаларды атқару бойынша колониялардың әлеуметтік-психологиялық климатының өзімен шартталуы және сотталғандар арасында теке-тіресті қатынастарды тудыруы мүмкін. Бастысы бейресми қатынастарға негізделген колонияларда өмір сүретін әлеуметтікорта, оларда жағымсыз көзқарастарды, қызығушылықтарды, әдеттерді, қалаулар мен ұстанымдарды қалыптастыру немесе бекітуге әрине әсер ететін мейілінше криминогендік сапалары және ерекшеліктері бар адамдардың бір жерде бірге болғандығымен шартталған.

Колонияларда қылмыс жасауға сылтаулар сан алуан түрлі мән-жайлар мен фактілер бола алады. Мұнда мейілінше тән сылтау болып жазны атқару бойынша колонияларда тәртіп пен режимді қолдау бойынша әкімшілікке көмек көрсетумен байланысты жәбір көрушілердің өздерінің мінез-құлқы табылады.

Бас бостандығынан айыру орындарында ниеттің қалыптасуы мен оны іске асыруға қылмыс жасауға ықпал тетеін жағдайлар үлкен әсер тигізеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне қатысты ауыр қылмыстар жасауға ықпал ететін жағдайлар деп осы қылмыстарды жасауды жеңілдететін көрсетілген органдардың қызметіндегі нақты кемшіліктер, тергеу мен сот органдарының жұмысындағы кемшіліктер, сол сияқты қолданыстағы заңнамадағы олқылықтардың бар болуын түсіну керек.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.