Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.



14-тақырып. Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және оның алдын алу.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы: түсінігі, жалпы сипаттамасы, жағдайы, құрлымы.

2. Есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары.

3. Есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмысқа қатысушылардың жеке жеке басының криминологиялық сипаттамасы.

4. Есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстылықтың алдын алу

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Абдиров Н.М., Мами К.А., Сарсеков Б.С. Уголовно-правовые меры борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками. Учебно-практическое пособие. Алматы, 1998.

2. Абдиров Н.М. Концептуальные проблемы борьбы с наркотизмом в Республике Казахстан. Алматы, 1999.

3. Гасанов Э.Г. Борьба с наркотической преступностью: Международный и сравнительно-правовой аспекты. М., 2000.

4. Сарсеков Б.С. Контрабанда наркотиков в Казахстане: проблемы и пути их преодоления. Алматы, 1998.

5. Токалов Т.Б. Установление уровня латентности преступлений, связанных с незаконным оборотом наркотиков // Борьба с преступностью в Казахстане. Алматы, 1998.

6. Токалов Т.Б. Использование негласного аппарата в борьбе с наркобизнесом: Автореф.дис….канд.юрид.наук. М., 1998.

Оқытушының кіріспе сөзі. сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстың басқа тақырыптарымен және басқа пәндермен байланысын ашып көрсету. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптың қылмыстылықпен күресуде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау.

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңының 1-бабының 28-тармағына сәйкес нашақорлық — организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын, есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру.

Жалпы адамдар есірткімен б.э.д. 40 мың жыл бұрын танысқан деген жормал бар. Алғашқы рет есірткінің түрі анаша болып танылды. Ол 5 мың жыл бұрын Кіші Месопотами (Ирак) жерінде табылған.

Есірткі заттар – тірі организмнің жүйке жүйесіне әсер ететін және нашақорлыққа әкеліп соқтыратын синтетикалық немесе табиғи заттар.

Бұл териминді үш критерийді есепке ала отырып пайдалануға болады (медициналық, әлеуметтік және құқықтық).

Медициналық тұрғыдан есірткі заттар болып егер зат адамның жүйке жүйесіне ерекше ісер ететін болса (тұрақтандырушы, тыныштандырушы, галлюцинногенді әсер және т.б.) танылады.

Әлеуметтік тұрғыдан есірткі заттар – есірткіні тұтыну кеңмасштабты сипатқа ие болса танылады.

Құқықтық тұрғыдан есірткі заттар – есірткіні тұтынуды бақылау бойынша мемлекеттік комиссия осы препаратты есірткі деп танып және оны бақыланатын дәрілік нысандағы заттардың құрамына жатқызатын болса танылады.

Психотропты заттарға адамға ынталандырушылық немесе депрессиялық ықпал ететін табиғи және синтетикалық заттар жатады.

Есірткінің заңсыз айналымы - есірткі және жүйкеге әсер ететін заттардың арнайы бекітілген айналымына қолсұғатын қылмыстардың жиынтығы деп танимыз. Олар халықтың денсаулығына елеулі нұқсан келтіреді. Жоғарыда аталып кеткен заңның 1-бабынын 10-тармағына сәйкес есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы.

Нашақорлықпен ауыратын науқас (нашақор) — қандай да болсын есiрткi, психотроптық затқа, сол тектеске физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi жағдайдағы, оған белгiленген тәртiппен медициналық мекеме «нашақорлық» деген диагноз қойған адам.

Сонымен қатар, есірткі заттардан прекурсорларды ажырата білу қажет. Аталған заңның 1-бабының 31-тармағына сәйкес прекурсорлар – есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өндiру, дайындау, қайта өңдеу кезiнде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, оның iшiнде БҰҰ-ның 1988 жылғы Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген заттар.

Екінші сұрақты талқылау. Есірткі заттардың заңсыз айналымы себептерінің жүйелі жиынтығы болып танылады:

Есірткінің таралуына себеп болатын жағдайлардың бірі болып жастар арасындағы қолы бостықты қатаң қадағалаудың жетіспеушілігі болып танылады. Жоғары оқу орындары студенттерінің күнделікті сабаққа бармауы. Әр түрлі жеңіл жүрістерге салына бастауы. Оларға қатысты басқа бір орталардың еліктіруі.

Жастар арасындағы агитациялық тәрбиелік мәні бар іс шаралардың толық деңгейде оырндалмауы.

-   Есірткінің заңсыз айналымымен күресді регламенттейтін қызметтердің немесе нормативтік базалардың және де оларға қатаң бақылау жасаушы органдардың қызметіндегі кемшіліктер.

-   Құқық қорғау органдарының, білім беру мен денсаулық сақтау қызметіндегі кемшіліктер;

-   Мемлекеттік шекаралардың бақылауындағы жіберілетін олқылықтар; Контрабанда, яғни есірткі заттардың басым көпшілігі шетел туындысы болып келеді.

Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты негативті тенденциялары болып танылады:

-   Қазақстанды наркотауардың транзиттік аумағына айналдыру;

-   есірткі заттарды тұтынушылар санының арта түсуі;

-   нашақорлардың геометриялық прогрессиясындағы санының өсуі;

-   нашақорлар арасында әйелдердің, кәмелетке толмағандар мен жастар санының артуы;

-   синтетикалық есірткі заттарды тұтынудың адамдар арасында өсуінің артуы;

-   нашақорлар арасындағы өлімнің көбейуі.

Сонымен қатар есірткіліктің адамдар арасындағы кең таралуына әкеп соқтыратын әлеуметтік факторлар болып саналады:

- рухани жан-дүниенің дағдарысы, идеологиялық вакуум, қоғамдық сана сезімдегі позитивтік идеалдардың кемшілігі.

Үшінші сұрақты талқылау.  Қылмыскерді әр түрлі санаттарға бөлуді де маңыздылығы бар. Есірткілікпен айналысатын адамдарды типологияларға бөлу және оларға жеке криминологиялық сипаттама беру бұрыннан қалыптасқан. Осыған байланысты есірткілікпен айналысатын тұлғаларды өздерінің жасаған әрекетіне қарай былайша топтастыруымызға болады:

нашақорлардың жеке басы

өскен ортасы, жынысы, биологиялық, генетикалық, психологиялық қасиеттері т.б.

Есірткілікпен айналысу барысында адамдар ең алдымен кенеттен пайда болған немесе осындай теріс әрекеттерге басқа бір адамдардың тартуымен немесе айдап салуымен не болмаса аңқаулығынан тартылған болып танылады.

Ситуациялық есірткілікпен айналысуышы адамдар. Қоршаған ортаның теріс құбылыстарына тез бейімделгіш немесе өздері осындай әрекеттерге жақын болып танылған адамдар.

Тұрақсыз есірткілікпен айналысушы адамдар бұрын құқық бұзғандығы үшін жауапқа тартылғандар немесе осындай қылмысы үшін қылмыстық жауапқа тартылған адамдар танылады.

Осындай қылмыскерлер арасында пайдакүнемдік мақсатты көздеген яғни есірткі заттарды сату, жөнелту, өткізуімен немесе заңсыз дайындаумен айналысатын адамдардың орыны да бар. Олар қоғамдағы болып жатқан теріс әлеуметтік жағдайларды қоладаушылар, адамның өлімі немесе ауруына шалдығуына назар аудармайтын немесе немқұрайды қарайтындар болып танылады.

Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыскерлер көбінесе орта жастағы адамдар болып танылады, мысалы 20-35 жас аралығындағылар.

Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстылықтың алдын алу негізгі бағыттары болып танылады. Есірткімен байланысты болған қылмыстарды жасаушы адамдардың жеке басына сипаттама беру маңызды болып танылады. Осыған байланысты қылмыскерлерге қатысты, әлеуметтік-демографиялық, психологиялық қасиеттерін бөліп көрсете аламыз.

Биофизиологиялық белгілері. Әлеуметтік-демографиялық белгілері. Психологиялық-адамгершілік белгілері. Қылмыстық-құқықтық және криминологиялық белгілері.

Жынысы бойынша белгілерінің сипаттамасы. Жасы бойынша белгілерінің сипаттамасы. Білімі бойынша сипаттамасы. Әлеуметтік жағдайы және кәсібі бойынша сипаттамасы.

Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды жасаушы тұлғаның типологиясы бөлінеді:

ұйымдасқан топтардың, оның ішінде қылмыстық қауымдастықтардың ұйымдастырушылары (басшылары) – формальды түрде жоғары қоғам тобына жататын, озбырлық және адамгершілікке жат қылықтарымен көзге түсетін тұлғалар (наркобарондар) құрайды;

дайындаушылар (өндірушілер) – жоғары білім деңгейі бар адамдар (химик, фармацевт немесе химия саласында арнайы білімі бар тұлғалар құрайды.);

экспедиторлар (пошта тасушылар);

ірі көтерме саудагерлері;

ұсақ көтерме саудагерлері;

«алушылар» белгілі тұлғалардан есірткі заттарын сатып алу үшін бірнеше нашақорлардан жүйелі түрде ақша жинайтындар;

«жарнама» таратушылар – бұл түрлі психикалық қысым көрсету жолымен, оның ішінде алдауды жиі пайдаланатын ақысыз барлық қалаушы тұлғаларға есірткі тарататын адамдар;

«күзетшілер» (қоймашылар);

«кассирлер»;

кір жуғыштар «прачки» есірткіні сатудан тапқан қаражатын заңды айналымға салудың көмегімен кішігірім (атаулы, жалған) банктерді немесе несиелік мекемелерді, казиноларды ұстайтын тұлғалар жатады;

«шатыр»(крыша) – бұларды әдетте есірткі құралдарының қылмыстық айналымының қатысушыларын қылмыстық қудалаудан немесе бесекелестері жағынан қорғайтын құқық қорғау органдарының немесе өзге де мемлекеттік билік органдарының өкілдері құрайды.

Қорытынды. Есірткі заттардың заңсыз айналымы себептерінің жүйелі жиынтығы болып танылады:

Есірткінің таралуына себеп болатын жағдайлардың бірі болып жастар арасындағы қолы бостықты қатаң қадағалаудың жетіспеушілігі болып танылады. Жоғары оқу орындары студенттерінің күнделікті сабаққа бармауы. Әр түрлі жеңіл жүрістерге салына бастауы. Оларға қатысты басқа бір орталардың еліктіруі.

Жастар арасындағы агитациялық тәрбиелік мәні бар іс шаралардың толық деңгейде оырндалмауы.

-   есірткінің заңсыз айналымымен күресді регламенттейтін қызметтердің немесе нормативтік базалардың және де оларға қатаң бақылау жасаушы органдардың қызметіндегі кемшіліктер.

-   құқық қорғау органдарының, білім беру мен дженсаулық сақтау қызметіндегі кемшіліктер;

-   мемлекеттік шекаралардың бақылауыындағы жіберілетін олқылықтар; Контрабанда, яғни есірткі заттардың басым көпшілігі шет ел туындысы болып келеді.

Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты негативті тенденциялары болып танылады:

-   Қазақстанды наркотовардың транзиттік аумағына айналдыру;

-   есірткі заттарды тұтынушылар санының арта түсуі;

-   нашақорлардың геометриялық прогрессиясындағы санының өсуі;

-   нашақорлар арасында әйелдердің, кәмелетке толмағандар мен жастар санының артуы;

-   синтетикалық наркотикалық заттарды пайдаланудың адамдар арасында өсуінің артуы;

-   нашақорлар арасындағы өлімнің көбейуі.

Сонымен қатар есірткіліктің адамдар арасындағы кең таралуына әкеп соқтыратын әлеуметтік факторлар болып саналады:

-   рухани жан-дүниенің кризисі, идеологиялық вакум, қоғамдық сана сезімдегі позитивтік идеалдардың кемшілігі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.