Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Қылмыскердің тұлғасы.



5-тақырып. Қылмыскердің тұлғасы.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Қылмыскердің жеке тұлғасы түсінігі.

2. Қылмыскер жеке тұлғасының құрылымы.

3. Қылмыскер жеке тұлғасының (типологиясы)

топталуы.

4. Қылмыскердің жеке тұлғасында әлеуметтік және биологиялық қасиеттердің арақатынасы

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Антонян Ю.М. Изучение личности преступника. М., 1982.

2. Антонян А.М., Гульдан В.В. Криминальная патопсихология. М., 1991.

3. Антонян Ю.М., Еникеев М.И., Эминов В.Е. Психология преступника и расследование преступлений. М., 1996.

4. Бейсенов Б.С. Алкоголизм: уголовно-правовые и криминологические проблемы. М., 1981.

5. Братусь Б.С. Аномалии личности. М., 1988.

6. Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. Алма-Ата, 1987.

7. Дубинин Н.И., Карпец И.И., Кудрявцев В.Н. Генетика, поведение, ответственность. М., 1989.

8. Голик Ю.В. Случайный преступник. Томск, 1984.

9. Игошев К.Е. Типология личности преступника и мотивация преступного поведения. Горький, 1974.

10. Костенко А.Н. Криминальный произвол: социопсихология воли и сознание преступника. Киев, 1990.

11. Криминальная мотивация // Отв.ред. В.Н.Кудрявцев. М., 1986.

12. Личность преступника. М., 1975.

13. Михлин А.С. Общая характеристика осужденных. М., 1991.

14. Сахаров А.Б. Личность преступника и причины преступности в СССР. М., 1961.

15. Скрябнев Г. Бомж: социально-правовой и психологический портрет.// Советская юстиция, 1993, № 23.

16. Теоретические проблемы учения о личности преступника. М., 1979.

17. Яковлев А.М. Преступность и социальная психология. М., 1971.

18. Яковлев А.М. Преступность как образ жизни. М., 1967.

Оқытушынын кіріспе сөзі: Сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстық басқа тақырыптары мен басқа пәндермен байланысы. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуінде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау: Қылмыскердің жеке тұлғасы түсінігі.

Қылмыскер тұлғасына қатысты мәселелер барлық криминологиялық мектептерде қарастырылады. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, криминологияның пайда болуының да басты себебі қылмыскер тұлғасын зерттеу қажеттігі болған. М. Ансельдің жазуынша, Ч. Ломброзоның 1875-ж. «Қылмыскер адам» кітабы жарық көрген соң батыс елдерінің криминологиясында басты назар қылмыстан қылмысты жасаған адамға ауысқан болатын. Осының арқасында қазіргі кезде шетел криминологиясында қолданбалы криминологиялық бағыттар ерекше қарқынмен дамып келеді. Қылмыскер тұлғасының түсінігі тұлғаның жалпы философиялық түсінігімен тығыз байланыста

“Адам” ұғымында оның мәнінің ажырамас әлеуметтік және биологиялық жақтарының бір тұтастығы бекітілген. Тұлға – бұл “адамның әлеуметтік бет бейнесі”, қоғамдағы әлеуметтік даму,қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы. Олай болса біз, “қылмыскердің тұлғасы” деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек “әлеуметтік бейнесі” деп түсінуіміз қажет.

Тұлға дегеніміз кім ? Бұған байланысты келесі парадигмалар бар: Тұлға — әлеуметтік қатынастар субьектісі ретіндегі индивид ; индивид тұлға болады. Қылмыскер тұлғасы – индивидтің қылмыс жасау сипатында көрінетін психикалық ерекшеліктер жиынтығы.

Тұлға – бұл индивидуалдық, қайталанбастық. «Адам» және «персона (тұлға)» түсініктері ажыратылады. Адам ұғымы кең деп саналады, себебі кез келген адам тұлға емес, керісінше кез келген тұлға адам.

Қылмыскер тұлғасы дегеніміз- қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын және оның қылмыстық мінез-құлқына ықпал ететін әлеуметтік- демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, адамгершілік-құқықтық қасиеттердің, белгілердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Ол адамның әлеуметтік келбеті.

Н.Ф. Кузнецованың айтуынша, қылмыскер тұлғасының жүйесі үш кіші жүйеден тұрады, олардың әрбірі одан да кіші жүйелерге жіктеледі: әлеуметтік демографиялық, әлеуметтік рольдік (функционалдық), әлеуметтік психологиялық.

Қылмыскердің жеке басы дегеніміз – адамның әлеуметтік ортамен байланысқан сәтіндегі көрінетін әлеуметтік-психологиялық құрылысы мен қасиеттерінің жиынтығы деп түсінеміз.

Қылмыскер тұлғасын зерттеудің басты бағыттары болып келесілер табылады:

‑ кінәлінің әрекетінде қылмыс құрамын анықтау;

‑ жауаптылық сипаты мен дәрежесін белгілеу;

‑ жазаны индивидуализациялау;

‑ сотталғандардың түзелу және қайта тәрбиелену дәрежесін анықтау;

‑ құқық бұзушылықпен күресте қоғамның қызметі;

‑ кінәлімен қылмыс жасауға түрткі болғаны себептер мен шарттарды анықтау және жою;

‑ соттық және тергеу материалдарын жалпылау.

Екінші сұрақты талқылау: Қылмыскер жеке тұлғасының құрылымы.

Қылмыскердің жеке басы құрылысында мына элементтер қарастырылады:

Қылмыстық статистикада қылмыскерлерді былайша бөлуімізге болады.

1) әлеуметтік демографиялық белгілері бойынша: еркектер, әйелдер;

2) әлеуметтік жағдайы белгілері бойынша: жұмысшылар, қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жұмыссыздар т.б.

3) тұрғылықты тұратын орны бойынша: қала, ауыл тұрғындары, мигранттар, оралмандар т.б.

4) қылмыс жасауыны қарай: қайталап аса қауіпті, қауіпті, арнайы жасаушылар, қылмысқа қатысушылар,

Қылмыс жасаған тұлғалардың криминологиялық портреті белгілердің төрт тобымен сипатталады: 1) демографиялық; 2) әлеуметтік-рольдік; 3) психологиялық; 4) қылмыстық-құқықтық.

Олардың ішіндегі барынша маңыздылары жиынтығында пайдақорлық қылмыстарды жасаған тұлғаның түсінігінің ерекшелігін анықтайтын белгілердің соңғы екі тобы.

- Психологиялық белгілерге жатады: 1) пайдакүнемдік бағыттың тұрақтылығы; 2) қылмыскердің пайдакүнемдік себебін іске асырудың күш қолдану тәсілдеріне дайындық деңгейі; 3) пайдакүнемдік бағыттың туындауын немесе оның іске асуын көтермелейтін себептіліктің сипаты; 4) меншік қатынастары мен экономикалық қызметті реттейтін адамгершілік және құқықтық нормаларға соның ішінде пайдақорлық қылмыстар жасауға қылмыстық-құқықтық тыйымдарға қатынасы.

- Қылмыстық-құқықтық белгілерге қарай отырып әрбір төртінші пайдақорлық қылмыс соттылығы алынбаған немесе жойылмаған адаммен, және қатысып, соның ішінде - әрбір жүзінші ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған.

- Пайдақорлық қылмысты жасаушы тұлғаның демографиялық белгілер санына: жынысы, жасы, білім деңгейі, тұрғылықты жері, отырықшылық дәрежесі, өмір сүру деңгейі жатады.

- Пайдақорлық қылмысты жасаушы тұлғалардың әлеуметтік-рольдік сипатына келесі белгілер кіреді: а) азаматтығы; ә) жұмыс саласы; б) кәсібі; в) отбасы жағдайы.

Үшінші сұрақты талқылау. Қылмыскер жеке тұлғасының (типологиясы) топталуы.

Қылмыскер тұлғасын, жалпы қылмыскерлерді әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.

а) жүргізілетін статистикалық есеп бойынша олар:

1) әлеуметтік-демографиялық белгілеріне байланысты: жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі.

2) әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай: жұмысшылар, қызметкерлер, оқушылар, жұмыссыздар зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б.

3) тұрғылықты жері мен тұратын уақытына қарай: ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б.

4) қылмыстық әрекетінің қарқындылығы мен сипатына қарай: қайталанған, рецидив (арнайы, аса қауіпті); топта, ұйымдасқан топта қылмыс жасаушы.

5) қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай- күйіне қарай: маскүйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.

б) тұлғалық-мотивациялық қасиеттеріне қарай:

1) аса қауіпті қылмыскерлер;

2) зорлықшыл қылмыскерлер;

3) пайдакүнем қылмыскерлер;

4) нәпсіқұмар қылмыскерлер;

5) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер;

6) абайсызда қылмыс жасаушылар;

в) жасаған қылмысының түріне қарай:

1) ұрылар;

2) қарақшылар;

3) кісі өлтіргіштер;

4) алаяқтар т.б. деп топтауға болады. Ал олардың өзі де ары қарай бөлшектене алады. Мысалға, ұрылардың өзін де жеке қасиеттері мен “мамандығына” қарай былай деп бөледі:

1. “Медвежатниктер”-сейфті не өзге құлыпты ашып ақша ұрлайтындар;

2. “Қалташылар”-қалтаға, сөмкеге т.б. түсіп мүлік ұрлайтындар;

3. “Үйшілер”-пәтерлерге, үйлерге заңсыз кіре отырып ұрлайтындар;

4. “ Дүкеншілер”-дүкендерге түсетіндер;

5. “Айдаушылар” немесе “Қуып кетушілер автокөлікті талан-тараждау мақсатында айдап кетумен айналысатындар;

6. “Клюквеншілер”- антиквариат болып табылатын құнды заттарды ұрлаушылар және тағы басқалар;

7. Осыларға біздің “Барымташыларды” да (мал айдап кетушілер) қосуға болады;

Қылмыскер тұлғасының келесідей жіктемесі болуы мүмкін:

1. Ситуатитвті тип:

а) өте қатты қажеттілік ситуациясының әсерімен қылмыс жасаушы тұлға.

Өте қатты қажеттілік болуы мүмкін:

- әлеуметтік жанашырлық шақыратын (мысалы, қымбат емдеуді қажет ететін баланың ауыр науқасы);

- патологиялық (алкоголизм, нашақорлық);

ә) қылмыстық нәтиженің қол жетерлік ситуациясының әсерімен қылмыс жасаушы тұлға (қол жетерлік кейде алдамшы болады – субъектінің қатесі).

2. Ситаутивтіден тыс тип – материалдық қамтамасыз ету проблемаларын ситуацияға байланысты емес қылмыстың көмегімен шешетін пайдақор қылмыскер (қылмыс жасауға қолайлы ситуацияны өзі жасайды).

а) ол үшін қылмыстық әрекет табыстың негізгі көзі болып табылмайтын тұлға.

ә) олар үшін қылмыстық әрекет кәсіптің аналогы болып табылатын және табыстардың негізгі немесе жалғыз ғана көзі болатын тұлғалар.

3. Конформисттік тип (басқа адамдардың – авторитеттердің әсер етуімен қылмыс жасайтындар). Мұндай типтердің пайдакүнемдік ниеті тіпті жоқ болуы мүмкін немесе нашар көрінген. Қылмыстық топтағы олардың ролі әдетте енжар: қауіптілікті байқау, ұрланған затты жеткізуге көмектесу және с.с.

4. Өзін-өзі бекітуші тип (құрдастарының беделін жаулап алу мақсатында пайдақорлық қылмыстар жасаушы). Конформисттерден айырмашылығында, бекітуші тұлғалар барынша белсенді. Бұл тип кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасында тараған.

5. Патологиялық тип (мұнда бөтеннің заттарын ұрлауға деген аурулық ұмтылыс клептомания емес, патологиялық жинаушылық: мысалы, бұл қылмыстық типтің өкілдерінің бірінен бірнеше ондық шай сервизі, жүзге жуық костюмдер, жүзден астам жұп аяқ киім, 60 мамық төсеніш, 40 кілем тәркіленген).

6. Романтикалық тип – қылмысты тәуекелге деген сүйіспеншілігінен жасайды, жүйкеге тиуге деген ұмтылыс. Мұндай типте материалдық құндылықтарды алуға деген ниет бар, бірақ ол басты болып табылмайды.

7. Революциялық тип – онымен жасалатын пайдақорлық қылмыстардың басым себебі болып жақсы өмір сүретіндерге деген араздығы және тіпті жеккөрушілігі табылады (бұл себеп барлық пайдақор қылмыскерлердің іс-жүзінде себептілік саласында бар, ал берілген типте ол бастылардың бірі).

Төртінші сұрақты талқылау: Қылмыскердің жеке тұлғасында әлеуметтік және биологиялық қасиеттердің арақатынасы.

Қылмыскер тұлғасын зерттеуде бірден – бір күрделі де түбірлі мәселелердің бірі болып қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтіктің және биологиялықтың ара қатынас болып табылады. Ол принципиалды құқықтық және тәжірибелік мәнге ие. Оның шешіміне қылмыстылықтың себебін анықтау және онымен күрестің негізгі бағыттарын анықтау көбінде осыған байланысты. Қылмыскер тұлғасы ұғымының әртүрлі анықтамалары бар, криминологиялық ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуметтік сапасын білдіретін құрлым ретінде қарастырудан бастау алады. Тұлға қоғамдық қатынастар процессінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенуінің жемісі. Оның үстіне, адамда әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтікке бағыныштылық қатынаста болады және ол «адам бейнесі» түрінде көрініс табады Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса, әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды.

Қылмыскердің тұлғасындағы әлеуметтік пен биологиялық біртұтастығының арақатынасы туралы пікір талас тікелей практикаға шығады. Биологиялық факторларға басымдылық беретін авторлар, қылмыскерді зерттеу кезінде жетекші рольді психиаторға, психологияға, биологиялық әдістер мен тәсілдерді қолдануға береді. Әлеуметтік факторлардың шешуші ықпал етуін жақтаушылар мінез – құлықты түзеуге әлеуметтік бағдарламалар туралы жазады. Қазіргі уақытта тек биологиялық факторларға басымдылық беретін шекті көзқарастар артта қалды, бірақ бірқатар гентиктер мен криминологтар генетикалық аномалиялардың адам мінез құлқына әсер ететінін дәлелдеген генетиканың соңғы жетістіктерін назардан тыс қалдырмауды ескертеді.

В.П.Емельянов келесі тұжырымдар жасады: «Тек экономикалық, әлеуметтік немесе биологиялық факторлардың белгілі бір құрамы қылмысқа түрткі болады. Қылмыстылық себебі – бұл әлеуметтік және биологиялық қасиеттердің әртүрлі құбылысының синтезі…»

Қорыта айтқанда, адамның биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері қылмысты анықтағанда қатысатыны сөзсіз. Сондықтан, қылмыскер тұлғасын зерттеуде, себептілікті анықтағанда сот психиатриялық, сот–медициналық және басқа сараптамалар сияқты пән аралық салалардың қатысатыны тегін емес. Айта кетерлігі, қылмыскер тұлғасы мен қылмыс субъектісін шатастырып алмау. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жеткілікті, ал қылмыскер тұлғасын сипаттау үшін оның бала күнінен бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін адақтап шығу керек. Тіпті, қылмыс субъектісінің тұлғасы десек де қателеспейміз. Біреуді бойы ұзын деп жақсы көрсеңіз — ол биологиялық қасиеті, енді береуді ақылды деп сыйласыңыз — ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті.

Қорытынды. Нақты бір мәндегі қылықтардың, соның ішінде қылмыстың әлеуметтік және табиғи себептерінің өзара әрекеттестіктің, қашанда алғашқы әлеуметтік бастауы болады. Ол біріншіден адамның жеке ерекшеліктеріне әсер етеді, екіншіден бұл ерекшеліктердің әлеуметтік мәні бар қандай бағытта көрінетінін анықтайды. Осы айталғандардың бәрі де қылмыстық-биологиялық емес, әлеуметтік құбылыс деген қазіргі криминологиядағы негізгі ережеге келіп саяды. Сонымен бірге тұлғаның құрылымы қозғалыссыз, бір орында тұрған нәрсе емес. Тұлғаның құрылымын құрайтын белгілерәрқашан жинақы және өзгермелі, сондықтан да тұлға барлық уақытта өзгеріп отырады. Осыдан келіп, қылмыс жасау ең тіпті ең бұзылған адам тарапынан міндетті түрде болатын құбылыс емес, екінші жағынан қашанда құқық бұзушыны жөнге салудың жолы бар деген қорытындыға келуге болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.