Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары.



4-тақырып. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Қылмыс себептері және жасалу жағдайлары түсінігі.

2. Қылмыс себептері және жасалу жағдайларын топтау.

3. Қылмыс себептерінің әлеуметтік шартталуы

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Антонян Ю.М., Бородин С.В. Преступность и психические аномалии. М., 1987.

2. Бейсенов Б.С. Алкоголизм: уголовно-правовые и криминологические проблемы. М., 1981.

3. Бышевский Ю.В., Конев А.А. Латентная преступность и правосознание. Учебное пособие. Омск, 1986.

4. Багреева Е.Г. Социокультурные проблемы в криминологии. – М., 2001г.

5. Воронова Е.В., Калачев Б.Ф., Соломатина Е.А., Целинский Б.П. Криминологическая характеристика и профилактика негативных социальных явлений, связанных с преступностью: Лекция / Под ред.Е.С.Жигарева. М., 1998.

6. Горяинов К.К. Латентная преступность в России: опыт теоретического и прикладного исследования. М., 1994.

7. Джекебаев У.С. Социально-психологические аспекты преступного поведения. Алма-Ата, 1971.

8. Жадбаев С.Х. Борьба с пъянством и алкоголизмом - важная задача современности // Известия АН КазССР. Сер.общ.наук, 1986, № 2.

9. Каиржанов Е.И. Проблема причин преступности // Науч.тр. КВШ ГСК РК. Вып. 1. Караганда, 1997.

10. Каиржанов Е.И. Маскунемдік – кылмыс козі. Алматы, 1993.

11. Ковалкин А.А. Латентная преступность и ее выявление ОВД. Киев,1985. (ДСП)

12. Кудрявцев В.Н. Причины правонарушений. М., 1976.

13. Кудрявцев В.Н., Бородин С.В., Нерсесянц В.С. Социальные отклонения. 2-е изд. М., 1989.

14. Кудрявцев В.Н. Генезис преступления. Опыт криминологического моделирования. Учебное пособие. – М., 1998г.

15. Минская В.С., Чечель Г.И. Виктимологические факторы и механизм преступного поведения. Иркутск, 1988.

16. Франк Л.В. Потерпевшие от преступления и проблемы советской виктимологии. Душанбе. 1977.

17. Хохряков Г.Ф. Преступления осужденных: причины и предупреждение. Ереван, 1988.

Оқытушынын кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстық басқа тақырыптары мен басқа пәндермен байланысын көрсету. Сонымен қатар білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуінде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау: Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының түсінігі.

Себептілік – бұл себеп пен салдар сияқты екі құбылыстың арасындағы объективті, жалпыға бірдей, гинетикалық байланыс. Қылмыстылықтың себептілік механизімінде себеп салдарды туғызады, ал жағдай оған ықпал етеді. Қылмыстылық тударатын себептер мен жағдайлар кешенінің біріккен әрекеттері криминогендік детерминант деп аталады.

Себептіліктің қоғамдағы ерекшеліктері төмендегідей:

а) себеп-салдардық заңдылықтардың екі типін: динамикалық және статистикалық;

б) әлеуметтік детерминацияны зерттеу кезінде жүйелі әдіс міндетті;

в) әлеуметтік детерминанттың мазмұны, әсіресе, қоғамдағы қарама-қайшылықтармен және оны тиімді шешумен анықталады;

г) әлеуметтік құбылыстар қоғамдастық, қауымдастық (топ) және тұлғалар деңгейіндегі әр түрлі қызмет жүйесін көрсететін болғандықтан, соңғф нәтижесінде қызмет немесе әрекет сипатын таңдау адамдардың сұранысымен, қызығушылығымен және себептерімен анықталады.

Криминогендік детерминанттар біршама тұтастай жалпыны құрайды. Бұған қылмыс түрлерінің себептері мен шарттарының жүйелік бөліктері енеді, мысалы күш көрсету, пайдакүнемдік, қайталанбалы қылмыстар және т.б. Криминогенді детерминанттар жүйесінің ішінде себептер мен шарттар ерекше орын алады. Себептер мен шарттардың арасында «криминогенді детерминанттар» талданған ұғымын пайдалануға және басқаларды қамтитын өзара тығыз әрекеттестік болады. Мазмұны жағынан себеп әлеуметтік-психологиялық сипатта. Шарт та сол сияқты – экономикалық, саяси, құқықтық, ұйымдық және басқа да мазмұндарға ие. Себеп қылмыстылықты тудырады, шарт себептердің қылмыстық әрекетке айналуына жағдай жасады.

Екінші сұрақты талқылау: Қылмыс себептері және жасалу жағдайларын топтау.

Қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары әр түрлі деңгейі болады, осыған байланысты олардың ғылыми және тәжірибелік біліктілігін жоғарлату үшін классификацияларға бөлінеді:

а). іс әрекет деңгейіне байланысты.

б) салмағы бойынша.

в). табиғаты және де басқа белгілері бойынша.

Қылмыстылықтың детерминациясы бойынша жалпы топтық анализ қажет.

Үшінші сұрақты талқылау: Қылмыс себептерінің әлеуметтік шартталуы.

Себеп және қылмыстылықтың шарты әлеуметтiк қайшылықтары бар тығыз байланыста келтiрiлген әдiстемелiк және концептуалды позицияларды негiзге ала отырып, қылмыстылық, қылмыскер тұлғасы және қылмыстың жағдайы туралы статистикалық мәлiметтерге негiзделе талдануы керек

Криминология философия немесе әлеуметтану ғылымдарына қарағанда қылмыстылықтың себептері мен шарттарын жалпы танымдық тұрғыдан емес, қылмыс категорияларына сай мемлекеттік және аумақтық, жалпы және жеке сияқты барлық дәрежедегі алдын алу жүйелерін қалыптастырып, жүзеге асыру үшін кәсіби тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттейді. Соныдқтан да оның негізгі әдістемелік құралы қылмыстылық пен қылмыскер тұлғасын талдауда да, оқып зерттеуде де статистика болып қала береді.

Қылмыстылық пен оның себептерін статистика мен әлеуметтік қашылықтарды ескере отырып талдау практиктер мен теоретиктер үшін «Қылмыс неліктен жасалды?» деген сауалға жауап беруге жағдай туғызады.

Криминогендік жағдай туралы маұлұматтарды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептерінен, соттылық туралы талдаулардан, экономиканың күйi, тұрмыс сапасы, бiлiм және тәрбие, ұлттық қауiпсiздiктiң сұрақтары IIМ, Бас прокуратураның есептеу нәтижелерi және сотталғандықтың талдаулары, жұмыстардың ғылыми зерттеулерiнен және тағы басқалардан танысып білуге болады.

Қорытынды

Қылмыс себептерінің методологиялық негіздеріне талдау жасау барысында білім алушылар жалпы методологиялық негіздер мен қылмыс себептерінің арасындағы байланысты талдаудан бастағандары жөн болып танылады. Себебі қылмыс себептері мен оның методологиялық негіздері бір-бірімен тығыз байланыста бола тұра өз алдына жеке мән-жайларды қамтиды.

Қылмыс себептерін анықтаудың методологиялық негіздеріне түсінік бере отырып олардың негіздерін топтастырудың қажеттілігін айту.

Криминологиялық мәліметтердің қайнар көздері бойынша тыңдаушылар жалпы криминологиялық мәліметтердің түсінігіне сипаттама жасаулары қажет. Криминологиялық мәліметтерді алудың маңыздылығы және олардың қылмыстылықпен күресудегі пайдалылығы. Криминологиялық мәліметтер арқылы қылмыстылықпен күресудегі тиімді шараларды қолдануындағы тигізетін әсері мен қажеттілігі. Криминологиялық мәліметтерді ала білу, оларды жинақтау мен дұрыс пайдалану.

Криминологиялық есепке алудың ұғымы. Есепке алу мен есеп берудің ұқсастығы мен байланысы. Білім алушылар жалпы қылмыстылықпен күресудегі есепке алуды жүзеге асыру мен оларды пайдалануындағы тиімділік туралы айтып түсіндіруі қажет. Криминология ғылымындағы есепке алудың тәсілдерін оқытуы себептері. Ішкі істер органдарындағы криминологиялық есепке алуды жүзеге асыруының маңыздылығы. Қылмыстылықпен күресудегі криминологиялық есепке алудың тигізетін әсері. Криминологиялық есеп беру және оларды айқындамалы түрде салыстырудың қажеттілігі.

Қылмыстылықты криминологиялық зерттеудің әдістемесі және оған байланысты проблемалар. Қылмыстылықты зерттеу тиімді және ғылыми негізделген қылмыстылықтың алдын-алу басты шарты ретінде. Қылмыстылықты зерттеудің теориялық негіздері.

Қылмыстылықпен күресті ұйымдастырудағы қылмыстық статистиканың атқаратын қызметі. Криминологиядағы статистикалық зерттеудің негізгі міндеттері. Статистикалық зерттеудің сатылары. Статистикалық бақылау, оның түрлері (таңдамалы, жалпы, үзілісті, күнделікті). Статистикалық бақылаудың құжаттарын топтастыру және мәліметтеу. Статистикалық топтастырудың түрлері (тиіптік, вариациялық, аналитикалық). Стастикалық таблицалар.

Криминологиялық зерттеудің әлеуметтік әдістерін сұрай отырып оларды қолданудың маңыздылығы мен мәнін ашып беруін талап ету. Сонымен қатар мына төмендегі сұрақтар қойылуы тиіс.

Криминологиялық зерттеудің әдістерінің жүйесі. Жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер. Қылмыстық істерді және басқа ресми құжаттарды зерттеу. Сұрау криминологиялық зерттеудің әдісі ретінде. Сұраулардың түрлері. Анкеталық әдіс. Сауалнаманы құруға қойылатын талап. Сұхбат  және сұхбат алудың техникасы. Криминологиялық зерттеудегі және эксперимент. Криминологиялық зерттеудегі психологиялық әдіс. Психологиялық тест құқық бұзушының жеке тұлғасын зерттеудегі диагностикалық әдісі ретінде.

Криминолгиялық зерттеудің әлеуметтік әдістерін жүзеге асырудың маңыздылығына талдау жасауда тыңдаушылар жалпы әлеуметпен байланысты болған әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері бойынша талдау жасаулары қажет. Криминологиялық зерттеуді ұйымдастыру. Зерттеудің жоспар-бағдарламасы. Криминологиялық зерттеудің қорытындысын өңдеу және өткізу тәртібі. Қорытындыны анализдеу және оны ішкі істер органдарының қылмыстылықпен күрес жүргізуіндегі қолдану. Қылмыстылықты анализдеу әдісін меңгеру-бағдарлаудың шын мәнінде екендігін арттыруда, жедел іздестіру қызыметінің тиімділігін болашақта арттырудың қажетті шарттарының бірі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.