Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары



3-тақырып. Қылмыстылық және оның негізгі сипаттамалары

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Қылмыстылықтың түсінігі және белгілері.

2. Қылмыстылықтың жағдайы, деңгейі, динамикасы.

3. Қылмыстылықтың құрлымы. Латентті қылмыстың түсінігі.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Абрамкин В.Ф. Поиски выхода. Преступность, уголовная политика, места заключения в постсоветском пространстве. М., 1996.

2. Антонян Ю.М., Бородин С.В. Преступность и психические аномалии. М., 1987.

3. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңы // Егемен Қазақстан. 1998. 3-шілде.

4. Аликперов Х. Д., Расулов Р. И. Понятие и причины латентной преступности. – Баку. 1989.

5. Антонян Ю. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии. – М., 1987.

6. Бабаев М. М. Социальные последствия преступности. – М., 1982.

7. Бышевский Ю. В. Использование показателей, характеризующих преступность в деятельности органов внутренних дел. – Омск, 1983.

8. Каиржанов Е. И. Криминология ( Общая часть ). – Алматы, 1995.

9. Кларк Р. Преступность в США. – М., 1975.

10. Ковалкин А. А. Латентная преступность и ее выявление ОВД. – Киев, 1985.

11. Криминология / Под ред. В. А. Коробейникова және басқалар – М.,1988.

12. Криминология / Под ред. В. Н. Кудрявцева және В. Е. Эминова. – 1995.

13. Криминология и профилактика преступлений / Под ред. А. И. Алексеева. – М., 1989.

14. Бышевский Ю.В., Конев А.А. Латентная преступность и правосознание. Омск, 1986.

15. Воронин Ю.А. Система борьбы с преступностью в США. Свердловск, 1990.

16. Джекебев У.С. Преступность как криминологическая проблема. Алма-Ата, 1974.

17. Дашков Г.В. Основные направления изучения вопросов борьбы с преступностью в зарубежных странах // Научная информация по вопросам борьбы с преступностью. М., 1991, № 130.

18. Долгова А.И. Криминологические проблемы отдельных видов преступлений // Причины отдельных видов преступлений и проблемы борьбы с ними. – М., 1989.

19. Исмаилов И.А. Преступность и уголовная политика. Баку, 1990.

20. Карпец И.И. Преступность. Иллюзии или реальность. М., 1992.

21. Кудрявцев В.Н. Преступность и нравы переходного общества. – М.:Гардарики, 2002г.

22. Комплексное изучение системы воздействия на преступность. Л., 1978.

23. Криминологическая характеристика и профилактика современных проявлений преступности в Республике Казахстан. Алматы, 2001.

24. Кошербаева А.Б. Преступность: методология исследования // Право и государство. 1997. № 8, с. 30-35.

25. Латентная преступность: познание, политика, стратегия. М., 1993.

26. Побегайло Э.Ф. Тенденции современной преступности и совершенствование уголовно-правовой борьбы с нею. М., 1990.

27. Уэда К. Преступность и криминология в современной Японии. М., 1989.

28. Чукмаитов Д.С., Литвинова Т. Программы наблюдения за рецидивистами в США (по материалам научных публикаций) // Проблемы науки в Казахстане. Алматы, 1998.

29. Яковлев А.М. Преступность и социальная психология. М., 1971.

30. Яковлев А.М. Преступность как образ жизни. М., 1967.

Оқытушынын кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстық басқа тақырыптарымен, басқа пәндермен байланысы айтылады. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптың қылмыстылықпен күресуде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау: Қылмыстылықтың түсінігі және белгілері.

Қылмыстылық әлеуметтіқ құқықтық сипатқа ие, белгілі бір уақыт аралығынды жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын қоғамдық құбылыс. Әр кезеңге сай өзгермелі (жағдайы, деңгейі, динамикасы) болып келеді.

Қылмыстылық тарихи өзгермелі құбылыс. Бұл құбылыстың болуы қоғамның дамуына байланысты болады.

Қылмыстылықтың түсінігі маңызды зерттеулерді көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларында айтылып жатқандай қылмыстық саясатта, құқықтық реформаларда қылмыстылықтың алдын алу шаралары, жекелеген қылмыстарды ескерту реформаның маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

Қылмыстылық – бұл өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір кезеңде жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі; қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сипатталатын барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс.

Қылмыстылықтың келесідей тектік белгілерін бөліп көрсетуге болады: тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың болуы, әлеуметтік-құқытық табиғаты. Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды.

Криминология ғылымы кейбір ғалымдардың құқықтық және моральдық нормаларға қайшы келетін қылмыстылық ұғымына көрінген қылық-әрекеттерді тықпалайтын тұжырымдарын жоққа шығарады.

Көрініп тұрғанындай, „қылмыстылық“ ұғымы мұқият зерттеу мен зерделі көзқарасты талап етеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасы құқықтық реформасының Мемлекеттік бағдарламасында осы құбылыстың анықтамасын қазіргі жағдайға лайықтап белгілеу қажеттігі де айтылған.

Екінші сұрақты талқылау: Қылмыстылықтың жағдайы, деңгейі, және динамикасы.

Қылмыстылықтың жағдай, динамикасы деңгейі. Яғни қылмыстылықтың сандық сапалық негіздері. Қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы ол оның жағдайы. Қылмыстылықтың жағдайы дегеніміз ‑ жасалған қылмыстардың жиынтығы, қылмыс жасаған тұлғалардың жиынтығы, және қандай уақыт аралығында, аумақта жасалғанын анықтайды.

Қылмыстылықтың деңгейі, жасалған қылмыстардың жиынтығына байланысты (мысалы 10 немесе 100 мың). Кейбір жағдайларда деңгейді қылмыстылықтың коэффиценті деп төмендегідей формуламен шешіледі:

К=П 10000

  Н

К- дегеніміз қылмыстылықтың коэффиценті, П- жасалған қылымыс саны, Н- аумақтағы тұрғындардың саны ( жалпы 14 жастан жоғары)

Коэффицент әр бір аумақтардағы қылмыстылықтың, сол аумақтардағы тұрғындардың санына байланысты деңгейін жағдайын көрсетеді.

Үшінші сұрақты талқылау: Қылмыстылықтың құрлымы. Латентті қылмыстың түсінігі. Қылмыстылықтың құрылысы оның ішкі көрінісін, жекелеген қылмыстардың жиынтығын, бір аралық уақытта, бір аумақта жасалғанын, қылмыстық-құқықтық, криминологиялық әлеуметтік демографиялық белгілері арқылы анықталады. Жалпы айтқанда қылмыстылықтың құрылысы ол оның ішкі құрылымы және заты.

Қылмыстылықтың құрылысын жекелеген қылмыстардың жиынтығымен, қылмыскер тұлғаларымен анықталады.

Қылмыстылықтың кұрылысын анықтау үшін бірнеше анықтау түрлері болады.

Біріншіден, қылмыстылыққа кеңістік және мерзімдік белгілері басты құрылысы болады (аумақ араларындағы, уақыт және кеңістік араларындағы).

Екіншіден, қылмыстылықтың құрылысын қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты; қылмыстардың санаттарына байланысты анықтау мүмкін.

Үшіншіден, қылмыстылықтың құрылысын , оның объектісіне және сол объектіге қол сұққан тұлғаның ішкі психикалық жағдайына байланысты анықтауға болады.

Төртіншіден, қылмыстылықтың құрылысын қылмыскердің белгілеріне байланысты яғни жынысы, жасы, соттылығы, әлеуметтік жағдайына байланысты анықтауға болады.

Қылмыстылықтың динамикасы дегеніміз ‑ ол қылмыстардың уақыт мерзім аралығындағы көрсеткіші; оған әсер ететін үш факторлары бар:

1. Қылмыстылықты детерминациялайтын әлеуметтік процесстерге байланысты

2. Қылмыстылықтың көлемі жағдайына байланысты анықталады

3. Ішкі істер органдардың қылмыстарды ашудағы жұмысы.

Латентті қылмыстылықтың түсінігі

Қылмыстылықтың статистикалық көрсеткіштері нақты латентті қылмыстылықтың жағдайын көрсетуі мүмкін емес; себебі ол әлеуметтік құбылыс .

Латентті қылмыстылық дегеніміз ‑ ол бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың және қылмыскерлердің жиынтығы, осы уақыт аралығында есепке алынбаған қылмыстардың жиынтығы. Шет мемлекет елдерінде латентті қылмыстылық аса маңызды болып саналады; ол атақты криминолог ғалымдардың жұмыстарында көзделген. Олар А.Кетле, Э.Ферри, Р.Мето-Смита, Е.Реснера және т.б.

Сол кездері қылымыстардың толықтай полицияға хабарламауы, тіркелмеуі анықталған.

Г.И. Забрянский, А.А. Конева, А.С. Шляпочникова сияқты криминолог ғалымдар латентті қылмыстылықты үш түрге бөліп қарастырған:

1) кейбір қылмыстар кәмелетке толмағандарға қатысты сот арқылы шешіледі

2) анық көрсетілген қылмыстардың жиынтығы, бірақ ішкі істер органдардың қызметкерлерімен есепке алынбаған тіркелмеген

3) кейбір қылмыстардың жиынтығы толық қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тіркелмейді.

Жалпы летентті қылмыстылықты төрт топқа бөліп қарастыруға болады:

1) Латентті қылмыстылықтың ең жоғарғы деңгейіне байланысты қылмыстар, олар пара алу, пара беру, делдал болу алаяқтық, есірткі заттардың заңсыз айналымы т.б.

2) Латентті қылмыстылықтың орташа деңгейіне байланысты қылмыстар, олар зорлау, жыныстық қатынас жасауға мәжбүр ету, ұрлық, бұзақылық, және т.б.

3) Латентті қылмыстылықтың жеңіл деңгейіне байланысты қылмыстар олар аса ірі мөлшердегі ұрлық; алаяқтық, кісі өлтіру, т.б.

4) Латентті қылмыстылықтың төменгі деңгейіне баланысты қылмыстар олар бандитизм, кісі өлтіру, камаудан қашу, т.б.

Латентті қылмыстылықтың деңгейін төмендету шаралары:

1) Халық арасындағы пропаганда жүргізу.

2) Заңдылықты сақтау.

3) Қылмысты хабарламау үшін қылмыстылықтық жауаптылықты алып тастау және т.б.

Оқытушы барлық сұрақты қарап өткесін, әрқайсына қортынды шығаруы керек.

Қорытынды

Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.

Таяудағы уақытқа дейін арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұқаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-құқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.

Тіпті, „қылмыстылық“ өзінің құрамына әралуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.

Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын құрамайды дейтін болсақ, оның «дербестігің өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.

Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық – жалпы әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар жекелеген қылмыстар белгілі-бір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.