Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Криминологиялық зерттеулердің методологиясы мен әдістемесі.



2-тақырып. Криминологиялық зерттеулердің методологиясы мен әдістемесі.

Сабақ түрі– дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Криминологиялық зерттеуде методологияның түсінігі.

2. Қылмыстылықты зерттеуде криминологиялық әдістеме.

3. Қылмыстық статистика және оның қылмыспен күрестегі маңызы.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:

1. Алауханов Е. О. Криминология (Қылмыстану) Оқулық // Алматы, 2005

2. Баймаганбетов С.Н. Системный подход к криминологическому исследованию города-спутника // Вопросы охраны правопорядка и борьбы с правонарушениями в деятельности ОВД. Караганда, 1983.

3. Блувштейн Ю.Д., Добрынин А.В. Основания криминологии. Опыт логико-философского исследования. Минск, 1990.

4. Босхолов С.С. Криминологическая информация в правоприменительной деятельности ОВД. Минск, 1990.

5. Долгова А.И. и др. Методика анализа преступности. М., 1986.

6. Долгова А.И. и др. Методика изучения территориальных различий преступности и их причины. М., 1989.

7. Журавлев Р.А. Методологические и прикладные аспекты изучения преступности на селе // Государство и право, 1992, № 12.

8. Забрянский Г.И. Методика криминологической классификации регионов // Вестник Московского университета. Сер. 11, 1989, № 5.

9. Косоплечев М.П. Анкетный метод в криминологических исследованиях. М., 1983.

10. Кудрявцев В.Н Генезис преступлений. Опыт криминологического моделирования. М., 1998.

11. Минин А.Я. Информатизация криминологических исследований (теория и методология). Екатеринбург, 1992.

12. Новиченко А.С. Методологические основы познания преступности. М., 1991.

13. Ной И.С. Методологические проблемы советской криминологии. Саратов, 1975.

14. Овсянников В.Г. Методология и методика в прикладном социологическом исследовании. Л., 1989.

15. Панкратов В.В. Методология и методики криминологических исследований. М., 1972.

16. Пристанская О.В., Юцкова Е.М. Методика криминологического изучения правосознания и общественного мнения о преступности. М., 1990.

17. Сартаева Н.А. Социологические методы в исследовании проблем наркотизма в Республике Казахстан. Автореф. дис….канд.юрид.наук. Караганда, 1998.

18. Совершенствование методов и форм борьбы с преступностью / Отв.ред. Р.Г. Домбровский. Рига, 1989.

Оқытушынын кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстық басқа тақырыптары мен басқа пәндермен байланысы. Осының барысында білім алушылардың осы тақырыптық қылмыстылықпен күресуінде маңызы бар екендігіне назар аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау: Криминологиялық зерттеудің методологиясының түсінігі.

Methodos грекше сөзбе-сөз алғанда “бірдемеге жол”, зерттеу дегенді білдіреді. Ғылыми айналымда “методология”, “әдістеме”, “әдіс” және басқа да бірқатар сөздер пайдаланылады. “Әдіс” дегеніміз амал, зерттеу тәсілі. “Әдістеме” – зерттеу әдістерінің жиынтығы. “Методология” – бірдемені ғылыми зерттеудің жолдары, әдістері туралы ілім.

Кез-келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеудің методологиясы зерттеу заты мен объектісіне, зерттеуші алдына қойған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдістемесі өлі табиғатты зерттеу әдістемесімен бірдей бола алмайды, қоғам мен адамды зерттеу әдістемелері де басқа.

Криминология пәнінің басты мақсаты оның пайда болу заты болып табылады. Криминология әлеуметтік турғыда, қылмыстылықтың бар болуын анықтап көрсетіп, оларға ғылыми түсінік береді. Ары қарай эмпирикалық мәліметтерге және теориялық жағдайға байланысты, зерттеу объектілердің маңызын ашып; қылмыстылықтың пайда болу себептерін, қылмыскер тұлғасының қалыптасуын және қылмыстылықтың алдын алу әдістеріне криминология пәні ғылыми түсінігін береді. Криминологиялық маңызы бар тенденцияларды зерттеу барысында, қылмыстылықтың динамикасын деңгейін болжайды.

Криминологияның мақсатында қылмыстылықты тек қана методикалық түрде қарастыру емес, сонымен бірге қылмыстылыққа әсер ететін экономикалық әлеуметтік детерминанттарды зерттеу болып табылады. Қылмыстылықты ескерту әсіресе маңызды экономикалық, мемлекеттік, қаржы салық қызмет салаларында болып табылады. Тағы да экологиялық қылмыстылықты ескерту криминологияның аса маңызды міндеті, әсіресе (Арал, Балхаш Атырау, Қызыл-Орда, Семей аумақтарында). Сонымен қата, аса маңызды болып сыбайлас жемқорлық және кәсіби қылмыстылықты ескерту табылады. Компьютерлік техника, киберқылмыстылық,  жарнама істеріне байланысты қылмыстарды ескерту, жасөспірімдердің арасындағы ішімдікті, есірткі заттарын колданудың алдын алу басты мақсат. Қылмыстылықтың өзімен, себептерімен күресу үшін қылмыстылықтың алдын алу, ескерту шараларын жүзеге асыру қажет. Қылмыстылықтың алдын алу үшін қазіргі таңда көптеген заңнамалар қабылданып жатыр.

Екінші сұрақты талқылау: Қылмысты зерттеудің криминологиялық әдістемесі.

Криминология философияның жалпы ерекше және жекеленген жағдайлармен процесстерді талқылайды және болжайды. Бүкіл қылмыстылық бұл жалпы, жеке қылмыс жекеленген. Олардың арасында философиялық байланысы көрсетілгендей диалектикалық өзара қатынас бар. Жалпы қоғамның белгілі бір даму сатыларына сай басады. Сонымен қатар тарихи перспективада талаптануы қажет. Криминология сонымен қатар философиялық мүмкіндік пен шындық категорияларына сүйенеді.

Криминология таза ғылым саласы. Ал оқу пәні ретінде қылмыстық құқық ғылыми көзқарастарды қолдана отырып, қылмыстық құқықты құрайтын нормалардың мәнін ашады.

Үшінші сұрақты талқылау: Қылмыстық статистика және оның қылмыспен күсрестегі маңызы.

Статистика құбылыстардың сапалық жағын ескере отырып, сандық мәселесімен айналысатындықтан, осы құбылыстардың ішінде қылмыстылық та бар. Сол себепті криминология да статистиканың көмегіне жүгіне алады. Статистиканың қылмысқа қатысты бөлігінің нәтижелері криминологиялық зерттеулер жүргізуде көптеп қолданылады, бірақ статистика (оның қылмыстылыққа қатысты бөлігін қоса алғанда) өзі криминологияның алға қойған міндеттерін қоймайды.

Негізінен статистикалық әдістер криминологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Жалпы қасиеттерді таба отырып және сипаттай отырып, статистика үлкен сандар заңының әрекетіне негізделген жалпы статистикалық заңдылықтарды анықтайды. Олар заңдылықтың қалыптасуының ішкі тетігін түсіндіреді, себепті байланыстарды бөлектеп қарамайды.

Статистикалық заңдылықтарды іздестіру құбылыстардың ортақ қасиеттерін табу және сипаттау жолдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, бұрын рецидивистердің 60 %-нан 80 %-на дейінгі алғашқы қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасағандығын статистика дәлелдеген болатын. Бірақ бұл статистикалық заңдылық неге негізделген? Жоғарыда аталған ұзақ уақыттық зерттеу осы құбылыстың тетігін ашуға мүмүкіндік береді. Криминологиялық зерттеу әдістері

1. Криминологиядағы жалпы ғылымдық әдістер;

2. Криминологиядағы нақты социологиялық әдістер;

3. Криминологиядағы нақты статистикалық әдістер.

Криминологияда қолданатын әдістерді екіге, атап айтқанда, жалпы ғылымдық және арнайы ғылымдық деп жіктеуге болады. Соның ішінде жалпы ғылымдық әдістерді оның табиғатына қарамастан барлық ғылымдар қолданады. Олар:

- абстрактіліктен нақтыға өту. Бұл әдіс, ең алдымен, бұған дейінгі қылмыстылық, оның детерминанттары мен жасалған шаралардың тиімділігі туралы жеткен нәтижелерге көз жүгіртуді, және, одан кейін, ол жеткен нәтижелердің де жеткіліксіз екендігін білу мен қылмыстылықтың, оның детерминанттарының қозғалып бара жатқан ашық жүйе екендігін үнемі есте ұстауды білдіреді. Әл-Фарабидың сөзімен айтқанда, құбылысты неғұрлым жақсы танып, оған жақындаған сайын ол да соншалықты одан қашады.

- Гипотеза. Бұл әдіс бұған дейін алынған эмпирикалық мәліметтерді есепке ала отырып, жөн-жосықсыз зерттеу жүргізбей, зерттеуді мақсатты жүргізуге жәрдемдеседі.

- жүйелік-құрылымдық талдау. Кез келген құбылысты құрылымдық элементтерге бөліп және олардың өзара ықпалын зерттеуді білдіреді. Қылмыстылықтың құрылымын немесе оның детерминанттарын топтастырғанда оны аңғаруға болады. Сол сияқты қылмыстылықтың өзі де қоғам деп аталатын үлкен жүйенің элементі.

- тарихи әдіс. Неғұрлым ұзақ мерзімді алып зерттеуді көрсетеді.

- салыстыру. Әр түрлі елдердегі осы құбылыстың зерттелуін салыстыруды меңзейді.

Криминологияда қолданылатын әдістерді реактивтік және реактивтік емес деп те бөледі. Алғашқысы зерттеуші мен зерттелушінің тікелей байланысқа түспей-ақ зерттеу жүргізу әдісін білдірсе (мысалға, қылмыстық материалдарды, істерді талдау), соңғысы - тікелей зерттеуші мен зерттелушің түйісуі нәтижесінде мәлімет жинауды көрсетеді (мысалға, сұхбат алу, анкета жинау т.б.).

Қорытынды

Криминолог нақты зерттеуді қылмыстылықты талдаудан бастауы керек, содан соң оның детерминациясы мен себептілігі процестерін зерттеуге көшеді.

Қылмыстылық – қоғам жемісі, бірақ оған қоғам дертінен туындай салған, көзге бадырайтып көрініп тұрған нәрсе деп қарауға болмайды. Қоғам өзгергенде қылмыстылық онымен бірге, тез өзгере салмайды. Онда өзіндік ерекше сипаттама бар, сондықтан оған өзінше қарау керек. Қылмыстылықты сыртқы жағдайлардың өзгергеніне қарай бірден өзгере салмайтын, тұрақталып қалған “бедермен” салыстыруға болмайды. Адамдар қатып қалған саз батпақтың бетінен ежелгі өсімдік іздерін табады. Қылмыстылықты талдағанда қоғамдақ қатынастардың бүгінгі сипаттамасын ғана емес, адамдар санасында, олардың дәстүрінде, іс-әрекетінде сақталып қалған өткенін де көруге болады. Тіпті қылмыстылықтың өзі де қоғамға ықпал етеді.

Криминологиялық зерттеудің методологиясы тағы да бір проблеманың шешіміне байланысты. Кейбір ғалымдардың пікірінше, қылмыстылық дегеніміз – абстракция. Жекелеген қылмыстар және қылмыстардың жекелеген түрлері нақты өмірде бар. Мұндай ойдың логикасы мынадай: қылмыстылық дегеніміз – қылмыстардың жасалынатындығын білдіреді, ал жасалынатындық нәтижесінде не туындайды, ол – көптеген мән-жайларға, адамның биологиялық және басқа да қасиеттеріне, ол үшін қарастырылған сырт жағдайларға байланысты. Бұл ретте зерттеушіні не туындайтыны емес, сол жасалынатын процесс қызықтырады деп дәлелдейді. Басқа авторлар қылмыстылықты оның детерминация процесімен теңестіруге болмайды, ол оның нәтижесі, оған өзінше назар аудару қажет дейді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.