Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тақырып. Криминологияның түсінігі, пәні, міндеттері және қалыптасу тарихы.



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

ЗАҢ ИНСТИТУТЫ

 

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Қылмыстық құқық және криминология

кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

_____________Е.М. Бимолданов

«____»_______________ 2018 ж.

 

К Р И М И Н О Л О Г И Я

пәні бойынша

ДӘРІС КЕШЕНІ

 

 

кафедра отырысында талқыланып

мақұлданды 2018 жылдың «___» ________

№ ___ хаттамасы

 

 

Алматы, 2018

1-тақырып. Криминологияның түсінігі, пәні, міндеттері және қалыптасу тарихы.

Сабақ түрі – дәріс.

Жоспар

Кіріспе

Дәріс сұрақтары:

1. Криминология түсінігі, заты және әдісі.

2. Криминология жүйесі, оның басқа ғылымдармен арақатынасы.

3. Криминология әдістемесі мен міндеттері.

4. Криминологияның қалыптасуы.

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

1. Актуальные проблемы буржуазной криминологии. М., 1983.

2. Аристотель. Нихомахова этика // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 1. М., 1999, с. 152-168.

3. Беккариа Ч. О преступлениях и наказаниях // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 3. М., 1999, с. 154-164.

4. Герцензон А.А. Уголовное право и социология. М., 1970.

5. Даньшин И.Н. Криминология: Понятие, предмет, задачи и система криминологической науки. Харьков, 1995.

6. Иванов Л.О., Ильина В.Л. Пути и судьбы отечественной криминологии. М., 1991.

7. Иншаков С.М. Зарубежная криминология. М., 1997.

8. Карпец И.И. Соотношение криминологии, уголовного права и исполнительно-трудового права // Советское государство и право, 1981, № 4.

9. Криминологические и уголовно-правовые идеи борьбы с преступностью. М., 1996.

10. Криминологические исследования в мире. М., 1995.

11. Ломброзо Ч. Новейшие успехи науки о преступниках. Преступление // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 3. М., 1999, с. 506-514.

12. Монтескье Ш. О духе законов // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 3. М., 1999, с. 108-126.

13. Мор Т. Утопия // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 2. М., 1999, с. 704-708.

14. Платон. Государство. Законы // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 1. М., 1999, с. 147-151.

15. Проблемы буржуазной криминологии. М., 1981.

16. Решетников Ф.М. «Классическая школа» и антрополого-социологическое направление в уголовно праве. М., 1985.

17. Тард Г. Преступник и преступление // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 3. М., 1999, с. 514-519.

18. Ферри Э. Уголовная социология // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 3. М., 1999, с. 521-528.

19. Цицерон. О государстве. О законах. Об обязанностях // Антология мировой правовой мысли: В 5 т. Т. 1. М., 1999, с. 220-241, 253-258.

20. Энгельс Ф. Положение рабочего класса Англии // Антология мировой правовой мысли. В 5 т. Т. 3. М., 1999, с. 427-429.

 

Оқытушынын кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы, маңызы, қарастырылуға жататын сұрақтар, тақырыптың курстың басқа тақырыптары және басқа пәндермен байланысы. Білім алушылардың назарын аталған тақырыптың қылмыстылықпен күресуінде маңызы бар екендігіне аудару қажет.

Бірінші сұрақты талқылау: Криминологияның түсінігі, пәнін, затын және әдісін ашып көрсету қажет.

Криминология – салааралық ғылым. Сол себепті оның анықтамасын бір сөйлеммен айтып шыққанда түсініксіз болып қалуы мүмкін. Сондықтан да криминология қандай ғылым саласын екендігін білу үшін ол туралы жалпы картинаны қалыптастыру керек, ол үшін, әрине, оның нені зерттейтіндігін, яғни пәнін анықтау ләзім.

Жалпы, криминология сөзі екі бөліктен тұрады, яғни латынша «кримен» - қылмыс және грекше «логос» – ілім. (Құқық философиясы мен қылмыс философиясы), статистика ғылымдары, тағы да басқа бірқатар ғылым салалары бар. Осы салалардың барлығы да қылмыс мәселелерімен айналысқанымен әрқайсысы әр қырынан келеді. Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады. Криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі ‑ қылмыс екендігін дәлелдеу. Демек, криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі-қылмыс сияқты болып көрінеді, бірақ бұл әлі де нақты емес. Криминологияның ең басты мәселесі, жүрегі ­ қылмыстылық. Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарының ғылымдары қылмысты әр түрлі қырынан қарастырса, криминология ол мәселелерді емес, қылмыстылық атты құбылысты зерттейді. Криминология ғылымының пәнін құрайтын компоненттер:

1) қылмыстылық;

2) қылмыстылықтың себептері;

3) жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары;

4) қылмыскердің тұлғасы;

5) жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы;

6) қылмыстылықтың алдын алу;

7) криминологиялық болжау.

1) қылмыстылық;

2) қылмыстылықтың себептері;

3) жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары;

4) қылмыскердің тұлғасы;

5) жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы;

6) қылмыстылықтың алдын алу;

7) криминологиялық болжау.

Екінші сұрақты талқылау:

Криминологиялық ілімнің жүйесінде төрт түрлі негізгі оқу бағыттары бар: қылмыстылық, қылмыстылықтың детерминанттары, құқық бұзушының тұлғасы және қылмыстылықтың алдын алу туралы бағыттар. Әр түрлі негіздеуге сай құрылымның басқа да элементері ерекшеленіп көрінеді: жеке теориялар, мәселелер, тұжырымдар және т.б. Соның ішінде оған қатыстысы: криминологияның ғылымтану мәселелері, оның даму тарихы, қылмыстың жеке түрлерінің криминологиялық сипаты, қылмыстылықты қарастыруды ұйымдастыру мен әдістемесі, криминологиялық дамуды көре білу және жоспарлау.

Санамалап келтірілген мәселелер криминологияның маңызды бөлігі – Жалпы бөлімге жатқызылады. Ал Ерекше бөлімі мынадай тақырыптардан құралады: қайталанылатын қылмыстылықтың алдын алу мен криминологиялық сипаттамасы; кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылық; кәсіби және ұйымдасқан қылмыстылық; абайсыздағы қылмыстылықтың алдын алу мен криминологиялық сипаттамасы; әйелдер арасындағы қылмыстылық; пайда табу жолындағы қылмыстылық; алкоголь мен маскүнемдікке байланысты қылмыстылық.

Криминологияның ерекше бөлімі нақты материалдардың жинақталуы мен мәселердің өзектілігіне байланысты жаңа тақырыптармен толықтырылып, жаңарып отыратынын есте ұстау қажет. Мәселен, экологиялық және халықаралық қылмыстылыққа криминологиялық сипаттама беру. Келешекте криминология жүйесінде оның үшінші бір бөлігі де ерекшеленуі тиіс - қылмыстың кейбір жеке түрлерінің (ұрлық, кісі өлтіру, немқұрайды қарау, қашу және тағы басқа) криминологиялық сипаттамасы мен алдын алу жолдары. Жекенің, ерекшенің, жалпының заңдылығының көріну логикасы осыған саяды.

Криминология жүйесі догма емес. Даму барысында ол толықтырылып, өзгеріліп отырылады. Алайда, криминология жүйесі барлық жағдайда оның пәніне сәйкес келіп, соғай сай көрінуі тиіс.

Криминологияның жалпы бөлімі қылмыстылық, оның себептері сияқты мәселелерді жалпылама қарастырады, яғни онда ешқандай да қылмыстылық түрі туралы әңгіме қозғалмайды.

Ал ерекше бөлімде нақты қылмыстылықтың түрлері алынып, олардың алдын алу мәселесіне баса назар аударылып, жалпы бөлімде алынған бөлімдер нақты қолданылады. Мысалға, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы алынып, оның деңгейі, қарқындылығы, динамикасы (жалпы бөлімде барлық қылмыстылықтың осындай көрсеткіштері зерттеледі), жасалу себептері (жалпы бөлімде барлық қылмыстылықтікі), кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысынан жәбір шегетіндердің мінез-құлқы мен тұлғасы, кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтың бұл түрінің алдын алу мен болжау мәселелері сөз болды.

Дәл осы сияқты әйелдердің қылмыстылығы, рецидив (қайталанбалы) қылмыстылық, кеден қылмыстылығы, сыбайлас-жемқорлық қылмыстылығы және т.б. жөнінде де осылай айтуға болады.

Криминологияның жүйесі. Криминология құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Криминологияның жалпы бөлімі (қылмыстылық, оның себептері тағы басқалары) жалпылама қарастырады, яғни онда ешқандай да қылмыстылық түрі туралы әңгіме қозғалмайды. Ал ерекше бөлімде болса (немесе ерекше криминология) нақты қылмыстылықтың түрлері алынып, жалпы бөлімде алынған бөлімдер нақты қолданылады.

Криминологияның ғылым жүйесіндегі орны ерекше. Криминология таза ғылым саласы. Ал оқу пәні ретінде қылмыстық құқық ғылыми көзқарастарды қолдана отырып, қылмыстық құқықты құрайтын нормалардың мәнін ашады.

- Қылмыстық құқық және криминология.

- Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминология.

- Қылмыстық - атқару құқығы және криминология.

- Статистика және криминология.

- Психология және криминология.

- Социология және криминология.

Төртінші сұрақты талқылау: Криминологияның тарихи калыптасуы:

Криминология ғылымының қалыптасуына төрт түрлі зерттеулер ықпал етті:

1) антропологиялық;

2) статистикалық;

3) әлеуметтік - экономикалық және социологиялық;

4) құқықтық;

Статистикалық зерттеулер: осы уақытта жемісін бере бастаған болатын (А.Кетле, А. Герри, Э. Дюкпетью, А. Хвостов). Осы ағымның белді өкілі белгиялық математигі және статистигі Адольф.

Әлеуметтік‑экономикалық және социологиялық зерттеулер: өз кезегінде қылмыстылық пен әлеуметтік факторлардың арасындағы байланысты анықтады. (Э.Ферри, Р.Гарофало, Марро, Ф.Энгельс, К.Маркс, Ашшафенбург т.б).

Қорытынды

Құқықтық және құқық социологиясының зерттеулер: қылмыстардың әлеуметтік негізіне, олардың салдарына емес себептеріне назар аудартты (Н.С. Таганцев, Ф.Лист, М.В. Духовский, И.Я.Фойницкий,М.П.Чубинский т.б.) Қылмыстық саясат туралы ілім пайда болды. Осындай негізгі төрт түрлі зерттеулердің тоғысуы нәтижесінде ХIХ ғасырдың аяқ шенінде криминология ғылымы өз алдына шаңырақ тікті, құқық салаларынан (өзге мемлекеттер үшін биологиядан, социологиядан) бөлініп шықты. Герцензон, А.Б. Сахаров, Н.Ф. Кузнецева, И.И. Карпец, В.Н. Кудрявцев т.б. авторлардың жаңа легі көп еңбек сіңірді. Осы жолда Қазақстандық ғалымдар да өз үлестерін қосты, атап айтқанда, З.О. Ашитов, Б.С. Бейсенов, Қ. Бегалиев, С.Я. Булатов, Ү.С. Жекебаев, Е.І. Қайыржанов, А.А. Мамытов, Р.Т. Нұртаев (кейінірек), Р.Н. Судакова, С.Ә Шапинова, т.б. ғаламдар. Қазіргі күнде қарынды қалам сілтеп жүрген тәуелсіз Қазақстанның криминологтары да бір саптық болып қалды- Н.М. Әбдіров; А.Н. Ағыбаев, Н.О. Дулатбеков, Б.Ж. Жүнісов, М.С. Нәрікбаев, Е.О. Алауханов, С.М. Рахметов, Г.Р. Рүстемова және т.б.

Үшінші сұрақты талқылау: Криминология ғылымының мынандай үш түрлі міндетін атауға балады:

1. Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті. Қылмыстылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы ( виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау.

2. Болжау міндеті ­ криминогендік құбылыстардың болашақтағы өзгерістері туралы негізді ұсыныстар жасау.

3. Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға келеді, сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.