|
||||||||||||||
Тауарларды және қызметтерерді жылжытуға бюджетті өңдеуТауарларды және қызметтерерді жылжытуға бюджетті өңдеу Тауарларды жылжытудың қандай болмасын қызметіне, мысалы жарнамаға, шығындардың сметасын есептеуде қолданылатын ең кең тараған төрт әдіс бар: 1. «Қолдағы бар қаражаттардан» есептеу әдісі, яғни кәсіпорын бюджеті қанша мүмкіндік берсе, сонша саламыз (бухгалтерлік деректер). 2. «Сату көлемінен пайыздап» есептеу әдісі (мысалы, сату көлемінің 3 %). 3. Бәсекелестік тепе-теңдік әдісі, яғни басты бәсекелестің бюджетіне тең алынады. 4. «Мақсаттармен міндеттерге негіздеу» әдісі. Бұл болса жарнамаға, өткізуді ынталандыруға бюджетті, фирма алдында тұрған нақты мақсаттар мен міндеттер негізінде, қалыптастыру болып табылады. Осындай барлық шығындардың қосындысы фирманың тауарларын рынокта жылжытуға кететін бюджеттік қаражаттардың шамаланатын цифрін береді. Өткізуді ынталандыру кешенінің құрылымын анықтайтын факторлар Тұтынушылар рыноктарында және ӨАТ рыноктарында ынталандыру факторларының ықпалдылығы әр түрлі. Тауарды «тықпалау» стратегиясы және тұтынушыны тауарға тарту «сүйреу» стратегиясы орын тепкен. Тұтынушылардың тауарды қабылдауын ынталандыратын факторлардың салыстырылмалы түрде ықпалдылығы төмендегендей көрінеді.
«Тықпалау» стратегиясы тауарды саудагерлерге және сатып алушыларға «алдан-ала» сатуды білдіреді. Сатып алушыны тарту («сүйреу») стратегиясы жарнама және оған деген көп шығындар арқылы іске асырылады. Өміршеңдік циклінің- тауарды рынокқа шығару және өткізудің өсу-кезеңдерінде басты рольді жарнама және насихаттау атқарады. Тауардың кемелдену кезеңінде жарнамамен салыстырғанда ынталандырудың маңызы күшейе түседі. Тауардың құлдырау кезеңінде жарнамаға тек еске салу мақсатында сирек барады, насихаттау нөлге түседі, өткізуді ынталандыру белсенді түрде сақталады.
|
||||||||||||||
|