Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Физикалық тарату – тауар қозғалысы.



Физикалық тарату – тауар қозғалысы.

Тауар қозғалысы – бұл өзіңе тиімді болатындай есеппен тұтынушыларды қанағаттандыру мақсатында дайын өнімдерді және материалдардың өндірілдген орнынан пайдалатын орындарына дейін физикалық қозғалысын жоспарлау, іске асыру және бақылау бойынша қызмет.

Жеткізу уақытын қысқарту қосымша қоймалар тұрғызу, қоймаларды кеңейту, көліктің жылдам құралдарын қолдану және тапсырыстарды өңдеуді тездету керектігі себепті, әдетте, шығындардың шекті қатынаста өсуіне әкеліп соқтырады.

Кәсіпорынның тарату жүйесінің құрылымы жеткізу уақыты және шығындармен анықталады. Екі құрамдасты да бір уақытта оптималдау мүмкін емес. Көбінесе берілген жеткізу уақытын сақтай отырып ең төменгі шығындар көзделеді.

Көтерме сауда.

Көтерме сауда – бұл тауарды қайталап сату немесе кәсіби пайдалану мақсатында қолға түсірушілерге оны сату үшін істелетін кез-келген қызмет. Көтерме фирма - бұл өндірушіден тауарды көп көлемде алатын және олардың бөлшек саудаға жетуін немесе тұтынушыларға тікелей өткізуді ұйымдастырушы кәсіпорын (10.1-кесте).

Көтермешілер – мақсатты рынок, баға, ынталандыру әдістері, кәсіпорын тұрғызатын орын, тауарлар және қызметтер – туралы шешімдер қабылдайды.

Қазіргі уақытта тәжірибеде көтерме саудалық филиалдар кеңінен тараған (бірінші болып «Зингер» фирмасы ашқан). АҚШ-та өткізу түсімінің 40% соларға келеді.

Жаңа тұтынушылар қалыптастыруға бағытталған рынок стратегиясының ірі жаңашылдығы болып франчайз танылады.

Франчайз типті контракттар 30 жж. Автомобиль, бензин, алкогольсіз сусындар өндірушілердің шағын тәуелсіз саудагерлерді, оларға өздерінің тауарларын сату құқығын беріп тартуынан басталады. Франчайз мәні мынандай: бір мезетте нақты төленім үшін және ай сайын продуцент пайдасына төленім жасау міндеттемесі үшін дилер тек қана продуценттің тауарларын және қызметтерін сатуға, оның тауар таңбасын пайдалануға, сату орындарын жабдықтау және қолдануда көмегін алып тұруға құқық алады. Фирманың дилер жұмысын бақылауы өте қатаң болады.

Лизинг – машина және қондырғыларды өткізу формасы және осымен қатар келісімдерді қаржылаудың құралы. Лизингтік ұйымдар өнімді өндірушілерге (ауыл шаруашылығы) жалға беру арқылы өткізеді, осымен бірге келісімдерді қаржылайды.

Лизингтің екі түрі бар: тікелей және делдалдар көмегімен. Делдалдық форма өндіруші (аренда беруші) және тұтынушы (арендатор) араларындағы байланысты лизингтік фирма іске асырады деп таниды.

Қаржылық лизинг орын тебеді, егерде:

• барлық коммерциялық операциялар өндірісті – техникалық арнаулы өнімдерге қатысты өткізілетін болса;

• жалдық мерзім ішінде қатысушылар шарттың күшін тоқтатуға құқығы жоқ негізгі уақыт аралығы бөлінген болса;

• техникалық ескертумен байланысты шығындар арендатор мойынына жүктелсе;

• техниканы күту және оны сақтандыруды арендатор орындайтын болса.

Лизингтің артықшылығы арендаға берілген техника аренданың түгел мерзімі ішінде лизингтік фирманың балансында болуы, ал төленімдер ағымдық шығындарға жатуы деп тануда.

Бөлшек сауда (сату)

Тұтынушыларға тауар жылжыту үрдісінде шаруашылықтық байланысты тұйықтырушы буын бөлшек сауда болып саналады. Бөлшек сауда арқасында материалды ресурстар тарату аймағынан тұтыну аймағына ауысады, тұтынушылардың меншігіне айналады.

Бөлшек сауда бірнеше функциялар атқарады:

• тауарлы рынокта конъюнктураны зерттейді;

• нақты тауарларға сұраныс және ұсынысты анықтайды;

• ассортимент құруда тауарларды талдап және анықтайды, оларды сұрыптайды;

• тауарларды қабылдау, сақтау, маркировкалау операцияларын өткізеді және оларға баға бекітеді.

Жабдықтаушыларға, тұтынушыларға көлік-экспедиторлық, пікір берушілік, жарнамалық, ақпараттық және т.б. қызметтер көрсетіледі.

Қызметтеу деңгейі бойынша бөлшек дүкендер:

- өзін-өзі қызметтеуші;

- тауарларды тәуелсіз таңдаушы;

- қызметтеу циклы шектеулі;

- қызметтеу циклы толық болып ажыратылады.

Бөлшек сауда тұтынушыларды қызметтеудің ерекшеліктеріне сәйкес мына түрлерге бөлінеді: стационарлы, жылжымалы және арнайы салып беруші.

Бөлшек сауда кәсіпорындары: ұсынылатын тауар ассортименті, сату бағасы, сауда қызметтеу сипаты, сауда кәсіпорынның иелігі, оларды шоғырландыру принципі бойынша жіктеледі.

Тексеру сұрақтары:

Тауарларды тарату арналары, арналар түрлерін атаңыз.

Маркетингтік тарату арналарының қандай буындары бар?

Көтерме сауда, көтермешінің маркетингтік мәселелері және шешімдері.

Бөлшек сауда, мұндағы маркетингтік шешімдер неден тұрады?

Лизингті өнімді өткізудің формасы ретінде суреттеп шығыңыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.