Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Баға тағайындаудың мәселелерi және саясаты



Баға тағайындаудың мәселелерi және саясаты

Фирманың өз тауарларына рыноктiк бағалар қалыптастыру үрдiсi, кем дегенде, алты кезеңнен тұрады:

Баға тағайындау мәселелерiн қою. Мұндағы шешiм тауарды рынокта жайғастырудан, ағымдағы рыноктiк жағдаяттарды ескерiп ұзақ мерзiмдi мақсаттарды бекiтуден тәуелдi.

Потенциалды сұраныстың мөлшерiн анықтау. Бұл есептер болашақ бағаның жоғарғы деңгейiн «көруге» мүмкiндiк бередi, ал одан асу өткiзудi екi талай етедi.

Өндiрiс шығындарын бағалау. Олардың қосынды көлемiне негiзделiп тауардың ең төменгi бағасы анықталады, одан төмен болса өндiрiс зиянды саналады. Бұл кезеңде өнiмнiң өзiндiк құнының өзгеру графигi салынады, ал ол шығындар функциясының түрiн көрсетедi (тура тәуелдiлiк немесе S – сипатты түрi).

Бақылау сұрақтары:

1. Баға тағайындауға ықпал ететін негізгі факторларды тізіп көріңіз.

2. Бағалық саясаттың мақсатын және баға тағайындау мәселелерін атап көріңіз.

3. Баға тағайындаудың қандай әдістерін білесіз?

4. Ақтық (соңғы) баға бекітудің тұғырларын атап көріңіз.

Тақырыбы:  Сервис. Тамақтану кәсіпорындарындағы кәзіргі сервис қағидалары 

 

Тақырыбы:  Тамақтану кәсіпорындарындағы бәсекелік орта 

Тақырыбы:  Маркетинг стратегиясы

Нарық жағдайында маркетингті жоспарлау екі бөлімнен тұрады:

· Стратегиялық жоспарлау;

· Тактикалық (ағымдық) жоспарлау немесе маркетингті жоспарлау.

Стратегиялық жоспарлау бұл фирманың қам-қарекеттері, оның потенциалды мүмкіндіктері және маркетинг саласындағы ұпайы араларындағы стратегиялық үйлесімділікті тудыру және қолдап отырудың басқарушылық үрдісі. Фирманың мақсат және міндеттеріне қол жеткізу үшін шаруашылық қоржынды дамытудың жоспары болуы абзал, ал ол болса нақты рынокта әрбір тауардың тартымдылығын бағалау негізінде құрастырылады. Стратегиялық жоспарлау фирманың даму стратегиясын анықтаумен аяқталады. Даму (өсу) стратегиясы үш деңгейде өткізілетін талдау негізінде анықталады: интенсивті даму, интеграциялық даму, диверсификациялы даму.

1. Интенсивті (қарқынды өсу) даму үш стратегия негізінде іске асырылуы мүмкін.

Рынокқа терең сіңу стратегиясы қазіргі рыноктарда қолдағы тауарлардың шапқыншыл маркетингтің (төменірек баға тағайындау, тиімдірек сервис) көмегімен өткізіуін өсіруді бетке ұстайды. Рынок аумағын кеңейту стратегиясы қолдағы тауарларды тұтынушылардың жаңа сегменттеріне және жаңа рыноктарға енгізу арқасында іске асырылады. Тауарды жетілдіру стратегиясы қазіргі рыноктарда өткізуді жаңа тауар өңдеу немесе оны жетілдіру негізінде өсіруді бетке ұстайды.

2. Интеграциялы өсу регресивті, прогрессивті және көлбеу интеграциялану стратегияларына арқа сүйейді.

Регрессивті интеграциялану стратегиясының мәні фирманың жабдықтаушыларды (артқа қарай ығысу) иелігіне алуға немесе қатаң бақылауға көндіруге талпынысы болып табылады, мысалы фирма жабдықтаушының кәсіпорнын сатып алады.

Прогрессивті интеграциялану стратегиясының мәні фирманың тарату жүйесін (алға қарай ығысу) иелігіне алуға немесе қатаң бақылауға көндіруге талпынысы болып табылады, мысалы көтерме сауда кәсіпорнын сатып алуға болады.

Көлбеу интеграциялану стратегиясы- бұл фирманың бірнеше бәсекелес кәсіпорындарды (көлбеу бетінде ығысу) иелігіне алу немесе қатаң бақылауға көндіруге талпынысы.

3. Диверсификациялы өсу концентірлік, көлбеу және конгломератты диверсификациялану стратегияларына арқа сүйейді.

Концентрлі диверсификациялану стратегиясы- бұл номенклатураны қолдағы ұқсас тауарлармен кеңейту.

Көлбеу диверсификациялану стратегиясы- бұл ассортиментті қолдағыларға ұқсамайтын, бірақ клиенттерде қызығушылық тудыра алатын тауарлармен толықтыру.

Конгломератты диверсификациялану стратегиясы- бұл ассортиментті қолданылатын технологиаға, қазіргі рыноктарға да ешқандай байланысы жоқ тауарлармен толықтыру.

Маркетингті ағымдық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау фирманың қандай өндірістермен шұғылданатынын анықтап және сол өндірістердің міңдеттерін пайымдайды.

Маркетинг стратегиясы – жөні бар қисынды жазба тұжырым, фирма оны жетешілікке ұстап өзінің маркетингтік міндеттерін шешуге талпынады. Маркетинг стратегиясы фирма өзінің күштерін шоғырландыратын рыноктің сегментін дәлдеп атауы қажет.

Келесі кезеңде жауапты орындаушылар тағайындалған, мерзімі бекітілген және шығындары анықталған тауарды өндіру және өткізу шараларының толық маркетингтік бағдарамасы жасалынады. Бұл бағдарлама ағымдағы жылға бюджет құрастыруға мүмкіндік береді. Осы уақытта маркетинг кешенінде қарастыру және жалпы тұрғыдан төмендегі элементтер бойынша нақты стратегияларды анықтап алуы абзал:

· жаңа тауарлар;

· сауда орындарында сатуды ұйымдастыру;

· өткізуді ынталандыру;

· тауарды тарату;

· жарнама;

· бағалар.

 Бюджеттер. Іс-қимыл бағдарламасындағы шаралар жоспары сәйкесті бюджет жасауға мүмкіндік береді, ал бұл пайда және шығындарды болжайды. Бюджет негізгі бағаншаларды қамтиды: “Түсімдер”, “Шығын”, “Пайда”. Түсімдер“ бағаншасы сатуға жоспарланған тауарлық бірліктердің саны және орташа бағасы туралы болжамды көрсетеді. “Шығындар” бағаншасында өндірістің, тауар қозғалысының және маркетингтің шығындары келтіріледі. “Пайда” бағаншасы – түсімдер және шығындар айырмасы.

Бекітілген бюджет материалдар сатып алудың, өндіріс кестелерін жасаудың, еңбек ресурсына қажеттіліктері жоспарлаудың және маркетингтік шараларды өткізудің негізін қалайды.

Бақылау бағдарламасы. Мұнда белгіленген жоспарды тұтас орындалу барысын бақылау жүйесі сипатталады. Әдетте мақсаттарды және бюджеттік қаражаттарды айға және тоқсанға бөліп көрсетеді. Бұл болса, фирманың жоғарғы басшылығына нақты уақыт аралықтарында қол жеткен нәтижелерді бағалауға және бекітілген көрсеткіштерге жете алмаған өндірістерді және өткізу рыноктарын (сегменттерін) анықтауға мүмкіндік береді. Басшылық реттеуші әрекеттер туралы шешім қабылдайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.