Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тауарлық ассортимент және номенклатура



Тауарлық ассортимент және номенклатура

Тауарлық ассортимент – бұл бір-бірімен пайдалануының ұқсастығымен немесе бір клиенттер тобына өткізуімен немесе бағаның бір аралығында сатылуымен тығыз байланысты тауарлар тобы. Тауар ассортиментінің кеңдігі туралы шешім қабылдайтын бір адамға тауар ассортиментімен жұмыс істеуді тапсырады. Бұл шешімдер мыналар:

· рынокті ұлғайту мақсаттарымен төмен қарай кеңейту (рыноктың жоғарғы эшолонынан төменгі эшолондарды басып алу үшін);

· жоғары қарай кеңейту,бұл бәсекелестердің кері соққысына және тәуекелге әкелуі мүмкін;

· екі жақты кеңейту.

Тауарлық ассортиментті толықтыру туралы шешімдер қосымша пайда немесе қолданыстан шыққан қуаттарды іске қосуды көздейді. Бірақ ассортиментті шектен тыс кеңейту жалпы пайданың азаюына соқтырады.

Тауарлық номенклатура – бұл сатушының сатып алушыларға ұсынатын барлық ассортиментті топтардың және тауарлық бірліктерінің жиынтығы.

Бақылау сұрақтар:

1. Тауар және оның сипаттамалары дегеніміз не?

2. Тауар маркасы және марка тағайындау мен пайдалану туралы шешімдер.

3. Тауарлық саясатты қалыптастырудың мақсаттары және шарттары (жағдай).

4. Тауардың өміршеңдік циклы және маркетинг стратегиялары.

5.Тауар –жаңалықты өңдеудің негізгі кезеңдері.

Тақырыбы: Тамақтану кәсіпорындарындағы өткізу саясаты 

 

Тарату түсінігі өнімді кеңістікте және уақыт мерзімінде өндіріс орнынан тұтыну орнына дейін жылжытуға бағытталған барлық өндірістік шараларды реттеуді қамтиды.

Тарату арнасы – бұл тауардың өндірушілерден тұтынушыларға қарай қозғалатын жолы, оның арқасында тауарды оны пайдаланғысы келетіндерден алыстатушы уақыт өлшемінде, орын және меншіктену құқықтарында болатын ұзақ үзілістерден құтылуға болады. Тарату арналарының қатысушылары бірнеше функциялар атқарады.

1. Зерттеу жұмысы – айырбасты жоспарлау және қамтамасыз ету үшін ақпарат жинау.

2. Өткізуді ынталандыру – тауар туралы сендіру коммуникацияларын құру және тарату.

3. Потенциалды тұтынушылармен контакт орнату

4. Сатып алушылардың талаптарына тауарды және бағаны бейімдеу (өндіріс, сұрыптау, монтаждау және қораптау кезеңдерінде).

5. Тауар қозғалысын ұйымдастыру (тасымалдау, қоймалау).

6. Арнаның тыныс-тіршілігіне жауапкершілікті және тәуекелді өз мойнына алу.

Тарату арналарын оларды құрастыратын буындар саны арқылы сипаттайды.

Арна буыны – бұл тауардың соңғы сатып алушыға жылжу жолындағы кез-келген делдал. Өндіруші және соңғы тұтынушы да әрбір арнаның құрамына кіреді. Арна ұзындығы арадағы буындар санымен белгіленеді. (10.1-сурет)

Нөл буынды рна
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бір буынды арна   Екі буынды арна Үш буынды арна
,

 

 

10.1-сурет. Тарату арналарының буындары

1-өндіруші; 2-тұтынушы; 3-бөлшек саудагер

4-көтерме саудагер; 5-шағын көтерме саудагер

 

Нөл буынды арна өндірушімен тұтынушыдан тұрады. Тікелей сатудың үш негізгі тәсілі бар: шығарып саудалау, арнайы жөнелту және фирма дүкендері арқылы сату.

Бір буынды арна құрамына бір делдалды кіргізеді. Тұтынушылар рыногінде – бұл бөлшек саудагер, ал инвестициалы тауарлар рыногінде - өткізу агенті немесе брокер.

Екі буынды арна екі делдалды кіргізеді. Тұтынушылар рыногінде – бұл көтерме және бөлшек саудагер, ал инвестициалы тауарлар рыногінде өнеркәсіптік дистрибъюторлар және дилерлер.

Үш буынды арна үш делдалды кіргізеді. Бұлар көтермеші, шағын көтермеші және бөлшек саудагер.

Нөл буынды арна тура типке, ал арадағы буындары бар арналар жанама арналарға жатады.

Өндірушілер және өткізуге қатысушылар арасындағы контрактарда басты назар бағалық саясатқа, сату шарттарына, қызметтер құрылымына (жауапкершіліктің), контракт мерзіміне және оны тоқтатуға аударылады.

Тауар қозғалысының қатысушылары жалпы мақсаттар көздейді: пайдалылық, өнімге және қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі, тиімді тарату және өткізу, тұтынушылардың қолдауы. Бірақ оларға қалай қол жеткізу мәселесінде көзқарастар әртүрлі және арна аумағында қақтығыстар болып қалуы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.