Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Маркетингтік бақылау



Маркетингтік бақылау

Фирмалар өзінің рыноктік қызметінде маркетингтік бақылаудың үш түрін қолданады:

· жылдық жоспарлардың орындалуын бақылау;

· пайдалылықты бақылау;

· стратегиялық бақылау.

Жылдық жоспарлардың орындалуын бақылау – жылға жоспарланған өткізудің және пайданың көрсеткіштеріне қол жеткендігін дәлелдеу үшін ағымдағы маркетингтік әрекеттерді және нәтижелерді үзбей қадағалау болып танылады. Бақылаудың негізгі құралдары: өткізудің мүмкіндікктерін талдау, рынок үлесін талдау, маркетинг және өткізу шығындарының ара қатынасын талдау, клиенттердің мінез-құлықтарын қадағалау.

Пайдалылықты бақылау тауарлар, өткізу аймақтары, рынок сегменттері, сауда арналарын анықтауды және кез келген көлемдегі тапсырыстар бойынша барлық шығындарды анықтауды және фирма қызметінің нақты рентабелдігін белгілеуді талап етеді.

Стратегиялық бақылау – бұл фирманың маркетингтік міндеттері, стратегиялары және бағдарламасының орындалуын талдау қызметі. Мұндай талдаулар маркетингті ревизиялау арқылы іске асырылады, ал бұл болса маркетингтік ортаны, мідеттерді, стратегияларды және фирманың ағымдағы қызметін кешенді, жүйелі жалтарыссыз, әрдайым зерттеу болып танылады. Маркетингті ревизиялау мақсаты – ашылмақ маркетингтік мүмкіндіктерді және туындалмақ проблемаларды айқындау және фирманың маркетингтік қызметін кешенді жетілдірудің болашақ және ағымдық іс-әрекеттерінің жоспары туралы ұсыныстар беру.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Маркетингтің стратегиялық жоспарының мазмұнын қалай түсінесің?

2. Фирманың өсу стратегиялары қандай?

3. Маркетингтің тактикалық (ағымдық жоспарының) үлгілі құрылымын көрсетіңіз.

4. Маркетингті жоспарлаудағы “SWOT” – талдаудың маңызы неде?

5. Фирманы маркетингті бақылаудың түрлерін атап шығыңыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.