Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сұранысқа (тұтынушыларға) бағытталған баға тағайындау



Сұранысқа (тұтынушыларға) бағытталған баға тағайындау

Әдетте жаңа өнiмге баға тағайындау тура сұранысқа бағытталады, себебi өндiрушiнiң алғашқы бағасы осы өнiмнiң нысаналы рынокқа сiңу тереңдiгiне (кеңдiгiне) ықпал етуi мүмкiн. Жоғары баға тауар сатып алу деңгейiн төмендетуi мүмкiн және керiсiнше, төмен баға табыстары төмен сатып алушыларды тартуы мүмкiн.

«Қаймақ қалқу» принципi бойынша жоғары бағалар тағайындау лезде жоғары пайда түсiрудi көздейдi. Алғашқы баға өндiрушi қанағаттанарлықтай пайда алып отыратындай бiрте-бiрте төмендетiлуi мүмкiн. Бұл стратегия жоғары баға төлеуге дайын сатып алушылар саны жеткiлiктi болған жағдайда қолайлы. Бұдан басқа, жоғары баға рынокқа басқа бәсекелестердi тартпауы керек.

Бәсекеге бағытталған баға тағайындау

Рынокта бәсекелестер қызмет iстеп жатыр, олар өздерiнiң ұқсас өнiмдерiне баға белгiлеген. Мұндай жағдайларда тек рыноктiк бағытталу фирманың бағалық саясатының негiзi болады. Және бұл жерде жаңа фирмаға өте маңызды болатыны – бағаны тәуелсiз рынок факторлары анықтағаны.

Рынок құрылымына, бәсекелестердiң санына және күшiне, өнiмнiң бiр тектiлiгiне байланысты фирма үш стратегияның бiрiн таңдайды: рынок бағасына бейiмделу, өнiмнiң имиджiне және сапасына негiздеп бағаны бiрте-бiрте түсiру және бағаны бiрте-бiрте көтеру. Үшiншi стратегияға тән болатыны сатушы өзiнiң шығындарын және тұтынушылардың iс-құлығын ескеру.

Бәсекелестерге бағытталған төменгi баға саясаты жаңа тауарларды рынокқа шығарғанда клиенттердi көптеп тарту, түйдек өндiрiстiң артықшылығын және потенциалды бәсекелестердi үркiту үшiн жиi қолданылады.

Шығындарға бағытталған баға тағайындау

Шығындарға бағытталған баға саясаты шығындарды тұтас немесе басым бөлiгiн өтеу принципiне негiзделедi. Бұл әдiс фирманың тауарлар ассортиментi өте кең болғанда пайдаланылады. Бұл жағдайда әрбiр өнiмге дәл баға қою өте қымбатқа түсетiн іс болады. АҚШ-тың көптеген бөлшек сауда фирмалары өндiрушi-жабдықтаушының бағасына стандартты бағалық үстеме қолданады. Мысалы, супермаркеттердiң көпшiлгiнде сүт өнiмдерiне 10% үстеме қойылады. Ұзағырақ сақталатын өнiмдерге жеткiзушi бағасына 20% үстеме қойылады. Бірлеген сатып алушыларда (үй, яхта) «құны + шығындардан проценттiк үстеме» принципiн қолданылады.

Таза шығындық - бағытталған баға тағайындау тұтынушылар үшiн баға мәндi рөл атқармайтын жағдайларда қиыншылықсыз өтедi.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.