Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Клиенттерге көрсетілетін қызметтер.



Клиенттерге көрсетілетін қызметтер.

Сервис қызметін құруда маркетологтар мыналарды шешуі абзал:

- сервис ауқымына қандай қызметтер енгізу;

- сервистің қандай деңгейін ұсыну;

- клиенттерге қызметтерді қандай түрде ұсыну.

Сервистік қызметтеу бәсекеге қарсы құрал ретінде қарастырылады. Осы себептен көптеген фирмалар клиенттердің ескерту және шағымдарын зерттейтін, техникалық қызметтеу және ақпарат мәселелерімен шұғылданатын бөлімдер ашуға барады.

Тауарлық саясат.

Тауарлық саясат тауар өндірушінің іс-әрекеттерінің нақты бағытын немесе рыноктағы мінез-құлық ұстанымдарының жиынтығын бетке ұстайды, бұлар оған бәсекелестік басымдылық әпереді.

Анық-айқын тауарлық саясат тауарлық ассортиментті жаңарту үрдісін оңтайландырып қоюмен қатар іс-әрекеттердің жалпы бағытталуының сілтемесі де бола алады.

Тауарлық саясат - фирманың шаруашылық және маркетингтік саясатының құрамдас бөлігі. Тауарлық саясатты өңдеу (қалыптастыру) болашақтағы өндіріс, өткізу және экспорттау мақсаттары туралы, фирманың өндірісті өткізушілік қызметінің стратегиясы туралы, рынокті жақсы білу және оның талаптары туралы, қазіргі уақытта және болашақтағы өз мүмкіндіктері және ресурстары (зерттеушілік, өндірушілік, өткізушілік және т.б.) туралы айқын мағлұмат талап етеді.

Тауарлық саясат нақты (айқын) мақсаттарды және жағдайларды көздейді (8.1.-сур.).   

Өндірілетін бұйымдардың ассортиментін олардың тұтынушылық сипаттарын және өндіріс технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып оңтайландыру; өнімді өміршеңдік циклін ескере отырып жаңартудың қарқыны, жаңа тауарлармен рынокқа шығу және ескіріңкіреген тауарларды бағдарламадан шығару уақытын анықтау және басқада проблемаларды болашақ-бағыттап ойластырып шешу қажет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.