Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Баға саясаты



Тақырыбы: Баға саясаты

Тұтынушылық тауар үшiн төлейтiн бағасы сол тауармен елестетiлетiн құндылықтарға көп факторлы төленiм болып табылады.

Корпоративтi деңгейде баға ұзақ мерзiмдi тиiмдiлiктiң негiзгi факторы болып саналады.

Пайданы мына тәуелдiлiк жазбадан анықтайды.

П = (өткiзу бағасы – айнымалы шығындар) х сату көлемi – тұрақты шығындар

Осы тәуелдiлiктен екi тұжырым туындайды:

1) баға жоғары болған сайын, әр бұйымнан үлестi пайдада жоғары (жақша iшiндегi);

2) сату көлемi молайған сайын, үлестi пайда түсiру саныда көбiрек болады.

Бағаны басқару өте күрделi, себебi оның қалыптасуына көптеген iшкi және сыртқы факторлар - өндiрiс шығыны, сұраныс жағдайы, бәсеке деңгейi, тауардың өмiршеңдiк циклi кезеңдерi, жабдықтаушылар және делдалдардың саясаты, мемлекеттiк реттеу шаралары – ықпал жасайды.

Корпоративтi деңгейде баға бойынша негiзгi шешiмдер – бұл бағалық немесе бағалық емес бәсекенi (сапа, жарнамалар, сервис) таңдау.

Маркетингтiк деңгей. Баға маркетингтiк құралдардың маңызды құрамдасы. Бағалық саясат кәсiпорынның өнiмдiк, тарату және коммуникативтi саясаттарымен тығыз байланыста болады.

Маркетинг аумағында бағалық шешiмдер iшкi және сыртқы сипатты факторларды ескерудi талап етедi. Сыртқы факторлардың ықпалы тұтынушының тауардың құндылығын қабылдауын (сұранысты) анықтайды. Iшкi факторлар бағалық шешiмдердiң зиянсыз (маржиналды пайда) болғанын талап етедi.

Тәжiрибеде баға анықтаудың проблемасы үш тұрғыдан шешiледi:

1. Әрбiр кәсiпорын өзiнiң тыныс-тiршiлiгiн экономикалық қамтамасыз етуi керек, яғни баға кәсiпорынның барлық шығындарын өтеуi керек.

2. Кәсiпорын шығындарын өтеу үстiнде қанағаттанарлық пайда түсiрудi көздейдi, сондықтан рыноктiң жеке сегменттерi қандай бағаны қолдайтынын тексерiп алу жөн.

3. Нарықты экономикада сатушылар бiр-бiрiмен бәсекеге түседi. Мұның салдарынан тұтынушы төлеуге дайын бағаның деңгейi бәсекелестердiң ұсынысынан айтарлықтай тәуелдi болады.

Икемдi баға дайындау принципi сыртқы факторларды ескеру және элементтерiнiң өзара ықпалын ескере отырып, толық маркетинг кешенiн iске асыру болып танылады.

Баға тағайындаудың негiзгi факторлары:

1) Сұраныс. Негiзiнен тұтынушылардың сатып алу қабiлетiнен және олардың бағаның өзгеруiне жауап әрекетiнен тәуелдi.

2) Бәсеке. Бәсеке деңгейi рыноктағы бәсекелестер санынан, олардың бағалық стратегияларынан және өндiрiстiк-өткiзу қызметiнен тәуелдi.

3) Өндiрушiнiң өндiрiстiк, маркетингтiк және басқа шығындары. Шығындар қолданбақ технология және техникамен, өндiрiстi және маркетингтi ұйымдастыру деңгейiмен, жұмыскерлердiң бiлiктiлiгi және ынтасымен анықталады.

4) Құқықтық жүйе, яғни бәсекенiң немесе монополияның заңдылық шектеулерi, баға өзгерiстерiн әкiмшiлiк реттеу, бәсекелестердiң келiссөздерiнде бағаны талқылау ережелерi.

Маркетологтар аталған факторлардың барлығын да ескеруге тырысады, бiрақ қашанда осыны үйлесiмдi iске асыру мүмкiн емес. Көбiнесе баға қалыптастырудың алдыңғы үш факторға бағытталған әдiс-амалдары қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.