|
|||
Тақырыбы: Нарықты болжау.Тақырыбы: Нарықты болжау.
Тақырыбы: Тамақтану кәсіпорындарындағы тауар және тауар саясаты Тауар –бұл қажеттіктерді қанағаттандыра алатынның және рынокқа назар аударту, алу, пайдалану немесе тұтыну үшін ұсынылатындардың барлығы (физикалық нысандар, қызметтер, тұлғалар, ұйымдар, идеялар). Тауарлық бірлік - бұл ерекшеленген, мөлшері, бағасы, сыртқы пішіні және басқада атрибуттарының көрсеткіштерімен сипатталатын, бүтіндік (тұтастық), (мысалы, тіс пастасы-тауар, ал тюбик тауарлық бірлік). Тауарды үш деңгейлі тұрғыдан қарастыруға болады және міндетті, (әдетте бір кіндікті шеңберлер түрінде сызады): - ойдағы тауар (ішкі орталық шеңбер); - дайын тауар (ішкі екінші шеңбер); - толықтырылған тауар (үшінші сыртқы шеңбер). Ойдағы тауар-бұл тұтынушылардың іздейтін пайдасын құндылығын іске асыру идеясы. Осы идея тексеру, талдау және өңдеуден өткен соң дайын тауарға айналады. Дайын тауардың бес сипаттамасы болады: - сапа деңгейі; - қасиеттер жиынтығы; - ерекшеленген безендіруі; - маркалық атауы; - ерекшеленген қорабы. Толықтырылған тауар сатып алушыға деген жеке ілтипатты білдіреді-үйіне жеткізіп беру, монтаж (құру), сервистік қызмет, ақшаны қайтарып беру кепілдігі. Сервистік қызметтеуге мыналар жатады: - абонемент; - ақысыз жөндеу; - таңдау тәуелсіздігі. Тауарларды жіктеудің негізгі түрлері. Кең тұтылатын тауарларды мынадай топқа бөледі: - күнделікті сұраныс тауарлары (тұрақты сұраныс тауарлары, анда-санда (импульсная) сатып алынатын, кездейсоқ жағдайларға); - алдын-ала таңдауға жататын тауарлар (ұқсас және ұқсамайтындар); - ерекше сұраныс тауарлары (керемет сипаты барлар); - өнеркәсіпке арналған тауарлар мына топтарға бөлінеді: - материалдар және бөлшектер, шикізаттар; - күрделі( капиталды) мүліктер (стационарлы ғимараттар және қондырғы, көлік); - қосалқы материалдар және қызметтер (майлар, қағаз); - іскерлік қызметтер (техникалық қызметтеу, құқық пікір-кеңес).
|
|||
|