Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кезбе нервтің кеуделік бөлігінің тармақтары.



                      Кезбе нервтің кеуделік бөлігінің тармақтары.

1) Жүректің кеуделік тармақтары, rr.cardiaci thoracici, аралас, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан түзіліп, жүрек өрімін түзуге қатысады.

2) Кеңірдектік және бронхтық тармақтары, rr.tracheales et bronchiales, симпатикалық нервтермен бірге өкпе өрімін, plexus pulmonalis, түзіп, кеңірдек пен бронхтардың шырышты қабығын, бездерін және біріңғай салалы бұлшықеттерін нервтендіреді.

3) Өңештік тармақтар, rr.oesophagei, кезбе нервтің оң және сол діңдері (сабаулары) түзетін өңеш өрімінен кетеді де - өңештің шырышты қабығын, бездерін және біріңғай салалы бұлшықеттерін нервтендіреді.

                                  Кезбе нервтің іштік бөлігі.

Өңеш өрімінің төменгі бөлігі жоғарыда аталғандай алдыңғы және артқы діңдерді, trunci vagales anterior et posterior, түзіп іш қуысына өтеді.

Кезбе нервтің іштік бөлігі тікелей асқазанды нервтендіріп, құрсақ өрімін түзуге қатысады.

Құрсақ өрімінен түйінгедейінгі парасимпатикалық тармақтар кетеді.Олар ағзаларға баратын тамырларды қоршай орналасып, аттас өрімдер түзеді немесе тікелей барып: бауырды,көкбауырды, ұйқы безін, бүйректі, аш (жіңішке) ішекті, тоқ (жуан) ішектің бөліктері: соқыр ішекті,жоғарылаған және көлденең жиек ішекті нервтендіреді.

Тоқ ішектің қалған бөліктеріне жұлынның сегізкөздік бөліген шығатын парасимпатикалық нервтер келеді. Олар ішек қабырғасының ішінде: шырышастылық, бұлшықеттік қабығының сыртқы және ішкі қабаттарының арасында орналасқан – бұлшықетаралық және сірліастылыққабырғаішілік(интрамуралды) өрімдер түзеді.

 

 

Парасимпатикалық нерв жүйесінің жұлындық (сегізкөздік) бөлігінің нервтері

 Парасимпатикалық  нерв жүйесінің жұлындағы орталығы, парасимпатикалық сегізкөздік ядролар,nuclei parasympathici sacrales, II – IV сегізкөздік сегменттердің латералды аралық заттегінде,substantia intermedia lateralis, орналасқан. Бұл ядролардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар, rami preganglionares,жұлынның алдынғы түбіршіктері, одан кейін жұлын нервісінің алдыңғы тармақтары құрамында өтеді. Алдыңғы тармақтар сегізкөздің жамбастық (алдыңғы) тесіктері арқылы шығады, олардан парасимпатикалық талшықтар - ішкі ағзалық жамбас нервтері,(қоздырғыш нервтер) nn. splanchnici pelvini, (nn. еrigentes) түрінде бөлінеді. Бұл нервтер жамбас (құрсақастылық төменгі) өрімін түзуге қатысады. Жамбас қуысының вегетативтік өрімдері сипатталған кезде атап өтілгендей, жамбас қуысында: жатыр – қынап өрімі мен несеп қуық, тік ішек, қуықасты без, шәует шығаратын түтік өрімдері ажыратылады. Ішкі ағзалық жамбас невтері осы өрімдердің құрамындағы ағзажанындағы (экстрамуралды) орналасқан парасимпатикалық жамбастық түйіндерде, gangliа pelvicа, немесе ағзалар қабырғалары  ішінде орналасқан интрамуралды түйіндерде аяқталады. Ішкі ағзалық жамбас нервтері сонымен қатар төмендеген жиек ішекті, сигматәрізді жиек ішекті нервтендіреді.

Соңы 23.07.20.

 

 

 

   

 

     

 

                           

 

    

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.