Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Парасимпатикалық нерв жүйесінің милық (бастық) бөлігінін



Парасимпатикалық нерв жүйесінің милық (бастық) бөлігінін

нервтері

    

   1.Бассүйек нервтерінің III жұбы , көзқозғалтқыш нервтің қосымша ядросы,nucleus accessorius oculomotorius ( Якобович ядросы) ортаңғы мида орналасқан. Ядрода орналасқан бірінші (орталық) нейрондардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар көзқозғалтқыш нервтің құрамына өтеді. Көзұяға келгеннен кейін одан бөлініп, екінші (шеткі) парасимпатикалық нейрондардан түзілген кірпіктік түйінде аяқталады.Одан шығатын түйінненкейінгі тармақтар кірпіктік қысқа нервтер , nn.ciliares breves, құрамында жүріп көз алмасының ішінде орналасқан кірпіктік және қарашықты тарылтатын бұлшықеттерді нервтендіреді. Кірпіктік бұлшықет көздің аккомодациясын (анық көруін) қаматамасыз етеді. Ішкі ұйқылық өрімнен, plexus caroticus internus, көздік өрім, plexus ophtalmicus, кетеді, одан шығатын симпатикалық дәнекер тармақ, ramus communcans, кірпіктік түйін арқылы өтіп, кірпіктік қысқа нервтердің құрамында қарашықты кеңейтетін бұлшықетті, m.dilatator pupillae,нервтендіреді.

1.Бет нервінің, n.facialis, (VII жұп) жоғарғы сілекей бөлетін ядросы , nucleus salivatorius superior, көпірдің артқы бөлігінде ( ромбтәрізді шұңқырда) орналасқан. Ядрода орналасқан бірінші (орталық) нейрондардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар, бет нервіне жататын  аралық нервтің, n.intermedius, құрамында өтеді. Аралық нерв ішкі есту өтісінде,meatus acusticus internus, бет нервіне қосылады да беттік өзекке енеді. Беттік өзекте,canalis facialis, парасимпатикалық талшықтар – бет нервінен тастық үлкен нерв, n.petrosus major, және дабыл ішегі,chorda tympani, түрінде екі бағытта бөлініп шығады (74 – сурет).

Тастық үлкен нерв, n. petrosus major, бет нервінің иіні тұсында басталып, самай сүйек пирамидасындағы аттас тастық үлкен нервтің санылауы, hiatus canalis nervi petrosi majoris, арқылы пирамиданың алдыңғы бетіне шығады. Одан әрі аттас жүлгеде, sulcus n. petrosi majoris, орналасып, жыртық тесік арқылы бассүйек негізінің астында орналасқан қанаттәрізді өзекке кіреді. Өзекте ішкі ұйқы өрімінен, plexus caroticus internus, бөлінетін симпатикалық, тастық терең нервпен, n.petrosus profundus, қосылып, қанат-таңдай өзегінің нерві, n. canalis pterygoidei, деп аталады. Нерв қанат-таңдай шұңқырында орналасқан аттас түйінге келеді.

 Қанат-таңдай түйіні, ganglion ptreygopalatinum, қанат-таңдай шұңқырында, жоғарғы жақсүйек нервінің астында орналасады. Түйінді екінші парасимпатикалық нейрондар құрайды.

Тастық үлкен нервтің құрамындағы парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтар қанат-таңдай түйініндегі нейрондарға синапс арқылы нервтік импулсті береді.

 

  

        74- сурет. Бастағы парасимпатикалық нервтердің сызбасы.

1-көз қозғалтқыш нервтің қосымша ядросы; 2 – үштік нервтің түйіні; 3 – жоғарғы сілекей бөлетін ядро; 4 – т­­­­өменгі сілекей бөлетін ядро; 5 – кезбе нерв; 6 – дабылдық нерв; 7 – шықшыт безі; 8 – дабылдық ішек; 9 –  төменгі жақсүйекасты түйіні; 10 - төменгі жақсүйекасты безі; 11 – тіласты безі; 12 – құлақтық түйін; 13 – тастық кіші нерв; 14 -  тастық үлкен нерв; 15 - қанат - таңдай түйіні; 16 – бетсүйек нервімен қосылатын дәнекер тармақ; 17 – кірпіктік дене; 18 – қарашықты тарылтатын бұлшықет; 19 – көзжас безі; 20 – кірпіктік қысқа нервтер; 21 – кірпіктік түйін; 22 – көз қозғалтқыш түбіршік (парасимпатикалық).

 

Жоғарғы жақсүйек нерві мен қанат-таңдай түйінін түйіндік тармақтар,rr.ganglionares, байланыстырып тұрады. Бұл тармақтардың құрамында n. maxillaris-тен сезімтал талшықтар ganglion pterygopalatinum-ге, ал одан түйінненкейінгі тармақтар, n. maxillaris-ке өтеді. Жоғарғы жақсүйек нервінен бетсүйек нерві n. zygomaticus, шығып  көзұяның төменгі саңылауы арқылы көзұяға кіреді де көзжас нервіне дәнекер тармақ береді. Бұл тармақтың құрамында  көзжас безінің қызметін қамтамасыз ететін парасимпатикалық талшықтар өтеді.

Жоғарғы жақсүйек нервінен келетін сезімтал талшықтар түйін арқылы үзілмей өтіп, қанат-таңдай түйінінен шығатын тармақтар құрамында жалғасады.

Сонымен, қанат-таңдай түйінінен кететін нервтердің құрамында сезімтал, парасимпатикалық және симпатикалық нерв талшықтары өтеді. Түйіннің тармақтары:

1) Мұрындық артқы жоғарғы медиалды және латералды тармақтар, rr. nasales posteriores superiores mediales et laterales, сына-таңдай тесігі арқылы мұрын қуысының шырышты қабығын және бездерін нервтендіреді.

2) Мұрын-таңдай нерві, n. nasopalatinus,  сына-таңдайлық тесік арқылы мұрын қалқасының шырышты қабығына өтеді, әрі қарай күректістік өзек арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығына енеді.

3) Таңдайлық үлкен және кіші нервтер, n. palatinus major et nn. palatini minores, аттас өзектер арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығын және бездерін нервтендіреді.

4) Мұрындық артқы төменгі тармақтар, rami nasales posteriores inferiores, таңдайлық үлкен өзек арқылы мұрын қуысы түбінің шырышты қабығын нервтендіреді.

5) Жұтқыншақтық тармақ, r.pharyngeus, жұтқыншақтың шырышты қабығын және бездерін – есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі аймағында нервтендіреді.

 Дабыл ішегі, chorda tympani, дәм сезу және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв.

Дабыл ішегі беттік өзектің төмендеген бөлігінде бет нервінен бөлініп,  дабыл қуысына енеді де, одан тастық-дабыл саңылауы, fissurа petrotympanica,  арқылы шығады. Дабыл ішегі төмен жүреді де тіл нервімен қосылады (төменгі жақсүйек нервісінің тармағы), дабыл ішегінің құрамындағы дәм сезу талшықтары тілдің алдыңғы үштен екі бөлігінен дәм сезімталдығын өткізеді. Дабыл ішегінің құрамындағы парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтары тіл нервінің түйіндік тармақтарының, rami ganglionares, құрамында төменгі жақсүйекасты және тұрақсыз тіласты түйіндеріне барады. Бұл түйіндерде орналасқан екінші парасимпатикалық нейрондардың түйінненкейінгі,бездік тармақтары, rr.glandulares,  төменгі жақсүйекасты және тіласты бездерін нервтендіреді. Сонымен қатар бездік тармақтар тіл нервіне қосылып тілдің майда бездерін нервтендіреді.

3. Тіл-жұтқыншақ нервінің, n.glossopharyngeus (IX жұп), парасимпатикалық төменгі сілекей бөлетін ядросы, nucleus salivatorius inferior, сопақша мидың артқы бөлігінде (ромбтәрізді шұңқырда ) орналасады. Ядрода орналасқан бірінші ( орталық) нейрондардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар тіл-жұтқыншақ нервісінің құрамында жүріп, оның тармағы – дабыл нервіне өтеді.

 Дабыл нерві, n.tympanicus, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв, ол тілжұтқыншақ нервінің төменгі түйінінен басталып, самай сүйектің дабыл өзекшесі арқылы дабыл қуысына кіріп, шырышты қабықта дабыл өрімін, plexus tympanicus,түзеді. Бұл өрімге ішкі ұйқы өрімінен симпатикалық ұйқыдабыл нервтері, nn.caroticotympanici, қосылады. Құрамында парасимпатикалық талшықтары бар, дабыл өрімінің тармағы тастық кіші нерв, n.petrosus minor, дабыл қуысынан аттас саңылау арқылы шығып, самай сүйек пирамидасының алдыңғы бетіндегі аттас жүлгемен жүреді. Содан кейін, тастық кіші нерв сына-тастық саңылау, fissura sphenopetrosa, арқылы бассүйек негізінің сыртқы бетіне шығып, екінші парасимпатикалық нейрондардан түзілген құлақтық түйінде, ganglion oticum, аяқталады. Бұл түйін төменгі жақсүйек нервінің медиалды жағында орналасқан. Түйіннен кететін түйінненкейінгі тармақтар құлақ-самай нервінің, n.auriculotemporalis, құрамында өтіп,  шықшыт безін нервтендіреді.

4.Кезбе нервінің, n. vagus, парасимпатикалық  артқы ядросы, nucleus dorsalis n. vagi, сопақша мидың артқы бөлігінде, ромбтәрізді шұңқырдың кезбе нервтік үшбұрышында орналасады. Ядрода орналасқан бірінші (орталық) нейрондардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар ағза жанындағы және ағза ішіндегі вегетативтік өрімдердің құрамындағы екінші (шеткі) нейрондардан түзілген парасимпатиқалық түйіндерде аяқталады.

Кезбе нервтің құрамындағы парасимпатикалық талшықтар, сезімтал және қозғалтқыш талшықтарға қарағанда басым болып, нервтің негізгі бөлігін құрайды.

Кезбе нервтің бастық бөлігінен сезімтал нервтер кетеді,ал мойындық,кеуделікжәне іштік бөліктерінен құрамында парасимпатикалықталшықтары бар, аралас нервтер кетеді.

              Кезбе нервтің мойындық бөлігінің тармақтары.

1) Жұтқыншақтық тармақтар, rami pharyngei, аралас, құрамы сезімтал, қозғалтқыш, парасимпатикалық талшықтардан тұрады.Симпатикалық қөмей-жұтқыншақтық тармақтармен бірігіп, жұтқыншақ өрімін, plexus pharyngeus, түзеді.

2)Көмейлік жоғарғы нерв, n.laryngeus superior, аралас, көмейдің дауыс саңылауынан жоғарғы бөлігінің шырышты қабығын нервтендіреді.

3) Жүректің мойындық жоғарғы тармақтары, rr. cardiacі cervicales superiores, саны 1-3-ке дейін, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Олар жүректің симпатикалық мойындық нервтерімен қосылып, жүрек өрімін, plexus cardiacus, түзугеқатысады.

4) Қайырылма көмейлік нерв, n.laryngeus reccurens, сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв.Оның соңғы тармағы, көмейлік төменгі нерв, n.laryngeus inferior, көмей қуысының шырышты қабығының, дауыс қатпарының астындағы бөлігін және жүзік-қалқанша бұлшықетінен, m.cricothyroideus, басқа-көмейдің барлық бұлшықеттерін нервтендіреді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.