Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Вегетативтік (автономдық)  нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі.



Вегетативтік (автономдық)  нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі.

Симпатикалық  бөліктің, pars sympathica, орталық бөлімі тік жұлында орналасады. Оны жұлынның сегізінші мойындық (СVIII), бүкіл кеуделік (ThI-XII) және екінші немесе үшінші белдік (LI-LII) сегменттері деңгейінде орналасып, бүйір мүйізді құрайтын – аралық латералды заттек, substantia intermedia lateralis, құрайды.

Симпатикалық бөліктің шеткі бөліміне: 1) жұлын нервтерінен шығатынақ дәнекер тармақтар, rr.communicantes albi;2) жұлын нервтеріне келіп қосылатынсұр дәнекер тармақтар,rr.communicantes grisei; 3)оң және сол симпатикалық діңдер,trunci sympathici dexter et sinister, және олардан кететін нервтер; 4) ағза жанындағы және тамыр жанындағы вегетативтік өрімдерді түзуге қатысатын симпатикалық нервтер және олардың құрамындағы симпатикалық түйіндер жатады (66 - сурет).

 

                        Симпатикалық дің

Симпатикалық дің, truncus sympaticus,омыртқа бағанасының екі жағында орналасқан жұп түйіндер тізбегінен түзілген.Симпатикалық діңнің түйіндері , ganglia trunci sympathici, (омыртқажанындағы түйіндер) бассүйек негізінен басталып, құйымшақ деңгейінде ортақ бір түйінмен аяқталатын 20-25 түйіннен құралған. Симпатикалық түйіндер бір-бірімен түйінаралық тармақтар,rr.interganglionares, арқылы байланысады. Симпатикалық діңнің мойындық, кеуделік, белдік және сегізкөздік бөлімдері ажыратылады. Діңнің мойындық бөлімі – 3 түйіннен, кеуделік бөлімі - 10-12, белдік бөлімі - 4-5, сегізкөздік бөлімі - 4 және құйымшақтық бөлімі - құйымшақ ұшының алдыңғы бетіндегі екі симпатикалық діңнің өзара қосылуынан пайда болған - сыңар түйіннен,ganglion impar,түзілген.

 

                  

 

67- сурет. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің  сызбасы.

1 – мойындық жоғарғы түйін; 2 – жұлынның сегменттері; 3 – симпатикалық діңнің мойындық бөлігі; 4 – жұлынның бүйір бағаны; 5 – ішкіағзалық кеуделік үлкен нерв; 6  – ішкіағзалық кеуделік кіші нерв; 7 – сегізкөздік парасимптикалық ядролар; 8 – ішкіағзалық сегізкөздік нервтер; 9 – сұр дәнекер тармақтар (симпатикалық діңнен жұлын нервтеріне барады); 10 – құрсақастылық жоғарғы өрім; 11 – шажырқайаралық өрім; 12  – құрсақ өрімі; 13 – жүректің кеуделік нервтері және өкпелік нервтер; 14  – жүректің мойындық жоғарғы нерві; 15 -  сұр дәнекер тармақтар; 16 – ми діңіндегі парасимпатикалық ядролар.

 

 

Түйіндердің пішіні сопақша, көпбұрышты, көбінесе бойлық бағытта созылып - ұршықтәрізді болып келеді. Симпатикалық түйінге жұлында орналасқан симпатикалық орталықтан шығатын, түйінгедейінгі тармақтардан құралған ақ дәнекер тармақ,r.communicans albus, келеді.    Бұл  тармақ - жұлынның алдыңғы түбіршігінің, одан кейін жұлын нервінің құрамында өтіп, омыртқааралық тесіктен шыққаннан кейін, нервтен бөлініп - симпатикалық түйінге келеді. Симпатикалық түйінді түзетін екінші эфферентті нейрондарда оның бір бөлігі үзіледі, яғни синапс арқылы нервтік импулсті осы екінші нейрондарға береді(67 – сурет).

 

68- сурет.Симпатикалық діңнің мойындық және кеуделік бөлімдері.

1 - симпатикалық діңнің мойындық жоғарғы түйіні; 2 – мойындық жоғарғы түйін; 3 -  мойын – кеуделік түйін; 4 – бұғанаастылық вегетативік өрім; 5 – симпатикалық діңнің кеуделік түйіндері; 6 – сұр дәнекер тармақ; 7 – ішкіағзалық үлкен нерв; 8 – ішкіағзалық кіші нерв.

 

Түйіннен шығатын түйінненкейінгі тармақтардың,rr.postganglionares, бір бөлігі ішкі ағзалар мен тамырларға, екінші бөлігі сұр дәнекер тармақ , r. communicans griseus, түрінде қайтадан жұлын нервіне қосылады. Жұлын нервінің құрамында ол бұлшықеттерді, теріні, тер және май бездерін, шашты көтеретін (пиломоторлық) бұлшықеттерді, қан және лимфа тамырларын, барлық тіндерді нервтендіріп, олардың бейімділік - қоректік (адаптациялық - трофикалық) қызметін қамтамасыз етеді.

  Ақ дәнекер тармақтардың бір бөлігі симпатикалық діңнің түйіндерінде үзілмей өтеді де, вегетативтік өрімдердің симпатикалық түйіндерінде (құрсақ, шажырқайлық жоғарғы және төменгі түйіндерде, т.с.с.) үзіледі.

Симпатикалық орталықтың жұлынның сегізінші мойындық, бүкіл кеуделік және екінші-үшінші белдік сегменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасатыны белгілі. Демек, ақ дәнекер тармақтар, rr.comunicantes albi, 8-ші мойындық, 1-12 кеуделік және жоғарғы екі немесе үш белдік нервтердің құрамында ғана шығады да, мойын-кеуделік (жұлдызтәрізді) түйінге, барлық кеуделік және жоғарғы екі немесе үш белдік түйіндерге келеді.

    Мойындық жоғарғы және ортаңғы, белдік төменгі, барлық сегізкөздік және сыңар түйіндерге баратын түйінгедейінгі тармақтар -  түйінаралық тармақтардың, rr.interganglionares, құрамында өтеді.

     Симпатикалық діңнің мойындық бөлігіүш түйіннен және оларды қосатын түйінаралық тармақтардан тұрады. Олар жалпы ұйқы және ішкі ұйқы артерияларының артында, мойынның терең бұлшықеттерінде (бастың және мойынның ұзын бұлшықеттері) орналасады (68 – сурет).

  Мойындық жоғарғы түйін, ganglion cervicale superius, симпатикалық дің түйіндерінің ішіндегі ең ірісі (ұзындығы 2см, ені 0,5см шамасында),  II-III мойын омыртқаларының деңгейінде орналасқан (70 – сурет). Мойындық жоғарғы түйіннен кететін тармақтар:

1. Ішкі ұйқы нерві, n. caroticus internus, ішкі ұйқы артериясын бойлай, ішкі ұйқы өрімін, plexus caroticus internus,түзеді. Ұйқы өзегінде, canalis caroticus, бұл өрімнен дабыл қуысына дабыл-ұйқы нервтері, nn.caroticotympanici, кетеді, олар аттас өзектер арқылы өтіп, дабыл өрімін, plexus tympanicus, түзуге қатынасады. Сонымен қатар дабыл өрімін құрауға тіл-жұтқыншақ нервінен (IX жұп) кететін, құрамында парасимпатикалық және сезімтал талшықтар бар, дабыл нерві, n.tympanicus, қатынасады. Ұйқы өзегінен шыққаннан кейін ішкі ұйқы өрімінен тастық терең нерв,n. petrosus profundus, кетеді, ол бет нервінен (VII жұп) шығатын парасимпатикалық тастық үлкен нервпен, n.petrosus major,қосылып - қанаттәрізді өзек нервін, n.canalis pterygoidei, түзеді. Бұл нерв екінші парасимпатикалық нейрондардан құралған қанат - таңдай түйініне, ganglion pterygopalatinum, келеді. Түйінде парасимпатикалық талшықтар үзіледі де, оның түйінненкейінгі тармақтары, түйіннен үзілмей өтетін симпатикалық талшықтармен бірге, түйіннен кететін: rr.ganglionares, rr. nasales posteriors, n.palatinus major et nn.palatini minores -  құрамында таңдайдың және мұрын қуысының шырышты қабықтарын, тамырларды,  көзжас безін, ұсақ бездерді және барлық тіндерді нервтендіреді (үштік нервті қараңыз).

   Ішкі ұйқы өрімінің мидың қатты қабығының үңгірлі қойнауы арқылы өтетін бөлігінен III, IV, VI жұп нервтерге және көз нервіне (V жұптың 1-ші тармағы ) дәнекер тармақтар кетеді.

 

           Симпатикалық нервтер ішкі ұйқы артериясының тармағы көздік артерияның айналасында көздік өрімді, plexus ophtalmicus, түзіп, көзжас безін, көз алмасын, көздің көлденең жолақты бұлшықеттерін нервтеріндіреді. Көздік өрімнен көзұяда орналасқан парасимпатикалық кірпіктік түйінге, ganglion ciliare, симпатикалық түбіршік, radix sympaticus, келеді. Ол түйіннен шығатын кірпіктік қысқа нервтер, nn.ciliares breves, құрамында өтіп, қарашықты кеңейтетін бұлшықетті, m.dilatator pupillae, және көз алмасының тамырларын нервтендіреді.

Симпатикалық нервтер ішкі ұйқы артериясынан кететін үлкен милық алдыңғы, ортаңғы артериялардың, a.cerebri anterior et media, және алдыңғы бүрлі артерияның, a.choroidea anterior, тармақтары бойымен өрім түзе таралады.

2. Сыртқы ұйқы нервтері, nn.carotici externi, 2-3 тармақтар түрінде сыртқы ұйқы артериясын бойлай сыртқы ұйқы өрімін, plexus caroticus externus, құрайды. Бұл өрім сыртқы ұйқы артериясының тармақтарының бойымен таралып аттас: қалқаншалық жоғарғы өрімді, plexus thyroideus superior, тіл өрімін, plexus lingualis, бет өрімін, plexus facialis және т.с.с. өрімдер түзеді. Тіл өрімінен кететін тармақтар тіласты безін, бет өрімінен кететін тармақтар төменгі жақсүйекасты безін, сыртқы ұйқы өрімінен кететін тармақтар шықшыт безін нервтендіреді.Сыртқы және ішкі ұйқы өрімдерінен кететін төмендеген тармақтар жалпы ұйқы өрімін, plexus caroticus communis, түзеді.

3. Мойындырық нерв, n. jugularis, ішкі мойындырық венаны бойлай орналасады.

4. Көмей-жұтқыншақтық тармақтар rr.laryngo-pharyngei, көмейді және жұтқыншақты нервтендіреді. Тіл - жұтқыншақ (ІХ жұп ) және кезбе (Х жұп ) нервтермен бірге жұтқыншақ өрімін, plexus pharyngeus, түзеді.

5. Жүректің мойындық жоғарғы нерві, n. cardiacus cervicalis superior, симпатикалық діңнің медиалды жағымен төмен түсіп жүрек өрімін түзуге қатынасады.

6. Сұр дәнекер тармақтар, rr. communicantes griseі, жоғарғы төрт мойындық жұлын нервтеріне қосылады.

Мойындық ортаңғы түйін, ganglion cervicale medium, тұрақсыз,мойынның ұзын бұлшықетінің алдында, VI  мойын омыртқасының деңгейінде орналасады. Оны мойындық төменгі түйінмен қосатын түйінаралық тармақтар, rr. іnterganglionares, екеу болады да, бұғанаасты артериясын алдыңғы және артқы жағынан айналып өтіп, бұғанаасты ілмегін, ansa subclavia, түзеді.

Мойындық ортаңғы түйінінің тармақтары:

1. Жүректің мойындық ортаңғы нерві, n. cardiacus cervicalis medius, жалпы ұйқы артериясының артында, жүректің мойындық жоғарғы нервісінің латералды жағында орналасып төмен түседі де, жүрек өрімін түзуге қатынасады.

2.  Сұр дәнекер тармақтар, rr. communicantes griseі, V-VI мойындық жұлын нервтеріне қосылады.

Мойындық ортаңғы түйін болмаған жағдайда аталған тармақтар түйінаралық тармақтардан, rr. іnterganglionares, кетеді.

Мойын-кеуделік (жұлдызтәрізді) түйін, ganglion cervicothoracicum (stellatum) , мойындық төменгі және кеуделік бірінші симпатикалық түйіндердің бірігіп тұтасуы нәтижесінде түзіледі.Түйін шығыңқы мойын омыртқасының (VІІ) көлденең өсіндісінің немесе І қабырғаның мойны деңгейінде, бұғанаасты артериясының артында орналасып, көпбұрышты жұлдызтәрізді болып келеді.

Мойын-кеуделік түйіннің тармақтары:

1. Жүректің мойындық төменгі нерві,n. cardiacus cervicalis inferior, оң жағында иық - бас діңінің артында, сол жағында қолқа артында орналасып - жүрек өрімін түзуге қатынасады.

2. Бұғанаасты артериясына баратын екі - үш тармақтар бұғанаасты өрімін,plexus subclavius,түзуге қатынасады.

3. Омыртқалық нерв,n. vertebralis, бұғанаасты артериясының тармағы,омыртқалық артерияны бойлай, омыртқалық өрімді, plexus vertebralis, түзеді.

Өрім тармақтары жұлын мен мидың тамырларын және қабықтарын нервтендіреді.

4. Қолқа доғасына баратын тармақтар, қолқа доғасының өрімін, plexus arcus aortae,түзуге қатынасады.

5. Сұр дәнекер тармақтар, rr. communicantes griseі, VІІ-VIІІ мойындық жұлын нервтеріне қосылады.

    

 

70 – сурет.Жүректің нервтері және жүректің вегетативтік өрімдері.

 

1 – симпатикалық діңнің мойындық жоғарғы түйіні; 2 – жүректің мойындық жоғарғы нерві; 3 – мойын – кеуделік түйін; 4 – жүректің беткей өрімдері; 5 – жүректің терең өрімдері; 6 – жүректің мойындық төменгі нерві; 7 – кезбе нервтің жүректік мойындық жоғарғы тармақтары; 8 – мойындық ортаңғы түйін; 9 – кезбе нерв.

 

 

Симпатикалық діңнің кеуделік бөлігі, омыртқа бағанасының бүйір жақтарында, қабырғалар  бастарының  алдында жататын 10-12 кеуделік түйіндерден, ganglia thoracica, түзілген. Оларды кеудеішілік шандыр, fascia endothoracica, жауып жатады. Түйіндерінің пішіні көбінесе үшбұрышқа ұқсас, көлемі 3-5 мм шамасында болып келеді. Симпатикалық кеуделік түйіндердің ерекшелігі оларға кеуделік жұлын нервтерінен шығатын ақ дәнекер тармақтар, rr. сommunicantes albi, келіп қосылады. Олар жұлынның кеуделік ( ) сегменттерінің бүйір мүйіздеріндегі симпатикалық орталықты құрайтын аралық латералды заттектен, substacia intermedia lateralis, шығатын түйінгедейінгі тармақтардан, rr. рreganglionares, түзілген. Жоғарыда аталып өткендей бірінші кеуделік түйін басым көпшілік жағдайда мойындық төменгі түйінмен бірігіп, мойын- кеуделік (жұлдызтәрізді) түйінді түзеді.

  Кеуделік түйіндерден кететін тармақтар:

1. Жүректің кеуделік нервтері,nn. сardiaci thoracici, жүрек өрімін, plexus cardiacus, түзуге қатысады.

2. Кеңірдектік және бронхтық нервтер, nn. trachealis et bronchiales, сәйкес кеңірдек,plexus trachealis, және бронх өрімдерін,plexus bronchialis, түзуге қатысады.

3. Өкпелік нервтер, nn.pulmonales, өкпе өрімін, plexus pulmonalis, түзуге қатысады.

4. Өңештік нервтер, nn. oesophageales, өңеш өрімін, plexus oesophagealis, түзуге қатынасады.

5. Қолқалық нервтер, nn.aortici, кеуде қолқасының өрімін,plexus aorticus thoracicus, түзуге қатынасады.                                                                                      Аталған өрімдерді түзуге кезбе нерв те қатынасады. Кеуде қолқасының өрімінен кететін тармақтар да өңеш, кеңірдек, өкпе және жүрек өрімдерін түзуге қатынасады.

 

6. Ішкі ағзалық үлкен нерв, n. splanchnicus major, V-IX кеуделік түйіндерден жеке тармақтар түрінде басталып, IX-X кеуде омыртқалары деңгейінде барлығы қосылып бір нерв түзеді. Нерв төмен және медиалды жүріп, көкеттің белдік бөлігі арқылы оң жағында – сыңар венаның, v. azygos, сол жағында – жартылай сыңар венаның, v.hemiazygos, жанында орналасып, іш қуысына өтеді. Бұл нерв негізінен түйінгедейінгі тармақтардан, rami preganglionares, тұрады. Ол іш қуысындағы құрсақ өрімінің, plexus celiacus, түйіндерінде аяқталады.

7. Ішкі ағзалық кіші нерв, n. splanchnicus minor, X, XI кеуделік түйіндерден басталып, ішкі ағзалық үлкен нервтің латералды жағымен төмен түсіп, іш қуысындағы  құрсақ өріміне барады. Бұл нерв те негізінен түйінгедейінгі тармақтардан түзілген.

8. Кейде ішкі ағзалық ең төменгі нерв, n. splanchnicus imus, кездеседі. Ол ХІІ кеуделік түйіннен басталып, бүйрек өріміне барады.

   Ішкі ағзалық нервтердің құрамында симпатикалық нервтерден басқа, сезімтал талшықтар да өтеді. Ішкі ағзалық нервтер өрімдердің құрамында өтіп, асқазанды, ішекті, бауырды, ұйқы безін, бүйрек, көкбауырды нервтендіруге қатынасады.

9. Сұр дәнекер тармақтар, rr. communicantes grisei, барлық қабырғааралық невртерге барады.

  Симпатикалық діңнің белдік бөлігі, көлемі 5 мм шамасындағы кішкене 4-5 түйіндерден тұрады. Олар І-V бел омыртқаларының алдыңғы - бүйір беттерінде, оң жағында төменгі қуыс венаның артында, сол жағында іш қолқасының сол жақ бетіне жанаса орналасады. Симпатикалық діңнің белдік бөлігінің ерекшелігі оң және сол жақтағы діңдер бір-бірімен түйінаралық көлденең тармақтар,rami interganglionares transversus, арқылы байланысып тұрады.

  Ақ дәнекер тармақтар, rr. communicantes albi, жоғарғы екі, кейде үш жұлынның белдік нервтерінің құрамында шығып, сәйкес жоғарғы екі немесе үш түйіндерге келеді. Белдік төменгі түйіндерге түйінгедейінгі тармақтар – түйінаралық тармақтар арқылы барады.

          71 – сурет. Симпатикалық діңнің белдік және сегізкөздік бөлімдері.

1 – белдік түйіндер; 2 – дәнекер (көлденең) тармақтар; 3 –сегізкөздік түйіндер; 4 – сегізкөздік сыңар түйін; 5 – сұр дәнекер тармақ; 6 - ішкіағзалық белдік нервтер.

 

 

  Симпатикалық діңнің белдік бөлігінің тармақтары:

1. Ішкі ағзалық бел нервтері, nn.splanchnici lumbales, (71 – сурет) құрсақ өріміне, іш қолқасының өріміне және жеке ағзалардың: асқазанның, бауырдың, ішектің, бүйректің өрімдеріне тікелей барады.

2. Сұр дәнекер тармақтар, rr. communicantes grisei, жұлынның белдік нервтеріне қосылады.

  Симпатикалық діңнің жамбастық (сегізкөздік) бөлігіне төрт сегізкөздік және құйымшақтың алдында орналасқан сыңар түйін жатады. Сегізкөздік түйіндер сегізкөздің алдыңғы тесіктерінің медиалды жағында орналасады. Олар да белдік түйіндер сияқты бір-бірімен түйінаралық көлденең тармақтар арқылы байланысып тұрады. Түйінгедейінгі тармақтар, rami preganglionares, сегізкөздік түйіндерге – түйінаралық тармақтар, rami interganglionares, арқылы барады. Оң және сол жақтағы симпатикалық діңдер сыңар түйінге, ganglion impar, келіп аяқталады.

  Сегізкөздік және сыңар түйіндерден кететін тармақтар:

1. Ішкі ағзалық сегізкөз нервтері, nn. splanchnici sacrales, құрсақастылық жоғарғы өрімге және жамбас (құрсақастылық төменгі) өріміне келіп, кіші жамбас қуысындағы ағзаларды нервтендіреді.

2. Сұр дәнекер тармақтар, rr. communicantes grisei, жұлынның сегізкөздік және құйымшақтық нервтеріне қосылады.   

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.