Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі.



Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі.

Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің (73 – сурет) орталығы мида және жұлында ядролар түрінде орналасады. Оларға мидағы 4 ядролар: 1) бассүйек нервтерінің III жұбы, көзқозғалтқыш нервтің қосымша ядросы (Якубович ядросы) ; 2) VІІ жұп, бет нервінің жоғарғы сілекей бөлетін ядросы ; 3) IX жұп, тіл-жұтқыншақ нервінің төменгі сілекей бөлетін ядросы және  4) X жұп, кезбе нервтің артқы ядросы жатады.

    Жұлындағы парасимпатикалық ядролар сегізкөздік II-IV сегменттердің бүйір мүйіздерінде орналасады.                            

 

73 – сурет.Вегетивтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі.

1 – көз қозғалтқыш нервтің қосымша ядросы; 2 – жоғарғы сілекей бөлетін ядро; 3 – төменгі сілекей бөлетін ядро; 4 – кезбе нервтің артқы ядросы ; 5 – жұлын сигметтері; 6 – жұлынның бүйір бағаны; 7 – сегізкөздік парасимпатикалық ядролар;8 – жамбастың ішкіағзалық нервтері; 9,10 – ішкіағзалық парасимпатикалық түйіндер; 11 – жүрек өрімі; 12 – кезбе нервтің парасимпатикалық талшықтары; 13 – тіл-жұтқыншақ нервінің парасимпатикалық талшықтары;14 – құлақтық түйін; 15 – төменгі жақсүйекастылық түйін;16 – қанат-таңдайлық түйін;17 – кірпіктік түйін; 18 – бет нервінің парасимпатикалық талшықтары ;19 - көз қозғалтқыш нервтің парасимпатикалық талшықтары.    

Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің шеткібөліміне:1) III,VII,IX,X жұпбассүйек және II-IV сегізкөздік жұлын нервттерінің құрамында өтетін түйінгедейінгі тармақтар;

2) Баста орналасқан кірпіктік, қанат-таңдайлық, құлақтық, төменгі жақсүйекастылық, тіластылық түйіндер;

3)  Кеуде, іш, жамбас қуыстардағы вегетативтік өрімдердің ағза қабырғасының ішінде (интрамуралды) және ағзажанында (экстрамуралды) орналасқан түйіндері;

4) Парасимпатикалық түйінненкейінгі тармақтар жатады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.