Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сегізкөз өрімі



Сегізкөз өрімі

    Сегізкөз өрімі, plexus sacralis, IV белдік жұлын нервінің алдыңғы тармағының бөлігінен (LIV ), V белдік және сегізкөздік жоғарғы төрт жұлын нервтерінің (LV, SI-SIV) алдыңғы тармақтарынан құралған. Сегізкөз өрімі алмұрттәрізді бұлшықеттің алдыңғы бетінде жатады. Өрімінің қысқа және ұзын тармақтарын ажыратады.

Сегізкөз өрімінің қысқа тармақтары.Қысқа тармақтарға: бұлшықеттік тармақтар, бөкселік жоғарғы және төменгі нервтер, жыныстық нерв жатады.

    1. Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares: алмұрттәрізді бұлшықетті, m.piriformis;ішкі жапқыш бұлшықет,  m.obturatorius internus, пен егіз бұлшықеттерді, m.gemelli; санның шаршы бұлшықетін, m. quadriceps femoris, нервтендіреді.

2. Бөкселік жоғарғы нерв, n.gluteus superior, (LIV-LV,SI), аттас артерия және венамен бірге жамбас қуысынан алмұртүстілік тесік, foramen suprapiriforme, арқылы бөксе аймағына шығып, бөкселік ортаңғы және кіші бұлшықеттерді және санның жалпақ шандырын қатайтатын бұлшықетті нервтендіреді.

 

                        62 – сурет. Бөксе аймағының нервтері.

1 – бөкселік жоғарғы нерв; 2 – шонданай нерві; 3 – бөкселік   төменгі нерв; 4 – санның артқы терілік нерві; 5 – бөкселік төменгі нерв.

                   

3. Бөкселік төменгі нерв , n.gluteus inferior, (LV-SII), жамбас қуысынан алмұртастылық тесік foramen infrapiriforme, арқылы аттас артерия және венамен бірге шығып, бөкселік үлкен бұлшықетті нервтендіреді

4. Жыныстық нерв, n.pudendus, (SI-SIV), жамбас қуысынан жыныстық ішкі артерия және веналармен бірге алмұртастылық тесікарқылы шығады. Одан кейін шонданай қылқанын артынан айналып өтеді де, шонданайлық кіші тесік, foramen ischiadicum minus, арқылы кіші жамбас қуысына қайтадан кіріп, шонданай тік ішектік шұңқырда, fossa ischiorectalis, орналасады. Нерв шұңқырдың латералды қабырғасында, ішкі жапқыщ бұлшықет шандырының ішімен алдыға жүріп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді:

1) Тік ішектік төмеңгі нервтер, nn.rectales inferiores, айналшықты қысатын бұлшықетті, m.sphincter ani externus, және айналшық аймағының терісін нервтендіреді

2) Шаттық нервтер, nn.perineales, несеп-жыныс көкетінің шонданай-үңгірлік бұлшықетін, m.ischiocavernosus, буылтық-кеуектік бұлшықетін, m.bulbospongiosus, шаттың көлденең беткей және көлденең терең бұлшықеттерін, mm.transversi perine superficialis et profandus, және шаттың терісін нервтендіреді.

3) Ұмалық артқы нервтер, nn.scrotales posteriores, еркектерде ұманың артқы бетінің терісін, ал әйелдерде үлкен жыныс ернеулерінің артқы бөлігінің терісін нервтендіріп - ернеулік артқы нервтер, nn.labiales posteriores,  деп аталады.

4) Еркек жыныс мүшесінің сыртқы нерві, n. dorsalis penis,  әйелдерде деліткінің сыртқы нерві, n. dorsalis clitoridis, жыныс мүшесінің (деліткінің) сыртқы артериясымен бірге нессеп жыныс көкетінен өтеді де, жыныс мүшесінің (деліткінің) арқашығында орналасып, үңгірлі денелерді, жыныс мүшесінің терісін, ал әйелдерде үлкен және кіші жыныс ернеулерін нервтендіреді. Бұл нерв шаттың терең көлденең бұлшықетін, m. transversus perinei profundus, пен үрпіні (несеп шығаратын өзекті) қысатын бұлшықетті, m. sphinter uretrae, нервтендіреді.

 

 

         СЕГІЗКӨЗ ӨРІМІНІҢ ҰЗЫН ТАРМАҚТАРЫ.

Оларға екі нерв жатады:

1.Санның артқы терілік нерві, n.cutaneus femoris posterior,( - )  сезімтал тармақ, жамбас қуысынан шоңданай нервімен бірге алмұртастылық тесік, foramen intrapiriformе, арқылы шығып, төмен жүреді де, бөкселік үлкен бұлшықеттің төменгі жиегінің астынан, санның артқы бетіне шығады. Бұл жерде нерв жартылайсіңірлі және екібасты бұлшықеттердің аралығымен төмен түседі. Оның сезімтал тармақтары санның артқы бетінің терісін тақымға дейін нервтендіреді. Сонымен қатар, бұл нервтен кететін: бөксенің төменгі нервтері, nn. clunium inferiores, бөксе аймағының төменгі бөлігінің терісін, шаттық тармақтары, nn periniales, шаттың терісін нервтендіреді (63-сурет).

2. Шонданай нерві, n. ischiadicus, (LIV, LV, SI-SIII) адам денесіндегі ең ірі  нерв болып табылады. Ол кіші жамбас қуысынан алмұрастылық тесік , foramen infrapiriforme, арқылы шығады Нерв жоғарғы жағында бөкселік үлкен бұлшықеттің  астында, одан кейін төмен түсіп үлкен әкелетін бұлшықет, m. adductor magnus, пен санның екі басты бұлшықетінің ұзын басының, caput longum m.biceps femoris , аралығында орналасады. Санның төменгі бөлігінде немесе тақымда шонданай нерві екі тармаққа: медиалды жатқан жуанырағы, шонданай нервінің тікелей жалғасы болып табылатын, асықты жілік нервіне, n.tibialis, және латералды жатқан жіңішкесі – кіші жіліктік жалпы нервке, n.peroneus communis, бөлінеді (64-сурет). Шонданай нервісінің екі тармаққа бөлінуі санның жоғарғы немесе ортаңғы бөлігінде де кездеседі.

   Шонданай нервінің бұлшықеттік тармақтары, rr. musculares, ішкі жапқыш бұлшықетті, егіз бұлшықеттерді, санның шаршы бұлшықетін (оларды сегізкөз өрімінің қысқа тармақтары да нервтендіреді) және санның артқы бетіндегі жартылай сіңірлі, m.semitendinosus, және жартылай жарғақты бұлшықеттерді, m.seminemranosus, санның екі басты бұлшықетінің ұзын басын, caput longum m.biceps femoris, және санның медиалды тобына жататын - үлкен әкелетін бұлшықеттің, m.adductor magnus, артқы бөлігін нервтендіреді.

    Асықты жілік нерві, n.tibialis,(LIV, LV, SI-SIII), тақым шұңқырының ортасында, тақым венасының артында және одан латералды орналасады. Тақым шұңқырынының төменгі бұрышында асықты жіліктік артқы артерия және венамен бірге сирақ тақым өзегі, canalis cruropopliteus,( Грубер өзегі) арқылы өтеді де медиалды толарсақтың артындағы, бүккіштер ұстағышының, retinaculum mn. flexorum, астында орналасады. Осы жерде n.tibialis өзінің соңғы тармақтарына: табандық медиалды және латералды  нервтерге бөлінеді.

   Асықты жілік нервінің тармақтары :

Тақым шұңқырында – 1) бұлшықеттік тармақтары, rr.musculares, сирақтың үшбасты бұлшықетіне, m.triceps sura,табандық, m. plantaris ,және тақымдық бұлшықеттеріне, m.popliteus, кетеді және тізе буынын нервтендіреді .

        63 – сурет. Аяқтың артқы бетінің терілік нервтері.

1 – бөксенің жоғарғы нервтері; 2 – бөксенің ортаңғы нервтері; 3 – бөксенің төменгі нервтері; 4 – санның артқы терілік нерві; 5 – сирақтың медиалды терілік нерві; 6 – сирақтың латералды терілік нерві; 7 – балтыр нерві, 8 – табандық латералды нерв; 9 – табандық медиалды нерв.

                                   64 – сурет. Аяқтың артқы жағының нервтері.

1 – шонданай нерві; 2 – асықты жіліктік нерв; 3 – кіші жіліктік жалпы нерв; 4 – сирақтың медиалды терілік нерві; 5 – сирақтың латералды терілік нерві; 6 – балтыр нерві;

3) Балтырдың медиалды терілік нерві, n.cutanus sura medialis, теріастылық венаның v.saphena parva, қасында орналасып, балтыр (сирақтың артқы бетінің ) терісін нервтендіреді. Сирақтың төменгі үштен бірінде нерв шандырды тесіп өтіп, тері астына шығады да, балтырдың латералды терілік нервінен келетін дәнекер тармақпен қосылып балтыр нервін n.suralis, түзеді.

 Сирақта – 3) сирақтың сүйекаралық нерві,n.interosseus cruris, балтырдың терең бұлшықеттерін : асықты жіліктік артқы бұлщықетті,m.tibialis posterior,үлкен бақайды бүгетін ұзын бұлшықетті,m.flexor hallucis longus, және бақайларды бүгетін ұзын бұлшықетті,m.flexor digitorum longus,нервтендіреді.

Табандық медиалды нерв  n.plantaris medialis, (65-сурет) асықты жілік нервінің соңғы екі тармағының бірі болып табылады, аттас артерия және венамен бірге бақайларды бүгетін қысқа бұлшықет сіңірінің медиалды жиегін бойлай табандық медиалды жүлгеде,sulcus plantaris medialis, орналасады. Нерв табанының медиалды тобының бұлшықеттерінің: бақайларды бүгетін қысқа бұлшықетті, m.flexus digitorum brevis, үлкен бақайды әкететін бұлшықетті, m.abductor hallucis, үлкен бақайды бүгетін қысқа бұлшықеттің медиалды басын, caput mediale, m.flexos hallucis brevis, нервтендіреді. Табан сүйектерінің негізінде, табандық медиалды нерв үлкен бақайдың медиалды жиегінің терісіне, бақайдың табандық меншікті нервін, n.digitalis  plantaris proprius, береді. Одан алдыға жүріп үш - бақайлардың табандық жалпы нервтерін, nn. digitales plantares communes, береді. Бұл нервтер табан сүйектерінің табандық артерияларымен, aa. metatarsals plantares, бірге  жүріп, бірінші және екінші (кейде үшінші) құрттәрізді бұлшықеттерді, mm. lumricales, нервтендіреді де, әрқайсысы бақайлар негіздерінің деңгейінде бақайлардың табандық меншікті нервтеріне, nn. digitales plantares poprii бөлінеді. Осы алты нерв I-IY бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терілерін нервтендіреді.

Табандық латералды нерв, n. plantaris lateralis, аттас артерия және венамен бірге табандық латералды жүлгеде, sulcus plantaris lateralis, орналасады.   Нерв табанның шаршы бұлшықетін, m. quadratus plantae, және табанның латералды тобының бұлшықеттерін: кіші бақайды әкететін бұлшықетті, m. abductor digiti minimi, кіші бақайды бүгетін қысқа бұлшықетті, m. flexor digiti minimi brevis, кіші бақайды қарама-қарсы қоятын бұлшықетті, m. opponens digiti minimi, нервтендіреді. Нерв алдыға жүріп IY табан сүйектің проксималды шетінде беткей және терең тармақтарға бөлінеді. Беткей тармақ, r. superfacialis, Y бақайдың табандық және латералды бетінің терісін нервтендіретін, бақайдың табандық меншікті нервін, n. digitalis plantaris proprius, береді. Беткей тармақтан сонымен қатар, бақайдың табандық жалпы нерві, n. digitalis plantaris communis, кетеді. Ол табан сүйектің табандық артериясымен, a.metatarsalis plantaris, бірге жүріп, екі - бақайдың табандық меншікті нервтеріне, n. digitales plantares proprii бөлініп, IY және Y бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.

Терең тармақ, r. profundus, aртериялық табандық доғаның, arcus plantaris, қасында жатып, барлық сүйекаралық  бұлшықеттерді, mm. Interossei  plantares et dorsales, үшінші және төртінші құрттәрізді бұлшықеттерді, mm. lumbricales, үлкен бақайды әкелетін бұлшықетті, m. adductor hallucis, және үлкен бақайды бүгетін қысқа бұлшықеттің латералды басын, caput laterale m. flexor hallucis brevis, нервтендіреді. Табандық медиалды және латералды нервтерінен аяқ басының буындары мен сүйектеріне тармақтар кетеді.

 

 


 

 

65-сурет . Табан нервтері мен артериялары.  

 

1-бақайлық жалпы нервтер; 2- табан сүйектерінің табандық артериялары; 3- табандық медиалды нерв; 4- табандық латералды нерв ; 5- табандық медиалды артерия; 6-асықты жіліктік артқы артерия; 7-өкшелік тармақ; 8- табандық латералды артерия; 9-табандық артериялық доға; 10 - бақайлардың меншікті нервтері.

Кіші жіліктік жалпы нерв, n. peroneus (fibularis) communis, санның екі басты бұлшықетінің медиалды жиегінің астымен төмен түседі де, осы бұлшықеттің сіңірі мен балтыр бұлшықетінің латералды басының аралығында орналасады. Одан кейін кіші жіліктің (шыбықтың) басын айналып өтеді. Бұл жерде ол шандыр және терімен ғана жабылып, тізе буынына тармақтар береді. Кіші жіліктік ұзын бұлшықеттің, m. peroneus (fibularis) longus, бас жағында оның ішіне кіреді де, кіші жіліктік беткей және терең нервтерге бөлінеді. Тақымда кіші жіліктік жалпы нерв сирақтың латералды жағының терісін нервтендіретін  балтырдың латералды терілік нервін, n. cutaneus surae lateralіs, береді. Ол, сирақтың төменгі бөлігінде балтырдың медиалды терілік нервісімен қосылып, жоғарыда аталғандай балтыр нервін, n.suralis, құрайды. Бұл нерв латералды толарсақты артқы жағынан айналып өтіп, өкшенің латералды бөлігінің терісін өкшелік латералды тармақтар, rr.calcanei laterals, арқылы нервтендіреді де, аяқ басының латералды жиегін бойлай орналасады. Бұл жерде ол аяқ басының және кіші бақайдың сыртқы латералды бетінің терісін нервтендіріп терілік сыртқы латералды нерв, n.cutaneus dorsalis lateralis, деп аталады.

 Кіші жіліктік беткей нерві, n. peroneus superficialis, төмен жүріп жоғарғы бұлшықет - кіші жілік өзегіне, canalis musculoperoneus superior, өтеді. Бұл өзек кіші жіліктің, fibula, жоғарғы бөлігі мен кіші жіліктік ұзын бұлшықеттің, m. peroneus longus, аралығында орналасады. Өзекте нерв кіші жіліктік ұзын, m. peroneus longus  және кіші жіліктік қысқа бұлшықеттерге, m. peroneus brevis, тармақтар береді.  Одан кейін сирақтың төменгі бөлігінде ( кіші жіліктік қысқа бұлшықеттің алдыңғы жағында) нерв өзектен шығып, сирақтың шандырын тесіп өтеді де аяқ басының сыртына келіп, сезімтал екі тармаққа бөлінеді:  1) терілік сыртқы медиалды нерв, n. cutaneus dorsalis medialis, аяқ басының және үлкен бақайдың сыртқы - медиалды бетінің терісін нервтендіреді. Осы нервтің бір тармағы кіші жіліктік терең нервтің тармақтарымен қосылып II және III бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін  нервтендіреді. 2) терілік сыртқы аралық нерв, n. cutanеus dorsalis intermedius, аяқ басының сыртқы латералды бетімен төмен түседі де бақайлардың сыртқы нервтеріне, n. digitales dorsales pedis, бөлінеді. Бұл нервтер III, IY және Y бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.

 Кіші жіліктік терең нерв, n. peroneus profundus, алдыға жүріп, кіші жіліктік ұзын бұлшықетті,  сирақтың алдыңғы бұлшықетаралық қалқасын және бақайларды жазатын  ұзын бұлшықетті тесіп өтеді де, асықты жіліктік алдыңғы артерия және веналармен бірге сирақтың сүйекаралық жарғағының алдыңғы бетімен төмен түседі. Сирақтың жоғарғы бөлігінде ол тамырлардың латералды жағында, ал төменгі бөлігінде олардың медиалды жағында орналасады. Сирақта кіші жіліктік терең нерв : асықты жіліктік алдыңғы бұлшықетті, m.tibialis anterior, бақайларды жазатын ұзын бұлшықетт , m.extensor digitorum longus, үлкен бақайды жазатын ұзын бұлшықетті, m.extensor hallicus longus, және r.articularis, арқылы асық-сирақ буынын нервтендіреді.

Сирақтың төменгі бөлігінде кіші жіліктік терең нерв жазғыш бұлшықеттер сіңірлерінің төменгі ұстағышының, retinaculum extensorum inferius, астынан өтіп аяқ басына шығады. Бұл жерде бақайларды жазатын қысқа бұлшықетке, m. extensor digitorum brevis, үлкен бақайды жазатын қысқа бұлшықетке, m. extensor hallucis brevis, бұлшықеттік тармақтар, rr. musculares, береді. Нерв алға жүріп, бірінші табан сүйектер аралығының дисталды шетінде екі бақайлардың сыртқы нервтеріне, nn.digitales dorsales, бөлінеді. Бұл нервтер I  және II бақайлардың бір-біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.

                                       

                                    Құйымшақ өрімі.

Құйымшақ өрімі , plexus coccygeus, бесінші сегізкөз (  ) және бірінші құйымшақ ( ) нервтерінің алдыңғы тармақтарынан құралған . Бұл өрім құйымшақ бұлшықеті, m.coccygeus, мен сегізкөз-қылқан  байламының,lig sacrospinale, жамбастық бетінде орналасқан. Өрімнен айналшық-құйымшақ нервтері ,nn.anococcygei, кетеді. Олар айналшық пен құйымшақ аймағының терілерін нервтендіреді .



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.