Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жамбас қуысының вегетативтік өрімдері



                         Жамбас қуысының вегетативтік өрімдері

Құрсақастылық жоғарғы өрім,plexus hypogastricus superior, (72 – сурет) мүйістен төменірек екіге бөлініп оң және сол құрсақастылық нервтер,nn.hypogastrici dexter et sinister, деп аталады. Бұл нервтер төмен түсіп тік ішектің оң және сол жағында орналасқан жамбас өріміне,plexus pelvinus, (құрсақастылық төменгі өрімге,plexus hypogastricus inferior) жалғасады. Бұл өрімді түзуге симпатикалық ішкі ағзалық сегізкөз нервтері, nn.splanchnici sacrales және жұлынның  ІІ –III сегізкөздік сегменттерінде орналасқан парасимпатикалық ядролардан шығатын ішкі ағзалық жамбас нервтері, nn. splanchnici pelvini,қатынасады.  Өрімнің ішінде көптеген ұсақ симпатикалық түйіндер орналсады. Өрімді құрайтын тармақтардың құрамына симпатикалық және парасимпатикалық талшықтардан басқа сезімтал нерв талшықтары да кіреді.

 

 

 

72- сурет. Жамбастың вегетативтік өрімдері.  

1- құрсақастылық жоғарғы өрім; 2 – құрсақастылық нерв; 3 – құрсақастылық төменгі өрім ; 4 – несеп қуық өрімі ; 5 – қуықастылық өрім ; 6 – еркек жыныс ағзасының үнгірлі нервтері; 7 – жамбастың ішкіағзалық нервтері.


  

 

Жамбас өрімінен шығатын тармақтар мықындық ішкі артерияның тармақтарының бойымен жүріп өрімдер түзеді.Олар ағзалық өрімдерге жалғасады. Ағзалық өрімдерді түзуге жамбас өрімінен тікелей келетін тармақтар да қатынасады.

1. Несеп қуық өрімі,plexus vesicalis, оны несеп қуықтық жоғарғы және төменгі артериялардың бойымен келетін өрімдер түзеді.

2. Жатыр-қынап өрімін, plexus uterovaginalis, жатырлық артерияның өрімі түзеді.

3. Тік ішектік ортаңғы және төменгі өрімдер,plexus rectales medii et inferiores, аттас артериялар бойымен таралып, тік ішек өрімін,plexus rectalis, түзуге қатынасады.

4.  Қуықасты безінің өрімі,plexus prostaticus,бұл өрімді несеп қуық өрімінен және жамбас өрімінен тікелей келетін тармақтар түзеді.

5.  Шәует шығаратын түтік өрімі,plexus deferentialis, аттас артерияның бойымен жүріп, аталған түтікті нервтендіреді.

6. Еркек жыныс ағзасының үңгірлік өрімін (деліткінің үңгірлік өрімі), plexus cavernosus penis (plexus cavernosus clitoridis), жыныс ағзалық артқы және терең артериялардың aa.dorsalis et profunda penis (aa. dorsalis et profunda clitoridis), бойымен келетін өрімдер түзеді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.