Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Вегетативтік нерв жүйесінің рефлекстік доғасының құрылымы.



Вегетативтік нерв жүйесінің рефлекстік доғасының құрылымы.

Сезімтал (бірінші) нейронның денесі жұлын түйіні мен бассүйек нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасады. Бұл сезімтал нейрондар сомалық және вегетативтік нерв жүйесіне ортақ болып, нервтік импулсті сомалық (көлденең жолақты бұлшықеттер,тері) және вегетативтік (ішкі) ағзалардан қабылдайды.

Аралық (екінші) нейронның денесі жұлынның бүйір мүйіздеріндегі симпатикалық ядроларда, сегізкөздік ІІ- ІV сегменттердегі парасимпатикалық ядроларда және мидағы парасимпатикалық ядроларда жатады.

Қозғалтқыш (үшінші) нейронның денесі әрқашан орталық нерв жүйесінен тыс орналасады. Олар бастағы парасимпатикалық түйіндерді, симпатикалық діңнің түйіндерін, вегетативтік өрімдердің симпатикалық түйіндерін және ішкі ағзалардың қабырғасының ішінде (интрамуралды) орналасқан парсимпатикалық түйіндерді түзеді. Осы түйіндерде орналасқан эфферентті нейрондардың өсінділері (аксондары) ішкі ағзаларда аяқталады.

Вегетативтік нерв жүйесінің ерекшеліктері:

1) Олар сомалық нерв жүйесі сияқты сегментті орналаспай, ми мен жұлынның белгілі бір бөліктеріндеғана орналасады;

2) Олардың эфферентті жолы екі нейроннан тұрады. Вегетативтік рефлекстік доғадағы - жұлынның бүйір мүйізіндегі ядроларды және мидағы парасимпатикалық ядроларды құрайтын аралық нейрондар эфферентті жолдың бірінші нейроны болып табылады. Вегетативтік нервтер бірінші нейроннан шықаннан кейін, ағзаға дейінгі жолында орналасқан вегетативтік түйіндерде үзіледі. Ал, вегетативтік түйіндердегі нейрондар эфферентті жолдың екінші нейроны болып табылады. Осыған байланысты түйінгедейінгі тармақтар, rami preganglionares, және түйінненкейінгі тармақтар, rami postganglionares,ажыратылады.

Сомалық эфферентті (қозғалтқыш) нейрон орталық нерв жүйесінде (жұлынның алдыңғы мүйізі мен мидағы бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядролары) орналасады. Сомалық нервтер орталық нерв жүйесінен шықаннан кейін ағзаға дейін еш жерде үзілмей барады.

3) Симпатикалық нервтер негізінен қан тамырларының бойымен таралатын өрімдер түзеді. Мысалы: іш қолқасының бойындағы өрім - іш қолқалық өрім, plexus aorticus abdominalis , сол сияқты ішкі ұйқы өрімі, plexus caroticus internus, және т.с.с. аталады.

Осы жерде назар аударатын жағдай симпатикалық нервтердің жүру жолын жақсы түсіну үшін артериялардың негізгі тармақтарын жақсы білу қажет. Сонымен қатар артерияларды түсіну: веналарды, лимфа түйіндері мен тамырларының анатомиясын жеңіл түсінуге жол ашады. Нәтижесінде «бір оқпен төрт қоян» атып алуға болады. Яғни, 1. артериялардың анатомиясын меңгеру:  2.веналарды түсінуді, 3.лимфа түйіндерінің орналасуы мен лимфа тамырларының жүру жолдарын меңгеруді , 4.вегетативтік өрімдердің анатомиясын түсінуді жеңілдетеді.

1) Вегетативтік нерв жүйесінің афферентті жолы асқорыту, тыныс алу, несеп-жыныс және тамырлардағы интероцепторлардан басталып, жұлындағы сезімтал ядролар мен ми діңіндегі бассүйек нервтерінің сезімтал ядроларына барады. Олар арқылы таламусқа жетеді. Таламустан шыққан талшықтар - ішкі ағзалардан  шығатын сезімталдықтың (висцероцепциялық анализатордың) қыртыстық шеті орналасқан орталық артындағы қатпар, gyrus postcentralis, мен орталық алдындағы қатпардың, gyrus precentralis, төменгі үштен бір бөліктерінде аяқталады. Ағзалар рецепторларынан басталатын афферентті талшықтар ішкі ағзалақ үлкен және кіші нервтердің , nn. splanchnicimajor et minor, кезбе нервтің, n.vagus, және жұлынның артқы түбіршігі, radix dorsalis, арқылы өтетін сомалық сезімтал нервтердің және де басқа ішкі ағзалық нервтердің құрамында өтеді.

Симпатикалық нервтер организмдегі барлық ағзаларды нервтендіреді. Парасимпатикалық нервтер қаңқалық бұлшықеттерде, шашты көтеретін бұлшықеттерде, тер бездерінде, бүйрекүсті безінің милық затында және жүректің тәждік артерияларынан басқа артерияларда болмайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.