![]()
|
|||||||
Бел – сегізкөз өріміБел – сегізкөз өрімі Белдік, сегізкөздік және құйымшақтық жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары өзара қосылып, бел – сегізкөз өрімін, plexus lumbosasacralis, құрайды. Сондықтан оның құрамында бел, сегізкөз және құйымшақ өрімдері ажыратылады.
Бел өрімі Бел өрімі, plexus lumbalis, кеуделік XII жұлын (қабырғаастылық) нервінің алдыңғы тармағының бір бөлігінен, жоғарғы үш белдік жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және белдік IV жұлын нервінің алдыңғы тармағының бір бөлігінен құралған. Белдік IV жұлын нервінің төменгі бөлігі төмен түсіп, белдік V нервтің алдыңғы тармағымен қосылып, бел – сегізкөз діңін, truncus lumbosacralis, құрайды. Бел өрімі бел омыртқаларының көлденең өсінділері мен белдің шаршы бұлшықетінің алдыңғы бетінде және белдік үлкен бұлшықеттің ішінде орналасады. Бел өрімінен кететін нервтер белдік үлкен бұлшықеттің латералды жиегінің астынан шығады немесе осы бұлшықетті тесіп өтеді (59-срет). Бел өрімінің тармақтары: 1. Бұлшықеттік тармақтары , rr. musculares: белдің шаршы бұлшықетін , m. quadratus lumborum, белдік үлкен және кіші бұлшықеттерді, mm. psoas major et minor және белдің көлденеңаралық бұлшықеттерін, m. intertransversarii lumborum, нервтендіреді. 2.Мықын-құрсақасты нерві, n. iliohypogastricus ( 3.Мықын-шап нерві, n.ilioinguinalis , ( 4. Сан-жыныс нерві, n.genitofemoralis, ( Жыныстық тармақ шап өзегіне кіреді, бұл жерде ол шәует баудың немесе әйелдерде жатырдың дөңгелек байламының артында жатады. Бұл тармақ атабезді көтеретін бұлшықетті, ұманың терісі мен етті қабығын, санның медиалды бетінің жоғарғы бөлігінің терісін нервтендіреді. Әйелдерде, жатырдың дөңгелек байламын, үлкен жыныстық ернеу терісін және санның медиалды бетінің жоғарғы бөлігінде тарамдалады. Сандық тармақ, санға тамырлық тесік, lacuna vasorum, арқылы өтеді де санның жалпақ шандырының тері астындағы саңылауды жауып жататын торлы (тесіктелген) шандырын тесіп өтіп сан үшбұрышы аймағының терісін нервтендіреді.
5.Санның латералды терілік нерві, n. cutaneus femoris lateralis, (
59 – сурет. Бел және сегізкөз өрімдерінің нервтері. 1 – қабырғаастылық нерв; 2 – мықын - құрсақасты нерві; 3 – мықын - шап нерві; 4 – сан – жыныс нерві; 5 – сан – жыныс нервінің жыныстық тармағы; 6 –– сан – жыныс нервінің сандық тармағы; 7 – санның терілік латералды нерві; 8 – сан нерві; 9 –жапқыш нерв; 10 – шонданай нерві.
60 – сурет. Санның алдыңғы және медиалды беттерінің нервтері мен тамырлары. 1 – сан нерві; 2 – сан нервінің алдыңғы терілік тармақтары; 3 – жапқыш нерв; 4 – сан артериясы; 5 – теріастылық нерв; 6 – теріастылық үлкен вена; 7 – сан нервінің бұлшықеттік тармақтары.
61 – сурет. Аяқтың алдыңғы бетінің терілік нервтері. 1 – сан нервінің алдыңғы терілік тармақтары; 2 – тізе тобықастылық тармақ; 3 – теріастылық нерв; 4 – кіші жіліктік беткей нерв; 5 – санның латералды терілік нерві;
Теріастылық нерв, n.saphenus, сан үшбұрышында сан артериясының латералды жағында орналасып, төмен жүреді де, сан артериясы және венасымен бірге әкелетін өзекке, canalis adductorius, енеді. Бұл жерде нерв артерияның алдыңғы – латералды жағында жатады. Өзектен оның алдыңғы тесігі арқылы - тізелік төмендеген артериямен бірге шығып - тігінші бұлшықет сіңірінің астында орналасады. Одан кейін теріастылық нерв, теріастылық үлкен венаны, v.saphena magna, бойлай төмен түседі. Ол тізе буыны деңгейінде тізе тобығы астылық тармағын , r.infrapatellaris, береді. Бұл тармақ латералды бағытта жүріп тізе буыны мен тізе тобығының медиалды бетінің және сирақтың жоғағы бөлігінің терілерін нервтендіреді. Сирақта теріастылық нервтен, сирақтың алдыңғы – медиалды бетінің терісін нервтендіретін – сирақтын медиалды терілік нервтері, rr.cutanei cruries mediales, кетеді. Теріастылық нерв төменгі жағында - аяқ басының медиалды жиегінің терісін үлкен бақайға дейін нервтендіреді.
|
|||||||
|