![]()
|
|||||||
абырғааралық нервтерҚабырғааралық нервтер Он екі жұп кеуделік жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары, rr.anteriores nn.pectorales, өздерінің сегменттік құрылымын сақтаған. Жоғарғы он бір кеуделік нервтердің алдыңғы тармақтары қабырғааралық кеңістіктерде орналасып, қабырғааралық нервтер, nn.intercostales, деп аталса, он екінші нерв XII қабырға астында жатып, қабырғаастылық нерв, n.subcostalis, деп аталады (58-сурет). Бірінші қабырғааралық нервтің бір бөлігі иық өрімін түзуге, қабырғаастылық нервтің бөлігі бел өрімін түзуге қатысады. Иық өрімін сипаттағанда айтылғандай екінші (
1 – қабырғааралық нервтер; 2 – қабырғааралық нервтерінің терілік алдыңғы тармақтары; 3 – іштің көлденең бұлшықеті; 4 – мықын – шап нерві; 5 – мықын – құрсақасты нерві; 6 – қабырғаастылық нерв; 7 – XII қабырға; 8 – қабырға аралық нервтің терілік латералды тармағы; 9 – І қабырға. Әйелдерде IY,Y,YI қабырғааралық нервтердің латералды тармақтарынан сүт безінің латералды тармақтары, rr. mammarii lateralеs, кетеді. Ал, II, III және IY қабырғааралық нервтердің алдыңғы тармақтарынан сүт безінің медиалды тармақтары, rr. mammarii mediales, бөлініп сүт безін нервтендіреді. Қабырғааралық және қабырғаастылық нервтер кеудедегі: қабырғааралық сыртқы және ішкі бұлшықеттерді, mm. intercostales externi et interni, кеуденің көлденең бұлшықетін, m. transversus thoracis, қабырғаастылық бұлшықеттерді, mm. subcostales, қабырғаларды көтеретін бұлшықеттерді, mm. levatores costarum, тістік артқы жоғарғы және төменгі бұлшықеттерді, mm.serrati posteriores superiores et inferiores, іштегі: іштің көлденең бұлшықетін, m. transversus abdominis, іштің ішкі және сыртқы бұлшықеттерін, mm. abliqui abdominis interni et externi, іштің тік бұлшықетін, m.rectus abdominis, пирамидалық бұлшықетті, m.pyramidalis және белдің шаршы бұлшықетін, m.quadratus lumborum, нервтендіреді. Қабырғааралық нервтер өкпеқапқа және іштің алдыңғы қабырғасын жауып жатқан ішастарға тармақтар береді.
|
|||||||
|