|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Картографиялық білімнің құрылымы1.2 Картографиялық білімнің құрылымы И. И. Заславский мұғалімдер тәжірибесінде "картаны білуді" құрайтын төрт негізгі ұғымды ажырату керек екенін айтады: 1) карта құру, 2) оны оқу, 3) түсіну, 4) жер бетіндегі географиялық заттар мен құбылыстардың кеңістіктік орналасуы туралы түсінік. Сондай-ақ, ол «картаны оқу» ұғымы «картаны түсіну» ұғымына бағынышты екенін ескертеді, дегенмен олар көбінесе қате шатастырылған, өйткені картаны оқу үшін оның шартты белгілерін білу керек, ал түсіну үшін оқып, географиялық білімнің белгілі бір қорына ие болуы керек. Картаны түсіну карталар туралы білімнің болуын көрсетеді: географиялық карта дегеніміз не, оның басты белгілері қандай, басқа жер бедерінің суреттерінен қандай айырмашылығы бар. Сонымен бірге, кртаны түсіну үшін масштаб және градус торымен жұмыс істей білу керек. Картаны оқу – іс-әрекетті, құбылысты танып білу, шартты белгілер арқылы нақты дүниені, әлемді тану, картада белгіленген территорияның сапалық және сандық мағлұматтарын сараптау. Картаның оқуы негізінен – оқырманның қажетті ақпарат алу үшін белгілерді, кескіндерді, таңбалы тіркесімдерді қабылдау әрқашан көздейтін нысанды іздестіру болып табылады. Карта оқу процесі үш кезеңді біріктіреді: 1. Алдын-ала көру және бастапқы ақпаратты алу, яғни «алғашқы оқу»; 2. Анықтауы және таңбалы тіркесімдерінің алғашқы қабылдаулары және оқырманның өздігінен үйретуімен бірге жүретін ақпараттың негізінде алынған; 3. Таңбалы тіркесімдерді қабылдаудың ақырғы бекітуі және алынған ақпаратты маңызды түсіндіру. Кез келген картада суреттер және белгілер салынады, олар кеңістік қарым-қатынас жүйесін, жер бетінің құрылымдық жүйесін қалыптастырады. Картографиялық суреттер құбылысты көру арқылы қабылдау нәтижесін көрсетеді, сондықтан олардың көрнекі құрал ретіндегі деңгейі өте жоғары. Мысалы, құрлықтардың шекарасы, жеке елдердің шекарасы, гидрологиялық торлардың объектілері. Түсіндірмелі бейнелер мен кей кезде тіпті қабылданбайтын құбылыстар үшін арнайы белгілер қолданылады. Көп жағдайда олар бейнеленген объектілер мен құбылыстарға ұқсамайды. Бұл категорияға климаттық көрсеткіштер, геологиялық және тектоникалық құрылымдардың бейнелуін жатқызуға болады. Олардың объектілерінің және белгілерінің ұқсастығының болмауына қарамастан, олар бір-бірімен байланысты, бірақ олардың байланыс механизмі өте қиын. Белгілердің болуы оқушылардың саналы қатынасын қалыптастыруды көздейді. Белгілердің мағынасын түсінбеген оқушы үшін олар сәйкес бейнелерді қалыптастырмайды. Сонымен қатар, картада құбылыстардың бейнеленген саны шартты белгілер санынан көп екенін естен шығармау керек. Бұл әр түрлі құбылыстардың әр түрлі карталарда ұқсас болып келуіне әкеп соқтырады. Атап айтқанда, жасыл түс топографиялық карталарда құрлықтың төмен бөлігін, яғни ойпат, жазықты жерлерді, ал тектоникалық картада мезозой қатпарлық құрылымын белгілейді. Сонымен, картаны оқу оқушы үшін қиын әрекет және арнайы іскерліктің қалыптасуын қажет етеді. Бастапқы картаны оқу кезінде оқушыларды оның жалпы мазмұнымен және оны көрсету әдістерімен таныстыру қажет. Ондай жағдайда сызбанұсқа арқылы түсіндірген тиімді: №1 сызбанұсқа
А
Сызбанұсқа құрумен ғана емес, сондай-ақ, сәйкес құбылыстардың алгоритмін сипаттауға да болады. Олар келесідей болуы мүмкін. Белгілі бір жердің шілде айының орташа температурасын анықтау үшін мыналар қажет: 1. берілген пункті картадан табу; 2. оның қандай шілде изотермаларының арасында орналасқанын анықтау; 3. шілде айының орташа температурасының шамамен ауысу интервалын анықтау. Мектеп карталарын пайдалану әдісі бойынша (қабырға, қосымша, оқулыққа қоса берілген, контурлы, рельефті және атластар), масштабы бойынша (кең ауқымды және кішігірім), мазмұны бойынша (жалпы географиялық және арнайы), жүктеме және дизайн бойынша бөлінеді. Географиялық карталар территорияларына, маңызына, мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі: - аумақты қамту бойынша: дүниежүзілік, құрлықтық, жеке елдер, т. б.; - мазмұны бойынша: жалпы географиялық (жердің негізгі элементтері шамамен бірдей: рельеф, өзендер, көлдер, өсімдіктер, елді мекендер және т.б. бұл топографиялық карталар.) және тақырыптық карталар (табиғаттың бір немесе екі компоненті, мысалы, жер бедері мен су; климат пен топырақ); - масштабы бойынша: ірі – (1:200000 және одан үлкен), орташа – (1:200000 және 1: 1000000 қоса алғанда) және ұсақ масштабты карталар (1: 1000000 және одан кіші); - мақсаты бойынша: ғылыми-анықтамалық, оқулықтар, туристік, техникалық карталар. Географиялық карталардың ішінен неғұрлым көп қолданылатыны - жер беті мен ондағы объектілер көрсетілетін жалпы географиялық карталар. Жалпы географиялық картаның құрамдас бөліктері. Картаны жасап шығару, толыққанды пайдалану үшін оның қасиеттері мен ерекшеліктерін білу қажет. Сондықтан картаны оқып-үйрену мен құру оны түзетін құрамдас бөліктеріне жіктеп, мән мағынасын түсінуді, әрбір құрамдас бөлігінің маңызы мен атқаратын қызметін білуді, олардың арасындағы байланысты анықтауды талап етеді. Картаның құрамдас бөліктеріне картографиялық кескіндеу, математикалық негіздері, қосымша жабдықтау элементтері жатады. Картографиялық түсіру кез-келген картада қамтылған табиғи және әлеуметтік-экономикалық нысандар мен олардың орналасу ерекшеліктері, өзара байланыстары туралы үйлесімді ақпарат беретін ең басты бөлігі болып табылады. Картаның мазмұнын айқындайтын бұл деректер кескінделген нысандардың біртекті тобына қарай жекелеген географиялық элементтерге бөлшектеніп кетуі мүмкін. Мысалы, топографиялық карта мазмұнының негізгі элементтеріне су нысандары, жер бетінің бедері, өсімдіктер жамылғысы, қатынас жолдары, байланыс және электр желілері, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, мәдени-ағарту тағы да басқа нысандар жатады. Мазмұнының элементтер кешені әр түрлі карталарда бірдей болмайды. Атап айтсақ, тақырыптық карталарда мазмұнының басты құрамдас бөлігі пайдалы қазбалар, топырақ жамылғысы, жануарлар дүниесі, өнеркәсіп кәсіпорындары болуы мүмкін. Бірақ солардың ішінде бір құрамдас бөлігі басқа элементтерді бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік беретін бастысы болып табылады. Картографиялық кескіндерді талдау барысында мазмұны мен олардың белгілі бір картографиялық шартты белгілер мен жазулар жүйесімен берілу нышанына мән беру қажет. Картографиялық кескіндерді құрудың геометриялық заңдылықтары мен олардың геометриялық қасиеттерін картаның математикалық негіздері айқындайды. Картаның бұл құрамдас бөлігіне картографиялық проекциялар және онымен тығыз байланысты координаттар торы, масштаб пен геодезиялық тірек торлары жатады. Картографиялық проекцияның мәні жер эллипсойдының бетіндегі нүктелердің координаты мен олардың жазықтықта кескінделуінің арасындағы байланыстың болуы картаны құруды эллипсойд бетімен сәйкес келетін жазықтық координаттар сызығынның жүйесін жасаудан бастауға міндеттейді. Қандай да бір координаттар торы кез-келген географиялық картаны құрудың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ шағын кеңістікті қамтыған кескінделген құбылыстарды өлшеуді қажет етпейтін сызба-нұсқа түріндегі кейбір карталарда координаттар торы болмайды. Геодезиялық тірек торлары жердің физикалық бетінен эллипсойдтың бетіне өтумен қатар, картаның географиялық құрамдас бөліктерінің координаттар тобына қатысты орнын дұрыс анықтауды қамтамасыз етеді. Геодезиялық тор жергілікті жерді кескіндеу жұмыстарын жүргізу үдерісінде қолданылып, топографиялық карталарда көрсетіліп, мазмұнының құрамына енгізіледі. Масштабына сәйкес координатар торының жалпы өлшемін анықтап, нысандардың орналасуы мен бағдарлауды, ірі аумақты қамтыған карталарды жеке беттерге бөлуді бұрыштамалар қамтамасыз етеді. Картаны оқуды, онымен жұмыс істеуді жеңілдететін картографиялық кескіндеуден басқа қосымша құрамдас бөліктері болады. Олардың қатарына картада пайдаланылған картографиялық шартты белгілер мен кестелер, диаграммалар, ірі масштабты карталарда жүргізілетін картометриялық өлшемдердің түсініктемелері жатады. Оның құрамына карта мен баспаның аттары, шыққан жылы сияқты шыққан орны деректері де жатады. Кейде картаның бұрыштамаларының ішіндегі бос орында қосымша карталар карталар мен графиктік құрулар (көлденең қима-сызбалар, блок диаграммалар, жеке диаграммалар) кестелер, мәтіндік деректер беріледі. [1. сурет]
1-сурет Жалпы географиялық картаның құрамдас бөліктерінің сызбасы
Тақырыптық карталар дегеніміз – негізгі мазмұны нақты тақырыпты қамтып, арнайы бір элементке немесе құбылысқа арналған карталар, мысалы: климаттық, топырақ, көлік кешеніне, тарихи оқиғаларға т.с.с. Төмендегі кесте оқу процесінде сипаттаманың қосымша элементтерінің рөлін көрсетеді.
2-кесте Тақырыптық карталар және оның мазмұны
Мектепте қазіргі географияны оқыту бөлінеді: Ø Карталардың, атластардың түрлерін зерттеу; Ø Карта тілін меңгеру. Мектеп бағдарламасын талдау негізінде картографиялық білімнің үш негізгі тобы бөлінеді: 1. картографиялық көріністер, 2. картографиялық ұғымдар, 3. картографиялық іскерліктер мен дағдылар. Бұл бірінші ретті компоненттер тобы. Екінші ретті компоненттер тобы оған бағынады. Мысалы, «картографиялық біліктер мен дағдылар» тобының құрамына өзара байланысты үш компонент кіреді: картаны оқу, картографиялық біліктер мен дағдылар, картаны құрастыру біліктері мен дағдылары. (қосымша А кесте)
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|