|
|||||
Географиялық карталарды сабақта оқыту әдістері2.5 Географиялық карталарды сабақта оқыту әдістері
Бөлім | Картография және геоинформатика | ||||
Педагогты аты-жөні | Сагитова А.Ж. | ||||
Күні |
| ||||
Сынып | Қатысушылар саны Қатыспағандар саны | ||||
Сабақтың тақырыбы | Заманауи картографиялық әдістер | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.1.1 - тақырыпқа сәйкес электронды картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану (сандық карталарды оқу, олардың қолданысымен географиялық объектілер мен аумақтардың орналасуын, сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау, сипаттау және талдау) | ||||
Сабақтың мақсаты | ü Картографиялық зерттеу әдістерін ажыратады; ü Картографиялық әдістерді қолданады; ü Зерттеу жүргізеді. | ||||
Бағалау критерииі | Оқушылар зерттеу тақырыбына сай картографиялық зерттеу әдістерін ажыратын, қолданып үйренеді. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Ресурстар | |||
Басы | Мұғалім қолайлы психологиялық климат орнату мақсатында оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-бірлеріне тілек білдіртуді ұйымдастырады, сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсаттарымен таныстырады. Қызығушылықты ояту: Сыныпта талқылау. Ұсынылған суреттердің адам мінезіне тікелей қатысы бар ма? Сабақтың тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады. Мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында сұрақ қояды: -географиялық мәліметтер қандай әдіспен жинақталады? - зерттеу нәтижелері қалай ұсынылады? Күтілетін нәтиже: · Географиядағы зерттеу нәтижелері ір түрлі визуальді формада жеткізілетінін меңгереді; · Тиімді формасын таңдап ұсынады, жауаптарын аргументтейді. | Ұялы телефон және интернет желілері Кітап
| |||
Ортасы | Мұғалім әр түрлі диаграммалар мен графиктер, карто-сызбалар мен инфографикаларды көрсетеді. Оқушылар оларға ортақ нәрсені анықтайды: зерттеу нәтижесінде жинақталған ақпарат визуальді түрде жеткізілгенін атайды. Шартты белгілерді еске түсіреді және ойлап шығарады. Миға шабуылы: Ой талқы · Қандай электронды картографиялық ресурстарды білесіңдер? · Олардың пайдалану мүмкіндіктері қандай? · Өздерін күнделікті өмірде қандай электронды картографиялық ресурс пайдаланасындар және қандай мақсатта? Мұғалім оқушыларға бейнематериал көрсетеді. "Жер бедерін суреттеу тәсілдері», «Картографиялық басқарманың карталары», «Теңізді картаға түсіру» осы бейне фильмлер бойынша қажетті тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Бейне фильм көріп болғаннан кейін осы фильм бойынша ой бөліседі. Мұғалімнің түсіндірме бөлігі:Заманауи картографиялық әдістері. Тапсырма №1: Өз үйінен мектепке дейінгі маршрутты сызу. Картосхема әзірлеу. Дескриптор: - Әр топ өз мобильді қосымшаларын пайдаланады; - Қосымша арқылы өз үйінен мектепке дейінгі маршрутты сызу; - Әр қосымшаның ерекшелігін ескере отырып сызу; Мысалы, Yandex map болса, кептелістерді ескере отырып сызу; т.б. Сызылған маршрутты сыныпқа таныстыру.
Мұғалім 8-10 сынып, атластарын пайдалана отырып, тақырыптық карталар бөліп береді, шағын зерттеу жүргізуді ұсынады. Зерттеу кезінде осы картада қолданылған картографиялық әдістерді анықтау қажет. Оқушыларға картографиялық зерттеу әдістері туралы мәтіндер беріледі. Мәтіндерді оқушылардың санына қарай өз қалауыңыз бойынша топқа бөліп беруге болады. Мәтіндермен жұмыс ретінде ұсынылатын іс-әрекет: инфографика, тірек – сызба, т.б. жұмысын орындау Топтар презентациясы. Бағалау: 1-топты бағалау критерийлеріне және олардың дескрипторларына сәйкес 2-топ бағалайды. Ары қарай жалғасады. Мұғалім оқушыларға тапсырмалар таратады. Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар қойылады. 1. Күнделікті өмірде қандай картографиялық әдістерді қолданасыз? 2. Адамзат қызметінің қандай салаларында жаңа картографиялық әдістерді қолдануға болады? Сабақтың қорытындысын шығару. | Слайдтар
Ашық сұрап-жауаптар
«Жер бедерін суреттеу тәсілдері» https://twig-bilim.kz/kz/film/ways-of-looking-at-the-world. Осы сайттан теңізді картаға түсіру бейнефилімін көреді.
| |||
Сабақтың соңы |
|
||||
|