Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәрістің мазмұны



№ 19 дәріс

Тақырып:Эмоциялар 

Дәрістің мазмұны

1. Эмоция түсінігі

2. Эмоцияның физиологиялық негіздері

1.«Эмоция» ұғымы – «емовера» деген латын сөзінен «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша – тітіркену, толқу. Бұл –жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу және шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды жағымсыз қатынастын сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтын жүйкеде сәулеленуін айрықша бір түрі .

Сыртқы дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатысын білдіреді.Бұдан адамға жағымды не жағымсыз сезімдер туып отырады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі қимылдары, дауысы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организімің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор . Мысалы қанның жүруі тамырлардың жүрекке ерекше соғуы, бездер әрекетіне Физиологиялық әрекеттерге эмоция үлкен әсер етеді. Эмоция хайуанаттарда да бар олардың эмоциясы, инстикт деп аталады. Олар мұқтаждықтарын биологиялық қанағаттандырумен байланысты, мысалы мысық пен иттің еркеленуі, олардың үйреленіп бір нәрседен қорқуы, олардың сыртқы келбетінен жақсы көрініп тұрады. Адам эмоциялары хайуанат эмоцияларына қарағанда өте бай болып келеді, әрине адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне олардың басынан кешкен тәрбиесіне қарай сыртқы дүние әсеріне жауап қайтару түрліше болады. Адам эмоцияларынын бір бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп көрініп тұрады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады, олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жылытып көрік беріп отырады.

 

2.Адам эмоциясы негізінен тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайларларға байланысты және ол тарихи даму жағдайға тәуелді. Эмоцияның нейрофизиологиялық механизімі жүйке жүйесінің арнайы қызметі, ең алдымен ретикулярлық фармацияға байланысты болып, қызметі жандандырады, ал екіншіден, ми төмпешігінде, әсіресе көру төмпешігінің астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы мембикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады, сондай-ақ сезім мен эмоцияның дамуына ереулі әсер ететін фактор .

Сезімдер мен эмоциялар жануарлар тіршілігі биологиялық қалыптан шығып, адамның санасымен байланысқан. Сөйтіп адам сезімдерінің өрісі кеңейіп оның жануарлар дүниесінен ерекше ақыл ой, адамгершілік эстетикалық сезімдері жетілмеді олар қоғамды әлеуметтік сипатқа ие болды

Эмоциялар тек қозғалыс реакциялары: мимика, жестерде, ғана көрініс бермейді, сондай-ақ бұлшықеттердің тоникалық жиырылуында байқауға болады. Клиника бұлшықет тонусы аффект мөлшері ретінде қолданылады. Көбінесе жоғарғы бұлшықет тонусы эмоционалды жағдайдың теріс көрсеткіші (дискомфорт) ретінде санайды. Тоникалық реакция диффузды, генерализденген , барлық бұлшықеттерді жаулап алу арқылы қозғалыс жасауды қиындатады .Соңында ол тремар , хаотикалық, басқарылмайтын қозғалыстарға әкеледі .

Әртүрлі конфликтерге душар болатын адамдар, әсіресе невротикалық бұзылыстары барлары басқаларға қарағанда қимыл-қозғалыстары көбірек болуымен ерекшеленеді .

Р.Мальмо өз әріптестерімен жүргізген зерттеулерінде психикалық аурулары бар адамдардың бұлшықет қозғыштығы контрольді топтағыларға қарғанда жоғарырақ екенін көрсетті. Әсіресе ол патологиялық қауіпті психотерапевтикалық әдістер осы қозғыштықты басуға негізделген ,мысалы релаксация әдісі және аутогенді тренировкалар .Олар адамдарды бос ұстауға, босаңсуына үйретеді , соның нәтижесінде олардың әртүрлі бұзылыстарға байланысты қозғыштығы , қатерлігі төмендейді .

Адамның эмоционалдық жағдайының өзгеруінің сезімтал индикатордың біріне оның дауысы жатады.Соған байланысты дауыс көмегімен эмоционалды қайғыруды және оларды белгі бойынша дифференцилеуге (жағымды, жағымсыз) арнайы әдістер енгізілген. Ол үшін магнитті лентаға жазылған адамның дауысы анализдейді. ЭЕМ көмегімен сөз сигналдары жиіліктегі спектрге ажырайды .

Эмоционалды қозғыштықтың өсуіне байланысты айтылатын сөздер мен дыбыстардың жиіліктегі спектр мөлшері ұзарып , жоғары жиілікті құраушы жаққа жылжиды. Жағымсыз эмоциялар спектрлі энергиясы төмен жиілік бөлікте концентрленсе , ал жағымды эмоциялар – олардың жоғары жиілікті аймағында орналасады .Сөз сигналының спектріндегі бұл жылжулар үлкен физикалық жүктемеден кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл әдіс эмоционалды қозғыштықтың жоғарлауын 90% жағдайында анықтауға мүмкіндік береді , сондықтан ол адам жағдайын анықтауда перспективті болып табылады.

Эмоциялардың маңызды компоненттеріне вегетативті нерв жүйесінің активті өзгеруі жатады.Эмоцияладың вегетативті көріністері әртүрлі: терінің барерьлік қызметінің өзгеруі (КГР), жүрек жиырылу жиіліктер, қан қысымы, тамырлардың кеңеюі мен тарылуында, дене температурасының , қанның гормональді және химиялық құрамының өзгерістері және т.б.Ашушаңдылық жағдайында қанда норадреналин мен адреналин мөлшері жоғарылайды, жүрек соғуы жиілейді, көз қарашығы кеңейеді

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.