Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Зияткерлік қабілет



2.Зияткерлік қабілет

Спирмен теориясы зияткерлік қабілеттерді талдаудағы аралық байқау корреляция байланысына негізделген. Егерде қандай да тестілеуде бұндай байланыс байқалмаған болса, барлық ауытқушылық нәтижелерді талдаудаға жасалған қателікке тәуелі деп түсіндірген . Оның ойынша, аталмыш коррекляциялық байланыс теоретикалық болжамдардан төмен, осы айырмашылық тұрақты нәтиже корреляциясы болады. Егер әлсіздену эффектісін дұрыстайтын болса, байланыстар ауқымы бірге теңеледі. Жеке тестілердің өзара байланысы олардың басты мақсаттылығы , бұл байланыс зияттың жалпы факторы тіркесімен белгіленді. G факторы мен қатар s факторы көрсетіледі, бұл әрбір тесттің спецификасын көрсетеді. Сол себепті де аталмыш теория зият қабілетін анықтаудағы екілік теориясы деп аталды. (Сперман , 1904;1927).

Спирмен ойынша, g факторы- бұл негізгі интеллект, жекелік табиғат, адам энергиясы. Өткізілген тестілерді талдай келе, Спирмен келесідей тұжырымға келді, адамның ойлау деңгейі жекелік білімдер мен тестті ойша талдап, жауап бере алу қабілетінің қосындысы. Расында да кейбір тестілеулер максималды ойлануды талап еткен: Равен прогрессивті матрицасы, сан мен фигура байланысын анықтайтын заңдылықтар тестісі, вербальді аналогия, фигуралар классификациясы, мәтінді түсіну, және т.с.с

Осылайша, Спирмен зияттың деңгейлік мүмкіндіктерін (сенсорлы-перцептивті , вербальді функциялары) және үйлестіру міндетін (берілген тестілейде айрықша тапсырмалар3ы орындау)ажыратты. Басқаша айтқанда , алғаш рет осы кезде зияткерлік қабілеттердің продуктивті және репродуктивті аспектілерін анықтау мәселесі туындады.

Спирменді тестологиялық теория құруда тек бір сұрақ тежеді, - мазмұны ұқсас байланыстағы жоғары корреляциялық ұқсастықтың болуы. Туындаған сұрақ жалпы бірлік теориясын құруда негізгі құраушы тұжырым еді.

Жалпы зият қабілеттерін анықтауды Р. Б. Кеттелл (Кеттел, 1971), Ф. Вернона (Вернон, 1965), Л. Хамфрэйс және т.б жалғастырды. Осылайша Кеттел, түрлі тестілер мен факторлі анализді (иілімді ротация техникасын)пайдалана отырып, кезектік факторлерді ұсынды. Осы нәтижелерді екілік факторлік анализді анықтауда негізге алды. Нәтижесінде бес екелік факторды сипаттады. Бесеудің екеуі Спирмен сипаттаған g-факторы болсада, автор оны екі компонентке бөлді:   

Зияттың тестологиялық теориясы

gc   -кристаллды зият, сөздік қорын , оқу жылдамдығын, әлеуметтік нормативтерді анықтайтын тесттер;

g, - ағымдағы зият, сан мен фигуралардың байланыс заңдылықтарын анықтауға, оперативті жад ауқымы,кеңістіктік операцияларға арналған тестілер;

Аталмыш зияттың базалық қабілеттерімен қатар , Кеттелл қосымша үш факторды көрсетті:

gv   - визуализациялау( дивергентті тапсырмаларды орындаудағы образдық манипуляция қабілеті);

gm  - жад (ақпаратты сақтау және қайта өңдеу операциялары;

gs     - жылдамдық (зияткерлік іс-әрекеттер кезіндегі жоғары ырғақпен жұмыс жасау) (Кеттелл, 1966,1971).

Кеттеллдің ойынша, кристаллды зият- түрлі менталитет пен дәстүрлердің ықпалы; басты функционалды операциясы біліктер мен дағдыларды ұйымдастыру және сақтау. Ағымдағы зият биологиялық жүйке жүйесімен түсіндіріледі; негізгі функциясы- ағымдағы ақпаратты тез және нақты талдау. Кеттелл бойынша жалпы бір зият пайда болудың орнына екі түрлі механизмі бар зият пайда болды.

Кейін, екілік механизмі өзіне тән түрлі оперативті жүйеден тұратыны анықталды. Кеттелдің беруі бойынша, gc және gf    факторлар көрсеткіші г = 0,40—0,50 аралық деңгейін қамтиды, сонымен қоса бұл факторлар бірдей тестілерге еніп, семантикалық байланыстарды орнатуда қолданды. Л. Хамфрейс, Кеттелдің ақпаратын реинтерпретациялап, зияткерлі- құраушы факторының негізін құрады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.