Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәрістің мазмұны



№ 21 дәріс

Тақырып: Интеллект

Дәрістің мазмұны

1. Интеллекттің тестологиялық теориясы

2. Зияткерлік қабылет

Ұзақ жылдар бойы адамның зияткерлік қасиеттері тестология әдісі арқылы өлшеніп келді. Ғылыми психологиялық санатта зият сөзі жаңа түсініктемеге ие болып, «обьективті талдау » негізінде адам зиятын жан-жақты қадағалау ыңғайы туды. Тестология зият табиғатын зерттеуге көмектескенмен, нағыз толық табиғатты айқындай алмады. Зият табиғатын зерттеген көрнекті зерттеуші А. Дженсеннің ойынша, бұл процестің табиғатын түсіну зият табиғатымен танысу арқылы жүзеге аспайды және ондай тексерістерді доғару керек. [Jensen, 1987].

Ғалымдардың бұл тақырыпта не ойлайтындарын түсіну үшін, зият сөзіне қандай анықтама бергендерін байқайық. (Гуревич, 1981; Дружинин, 1999)

Тестология пайда болуы

Алғаш болып бұл сөзді еңбектерінде қолданған Фр. Гальтон. 1883-ші жылы жарыққа шыққан «Адамның қасиеттері мен мүмкіндіктерін талдау» еңбегінде, адамның зияткерлік қасиеттері адамның биологиялық қалпына тәуелді және физиологиялық ерекшеліктермен еш байланысы жоқ делінген. Жалпы зияткерлік қасиеттер ретінде сенсорлық сезімталдықты негізге алған.

Зерттеудің алғашқы қадамында 1884 ж Гальтон тұлғаның түс, дәм, дыбыс ырғағы, жауап беру мезетін анықтауды бастаған. 1890 ж Гальтонның қадағалауымен Дж. М. Кеттел есту тереңдігін, көру ұшқырлығын, сыртқы жарақатқа сезімталдылықты, қозғалу шапшандлықты, түс таңдауғы ерекшіктерді анықтайтын тестіні ұсынды. Осындай негізде алғашқы психофизиологиялық сараптаулар арқылы адамдар арасындағы туа біткен және жүре пайда болған (органикалық) зияттың мінездік ерекшеліктерін сараптау жұмысы басталды.

1905 ж зиятты зерттеудегі тежелу жылы. Зияткерлік қабілеттердің болмысы, табиғаты осы жылы практикалық жүктемеге тәуелді болды. Француз министірінің ұсынысымен зияты төмен балдарды оқытуды қадағалау комиссиясы құрылды. Комиссияның басты мақсаты- осындай балаларды анықтау және олардың арнайы білім алуын қамтамасыз ететін жағдай жасау. А. Бине мен Т. Симон балалардың ойлау қабілетін анықтайтын 30-ға жуық тестті ұсынды. Осы кез3ен бастап-ақ зияткерлік қабілеттерді анықтау тестологиясы құрылды, аталмыш тестілер қазіргі кезде де қолданып келеді.

Бине- Симонның ойлау қабілетін анықтау шкаласында (1911 ж нұсқада)- тестілер жас ерекшелігіне қарай топтастырылған. Мысалы, 6 жасар бала үшін атын-жөнін, жасын айту, 10 сөзден тұратын сөйлемді қайталау секілді тапсырмалар енген болса, 12 жасар бала үшін 7 санды қайталау; ата2ған сөзге 3 ұйқас келтіру, суретті сипаттау секілді тапсырмалар енген.

Зияттың дамуы, қалпы бала жасымен «ойлау жасының» қатынасы арқылысанықталған. Зияттң негізгі бағалануы баланың ең жоғарғы көрсеткішімен бекітілген. 6, 7, 8 жасар баланың зиятының ең жоғарғы дәрежесі 8-ге тең деп сарапталынды. Ойлау қабілеті көрсеткіші мен хронологиялық жастың сай келмеуі қандай да бір зияттағы ауытқушылықты( ойлау қабілеті көрсеткіші хронологиялық жастан төмен) немесе керісінше дарындылықты (ойлау қабілеті хронологиялық көрсетккіштен жоғары) білдіртті. Кейін В. Штерн (1916 ж) бұл коэффециентті анықтауда келесідей теңдікті ұсынды

Ойлау жасы   ,ллт

х 100%.

Хронологиялық жас

Бұл теңдік зият коэффециенті (intelli-gence quotient, қысқартылған IQ) деп аталды. 1916 жылы Л. М. Термен және оның Стэнфорд университетінен әріптесі (АҚШ) екеуә бірігіп Бине-Симонның тестісі негізінде жаңа тест жинақтарын жасады ол Стэнфорд-Бине шкаласы деп аталды. Ұсынынлған тестілеу айрықша өзгерістер алып келмегенмен , мектепке дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін анықтауға бағытталды.

Байқауға тұрарлық жағдай, Гальтон зияттың қалыптасуы туа біткен психофизиологиялық қасиеттерге байланысты десе, Биненің ойынша бұл қасиеттің қалыптасуына сыртқы орта факторлары әсер етеді деген .Сол себепті де оның тестілеуі тек қалыптасқан танымдық процестерді (есте сақтау, кеңістікте бағалау, фантазия)ғана емес, әлеуметтік тәжірибесін(сөздердің мағынасы, моральді баға бере алуы) саралауға бағытталған. Осындай негізде зияткерлік туа бітпейді ұзақ жылдар бойы қалыптасады. Бине алғаш болып ойлау ортопедиясын қарастырған (зияткерлік қабілеттің дамуын кеңейту бағытындағы оқыту іс-әрекеттері). (Бине, 1998).

Зияткерлік қабілет адамның тек психикалық күрделі сипаттамасы ғана емес, білуге, түсінуге ұмтылысын анықтайтын тұлға ерекшелігі.

Адам зиятының практикалық талдануын 2 бағытты түсіндіруге болады: біріншіден, зиятты тексеретін тестілеудің мол спекторы; екіншіден, тест нәтижелерін статистикалық талдау аппаратының жұмыс істеуі (факторлы анализ).

Тестологияда уақыт келе екі түрлі тұжырым қабылданды: зияттың толық табиғаты жалпы факторлы түсінікке ие(К. Спирмен) және зияткерлік бастаудың түрлі құрылуын жоққа шығару (Л. Терстоун ). Адамның зиятының құрылу принциптерін анықтауда көп жылдар бойы түрлі қарама-қайшылықтарға тірелді (Дружинин, 1999).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.