|
|||
ІІІ кезең – мектепке дейінгі (3-тен 7 жасқа дейін) кезең.ІІІ кезең – мектепке дейінгі (3-тен 7 жасқа дейін) кезең. Осы кезеңде артикуляция түрлерін қарастырайық, яғни дыбыстардың пайда болу кезектілігін байқайық. Бірінші, екінші және үшінші артикуляция түрлерін алдыңғы кезеңнен көрсек, енді төртінші кезеңге көшейік. Артикуляцияның төртінші түрі – діріл (вибрация). Ол тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің және тіл ұшы бұлшықеттерінің қалыптасуында ғана ([р], [р'] дыбыстарын дұрыс айту), яғни 4 жаста пайда болады (қалыпты дамыған балада 2 ай ерте немесе кеш дамиды). Мектепке дейінгі кезеңде балалардың көбінде дұрыс емес дыбыстауы әлі де белгіленеді. Ысқырық, ызың, үнді дыбыстарды айту кезінде, сирек жұмсарту, қатаңды ұяңға айналдыру, йотация кемістіктерін байқауға болады. 4-тен 5 жасқа дейін бала барлық дыбыстарды меңгеру және олармен дұрыс қолдану қажет. Егер де бала дыбыстарды бұрмаласа, онда оған арнайы көмек керек, яғни арнайы түзету. Дыбыстардың бұрмалануы әр жаста дизонтогенездің белгісі болып келеді. 3 және 7 жас аралығында балада өзінің дыбысталуын есту арқылы бақылау дағдысы, кейбір мүмкін болған жағдайда оны түзету білігі аса дамиды, басқаша айтқанда, фонематикалық қабылдауы қалыптасады. Бұл кезеңде сөздік қордың тез ұлғаюы жалғасады. Балаланың белсенді сөздік қоры 4-6 жасқа қарай 3000-4000 сөзге жетеді. Сөздің мағынасы одан әрі нақтыланады және біршама байытылады. Бірақ балалар жиі сөздерді қате түсінеді немесе қолданады. Осымен қатар мұндай көрініс «тілді сезуді» куәландырады. Бұл балада сөйлеу арқылы қарым-қатынасы тәжірибесінің өсуін білдіреді және оның негізінде тілді сезінуі, жаңа сөздерді шығару қабілеті қалыптасады. К.Д.Ушинский тілді сезінуге ерекше мағына берді. Оның сөзінен баланың сөздегі екпін орнын, грамматикалық айналымды, сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілін еске түсіретінін көруге болады. Сөздік қордың дамуымен қатар сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде балалар байланыстырып сөйлеуді меңгереді. 3 жастан кейін баланың сөйлеуіндегі мағынасының біршама күрделенуі болады, оның көлемі ұлғаяды. Бұл сөйлем құрылымының күрделенуіне әкеледі. А.Н.Гвоздевтің анықтауы бойынша 3 жасқа қарай балада барлық негізгі грамматикалық категориялар қалыптасқан болады. 4 жастағы балалар сөйлеуінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. Осы жаста дыбыстаудың аса таралған формасы – жай, жайылма сөйлем (Мен қуыршаққа әдемі көйлек кигіздім. Мен жігітпін). 5 жастағы балалар салалас және сабақтас сөйлемдердің құрылымымен салыстырмалы оңай қолданады. Осы жастан бастап балалардың сөйлеуі қысқа әңгімені еске түсіреді. Әңгімелесу кезінде олардың сұраққа жауабы сөйлемдердің көп және одан да көп сандарын өзіне қосады. Балалар 5 жасында қосымша сұрақсыз 40-50 сөйлемдердің ертегінің (әңгіменің) мазмұнын құрастырады. Ол сөйлеу тілінің ең қиын түрінің бірі монологиялық сөйлеу тілін меңгерудегі табыстар туралы куәландырады. Бұл кезеңде фонематикалық қабылдауы біршама жақсарады: алдымен бала дауыссыз және дауысты дыбыстарды, кейін жұмсақ және қатты дауыссыз дыбыстарды, соңында үнді, ызың және ысқырық дыбыстарды ажырата бастайды. 4 жасқа қарай қалыпты дамыған бала барлық дыбыстарды ажырату керек, яғни фонематикалық қабылдауы қалыптасқан болуы қажет. Осы уақытқа қарай дұрыс дыбысталудың қалыптасуы да аяқталады және бала өте таза сөйлеуді. Мектепке дейінгі кезеңнің аралығында контекстік сөйлеу (жалпыланған, көрнекілік тіректен айырылған) біртіндеп қалыптасады. Контекстік сөйлеу ең алдымен баламен ертегі, әңгіме айтқан кезде, кейін оның жеке тәжірибесінде болған қандай да бір жағдайды, оның өзіндік уайымын, әсерін бейнелеу кезде пайда болады.
|
|||
|