Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәрістің мазмұны



№ 22 дәріс

Тақырып:Жасанды интеллект

Дәрістің мазмұны

1. Жасанды интеллект түсінігі

2. Жасанды интеллект бағыттары

Зияткерлік қабілеттердің шығармашылық функцияларының дәстүрлі түрде емес жасанды орындалуы. ЖЗ адами зиятты техникалық түсініктеме деңгейінде сипаттап биологиялық ерекшеліктерге тәуелсіз болу. 

Алғаш болып ЖЗ (artificial intelligence) 1956 жылы Дартмунд университеті профессоры Джон Маккарти болды. Оның ойынша бұл феномен тікелей адамда бар биологиялық зиятпен байланыссыз. Маккарти бойынша, ЖЗ-тың табиғатын зерттеу өзіндік әдіс-тәсілдер арқылы жүргізіледі, органикалық зиятты талдауда қолданатын әдістер бұл жағдайға еш тәуелсіз. Берген түсініктемесін, Джон Маккарти былай деп түсіндіреді: «Мәселен, ғалымдар зерттеу барысында, ЖЗ-тың не екенін анық біле алмайды, нақ түсіну үшін біршама уақыт керек. Біз зияттың тек кейбір механизмдерін , ал қалғаны біздер үшін шешілмеген жұмбақ. Сол себепті де ЖЗ дегеніміз күрделі есептеу операциясын орындайтын жүйе».

Ресей Жасанды зият ассоциациясы Петербургтегі бөлімше меңгерушісі Т.А. Гавриловтың айтуы бойынша artificial intelligence тіркесі ағылшыннан ау3арылғанда сөздің негізгі құнын жоғалтқан. Мяселен, intelligence сөзі антропоморфты зият мағынасын емес, «дұрыс ойлай алу қабілеті» мағынасын береді, зият сөзі ағылшынның intellect сөзі аналогі. Ресей Жасанды зият ассоциациясы өкілдері ЖЗ-қа келесідей түсініктеме береді:

1. Зият мағынасын ашатын адами қасиеттерді аппаратты және бағдарламалық модельдеудегі жасалатын жұмыс аспектісі.

2. Адамға тән шығармашлық зияттың функциясын атқаратын жүйенің құрылуы. Сонымен қоса, ЖЗ- белгілі бір ғылым саласындағы шығармашылық мәселелерді шешуші оперативті құрал, бағдарланған жүйелік арқылы мәселе жауабын табады, шешеді.

ЖЗ жүйесі 3 негізгі құрылымнан тұрады- ақпарат базасы, шешуші зияткерлік интерфейс, бұл интерфейстің негізгі жұмысы жүйелік бастауға еркін шығуды қамтамасыз етеді.

3. «Жасанды зият» ғылымы компьютерлік ғылымдар бағытына енеді. Осы бағыттылық арқылы ақпараттық технология тармағын туындатады.

Зият түсінігін адам мен техникаға ортақ түсініктемесін былай беруге болады: «Зият-жүйе жұмыс барысында түрлі әс-әрекет алгоритмдерді туындата алу қабілеті » (бірінші кезекте эвристикалық бағытта).

 2.Жасанды зияттың екі бағытын көрсетуімізге болады:

А) туындаған мәселелерді шешу, ЖЗ-тың кәсіби нақты түрлерінің адам өміріне интеграциялануы, барлық техника жұмысы адамның қажеттіліктерін шешуге арналады (Зияттың ерекше формасы)

Б) Жасанды сананың пайда болуы, бұл ерекше де күрделі процесс. ЖЗ-ды күрделі аналогиялық жүйеге біріктіру арқылы оңтайлы шешімді іздеу, жұмысты нақты сапалы орындау.

         Қазіргі таңда өкінішке орай, ЖЗ-тың мүмкіндіктері тек практикалық бағытта көптеген операцияларды орындап, ешқандай фундаментальді негізді құрамайды, а2 бұл өз алдына зерттеу жұмыстарын тежейді.

        Ұзақ жылдар бойы көптеген ғалымдар жасанды сана модулі проекциясын құрып келді, бірақ бұл жұмыстар тұрақты жоғары сана моделңн құрған жоқ. Әлемдегі ең танымал ЖЗ түрлері: Deep Blue- шахмат әлем чимпионын 1 кезектен жеңе алды; Watson-АйБиЭм компаниясының перспективті моделі, естіген мәтінді қайта айтады, мүмкін болар сөздер алгоритімін құрады; MYCIN-эксперттік жүйелердің алғашы, негізгі жүмысы науқасты кәсіби дәрігер секілді тексере алады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.