Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Ойлау. Дәрістің мазмұны



№ 17 дәріс

Тақырып: Ойлау

Дәрістің мазмұны

1. Ойлау формалары

2. Ойлау сезімдік елестердің ассоциациясы ретінде

Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. өғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының арта түсуi ғылым негiздерiн меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның бiлiм ортасындағы түрлi ғылымдар негiздерiн игеру әсер етедi. Сол барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнiнде бiлiмдерi қалыптасады.

Түсiну сөз арқылы берiлетiндiктен, түрлiше формаларда тұжырымдалады. Түсiну қысқаша, жалпы, кең, деталдi және т.б. болып келуi мүмкiн.

Түсiнудiң екi түрi бар. Бiрiншiсi – тiкелей түсiну. Тiкелей түсiну - жанама түрдегi ой операцияларын керек етпейтiн, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екiншi түрi – жанама түсiну. Жанама түсiну – түрлi фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететiн, көмескi нәрсенi айқын етiп бейнелеуде бiрнеше ой қорытындыларын қажет ететiн процесс.

Жалпы, ойлау дегенiмiздiң өзi - мәселенi шешу, оның мәнiсiн түсiне бiлу деген сөз.

Ойлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. ²орытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет.

Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:

1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.

Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз. Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.

Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Нüютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.

²ұрылымдық психологияға сәйкес, жеке сезiмдiк елестер психологиялық тәжiрибенiң бастапқы элементтерi болып табылады. Осындай жеке сезiмдiк елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрасттылық, уақыт пен кеңiстiкте сәйкес келу сияқты ассоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтiк психологияда ойлау сезiмдiк елестердiң ассоциациясы ретiнде түсiнiледi. Бұл бағыттағы психологтардың негiзгi қойған мiндетi – ойлаудың белгiлi логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсiндiру. өғымдардың қалыптасуы елестердi ассоцияциялау барысында жүзеге асады деп есептелiндi. Пiкiр ұғымдарды ассоцияциялау, ал ой қорытындысы пiкiрлердiң ассоцациялау нәтижесi ретiнде түсiндiрiлдi.

Осылайша, мәндi мен жалпының арасына теңдiк белгiсiн қою тұтас ассоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теорияларға келесi тұжырымдар ендi.

1) Г. Мюллердiң ңдиффуздық репродукцияларң теориясы. Берiлген тұжырымдамаға сәйкес, екi (немесе одан да көп) елестердiң үйлесiмi былайша қалыптасады: субúектте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрiздi басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).

2) Ойлау үйрену ретiнде. Бұл жерде талдаудың негiзгi элементтерi болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесiмге келтiру заңдылықтары бөлiнiп, шығады. Жаңа стимул-реакциялық байланыстар, яғни шартталу механизмдерi интеллектуалдық мiнез-құлыққа тән емес. Сондықтан, ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық мiндеттi шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Адамның психикалық өмiрiнң әмбебап заңдылықтары ассоциация принципiмен байланысты. Ассоциацияның негiзгi заңы: ассоциация жиi қайталанған сайын, дұрыс әрi берiк болады.

Ассоциациялардың төрт негiзгi түрi бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңiстiктiк iргелестiк бойынша, қатынас бойынша.

Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Миллü, А. Бэн, Т. Цигенü және т.б. еңбектерiнде зерттелiндi. Бұл жерде ассоциация психикалықтың бiрлiгi және түсiндiрушi принципi ретiнде қарастырылды. Ассоцианистер ойлау белсендiлiгiн түсiндiре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тәуелсiз ақыл-ойдың туа бiткен қабiлетi деп бiлген. Бұларда рационалдық сезiмдiкке баланып, субúекттiң iс-әрекет белсендiлiгi талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердiң ырықсыз iлесуi кез-келген ақыл-ой процесiнiң жүзеге асу типi ретiнде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердiң пайымдауынша, ойлау – ассоциацияларды жинау процесi.

Идеялардың репродукциясы (қайта өңделуi) сауалы ақыл-ой iс-әрекетiнiң ассоциативтiк теорияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi болып табылғандықтан, оны жиi репродуктивтiк психология деп атаған.

Отандық психологияда ассоцианистiк тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен зерттелiндi. Ассоциациялардың ойлау механизмi ретiндегi мәнi А.Ф. Эсауловпен ерекше аталды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.