|
|||
ІV кезең – мектептік (7-ден 17 жасқа дейін) кезең.ІV кезең – мектептік (7-ден 17 жасқа дейін) кезең. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, осы кезеңде балалардағы сөйлеу тілі дамуының негізгі ерекшелігі – бұл оның саналы меңгерілуі. Балалар дыбыстық анализді меңгереді, дыбыстаудың грамматикалық ережелер құрылысын игереді. Осы кезде басты роль сөйлеу тілінің жаңа түріне, яғни жазбаша сөйлеу тіліне жатады. Сонымен, мектептік жаста баланың сөйлеу тілінің мақсатталған қайта құрылуы болады – қабылдаудан және дыбыстарды айырудан тілдің барлық құралдарын саналы қолдануға дейін. Әрине, жоғарыда көрсетілген кезеңдер қатаң және нақты шекараны иеленбейді. Олардың әр қайсысы келесі кезеңге қалыпты түрде өтеді. Балалардың сөйлеу тілінің даму үрдісі уақытында және дұрыс өту үшін белгілі бір жағдайлар қажет. Сонымен, бала: № 15 дәріс Тақырып:Ойлау Дәрістің мазмұны 1. Ойлау психологиясының жалпы сұрақтары 2. Ойлаудың физиологиялық негіздері Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi. Түйсiктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерiн көбiне ретсiз кездейсоқ түрде бейнелендiредi. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттерi мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезiмдiк түрде берiлмеген қасиеттерiн, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтiп, ойлау сезiм мүшелерi арқылы алынған мәлiметтердi өңдейдi. Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс – ойлау негiзiнде жүзеге асады. Ойлау процесi елестермен де тығыз байланысты. Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердiң ассоциативтi ағымын ажырату қажеттiлiгiн атап көрсеткен. Мұның себебi ойлау iс-әрекетiнде бiз ассоциацияларды өте кең қолданамыз - олар ойлау есептерiн шығаруға елеулi септiгiн тигiзедi. Мысалы, бiз қазiр тап болған жағдайға ұқсаса оқиғаларды жиi арнайы еске түсiремiз. Мұнда пайда болған ассоциациялар бiздiң ой мәселесiн шешуiмiзде пайдаланылады. Олар бiздi одан алыстатпай, оның жауабына, шешiмiне жақындатады. Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы бiлдiрiледi. Бiреу екiншi бiреуге пiкiрiн бiлдiргенде, өзiн естiсiн деп дауыстап сөйлейдi. Ой толық сөз күйiнде бiлдiрiлгенде ғана айқындалып, дәйектелiп, дәлелдене түседi. Ойлау мен сөйлеудi бiрдей деп, бұлардың арасына теңдiк белгiсiн қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниенi бейнелеудiң ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткiзетiн құрал болып табылады. Бала тiлi шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниенi бiрiншi сигнал жүйесiнiң қызметi арқылы танып, бiледi. Ойлаудың бұл түрi оның танымын онша кеңiте алмайды. Баланың тiлi шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау шеңберi кеңейетiн болады. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесiнде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтiн – обúективтiк шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын – оның қажеттiлiктерi. Ойлау - өзiндiк iшкi қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және iске асуының қозғаушы күштерi болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбидi. Ойлау танымдық теориялық iс-әрекет ретiнде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, дүниенi өзгерту арқылы оны түсiнедi. °рекет ойлау жүзеге асуының бiрiншi реттi формасы болып табылады. Ойлау операцияларының барлығы (анализ, синтез және т.б.) ең алғашында практикалық операциялар түрiнде пайда болып, содан соң барып, теориялық ойлаудың операцияларына айналды. ßғни ойлау еңбек iс-әрекетi барысында практикалық операция ретiнде немесе практикалық iс-әрекеттiң бiр компонентi ретiнде туындап, содан кейiн барып, дербес теориялық iс-әрекетке айналады. Бiрақ тәжiрибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негiзi, мәндi критериi болып табылады. Бiрақ егер де бiз бiр есептi тек практикалық түрде ғана шешетiн болсақ, онда оның тек көрнекi жеке мазмұнымен әрекет жасап, оны тек берiлген жеке жағдаятты ескере отырып шешемiз. Ал әрбiр келесi жағдайларда қайтадан есептi шешуге тура келедi, және тағы да бұл жеке мiндеттi ғана шешу болып табылады. Ал егер берiлген есептiң жалпыланған мазмұнын құрастырып, оны шешудiң жалпыланған тәсiлiн табатын болсақ, бұл есеп өзiнiң тек белгiлi бiр жағдайға сәйкес болатын, практикалық - шешiмiн ғана емес, сонымен қатар, теориялық та, яғни принциптiк бiртектi жағдайлардың барлығына ортақ шешiмiн таба алады. Iс-әрекетпен байланыса отырып, теориялық ойлаудың өзi жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан мәнге, мәннен құбылысқа өту процесi болып табылады. Шынайы ойлау – ол ойдың ағымы. Ол тек iс-әрекет пен оның өнiмiнiң бiрлiгi негiзiнде түсiнiледi. Ойлаудың физиологиялық негiздерi И.П. Павловтың бiрiншi және екiншi сигнал жүйесi жөнiндегi iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қыртысының күрделi формадағы анализдiк-синтездiк қызметiнiң нәтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң уақытша жүйке байланыстары жетекшi рөл атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде жүйке қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерiнiң мидағы заңдылықтары бiрдей. Бiрақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер бiрiншi сигнал жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi оларды жалпылап отырады. 3. Батыста логика ғылымның негізін салушы Аристотель болып саналады. Ол бірнеше жұмысын осыған арнаған болатын «Органон», «Бірінші аналитика», және т.б. Бүгінгі көзқарас бойынша Аристотель логиканың тек бір бағытының – силлогастиканың негізін қалаған. Логика тарихында болған маңызды оқиға 1854 жылы ағылшын математигі Джордж Буль ойлауды басқаратын заңдылықтарды сипаттайтын жұмысын жариялауы болды. Буль бойынша ойлар жаңа пікірлер алу үшін өзара бір бірімен сәйкес келетін бекітілім (утверждение) мен пропозициялар болып табылады. Буль бекітілімдерді латын алфавитінің символдарымен белгілеуді ұсынған. Пікір алмасу өзара әр түрлі коннектормен байланысуы мүмкін. Буль «және», «немесе», «не» деген бірнеше коннектор қарастырды. Әрбір бекітілім шынайы немесе жалған болуы мүмкін. Бірнеше қарапайым пікірді өзіне қосатын күрделі пікірдің шынайылығы сол қарапайым пікірлердің шынайылығына тәуелді. Бульдің логикасы мен Аристотельдің силлогистикасы-ой қорытындысының әр түрлі жағдайын сипаттайтын екі жүйе. Аристотель обьектілер класы арасындағы қатынас логикасын, Буль-пікірлер арасындағы қатынас логикасын жасап шығарды. XIX ғасырда логика жүйесін талдауға неміс логигі, математик, философ Готлоб Фреге тырысып көрді. Ол үшін Фреге Бульдің тұрғысын пікірлерге емес, оның элементтеріне қолданды. Барлық танымал тілдердегі пропозициялар бір принципке тізбектеледі: олар предикат пен аргументті өзіне қосады. Предикаттар – бір, -екі, немесе көп орынды болуы мүмкін. Бірорынды предикат белгіленген аргументке бір обьектіге қатысты. Екі орындық предикат екі аргументке қатысты болады. Дедукция и индукция Индукция мен дедукция бір-біріне кері әдістер. Индукция-жеке фактілерден жалпы қорытынды шығарады да, дедукция керісінше жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу арқылы нәтиже шығарылады. Ой қорытынды — бір немесе бірнеше пікір қоспасынан шыққан жаңа пікір түріндегі ойлау формасы. Біз өзіміздің күнделікті іс-әрекетіміздің нәтижесінде ой корытынды жасап отырамыз. Егер негізге алынған пікір дұрыс болса және біз ой корытындысын дұрыс құрған болсақ, қорытындымыз әр уақытта дұрыс болып шығады. Берілген пікірден қорытынды шығару үшін ол пікірді мазмұны бойынша белгілі тәртіпте бір-бірімен байланыстыруымыз керек. Кездейсоқ қатар келетін пікірден қорытынды шығаруға болмайды. Өйткені, оларда ортақ мазмұн жоқ. Мысалы, мына екі пікірден қорытынды шығаруға болмайды: "Барлық құстар — жануар", "Капиталистердің бәрі — қанаушы", өйткені бұл пікірлердің арасында логикалық байланыс жоқ. Силлогизм. Дедукциялық ой қорытындынын көп тараған айрықша формасын логиканың атасы Аристотель силлогизм (грек. "силлогизм"— жинақтау, корыту) деп атаған болатын. Бұл термин осы күнге дейін сақталып келеді. Силлогизм дегеніміз — екі немесе одан да көп алғышарттардан қорытынды, шығаратын дедукциялық ой қорытынды. Дедукциялық ой қорытынды немесе силлогизм — біреуі міндетті түрде жалпы пікір болатын екі пікірден үшінші пікір шығаратын ой қорытынды. Мысалы: Барлық оқушылардың күнделігі бар. Дәурен — оқушы. Яғни, Дәуреннің де күнделігі бар. Дедуктивті ой қорытындыға тән формасы — қарапайым силлогизм болып табылады. Қарапайым силлогизм екі сілтемеден және корытындыдан тұрады. Ал егер бірнеше қарапайым силлогизм бір ой қорытынды түрінде біріксе, онда ол күрделі силлогизм деп аталады. Қарапайым силлогизмнің жалпы тәртіптері. Қарапайым силлогизм ақиқат сілтемелерді қатаң сақтамай, ақиқат қорытынды жасауға болмайтын жеке ережелерге бағынады. Осы ережелердің көмегімен силлогизмдік ой корытындылардағы қателіктерді табуға болады. Силлогизмнің жалпы 7 ережесі бар: үш термин және төрт сілтеме ережелері. Терминдер ережесі: • Әрбір силлогизмде үш термин ғана болуы керек. • Орта термин сілтемелердің біреуіне белінуі керек. • Егер термин сілтемелерге бөлінбесе, онда ол қорытындыда да бөлінбейді. Сілтеме ережелері: • Екі қанағаттанғысыз сілтемелерден корытынды шығаруға болмайды. • Егер сілтемелердің біреуі канағаттанғысыз болса, онда қорытынды да канағаттанғысыз болады. • Екі жекеше сілтемеден қорытынды жасауға болмайды. • Егер сілтемелердің бірі жекеше болса, онда корытынды да жекеше болады. Силлогизмнің аксиомасы. Силлогизмнің үш терминінің (P-M-S) арасындағы қатынастар адамның ойлау практикасында сан мың рет қайталана келе, аксиомальщ сипатқа ие болады. Ал аксиома дегеніміз — ақиқаттығы өзінен-өзі көрініп тұрған, арнайы дәлелдеуді қажет етпейтін қағида екенін математикадан білеміз. Сондықтан да силлогизм адамның ой корытындысының табиғи формасы. Силлогизмнің аксиомасы терминдердің (ұғымдардың) көлемі және белгілері жағынан екі түрлі тұжырымдалады. Индукциялық ой қорытынды. Ғылым мен практиканың кез келген саласында таным үдерісі эмпириялык танымнан, яғни жеке нәрселер мен күбылыстардың сапалары мен қасиеттерін талдаудан басталады. Бір тектес табиғат және қоғам кұбылыстарын бақылау барысында зерттеуші ұқсас нәрселердің бөрінде кайталанатын белгілі бір касиеттерін табады. Олардың ұдайы қайталана беруі: ол қасиеттер белгілі бір топка, таігқа жататын барлық күбылыстар үшін ор- так жалпы қасиет екенін көрсетеді. Сөйтіп, жекеше білімнен жалпы білімге көшудің логикалық формасы — индукция әдісі қолданылады. Индукциялық ой қорытындының негізгі идеясы — жеке айғактарды жинактап, жалпы ой корытып шығару. Бұл жалпылау өзінің мазмұны мен маңызы жағынан алуан түрлі — күнделікті карапайым іс — практикалық әрекеттен бастап, ғылымдағы тәжірибелік жалпылау немесе ғылымдардың ең жалпы заңдарын қорытып шығару.
|
|||
|