|
|||
Дәрістің мазмұны№ 16 дәріс Тақырып:Ойлаудың психологиялық теориялары Дәрістің мазмұны 1. Шетел психологиясында ойлау теориялары 2. Ойлаудың когнитивті психологиясы Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп - сана психологиясын зерттеген бағыттардың бiрi. Бұл мектептiң негiзiн салушылар – О. Кюлüпе және К. Бюлер, ал өкiлдерiне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зелüц және т.б. Вюрцбурлық мектеппен зерттелiнген негiзгi мәселелер: а) ойлаушы субúекттiң белсендiлiгiн анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретiндегi ойлаудың қасиеттерiн сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесiнiң психологиялық механизмдерiн түсiндiру. Сәйкес әдiстеменi шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсiлдерiн таңдау процесi мен қолдану сипаты субúектпен шешiлетiн нақты мiндеттерге байланыстылығын атап өттi. Осылайша, вюрцбурлық мектептiң негiзгi қосқан үлесi – ңмiндетң ұғымын енгiзуi (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi интроспекция әдiсiн өзгерттi. Субúекттiң өзiнiң iшкi ойлары, елестерi, күйзелiстерi жөнiндегi есебi белгiлi-бiр қойылған сұраққа жауапты iздеу, белгiлi-бiр мiндеттi шешу жолымен жүрдi. О. Кюлüпе ңОйлау психологиясың еңбегiнде ойлау мен ерiктi зерттеуде интроспекциялық әдiстi қолданды. Зерттеген мәселелерi: ңэмпирикалық ойлауң деп аталатын және формалдық логика заңдарына сүйенетiн ңтаза ойлаудың ң нақтылы жүзеге асуын көрсететiн психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бiр қосқан үлесi - ңдетерминациялық тенденцияларң тұжырымдамасын шығарып, негiздеуi. Басқаша айтқанда, бұл – себептендiру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды түртiп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзiнен-өзi пайда қалыптаспайды. Ол тiкелей сыртқы орта әсерiнен пайда болады. Сезiмдiк елестер мен ойлаудың арақатынасын түсiндiруде бұлар мынадай пiкiрде болды. ´з-өздiгiнен сезiмдiк елестер мен олардың кез-келген үйлесiмi тiптi оңай логикалық есептi шешiп бере алмайды. Себебi, есептi шешу үшiн берiлген мiндеттiң сезiмдiк көрiнiсiнен тыс, одан еркiн болатын, есептiң (мiндеттiң) шарттары мен мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады. Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi ойлаудың басқа психикалық процестерден өзiндiк ерекшелiктерiн көрсеттi: тұтастылығы, белсендiлiгi, бағыттылығы, бейнесiздiгi және т.б. Вюрцбурлық мектептiң негiзгi идеялары О. Зелüцтiң еңбектерiнде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуi ретiнде анықтады. О. Зелüц өз алдына ойлау iс-әрекетiнiң қандай да бiр нәтижесiнiң жүзеге асуындағы интеллектуалдық iс-әрекеттiң әрбiр сатысының қызметiн анықтау мақсатын қойды. ²атынастарды саналау әрекетi ретiндегi ойлауды түсiндiру үшiн оның мiндеттi шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретiнде қарастыру керек. 1. Ойлаудың ассоциативтiк теориялары. О. Зелц мiндеттi шешу барысы мен тәсiлдерiн сипаттауда үш ұғымды енгiздi: 1) Арнайы реакция, яғни берiлген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес келетiн обúективтi қажеттi жауап. 2) Операция – осындай жауапты анықтайтын амал. 3) °дiс, яғни субúектпен мiндеттi шешу тәсiлi ретiнде саналанатын және пайдаланылатын операция. О. Зелüц репродуктивтiк және продуктивтiк ойлау түрлерiн эксперименттiк зерттеуде ойлау процестерiнiң ерекше ңпроблемалық комплексң түрiндегi шешiлетiн мiндеттiң құрылымымыен себептенетiнi жөнiнде тұжырымға келдi. Бұл ңПроблемалық комплекстiңң ерекшелiгi – онда аяқталмағандық элементiнiң болуы. Осы аяқталмаған элементтi толтыру берiлген мiндеттi шешу нәтижесiн анықтайды. Мұның өзi негiзiнен антиципация схемасын жүзеге асыру, яғни әлi табылмаған шешiмдi алдын ала болжау негiзiнде iске асады. Бұл кезде субúектпен мiндеттi шешуге қажеттi интеллектуалдық операциялар жаңғыртылып, есептiң шешiмi табылады (комплекстi толықтыру, абстракция және ұқсастықтарды қайта келтiру әдiстерi арқылы). Осындай, проблемалық жәйттiң құрылымының тұтастылығын қалпына келтiру идеясы кейiн гешталüтпсихология өкiлдерiнiң зерттеулерiнде, сондай-ақ басқа да, мысалы, твор÷естволық ойлау зерттеулерiнде басшылыққа алынды. Гешталüтпсихологтар ойлау жайында. Гешталüтпсихологияның өкiлдерi – Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гешталüтпсихологтар ойлаудың құрылымын, твор÷естволық астарларын қарастырды. Iзбелiнген шешiмдi оған қажеттi құрылымды табу арқылы шешудi ойлау деп атаған. Гешталüтпсихологтар ойлауды формалды-логикалық операциялардан ажыратылатын әрбiр проблемалық жәйттi ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан ңорталықтандыруң нәтижесiнде жүзеге асатын продууктивтi психикалық процесс ретiнде түсiндiрдi. Олар тұтас құрылым ретiндегi проблемалық жәйттiң барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастарды бiрден ұғынуды инсайт деп атады. Коффка бойынша, ойлау дегенiмiз – вюрцбурлық мектептегiдей қатынастармен әрекет ету емес, ал көрнекi жәйттардың құрылымдарын түрлендiру. Проблемалық жәйт – бұл өзiнiң көрнекi мазмұны теңестiрiлмеген феноменалдық өрiс тәрiздi. Бұл өрiстегi кейбiр толтырылмаған орындар проблемалық жәйтта белгiлi-бiр кернеу тудырады. Осы кернеу тұрақсыз көрнекi жәйттi басқасына ауыстырады. Осылайша, мiндет бiздiң бастапқы жәйттi басқаша көруiмiздiң нәтижесiнде шешiледi. Осы пiкiрлерден, Коффканың ойлауды ассоцианистер сияқты, көрнекi мазмұнға теңестiргенiн байқаймыз. Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретiнде.Адам мiнез-құлқының мотивтерi ең алғаш психоанализбен қойылып, зерттелiндi. З. Фрейд бойынша, негiзгi мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлi көрiнiс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары. - Түстер – бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелiк ойлаудың бiр түрi. - Еркiн ассоциациялар әдiсi. Ырықсыз бейнелiк ойлау, еркiн ассоциациялар санасыз мотивтердiң көрiнiс табатын маңызды аумақтарының бiрi. - Сублимация санасыз энергияны әлеуметтiк құпталған тәсiлдерге ауыстыруда iске асатын твор÷естволық ойлау процесi. - Мотивтi саналау адамның өзiндiк саналауын, iшкi ойлау типiн қажет етедi. Аутистiк ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның iшкi өмiрiнiң басымдылығымен, сыртқы өмiрден кетумен байланысты. °детте, түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау – аутистiк ойлаудың көрiнiстерi. Бұларда ойлар аффективтiк ұғымдарға бағынады. Ойлаудың когнитивтiк психологиясы (У. Найссер). Бұл тұрғы танымдық процестердi жасанды моделдеу негiзiнде белгiлi-бiр мiндеттердi шешу тәсiлдерiн табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компüютерлiк жүйелердiң аналогы ретiнде ұғынылады. Есептердi шешу механизмдерi және оған қажеттi жағдайлар (саналы елестер, әлеуметтiк тәжiрибе, тұлғаның мағыналық аумағы және т.б.) ерекше когнитивтiк құрылымдар болып есептелiнедi. Танымдық ретiндегi адамның кез-келген iс-әрекетiн талдау тек жаңа, айрықша ғылыми нәтижелерге әкелумен қатар, бұрыс тұжырымдарды да өмiрге келтiредi. Осылайша, когнитивтiк психология тұрғысынан ойлау адам бiлiмдерiн жүйелейтiн, өңдейтiн, құрылымдайтын, реттейтiн танымдық процесс болып табылады.
|
|||
|