Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Шығармашылық ойлау



№ 18 дәріс

Тақырып: Шығармашылық ойлау

Дәрістің мазмұны

3. Ойлау,қиял және шығармашылық

4. Шығармашылық психологиясы

Адам әрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі. Секунд сайын біздің сезім органдарымызға ондаған және жүздеген әртүрлі стимулдар әсер етеді, олардың көпшілігі адамның есінде көпке шейін сақталады. Адам психикаcының ең қызықты феномендерінің бірі, шынайы әлемдегі құбылыстардан алған әсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, сонымен бірге белгілі-бір өңдеуден өтеді. Бұндай феноменнің өмір сүруі, адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты түрде өзгертуге себепті болады.

дың ғылыми техникада және көркем Шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана роль атқарады.

Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз.

Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалынады. Мысалы: Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалынған кейіпкерлер  ( жезтырнақ, дәу ) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді.

Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.    Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады.

Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиял біздің еңбек іс-әрекетерінің кез-келген түрінде кездеседі, себебі қандай да бір нәрсені жасау үшін, жасалынатын нәрсе туралы хабардар болуымыз қажет. Онымен қоса біз шығармашылыққа жақындай түссек, қиялдың маңызы да соғұрлым жоғарлай түседі.

Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының актуализациясы, оның ыдырауы қайта топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді.    Бұл жерде көп жағайда гипоталамо-лимбикалық жүйе үлкен роль атқарады.

Қиял процессі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.

Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады.

Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу

кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. А.С. Пушкиннің ң Полтава ң атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың дауысын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.

Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нәрсені сөзбен емес, схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жерде образды жасау, адамның кеңістіктегі қиялға қабілеттілігімен анықталады. Әрине, бұл қиял түрі адамның ойлау және ес процессмен тығыз байланысты.

Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялыжәне шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.

Қиял процесс барысында дүниеге келетін образдар ештен пайда болмайды.       Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсініктер негізінде қалыптасады. Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.

Бұл образдармен екі негізгі тип жасалынылуы мүмкін. Біріншіден, бұл образдар жаңа үйлесімдер мен байланыстарға қойылуы мүмкін. Екіншіден, бұл образдарға мүлдем бөлек жаңа мағына берілуі мүмкін. Қай жағдайда болмасын абстракцияланған образдармен синтез деп айтуға болатын операциялар жасалынады. Бұл операциялар қиял образдарын жасаудың екінші этапы болып табылады.

Синтездің қарапайым формасы сиглютинация болып табылады, яғни жаңа образды қиялда бір объектінің қасиетін екіншісіне қосу арқылы жасау. Аглютинацияға мысалы: кентаврдың образы, қанатты адам т.б.

Аглютинацияөнерде және техникалық шығармашылықта кеңінен қолданылады. Мысалы: Монарда да Винчидің жас суретшілерге берген ақылы бәріне аян: ң Егер сен ойдан жасалынған жануарды шынайы етіп көрсеткін келсе, айталық жылан – оның басына иттің басын қой, оған мысықтың көзін, филиннің құлағын, арыстанның қасын, тасбақаның мойынын сал ң. Техникада аглютинацияны қолдану барасында автомобиль-амфибия т.б. пайда болды. Схематизация әртүрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Біріншіден, схематизация объектіні толықтай қабылданған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл әсіресе балаларда көп кездеседі. Екіншіден, схематизацияның себебі, объектіні толықтай қабылдау барысында сондай маңызды емес, детальдармен бөліктерді ұмыту болып табылады.

2.Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді. Сурет, ғылыми, әдебиет көркем өнерде т.б. Нақты адамның шығармашылық мүмкіндігін қандай факторлар айқындайды. Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның білімімен және олардың қабілеттілігімен сипатталады. Шығармашылық мәселесі тек психологтарға ғана қызықты болған жоқ. Неге бір адамдар бір нәрсені ойлап табады. Екіншілерінде бұндай мүмкіндік жоқ деген сұрақ көптеген ғалымдарды толғандырады. Ұзақ уақыт белгілі психологы Т.Рибоның негізделген алгоритмизация мен шығармашылық процесске үйретудің мүмкін еместігі туралы көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмәндана қарай бастайды. Бірінші орынға шығармашылыққа қабілеттілікті дамытуға болады деген гипотеза шықты.

       Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты. Нәтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды.

  1. дайындық ( идеяның туы )
  2. пісіп-жетілуі ( концентрация )
  3. озарение (кенеттен шешім табуы)
  4. тексеру

       Г.С. Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын жасап шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейдің мәселесі осы мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі. Объекті бұл жағдайда өзгермейді. Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір ғана арнайы саланың шеңберінде ғана болады. Екінші деңгейдің міндеттері қежетті эффекті алу үшін объектіні өзгертуді қажет етеді. Мұндай түрдегі міндеттерді шешудің құралы бір білім саласына жатады.

       Үшінші деңгейдің міндеттері дұрыс шешімі жүздеген дұрыс емес шешімдердің арасында жасырылған. Төртінші деңгейдің міндеттерін шешуде объекті толықтай өзгереді. Шешімді ғылым саласында өте сирек кездесетін эффектілермен құбылыстар арасында іздеуге тұра келеді. Бесінші деңгейде міндетті шешуде барлық жүйе өзгереді. Мұнда қателіктер көп болады. Міндетті шешудің құралы бүгінгі күнгі ғылымның мүмкіндігінен тыс жатуы мүмкін. Сондықтан да бірінші жаңалық ашу керек, содан соң жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып шығармашылық міндетті шешу керек.

       Альтилуллердің пікірі бойынша шығармашылық міндеттерді шешудің маңызды әдістерінің бірі олардың жоғарғы деңгейден төменге түсуі борлып табылады. Мысалы: егер төртінші немесе бесінші деңгейдің міндетін арнайы әдістер арқылы бірінші немесе екінші деңгейге ауыстырса, онда ары қарай варианттардың әдеттегі салмағы асып кетеді. Бұндағы бар мәселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады.

                          



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.