|
|||
сімдіктерді вегетативті мүшелері арқылы көбейтуӨсімдіктерді вегетативті мүшелері арқылы көбейту
Тамырсабақтары арқылы көбейтеді-жыланкияқ, інжугүл Түйнек арқылы көбейтеді-картопты Пиязшықтарымен көбейеді-пияз, лалагүл, қызғалдақ Мұртшаларымен көбейеді-қойбүлдірген, құлпынай Жас өркендері арқылы көбейеді-тал, терек, қарағаш, үйеңкі Сабақ өркенінен сәндік үшін өсірілетін көпжылдық гүлдер-қалампыр Жанастыра телу-қатар өскен екі өсімдікті бір-біріне жанастырады Кесінділеп телу-бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру Көзшелеп телу-бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алып телу
Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері
Өсімдіктердің көбею (генеративті) мүшелері-гүл, жеміс, тұқым Гүл Гүл дегеніміз-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен Тек гүлді өсімдіктерген ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды-гүл Гүл бөлімдері-гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналық Гүл сағағы-жапырақ сағағына ұқсас гүлдің жіңішкерген жері Отырмалы гүлдер-гүл сағағы жоқ гүлдер. Мысалы беде, қашқаргүл Гүл табаны-гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері Тостағаншаның атқаратын қызметі-гүлдің ішкі бөліктерін қорғау Күлте-тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді Шірнеліктер болады-күлте түбіндегі жіңішкерген жерде, гүлтабанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында Гүл серігі дейді-тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны Жай гүлсерікте болады-тек тостағанша немес тек күлте Жай гүлсерікті өсімдіктер-тек тостағанша жапырақшалары бар: қалақай,қызылша, қымыздық,еменнің атылық гүлдері, қарағаш гүлдері; тек жапырақшалары бар: қызғалдақ, лалагүл, інжугүл Қос гүлсерікте болады-тостағаншасы да, күлтесі де Қос гүлсерікті өсімдіктер-алма, өрік, шие Гүлсеріксіз гүлдер-гүл серігінің екеуі де болмайды Гүлсеріксіз өсімдіктер-тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі Гүлдің негізгі бөлімі-аналық пен аталық Аталықтың құрылысы-аталық жіпшесі және тозаңқап Аналықтың құрылысы-ауыз, мойын, түйін (жатын) Дұрыс гүл-гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе Дұрыс гүлді өсімдіктер-алма, итмұрын, мақта Бұрыс гүл-гүл бөлімдеріне бір ғана сызық жүргізуге болса Бұрыс гүлді өсімдіктер-соя, үрмебұршақ, сәлбен Қос жынысты гүл-бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ, картоп,лалагүл) Дара жынысты гүл-бір гүлде аталық немес аналық қана болса Аналық гүл-тек аналығы бар гүл Аталық гүл -тек аталығы бар гүл Бір үйлі-аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы) Екі үйлі-аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса (қарасора,қалақай, терек, тал) Жынысыз гүлдер-жыныс мүшелері дамымайды. Мысалы, күнбағыс, гүлкекіре және т. б. себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдер Гүл формуласы дегеніміз-гүл құрылысындағы гүл бөліктерінің атын бас әріппен белгілеу Гүл бөлімдерінің жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп сызбанұсқасын сызу- диаграмма
|
|||
|