Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері



Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері

 

Өсімдіктің мүшелері бөлінеді -2-ге (өсімді және көбею)

Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері-тамыр, сабақ, жапырақ

Тамыр-өсімдіктің жер асты мүшесі

Тамырдың қызметтері-сіңіру, орнықтыру, қор жинау, көбею

Тамыр шығу тегіне қарай бөлінеді-негізгі, жанама, қосалқы болып

Негізгі тамыр дамиды-тұқымның ұрық тамыршасынан

Жанама тамырлар-негізгі тамырдың жан-жағынан дамиды,топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады

Қосалқы тамыр-сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді

Тамыр жүйесі-бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың жиынтығы

Тамыр жүйесі бөлінеді-кіндік және шашақ тамыр болып екіге

Кіндік тамыр жүйесінде жақсы жетіледі-негізгі тамыр (қосжарнақтылар: асқабақ, бақбақ, асбұршақ, күнбағыс, жоңышқа)

Шашақ тамыр жүйесінде-негізгі тамыр болмайды, болған күнде де нашар дамып басқа тамырлармен бірдей өседі (астық тұқымдас, лалагүл тұқымдас, пияз туыстас өсімдіктер)

Тамыр бөлімдері-бөліну, өсу, сору, өткізу

Тамыр оймақшасы-тамыр бөліміне кірмейді. Қызметі қорғаныштық

Бөліну аймағы-жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдердің қалыптасуына себепші болады.

Тамырдың бөліну аймағының ішкі қабатынан түзіледі-орталық цилиндр

Тамырдың бөліну аймағының ортаңғы қабатынан түзіледі-алғашқы қабық

Тамырдың бөліну аймағының сыртқы қабатынан түзіледі-тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасы

Өсу бөлімі-жасушалары созылып, ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді

Сору бөлімі-қалың түктері бар бөлік

Тамыр түктері-жұқа өң жасушаларының созылуынан пайда болады. 10-20 күннен кейін қурап түсіп, орнына жаңалары пайда борлады. Қызметі су мен онда еріген минералды тұздарды сіңіру

Өткізу бөлімі-су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізу

Минералды қоректену-өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді сіңіруі

Тыңайтқыштар бөлінеді-минералды және органикалық болып екіге бөлінеді

Органикалық тыңайтқыштар-қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы

Қиды неге күзде шашады-көктемге дейін шіріп үлгеруі үшін

Минералды тыңайтқыштар-азот, фосфор, калий

Азот жетіспесе-өсімдік баяу өсіп,жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қурап түсіп қалады.

Фосфор-жасуша қабықшасын түзеді

Фосфор жетіспесе-жемістің түзілуі баяулар, салмағы кемиді

Калий жеткіліксіз болса-өсімдік өте аласа болып өседі, тірек ұлпасы жетілмейді, сабақ әлсіз болып жатып қалады

Калий қажет-тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттар қорға жиналуы үшін

Калийлі тыңайтқыш-күл

Топырақты құрғақ тыңайтқанда қосылады-күл

Тыңайтқышты себу уақыты-дақылдарды себер алдында, себу кезінде, өсу, даму кезінде, жаңбырдан соң немесе суарған соң

Түрөзгеріс дегеніміз-тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелерінің әртүрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуі

Жемтамыр-органикалық заттардың негізгі тамырға жиналып, жуандап, түрін өзгертуі (қызылша, сәбіз, шомыр,тарна,ақжелкек,қант қызылшасы, шалғам)

Емізік тамырлар-паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары (арамсояу, сұңғыла)

Тіреу тамырлар-тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр (үнді фикусы)

Тыныс алу қызметін атқаратын тамырлар немесе ауа тамырлар-қосалқы тамырға жатады. Оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі (мангр, айұрық, монстера, сауыр (кипарис))

Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары жатады-қосалқы тамырға жатады

Түйнек тамыр-тарамдалған жанама тамырларда қоректік заттар қорға жиналады (нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық)

Түйнек тамыр қажет-өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.